Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

1992 жылғы 1-қаңтардан бастап бұрынғы Кеңестер Одағының айма-ғында лизинг бойынша арендаға беру үшін 286 млн. рубль сомасында мүліктер сатып алынды. 1989 жылғы 1-шілдемен салыстырғанда — бұл банктердің лизинг бизнесін игеру уақыты болып табылады — өткен екі жарым жыл ішінде мүліктердің құндық көлемі 220 есе өсті, 1990 жыл-мен салыстырғанда 6,2 есе, 1991 жылмен салыстырғанда 2,9 есе өсті. Осы кезең ішінде барлық банктер (коммерциялық және мамандандырылған) сатып алған мүліктердің жалпы көлемінің 60-70 проценті коммерциялық банктердің үлесіне тиеді (1992 жылғы 1 -қаңтарда — 97,5 процент). [21]

Қазақстанда коммерциялық банктер жүзеге асырған лизинг көлемі 1989 жылғы 1-шілдеде 3,5 миллион рубльді, ал 1992 жылғы 1-қаңтарда 6,8 миллион рубльді құрады.

Алайда лизинг операциялары әлі де болса банктер үшін дәстүрлі емес еді, ал олардың масштабы қолда бар мүмкіндікпен салыстыруға келмейтін еді. Лизинг үшін алынған мүліктердің үлесі банктердің негізгі қаражаты жалпы көлемнің 1 процентінен аспады, өйткені, орта және ұзақ мерзімді сипаттағы операциялардың банктер үшін тәуекел сипаты жоғары болды.

Республикадағы алғашқы лизинг кәсіпорындары коммерциялық банктердің және жабдықтау-тарату ұйымдарының қатысуымен құрыл-ды. Олар кең профильді акционерлік қоғамдар болды, сатып алу-сату, сондай-ақ, прокат және техникалық құрал-жабдықтардың лизингісімен шұғылданып келді және шүғылдана алды.

Мәселен, 1989 жылы лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін "КРАМДС-лизинг" акциоенрлік кәсіпорыны жұмысқа кірісті, оған рес-публикадағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі "КРАМДС-Банк",

 сондай-ақ "КРАМДС-Снаб" және "Казлегснабсбыт" базасы құрылтайшы болды. 200000 теңгенің сомасында құрал-саймандарды прокатқа беру сол жылы 72 000 теңге кіріс әкелді. Лизинг компаниясының айналымы 1990 жылғы 1 шілдеде 5 млн. тарта теңгені құрады.

80-жылдардың аяғынан бастап прокатты  және лизингті өз жүйесінде дамытуға Қазақ ССР-інің мемлекеттік жабдықтауы да көңіл бөле бастады. Техникалық құрал-жабдықтардың прокаты бұл жүйеде 70-жылдардың ортасынан бастап қолға алынған болатын. Жабдықтаудың аймақтық органдарының көтерме сауда кәсіпорындарының құрамына кіретін прокаттар пункттері мен бөлімшелерінің бір бөлігі 80-жылдардың аяғында материалдық-техникалық базаның ірілендірілуі және нығаюына байланысты техникалық құрал-жабдықтарды прокаттау бойынша дербес кәсіпорындар болып құрылды. Олар техниканың қысқа мерзімді прокатымен (1 жылға дейінгі мерзім), мерзімі бір жылдан жоғары бір реттік лизинг операцияларын жүргізе бастады.

1990 жылы ҚазақССР мемлекеттік  жабдықтауы "Прокат және лизинг — 95" жүйеіснде прокатты және лизингті дамытудың мақсатты 5 жылдық бағдарламасы дайындалды. Бұл бағдарлама бойынша аумақтық жабдықтау органдарында техникалық жабдықтардың көлемі 1990 жылғы 24 млн. сомнан 1995 жылғы 50 млн. сомға, ал лизинг мәмілесінің көлемі 5 млн. сомнан 55 млн. сомға өсуі көзделді. Өкінішке қарай, бұл жүйенің бірнеше мәрте қайта құрылуына байланысты алғашқыда материалдық ресурстар министрлігі, соңынан Қазконтракт корпорациясы болып өзгеріп жоғарыдағы бағдарламаны жалғастыруда жеткілікті қадағалау болмады.

Қазақ ССР мемлекеттік жабдықтау жүйесіндегі алғашқы лизинг фирмаларының бірі "Қазтехлизинг" техникалық жабдықтардың лизингі бойынша Қазақ бірлескен кәсіпорны болды, ол 1990 жылғы 7 ақпаннан іске кірісті. Оның құрылтайшылары — "Қазмашкомплект" көтерме-делдал фирмасы және Қазақ ССР мемлекеттік жабдықтаудың көтерме саудасының инвестициялық коммерциялық банкі (Инвестснаббанк). "Қазтехлизинг" бірлескен кәсіпорын құру кезінде оның жарғылық қоры 2 млн. сом көлемінде қаралды, ондағы "Қазмашкомплектің" үлесі 49 процент, ал "Инвестснаббанктің" үлесі 51 процент болды.

"Қазмашкомплект" көтерме-делдал фирмасы жыл сайын 700 млн. сомнан аса соманың машина-құрылыс өнімдері ресурстарына ие бола отырып, 1989 жылы прокат пункттеріне бар жоғы 1,2 млн. сомның ресурсын бөлді, бұл небары 0,17 процентті құрайды.

1990 жылы прокат пункттерімен кіріс бойынша үлестік қатысу келісімімен Қазмашкомплект 2,4 млн. сомның ресурсын бөлді, бұл да қолдағы мүмкіндіктен көп төмен жатыр еді. 1990 жылдың өзінде Қазақ ССР мемлекеттік жабдықтаудың "Қазмашкомплект" және Инвестснаббанкі "Қазтехлизинг" ұйымын құрды. Алғашқы жылы лизингке 3,3-5 млн. сомның жабдықтарын лизингке беру көзделді, 1995 жылы оның көлемін 50 млн. сомға жеткізу межеленді. Бұл жолда шетелдік фирмалардың жабдықтарын пайдалану және республика аймақтарында фирманың филиалдарын ұйымдастыру ойластырылды.

1990 жылғы бірінші жартыжылдықта  лизингтік мәміленің көлемі Қазақ  ССР мемлекеттік жабдықтау бойынша  шын мәнінде 3,5 млн. сом болды, оынң  ішінде 2,4 млн. сомның мәмілесі бірлескен "Қазтехлизинг" ксіпорнымен, қалған 10-ы облыстардағы аймақтық жабдықтау басқар-маларымен жасалды. 1990 жылы "Қазтехлизинг" кәсіпорны арендаға әртүрлі техникаларды берудің (дәнекерлеу жабдықтары, бетон аралас-тырғыш, көтерме крандары, қазандықтар, электронды есептегіш техни-калыр және басқалары) 18 лизинг келісім-шартын жасады. Оның мерзімі бір.жылдан үш жылға дейін еді. Олардың арасында ірілері — 1990 жы-лғы 20 қарашадағы №16 лизинг келісім-шартына сәйкес Қостанай шұға комбинатына тоқыма және жалпы заводтық құрал-саймандар (П-75 шг маркалы тоқыма машиналары — 17 дана және басқалары) беру жөніндегі "Қазтехлизинг" бірлескен кәсіпорнынынң мәмілесін атап өтуге болады. 1 млн 400 мың соманың аталған жабдықтары 18 ай мерзімге берілді.

1991 жылғы 5-ақпандағы өзінің шешімімен  Алматы қаласы Совет ауданының  халық депуттатар кеңесінің атқару комитеті "Инвест-лизинг" шағын ұжымдық кәсіпорынды тіркеді, оның құрылтайшысы — Қазақ ССР мемлекеттік жабдықтауының "Инвестснаббанкі" болды.[22]

Ал 1990 жылғы 15 ақпанда Мәскеу аудандық кеңесі атқару комитеті "Алматытехлизинг" кәсіпорнының жарғысын тіркеді, оның құрылтайшысы — Қазақ ССР мемлекеттік жабдықтауының "Алматыкомплект" кәсіпорны болды.

"Алматытехлизинг" кәсіпорны  лизинг мәмілесінде Алматы облыстық жүк және қалалық автобасқармаларына автотранспорт, Қазақаэро геодезиялық кәсіпорыныны компьютерлер мен оргтехникалар, "Агрореммаш" ғылыми-өндірістік бірлестігіне токарлық станоктар, "Брандт" медициналық-техникалық орталыққа лицензияланған медикалық құрал-саймандар, "СредАзэнергострой" тресінің автотранспорт кәсіпорнына құрылыс-жол техникаларын (эксковатор, бульдозер, автокран және тағы басқалары) берді. 1992 жылғы осынау көрсетілген лизинг қызметінен 3731 мың сом кіріс кірді.

1992 жылдың ортасында еліміздің  экономикасының мемлекеттік емес  секторында 120 коммерциялық банк  және 20 лизинг фирмасы оның ішінде "КРАМДС лизинг", "Алматылизинг", "Техникализинг", "Туранбанк" Қазақ акционерлік банкінің еншілес фирмасы, "Туранлизинг", "Казтехлизинг" бірлескен кәсіпорыны және басқалары жұмыс істеп тұрды. Қазақстандағы лизингтің дамуы осындай төрт жолмен дамыды және дамып келеді:

1. Техникалық жабдықтарлың прокаты  бойынша жүмыс істейтін пункттер  және кәсіпорындар, олар аймақтық  көтерме-делдал фирмалардың және "Казконтракт" корпорациясы компанияларының қарауында болды және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық, аудандық "Агропромтехника " кешендері;

2. Коммерциялық банктердің лизинг  операциялары;

3. Қайта құрылған лизинг фирмалары;

4. Лизингтің халықаралық түрлері  — экспорттық-импорттық қайтарма  түрлерін дамыту, оған отандық, бірлескен  шетелдік фирмалар мен кәсіпорындарды тарту және республикадағы шетел лизинг компанияларының қызметі.

Жалпы, лизинг бизнесінің еліміздегі дамуының қысқаша тарихи жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуте болады:

Бірінші кезең (1989-1992ж.ж.) — республикадагы лизинг бизнесінің туу кезеңі. Бүл кезеңде алғашқы лизинг компаниялары құрылды. Лизинг фирмалары және жекелеген коммерциялық банктер бір реттік шағын көлемде лизинг операцияларын жүзеге асырды;

Екінші кезең (1992-1994 ж.ж.) — ішкі рыноктағы қолайсыз экономикалық, жағдайдың қалыптасуына байланысты лизинг бизнесінің тоқырау кезеңі;

Үшінші кезең (1995 және кейінгі жылдар) — лизинг бизнесінің қайта өрлеу — мемлекеттің тарапынан қолдау мен ынталандыруға ие болған кезеңі.

1992-1994 жылдар Қазақстандағы лизинг  бизнесі дамуының ең қолайсыз  кезеңі болды. Бұл кезеңдегі ішкі экономикалық жағдай жаңадан құрылған лизинг фирмалары мен коммерциялық банктерде ұзақ мерзімді операцияларды жүргізуге мүмкіндік бермеді. Мәселен, 1992 жылғы 6 қаңтардағы бағаны жаппай бейтараптандыру, инфляцияның шексіз өсуі банктік проценттік ақының еселенуінен мамандандырылған лизинг фирмаларының көпшілігі іс жүзінде өздерінің қызметтерін тоқтатты, немесе делдалдыққа және саудаға ауысты.

Алайда осы кезеңде лизингтік негізде бір реттік экспорттық-импорттық операциялар жүріп жатты. Мәселен, ішкі рынокта валюта табу үшін "Қазақстан әуе жолдары" ұлттық авиакомпаниясының жекелеген авиакәсіпорындары Ан-24 үшақтарының 8 данасын ауысым экипажымен 1993-1994 жылдары Қытайға, Біріккен араб эмиратына, Гвинея-Бисауға және Шриланкаға берді, яғни Қазақстанда тұтынылған ұшақтардың экспорттық лизингі дами бастады. Қазақстандық "Астана-моторс" компаниясы Жапонияның 2 — "Ниссан корпорейшн" "Нисшо эйвей" сауда үйлерімен ынтымақтастықта жұмыс істеп Қазақстанға "Ниссан", "Тайота" автокөліктерін, құрал-саймандарды босалқы бөлшектерді тасымалдады. Барлық тауарлар банктік кепілсіз толық сеніммен лизингке алынды.

  Қазақстандағы лизинг бизнесі дамуының үшінші кезеңінде (1995-1997 жылдары) бұл саладағы нормативтік-әдістемелік базаның негізі қаланды, лизинг мемлекеттік қолдауға ие болды; жаңадан лизинг фирмалары, оның ішінде "Азия-лизинг" (1995 ж, көкек) аймақтық лизинг компаниясы, "Кең дала" акционерлік қоғамы (1995 ж.г қараша), "Агролизинг" акционерлік қоғамы (1995 ж.г желтоқсан) құрылды; аграрлық секторда лизинг негізінде ірі инвестициялық бірқатар жобалар жүзеге аса бастады және салықтық, кедендік жеңілдік беру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгертулер енгізілді; банктер қайтадан лизинг мәмілелерін жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

1994 жылғы 10-қазанда үкімет мемлекеттің қатысуымен ұлттық "Азия-лизинг" компаниясын құру жөнінде қаулы қабылдады. Министрлер кабинеті "Алемсистем" қаржы-инвестициялық корпорациясының көпсалалы лизинг компаниясын құру жөніндегі ұсынысын қабыл алды. Оны құруда мемлекеттік, отандық кәсіпкерлік құрылымдарды және банктерді, шетелдік фирмаларды қатыстыра отырып, жабық түрдегі қоғам формасында құру көзделді. Мемлекеттік акция пакетін мемлекеттік мүлік комитеті ұстайтын болып шешілді, ол кем дегенде компанияның жарғылық қорының 25 процентін құрауы керек еді, оған басқа да құрылтайшылармен бірге, тіркеу үшін құрылтайшылық құжаттар пакетін дайындау тапсырылды. "Азия-лизинг" жабық түрдегі акционерлік қоғамының құрылтайшылық келісім-шарты және жарғысын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі 1994 жылғы 21-қарашада тіркеді.

Компанияға төмендегі қызметтер жүктелді:

— республикадағы экономикалық сұранысқа сәйкес машина-техникалық импортты қамтамасыз ету;

— өндіріске күрделі қаржы салу бойынша кәсіпорындар мүмкіндікттерін кеңейту жолымен инвестицияның өсуі мен оңтайландыруын қолдау;

— өндірістік салаға кең көлемде инвестиция тарту үшін халықаралық лизингті пайдалану.

Акционерлік қоғамның жарғылық қоры 100 миллион тенге. Ол әрқайсының құны 100 мың тенге болатын мың акцияға бөлінген.  Алайда 1995 жылғы сәуірде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Азия-лизинг" мемлекеттің қатысуынсыз аймақтық компания сапасында тіркелді.

Ол кең көлемді лизинг қызметтерін көрсетеді, өнеркәсіптің кен өндіру және қайта өңдеу салалары үшін және шағын өндіріс пен басқа да шағын қаржыны қажет ететін салалар үшін құрал-саймандар лизингі бойынша жобаларды қарайды, заңды тұлғаларға лизингке автотехника, түрмыстық аппаратура, оргтехника береді.

1995 жыл брйында "Азия-лизинг" республикалық лизинг компаниясы бірлескен Қазақстан-Корея "Дэу-әлем" кәсіпорнымен "Қазқоммерцбанк" акционерлік банкінің тапсырысымен кәсіпкерлік құрылымдарға сатып алу құқымен транспорттық жабдықтар лизингі бойынша 400 мың АҚШ долларынан астам коммерциялық жобаны жүзеге асырды.

1995 жылғы сәуірдің аяғында министрлер кабинеті Қазақстан Республикасы мемлекеттік комитеті жанында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша лизинг департаментін құру жөнінде қаулы қабылдады.

Лизинг бойынша департамент орындау өкіметінің орталық органы болып белгіленді, ол өндірістік салаға ірі көлемді инвестицияны тартудың құралы ретінде лизингті пайдалану саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс болды. Оған мына міндеттер жүктелді:

— Қазақстан Республикасында лизингтің перспективалық жоспарын және болжамын, негізгі бағыттарын жасау;

— машина-техникалық импортты қамтамасыз ету үшін шетелдік инвестицияны және несиені тарту және пайдалану бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және жүзеге асыру;

— жалпы мемлекеттік және аймақтық лизинг компанияларының жүйесін ұйымдастыруға ықпал жасау;

— лизингті пайдалану және дамыту мәселелері бойынша республиканың министрлік, мемлекеттік комитет, ведомстволық кәсіпорындар және ұйымдарының қызметін үйлестіру;

— лизинг мәселесі бойынша заңдық және басқа да нормативтік актілерді жасауға қатысу.

Іс жүзінде бұл шешім үкіметтің мемлекеттік деңгейде машина паркін жаңартудың ең тиімді экономикалық әдістерінің бірі ретінде және шетелдік несиені тартуда лизингті қолдауға дайын екендігін көрсетеді.

Өкінішке қарай, лизинг жөніндегі департамент өз қызметін тиісті дәрежесінде өрістетуге үлгермей (ол тек Қазақстан Республикасының 1995-1997 жылдарға арналған лизинг қызметін ұйымдастыру және дамыту бағдарламасының жобасын дайындады), мемлекеттік өкіметтің ор-талық орындау органдарының жүйесін оңтайландыру барысында тарап кетті.

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары