Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан  шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы  мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде  хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн  сот белгiлейдi.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары  азаматқа немесе заңды тұлғаға  қатысты олардың құқықтарына  немесе заңды мүдделерiне нұқсан  келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында  терiске шығаруды не жауапты  жариялау туралы азаматтың немесе  заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық  ақпарат органы мұндай жарияланымнан  бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.

5. Егер соттың шешiмi орындалмаса,  сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң  кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл  салуға құқылы. Айыппұл азаматтық  iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.

6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға  қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне  немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн  мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

7. Егер азаматтың немесе заңды  тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.

144-бап. Жеке бастың құпиясын  сақтау құқығы

1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон  арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап  алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк,  адвокаттық құпияны, банктiк салымдар  құпиясын сақтауға құқығы бар. 

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.

2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi  және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен,  ал хаттарды олардың авторы  мен алысушысының келiсiмiмен ғана  жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.

Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

145-бап. Өз бейнесiне құқық 

1. Қандай да бiр адамның суреттiк  бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал  ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң  келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң  де құқығы жоқ. 

2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу  туындыларын (сурет, фотосурет,  кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.

146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау  құқығы 

Заң құжаттарында көзделгеннен басқа  реттерде азаматтың тұрғын үйге қол  сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп кiрудiң кез-келген әрекетiн тыюға құқығы бар.

4-тарау. Мәмiлелер 

147-бап. Мәмiле ұғымы 

Азаматтар мен заңды тұлғалардың  азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн  белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға  бағытталған әрекеттерi мәмiлелер  деп танылады.

148-бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар

1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы  мүмкiн. 

2. Заңдарға немесе тараптардың  келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн  бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет  және жеткiлiктi болатын мәмiле  бiржақты мәмiле деп есептеледi.

3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе  одан да көп тараптың (көпжақты  мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.

149-бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық  реттеу 

1. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған  адамға мiндеттер жүктейдi. Ол  басқа адамдарға заң құжаттарында  белгiленген не сол адамдармен  келiсiм болған реттерде ғана  мiндеттер жүктей алады.

2. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше  мiндеттемелер туралы және шарттар  туралы жалпы ережелер қолданылады,  өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты  мен мәнiне қайшы келмейдi.

150-бап. Шартпен жасалған мәмiлелер 

1. Егер тараптар құқықтар мен  мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.

2. Егер тараптар құқықтар мен  мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы  белгiсiз мән-жайға байланысты  етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.

3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз  болатын тарап шарттың басталуына  терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт  басталды деп танылады.

Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын  тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.

151-бап. Мәмiленiң нысаны 

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша  нысанда жасалады (жай немесе  нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың  келiсiмiмен жазбаша (жай не  нотариалдық) немесе өзге белгiлi  бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе  тараптардың келiсiмiнде көзделген  реттерде мәмiле жасауға ерiк  бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты  орындау үшiн жасалған мәмiлелер,  егер заңдарға қайшы келмесе,  тараптардың келiсiмi бойынша ауызша  жасалуы мүмкiн. 

152-бап. Мәмiленiң жазбаша түрi 

1. Мынадай мәмiлелер: 

1) егер мәмiлелердiң жекелеген  түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;

2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде  орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;

3) заңдарда немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген өзге де  реттерде жазбаша түрде жасалуға  тиiс. 

2. Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң  әдеттегi құқықтарынан өзгеше  туындамаса, жазбаша түрде жасалған  мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.

Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық  цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға  жол берiледi.

3. Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң  мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен  қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.

4. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы  салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге  басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете отырып, куәландыруға тиiс.

5. Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.

Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiпкерлiк мәмiленi орындаған  тараптың да осындай құқығы бар.

Ескерту. 152-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2003.01.08. N 372 Заңдарымен.

153-бап.  Мәмiленiң жазбаша түрiн сақтамау  салдары 

1. Мәмiленiң жай жазбаша түрiн  сақтамау оның жарамсыз болып  қалуына әкелiп соқтырмайды, бiрақ  дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

2. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

3. Сыртқы экономикалық мәмiленiң  жай жазбаша түрiн сақтамау  мәмiленiң жарамсыз болып қалуына  әкелiп соқтырады.

154-бап.  Мәмiленi нотариаттың куәландыруы 

1. Заң құжаттарында немесе тараптардың  келiсiмiмен белгiленген реттерде  жазбаша мәмiлелер оларды нотариат  куәландырғаннан кейiн ғана жасалды  деп саналады. Мұндай талапты  сақтамау осы Кодекстiң 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.

2. Егер нотариаттың куәландыруын  талап ететiн мәмiленi тараптар  немесе тараптардың бiрi iс жүзiнде  орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны  жағынан заңдарға қайшы келмесе  және үшiншi жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмiленi кейiннен нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi.

155-бап.  Мәмiлелердi тiркеу 

1. Заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк  немесе өзге де тiркелуге тиiс мәмiлелер, оның iшiнде осы Кодекстiң 118-бабының 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған құқықтарды туындататын, өзгертетiн немесе тоқтататын мәмiлелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, олар тiркелгеннен кейiн жасалған болып есептеледi.

Тiркеуден  бас тартылу жазбаша түрде  ресiмделуге тиiс және заң талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады.

2. Егер мемлекеттiк тiркеудi керек  ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса,  бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден  жалтарса, сот екiншi тараптың талап етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.

Ескерту. 155-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

156-бап.  Биржалық мәмiлелер 

1. Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.

2. Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң  жасалғандығын растау үшiн биржа  беретiн құжаттармен ресiмделедi.

3. Егер заңдардан, тараптардың келiсiмiнен  немесе мәмiленiң мәнiнен өзге  жағдайлар туындамаса, биржалық  мәмiлелерге олардың мазмұнына  қарай тиiстi шарт (сатып алу-сату, комиссиялар және басқалар) туралы ережелер қолданылады.

4. Заңдарда немесе биржалық сауда  ережелерiнде тараптардың коммерциялық  құпиясы болып табылатын және  олардың келiсiмiнсiз жария етуге  жатпайтын биржалық мәмiлелердiң ережелерi көзделуi мүмкiн.

5. Биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты  даулар тиiстi биржа жанындағы  биржа төрелiгiнде қаралады, оның  шешiмiне сотта дау айтылуы  мүмкiн. 

6.

Ескерту. 156-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

157-бап.  Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың 

салдары

1. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және  қатысушыларына, сондай-ақ олардың  ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын  талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

2. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп  тануды талап етуге құқығы  бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте  не өзге де заң құжаттарында  белгiленедi.

3. Мәмiле жарамсыз деп танылған  жағдайда тараптардың әрқайсысы  екiншi тарапқа мәмiле бойынша  алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн  болмаған жағдайда құнын ақшалай  өтеуге мiндеттi.

4. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа  жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс.

5. Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.

6. Нақты мән-жайларды ескере  отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында  көзделген салдарды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады.

7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген  салдармен қоса, сот мәмiленiң жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі