Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң  құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң  актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

7. Инвестициялық пай қорының  активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.

Ескерту. 209-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2004.07.07. N 577 Заңдарымен.

210-бап. Үлестiк меншiк құқығындағы  үлестi анықтау 

1. Егер үлестi меншiкке қатысушылар  үлестерiнiң мөлшерi заң құжаттары  негiзiнде анықталуы және оған  барлық қатысушылардың келiсiмiмен  белгiленуi мүмкiн болмаса, үлестер  тең деп саналады.

2. Үлестi меншiкке барлық қатысушылардың келiсiмiмен олардың әрқайсысының ортақ мүлiктi құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың үлестерiн анықтау мен өзгерту тәртiбi белгiленуi мүмкiн.

211-бап. Үлестi меншiкке қатысушының  оны жақсартуға 

байланысты құқықтары

1. Ортақ мүлiктi пайдаланудың белгiленген  тәртiбiн сақтай отырып, оны бөлмей  жақсартуды өз есебiнен жүзеге  асырған үлестi меншiк қатысушысының  ортақ мүлiкке құқықтағы өз  үлесiн тиiсiнше ұлғайтуға құқығы  бар. 

2. Ортақ мүлiктi бөлiп алып жақсарту, егер үлестi меншiкке қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншiгiне түседi.

212-бап. Үлестi меншiктегi мүлiкке  билiк ету 

1. Үлестi меншiктегi мүлiкке билiк  ету оның барлық қатысушыларының  келiсуiмен жүзеге асырылады. 

2. Үлестi меншiкке әрбiр қатысушы өзiнiң үлесiн өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепiлге беруге, не осы Кодекстiң 216-бабында көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

213-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi

иелену және пайдалану

1. Үлестi меншiктегi мүлiктi иелену  және пайдалану оның барлық  қатысушыларының келiсуiмен, ал  келiсiмге келмеген жағдайда - сот  белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. 

2. Үлестi меншiктiң әрбiр қатысушысы  ортақ мүлiктiң өз үлесi мөлшерiне тең бөлiгi өзiнiң иеленуiне және пайдалануына берiлуiне құқылы, ал бұл мүмкiн болмаған жағдайда - өз үлесiне тиесiлi мүлiктi иеленетiн және пайдаланатын басқа қатысушылардан тиiстi ақша сомасын немесе өзге де өтем төлеудi талап етуге құқылы.

214-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi пайдаланудан

алынатын жемiстер, өнiмдер мен табыстар

Үлестi меншiктегi мүлiктi пайдаланудан алынатын жемiстер, өнiмдер мен табыстар ортақ мүлiктiң құрамына келiп  түседi. Жемiстiң, өнiм мен табыстың одан кейiнгi бөлiнуi, үлестi меншiктiң қатысушылары арасында, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерiне сәйкес жүргiзiледi.

215-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктi күтiп 

ұстауға байланысты шығындар

Үлестi меншiктiң әрбiр қатысушысы ортақ мүлiк бойынша өз үлесiне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтiп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға мiндеттi.

216-бап. Сатып алудың басым  құқығы 

1. Үлестi меншiк құқығындағы үлестi  бөгде адамдарға сату кезiнде  сатылатын үлестi оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерiнен басқа тең жағдайларда үлестi меншiктiң қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.

Үлестi меншiкке барлық қатысушылардың келiсiмi болмаған жағдайда үлестi меншiк  құқығындағы үлестi сату үшiн жария саудаға салу осы Кодекстiң 222-бабының 2-тармағында көзделген реттерде және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде жүргiзiлуi мүмкiн.

2. Үлесiн сатушы оның сату  бағасын және оны сатудың басқа  да шарттарын көрсете отырып, үлестi меншiктiң басқа қатысушыларына өз үлесiн бөтен адамға сату ниетi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Егер үлестi меншiктiң басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығындағы сатылатын үлестi бiр ай iшiнде, ал басқа мүлiк жөнiнен - хабар алған күннен бастап он күн iшiнде сатып алмаса, сатушы өз үлесiн кез келген адамға сатуға құқылы.

3. Үлес сатып алудың басым  құқығы бұзыла отырып сатылған  жағдайда үлестi меншiктiң кез  келген басқа қатысушысы үш  айдың iшiнде сотта өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерiн аударуды талап етуге құқылы.

4. Үлестi сатып алудың басым  құқығын басқа бiреуге беруге  рұқсат етiлмейдi.

5. Осы баптың ережелерi айырбас  шарты бойынша үлестi иелiктен  айыру кезiнде де қолданылады. 

217-бап. Үлестi меншiк құқығындағы  үлестiң шарт 

бойынша сатып алушыға ауысатын кезi

Үлестi меншiк құқығындағы үлес, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт бойынша сатып алушыға ауысады.

Мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариат куәландыруға тиiстi шарт бойынша үлестi меншiк құқығындағы үлестiң ауысатын кезi осы Кодекстiң 238-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленедi.

218-бап. Үлестi меншiктегi мүлiктiң  бөлiнуi және 

одан үлестi бөлiп шығару

1. Үлестi меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасындағы келiсiм бойынша өздерiнiң арасында бөлiнуi мүмкiн.

2. Үлестi меншiкке қатысушы ортақ  мүлiктен өз үлесiн бөлiп шығаруды  талап етуге құқылы.

3. Үлестi меншiкке қатысушылар  ортақ мүлiктi бөлу немесе бiреуiнiң  үлесiн бөлiп шығарудың әдiстерi мен шарттары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда үлестi меншiкке қатысушы ортақ мүлiктен өз үлесiн заттай бөлiп берудi талап етуге құқылы.

Егер үлестi заттай бөлiп беруге заң құжаттарында жол берiлмесе  немесе ол ортақ меншiктегi мүлiкке  шамадан тыс залал келтiрмейiнше мүмкiн болмаса, бөлiнiп шығушы меншiк иесi үлестi меншiктiң басқа қатысушыларынан өз үлесiнiң құнын төлетуге құқылы.

4. Осы бап негiзiнде үлестi  меншiктiң қатысушысына заттай  бөлiп берiлетiн мүлiктiң меншiк  құқығындағы оның үлесiне сәйкессiздiгi тиiстi ақша сомасын немесе өзге өтем төлеу арқылы жөнге келтiрiледi.

Басқа меншiк иелерiнiң үлестi меншiкке  қатысушыға оның үлесiн заттай бөлiп  берудiң орнына өтем төлеуiне қатысушының  келiсуiмен жол берiледi. Тиiстi меншiк  иесiнiң үлесi шамалы болып, нақты бөлiп шығару мүмкiн болмай және ол ортақ мүлiктi пайдалануға онша мүдделi болмаса, сот бұл меншiк иесiнiң келiсiмi болмаған күнде де үлестi меншiкке қатысушыларды оған өтем төлеуге мiндеттей алады.

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес өтем алғаннан кейiн меншiк иесi ортақ мүлiктегi үлеске құқығын жоғалтады.

6. Осы баптың 3-5-тармақтарында баяндалған  ережелер бойынша ортақ мүлiктi бөлу iсiн жүргiзудiң не одан  үлестi бөлiп шығарудың тиiмсiздiгi  айқын болған жағдайда сот  мүлiктi жария саудаға салып сатып, кейiн одан түскен соманы ортақ меншiкке қатысушылар арасында олардың үлестерiне сәйкес бөлiп беру туралы шешiм шығаруға құқылы.

219-бап. Ортақ бiрлескен меншiк 

1. Ортақ бiрлескен меншiк: 

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншiгi;

3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге  ортақ меншiк түрiнде болады.

2. Заң құжаттарында ортақ бiрлескен  меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi  мүмкiн. 

3. Ортақ бiрлескен меншiк, егер  оған қатысушылар арасындағы  шартта өзгеше көзделмесе, тағайындалады және қолдануда болады.

220-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi иелену,

пайдалану және оған билiк ету 

1. Бiрлескен меншiкке қатысушылар,  егер олардың арасындағы келiсiмде  өзгеше көзделмесе, ортақ мүлiктi бiрлесiп иеленедi және пайдаланады.

2. Мүлiкке билiк ету жөнiндегi мәмiленi қатысушылардың қайсысы  жасағанына қарамастан бiрлескен  меншiктегi мүлiкке билiк ету барлық  қатысушылардың келiсiмi бойынша  жүзеге асырылады. 

3. Егер барлық қатысушылардың  келiсiмiнен өзгеше туындамайтын болса, бiрлескен меншiкке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлiкке билiк ету жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың бiреуi ортақ мүлiкке билiк етуге байланысты жасаған мәмiле басқа қатысушылардың талап етуiмен мәмiле жасаған қатысушының қажеттi өкiлеттiгi болмады деген себеппен мәмiледегi екiншi тарап бұл жөнiнде бiлгенi немесе көпе-көрiнеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттiк  тiркеудi керек ететiн мәмiлелер жасасу кезiнде бiрлескен мүлiкке басқа қатысушылардың мәмiле жасауға келiсiмi нотариалдық тәртiппен расталуға тиiс.

4. Егер осы Кодексте немесе  өзге де заң құжаттарында бiрлескен  меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн  өзгеше белгiленбесе, осы баптың 1-3-тармақтары қолданылады.

221-бап. Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу 

және одан үлестi бөлiп шығару

1. Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке  қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ  олардың бiреуiнiң үлесiн бөлiп  шығару қатысушылардың әрқайсысының  ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Ортақ мүлiктi бөлу және одан  үлестi бөлiп шығару кезiнде,  егер заң актiлерiмен немесе  қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше  көзделмесе, олардың үлестерi тең  деп танылады.

3. Ортақ мүлiктi бөлу және одан  үлестi бөлiп шығару негiздерi мен  тәртiбi осы Кодекстiң 218-бабының  ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол  осы Кодекспен, басқа да заң  құжаттарымен бiрлескен меншiктiң  жекелеген түрлерi үшiн өзгеше  белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.

Ескерту. 221-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

222-бап. Ортақ мүлiктегi үлестен  ақы өндiрiп алу 

1. Үлестi немесе бiрлескен меншiкке  қатысушыға несие берушi қатысушыда басқа мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда борышқордың ортақ мүлiктегi үлесiн одан ақы өндiрiп алу үшiн бөлiп беру туралы талап қоюға құқылы.

2. Ортақ меншiктiң өзге қатысушылары  борышқордың үлесiн сатып алудан  бас тартқан реттерде несие  берушi борышқордың ортақ меншiк құқығындағы үлесiн жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндiрiп алуға талап етуге құқылы.

3. Егер мұндай жағдайда үлестi  заттай бөлiп шығару мүмкiн  болмаса, не үлестi немесе бiрлескен  меншiктiң қалған қатысушылары бұған қарсылық бiлдiрсе, несие берушi борышқордан өз үлесiн ортақ меншiктiң өзге қатысушыларына осы үлестi нарықтық құнына сәйкес бағамен сатып, сатудан түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап етуге құқылы.

223-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ  меншiгi 

1. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған  кезде жинаған мүлкi, егер бұл  мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi  меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына  тиесiлi немесе меншiк құқығында  тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың  әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.

2. Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға  дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ  олардың некеде тұрған кезiнде  сыйға тартылған немесе мұрагерлiк  тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.

Қымбат бағалы және басқа әсемдiк  заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы  заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың  ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.

Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың  ортақ мүлкiнiң есебiнен сол  мүлiктiң құнын едәуiр арттырған  қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау  және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың  әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.

3. Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi  бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке  ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу  кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне  тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн.

4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен  меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке  және отбасы туралы заңдарымен  белгiленедi.

Ескерту. 223-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

224-бап. Шаруа (фермер) қожалығының  меншiгi 

1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкi, олардың арасындағы шартта өзгеше  белгiленбегендiктен, бiрлескен меншiк  құқығында оның мүшелерiне тиесiлi  болады.

2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң  бiрлескен меншiгiнде оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына шаруашылық үшiн сатып алынған жер учаскесiндегi екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн мал мен күш көлiгi, құс, ауыл шаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, құрал-сайман және басқа мүлiк болады.

3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметi нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм  және табыс шаруа (фермер) қожалығы  мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып  табылады және олардың арасындағы  келiсiм бойынша пайдаланылады.

225-бап. Шаруа (фермер) қожалығының  мүлкiн бөлу 

1. Барлық мүшелерiнiң шығып кетуiне  байланысты немесе өзге де  негiздер бойынша шаруа (фермер) қожалығы тоқтатылған жағдайда  ортақ мүлiк осы Кодекстiң 218 және 221-баптарында көзделген ережелер бойынша бөлiнуге тиiс.

2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң  бiрi одан шыққан кезде, шаруашылықтың  өндiрiс құрал-жабдықтары бөлiнуге  жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның  бұл мүлiкке ортақ меншiктегi өз  үлесiне сәйкес ақшалай өтем  алуға құқығы бар. 

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде бiрлескен меншiк құқығындағы шаруа (фермер) қожалығы мүшелерiнiң, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкiне үлестерi тең деп танылады.

226-бап. Шаруа (фермер) қожалығын  шаруашылық

серiктестiгi немесе кооператив етiп  қайта 

құрған кездегi мүлiктiң құқықтық режимi

1. Қожалық мүлкi негiзiнде шаруа  (фермер) қожалығының мүшелерi шаруашылық  серiктестiгiн немесе өндiрiстiк  кооператив құруы мүмкiн. Қайта  құрылған мұндай шаруа (фермер) қожалығының заңды тұлға ретiнде фермер қожалығының мүшелерi өзiне салымдар және басқа жарналар түрiнде берген мүлiктiң, сондай-ақ оның қызметi нәтижесiнде алынған және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі