Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

1996 жылдың аяғына қарай іс  жүзінде Азия даму банкісінің  бірінші транш несиесі шеңберінде  инвестициялық жобаларды іріктеу  аяқталды. Мәселен, ауылшаруашылық  секторы үшін Азия даму банкінің  несиелік бағдарламасын үйлестіру бойынша ведомство аралық кеңес мәжілісінің хаттамасында (1996 жылдың 30-желтоқсаны) Қазагропромбанктің Азия даму банкінің бірінші транш қаражатын белгіліеген шекте — 10 миллион АҚШ доллары көлемінде игергені және Қазкоммерцбанктің аталған несие қаражатын 8,2 миллион АҚШ доллары сомасында игере алмағандығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі жанындағы қазынашылықта ағымдағы жылғы 30-желтоқсандағы жағдай бойынша игерілмеген қаржыны қайтарып алу және несиенің бірінші траншының қаражатын одан әрі игеру мүмкіндігіне қарай уәкілдік банктердің есебіне аудару немесе қосымша жобаларды игеруге жұмсау тапсырылды. Бұл жерде бірінші транштың калған сомасын игеру бойынша барлық уәкілді үш банктердің қатысуы да мүмкін. "Агролизинг" акционерлік қоғамына уәкілді банктерге 1 ай мерзімі ішінде түпкілікті несие алушылармен несие және лизинг келісім-шарттарын, құрал-саймандар қоюшы фирмалармен контракт жасау, сондай-ақ аталған құрал-саймандар бойынша алдын ала төлем жасау тапсырылды. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі жанындағы сырттан несие алу бойынша комитетке Азия даму банкімен аталған несиенің екінші траншын бөлу жөнінде келіссөз жүргізу жүктелді. Екінші транш қаражатын алу үшін Қазақстан ауылшаруашылығын реформалау бойынша негізгі сегіз шартты орындауы, жалпы алғанда реформаларды жүзеге асыруда белгілі бір нәтижеге жетуі, МВФ (ХВҚ) келісе отырып, макроэкономикалық тұрақтылық бағдарламасын сақтауға тиіс болды. [24]

1997 жылдан бастап қазақстандық  ауылшаруашылығы секторы үшін  Азия даму банкі несиесін екінші траншын жүзеге асырудың тікелей дай-ындығы басталды. Бірінші секілді екінші транш та 50 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның басты ерекшелігі ауылшаруашылығы технологияларының тізбесін айтарлықтай кеңейту болды, алдын-ала тізім бойынша — диірмендер, наубайханалар, сүт және ет өңдеудің, макарон өнімдері, жүн, тері, мақта, картоп, көкөніс, балық өндірісі бойынша желілер енгізілгендіктен қаражат осы салаларға жұмсалуға тиіс болды. Гербицидтер және пестицидтер, қорап-жәшіктер, шырын нарзан су үшін арналған жез қаңылтырлар шығару өндірісі бойынша жобалар қаралады. Несиені жүзеге асыру бойынша жұмыс істеген ауылшаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мүмкін несие алушылардың айтарлықтай белсенділігін атап өтеді. Ұсынылған бизнес жоспарлардың жалпы сомасы қазірдің өзінде 50 миллион доллардан асып отыр. Азия даму банкінің бірінші траншын жүзеге асыруға қатысушы 300-ден астам түпкілікті несие алушы — фермерлер және шаруа қожалықтары қаржы және экономика министрліктерінің, уәкілді банктердің және "Агролизинг" акционерлік құрылымы талаптарын ескере отырып, бизнес-жоспарларды жасау бойынша айтарлықтай тәжірибе жасады. Мұның өзі несиенің екінші траншын барынша қысқа мерзімде игеретініне сенім  туғызады.

1997 жылғы 25-сәуірдегі жағдайда "Агролизинг" акционерлік қоғамының мәліметтері бойынша Азия даму банкінің бірінші траншын жүзеге асыру шеңберінде инвестициялық жобалардың ведомствоаралық кеңесі бекіткендердің қаржыландыруға қабылданғаны 47318270 АҚШ доллары жалпы сомасындағы 87 жоба, оның ішінде пай-далануға қосылатын жобалар қатарында 52 диірмен, 9 наубайхана, 7 сүт өңдеу, 2 ет өңдеу, 11 макарон өндіру, 9 қалбырлау, қапшықтау желілері бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру мақсатында 85 лизинг келісім-шарт-тары түпкілікті несие алушылармен 45118270 доллар сомасында жасал-ды, қоюшы фирмалармен құрал-жабдықтар қою үшін 41878270 АҚШ доллары сомасындағы 84 контрактіге қол қойылды, бұл қабылданған қаржыландыру көлемінің тиісінше 95,3 және 85,4 проценттерін құрайды.    

Көрініп отырғандай несиелік келісім-шарттар, лизинг және Азия даму банкінің несие қаражаттарын игеру барысында құрал-жабдықтар қою бойынша жасалған келісімдер Агропромбанк арқылы қаржыландырылған көптеген шағын жобалар бойынша (жалпы көлемнің 54 проценті) табысты өткендігі байқалады.

Азия даму банкінің бірінші траншы шеңберінде лизинг негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды топтау көрсетіп отырғандай, 85 лизинг жобасының 67-сі негізінен шағын және орта жобаларға жатады, олардың құны 15-100 мың және 100-500 мың АҚШ доллары шегінде болып отыр. Мәселен, лизинг жобаларының 78,8 процентіне жалпы қаржыландыру сомасының 25 проценті бөлінді. Ал жалпы соманың 75 проценті 500 мыңнан 4 миллион долларға жететін жобаларға бағытталды. Қазіргі уақытта Агропромбанк, Эксим банк және Қазкоммерцбанк — уәкілдік банктер арқылы 36,7 миллион АҚШ доллары сомасында құрал-жабдықтар қою жөніндегі 79 контракт бойынша алдын-ала төлем жасалды немесе бүл қаржыландыруға қабылданған көлемнің 87,8 процентін құрайды. Несие шеңберінде бөлінген қаржыны Агропромбанк толық игерді, Эксимбанк 91,5 процентке орындады, ал Қазкоммерцбанктағы бұл көрсеткіш 73,2 процент болды. Құрал-жабдық қоятын фирма оюшыларымен төлемдерді алдын-ала төлем және тиелуге дайындық дәрежесіне, пайдалануға берілу мерзім деңгейіне байланысты әртүрлі мерзімде банктар арқылы атқарылды. Жекелеген контракттар бойынша төлем төлеудің аталған ара-қатынасы әртүрлі деңгейде болды. Контрактлардың басым бөлігі бойынша төлем төлеу (60-90 процент) құрал-жабдықтарды қою немесе тиелгеннен кейін жүзеге асырылды, ал төлемнің 10-20 проценті құрал-жабдықтар пайдалануға берілгеннен кейін аударылды. Кей жағдайда есеп айырысудың аккредиттік формасы қолданылды. Алайда қоюшы фирмалармен — "Домеко", "Нагема", "Ольк" (Алмания) және "Себеко" (Голландия) ара-қатынасында құрал-жабдықтар қоюдың құны (диірмендер, сүт, ет, шырын құю желілері, қалбырлау өндірісі және басқалары) алдын-ала төлем арқылы жүргізілді. 1997 жылғы 25 сәуірдегі мәлімет бойынша 84 жобаның 53-і (жалпы санның 60 проценті) бойынша 8,6 миллион АҚШ доллары сомасында құрал-жабдықтар алынды немесе қою контракт жалпы құнның 20,7 проценті болды. Өндірістік пайдалануға жалпы құны 3,1 миллион доллар тұратын 25 жоба бойынша құрал-жабдықтар қатарға қосылды. Олардың қатарына "Ақмола" бірлескен кәсіпорнының (Целиноград ауданы, сағатына 1,5 тонна өндіреті диірмен), "Арман" шаруа қожалығы (Шортанды ауданы, сағатына 200 килограмм өндіретін наубайхана, сағатына 100 килограмм өнім беретін макарон желісі), "Победа" акционерлік қоғамы (Красноармейский ауданы, сағатына 500 килограмм өнім өндіретін диірмен), "Ясная поляна" акционерлік қоғамы (Чкалов ауданы, ауысымына 0,5 тонна өндіретін ет цехы және ауысымында 3000 литр сүт өндіретін цех), "Златогорский" өндірістік серіктестігі (Арықбалық ауданы, сағатына 100 килограмм өнім беретін макарон желісі), "Бесарық" ауылшаруашылығы серіктестігі (Сырдария ауданы, ауысымына З тонна өндіретін диірмен), "Бесаспап" жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Қармақшы ауданы, сағатына 850 килограмм беретін диірмен), "Дәулет" шаруа қожалығы (Тереңөзек ауданы, тәулігіне 15 тонна күріш ұнын өндіретін диірмен), "Шаған" өндірістік серіктестігі (Тереңөзек ауданы, сағатына 1 тонна күріш ұнын өндіретін диірмен), "Бесарық асытқ" акционерлік қоғамы (Жаңақорған ауданы, сағатына 1 тонна күріш ұнын беретін диірмен), "Тоғжан" жеке шағын кәсіпорны (Жаңақорған ауданы, ауысымында 2,5 тонна беретін наубайхана), Талдықорған облысының "Қарабұлақ" өндірістік серіктестігі (Көксу ауданы, сағатына 500 килограмм беретін диірмен), "Астық-Тентек" акционерлік қоғамы (Көксу ауданы, сағатына 1 тонна беретін диірмен, ауысымында 500 килограмм беретін наубайхана, сағатына 500 килограмм беретін макарон желісі), "Дидар" жеке шағын кәсіпорны (Үйгентас ауданы, ауысымында 15 тонна беретін диірмен және сағатына 30 килограмм беретін макарон желісі), [25,26] "Арансан" өндірістік серіктестігі )Қапал ауданы, сағатына 850 килограмм беретін диірмен), Семей облысының "Айтмолдин және К" шаруа серіктестігі (Бесқарағай ауданы, сағатына 500 килограмм беретін диірмен), Солтүстік Қазақстан облысының "Молочный Союз" акционерлік қоғамы (Петропавл қаласы, сағатына 1500 пакет беретін қапшықтау машинасы), "Вита" акционерлік қоғамы (Петропавлск қаласы, сағатына 2400 пакет беретін қапшықтау машинасы), Қостанай облысының "Три-В" акционерлік қоғамы (Камышин ауданы, сағатына 200 килограмм беретін макарон желісі және ауысымда 10 тонна қоспа жем өндірісі бойынша желі) және Алматы қаласының "Дәнекер" акционерлік қоғамы (ауысымында 2,1 тонна беретін наубайхана). Сөйтіп, 1996-1997 жылдары экономиканың ауыл шаруашылығы секторында бірқатар ірі масштабты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанда мемлекеттік және аралас лизингті ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі жинақталды. Біздің бағалауымызша, жүзеге асырылған осы жобалардың жалпы құны (жүзеге асыру мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін) шамамен 250-260 миллион АҚШ долларын (18-19 миллиард тенге) құрайды немесе Агроөнеркәсіп кешенінің инвестицияға деген қажеттілігінің 8-10 проценті болды.

 

3.2. Қазақстан мен Ресейдегі лизинг  бизнесі дамуының маңызды мәселелері

 

Экономикадағы жалпы жағдай еліміздегі лизингтік бизнестің дамуына шешуші ықпал етеді. 1992 жылдан Қазақстан басқа да ТМД мемлекеттері сияқты экономиканы реформалау бойынша түбірлі шараларды жүзеге асыруға кірісті.

Нарықтық экономикаға көшудің басталуы сауда-экономикалық байланыстарын жаппай үзілу қиғаштығымен, біртұтас қаржы-кредит (несие саясатын жүргізуде үйлесімдіктің жоқтығымен, өндірістік қатынастардың ескі жүйесін бөлшектеуді жеделдетумен тоқайласқан дағдарыс жағдайында өтті.

Дағдарыстық жағдайдың шиеленісуіне Қазақстан экономикасының шикізатқа мамандандырылуы, оның басқа мемлекеттердің экономикасымен ажырамастай сабақтасуы әсер етті. КСРО-ның тарауы товарларды өткізу мен алудың дәстүрлі рыногын қайта қарауға әкеп соқты. Бұл өндірістің құлдырауына итермеледі. [27]

Біртұтас рубль аймағындағы қаржы-кредит саясатын үйлестіру әрекеті табысқа жеткізбеді. Мемлекеттердің дарашылдығы және кағаз ақшаның тоқтаусыз басылуы инфляция шиыршығын тарқатты.

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанда  өзінің ұлттық валютасы-теңге  енгізілді, ол ең алдымен қаржы-кредит саласында реформаны айтарлықтай жеделдету талабынан туған еді. Осыдан бастап қайта құрудың екінші кезеңі басталды, оның басты ерекшелігі макроэкономикалық саясатты жүргізуде Үкіметіміз бен Ұлттық Банкіміз тәуелсіздік алды.

1994 жылдың ортасынан бастап реформаны тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкіметтің іс-қимылының 15 айлық Бағдарламасының қабылдануымен қайта құру құрылымдары бойынша шешуші қадамдармен үштасқан инфляцияға қарсы қатал саясатқа бағыт алынды.

Үкімет бағаны ырықтандыру саласында көпшіліктің көңілінен шыға бермейтін, алайда өте қажетті шараларды қабылдауды аяқтады. Агроөнеркәсіптік кешенде нарықтық қайта құруды өткізуде айтарлықтай алға шығу жүзеге асты, экономикадағы монополизмді бейтараптандырудың бағдарламасын кең масштабты түрде жүзеге асыру басталды, ішкі және сыртқы сауданы ырықтандырудағы кедергілер алынып тасталды.

 Ұлттық Банкпен бірлесе отырып  Үкімет инфляциялық процестерді  басқарудың тетіктерін өз бақылауына  ала алды. Экономика дамуында  инвестициялық кезең лизингтік бизнесті кеңейтуде үлкен мүмкіндіктер береді.

Сонымен Қазақстандағы лизингтің даму қарқыны мен кең көлемділігіне объективті және субъективті факторлар кешені және жалпыэкономикалық, салалық бағыт сипатындағы проблемалар ықпал етеді. Мұндай факторлар мен проблемалардың біреуі кедергі келтірсе, екіншісі керісінше елімізде лизингтің дамуына ықпал етеді. Қазақстандағы лизингтің даму жағдайына жасалған талдау көрсеткендей лизингтің дамуындағы ең қолайсыз кезең 1992-1994 жылдарға келеді, 1995-1997 жылдары бұл салада агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік және аралас лизингтің ұйымдастырылуы және коммерциялық негізде транспорт құралдарындағы лизинг есебінен жағдай біршама жақсара түсті.

Алайда лизингтің, оның ішінде әсіресе коммерциялық (жеке кәсіпкерлік) лизингтің жедел дамуына осы кезеңде және қазірде бірқатар проблемалар кедергі болуда. Олардың арасында мынадай жалпы экономикалық және салалық проблемаларды атауға болады:

  1. машина мен құрал-жабдықтар бағаларының шамадан тыс және тең емес жағдайда өсуі және осының нәтижесінде қалыптасқан машина жасау өнімдері мен басқа да салалар өнімдеріндегі баға сәйкессіздігі;
  2. машина және құрал-жабдықтар лизингін қаржыландыру және инвестицияландыру үшін қор жинақтаудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру мен тарту;
  3. лизингтік негізде (ішкі өндіріс, тасымалдау және шығару) машина мен құрал-жабдықтарды сатып алу және сату көздерін іздестіру және табу;
  4. экономикадағы төлем тәртібінің жағдайы. Төлемеушіліктің және кәсіпорындардың арасындағы өзара берешектің өсуі және несиенің кайтпауы кейінгі жылдары жаппай және бұқаралық сипат алды;
  5. дамудың заңды-нормативтік базасының болмауы және лизингтік бизнестің реттелмеуі;
  6. лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау және ынталандыру механизмінің бір ізге түсірілмеуі, тиянақсыздығы, қайшылықтығы.

Әсіресе, бұл тиісінше инвестициялық, салықтық, есептік және

амортизациялық саясатта үйлесімділіктің жоқтығы анық көрінді.

Маңызды проблема-лизинг жағдайында еліміздің экономикасына ірі мемлекеттік емес инвестицияны нақты тарту үшін экономикалық алғы шарт жасау.

Коммерциялық лизингтің дамуы бізде айтарлықтай ақша қаржысын шоғырландыру, әсіресе халықаралық лизинг операциясы кезінде-ауылшаруашылығы және авиациялық техника лизингіне қажетті осынау проблемамен қақтығысады. Ішкі рыноктағы инвестицияның көзі негізгі мемлекеттік қаржымен бірге тұрғындардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің жинақтаған қаржысы болуы керек. Тек қана солар экономика үшін тиімді жұмыс істей алады. Алайда ондай қаржыны тарту мен шоғырландыру сенімді де күшті банк жүйесінің ғана қолынан келеді. ҚР Ұлттық Банкісінен басқа Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесі қазіргі уақытта өз қатарында екінші деңгейдегі 97 банкіні топтастырып отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің көпшілігі ұсақ және дәрменсіз күйінде қалуда.

1995 жылдың қаңтарынан бастап банктердің сандық қысылуы басталды, оның негізгі мақсаты сенімділігін арттыру болатын. Тіпті, қазір де тұтас саланы немесе ірі жобаны қаржыландыруға қабылетті ірі банктер жеткілікті деп айта алмаймыз. Ұлттық Банктің негізгі міндеті барлық банктердің сапалық көрсеткіштерін жақсарту және өзінің көрсеткіштері бойынша әлемдік стандартқа жақындай түсетін 10-15 банктен тұратын банк топтарын құру болып отыр. Бүгінде екінші деңгейдегі банктердің арасында тек Халықтық банк мына бағыттар бойынша 1997-1998 жылдары инвестициялық белсенділігін арттыру жөнінде хабарлады:

-  Қазақстанның Инвестициялық  банкін құру және дамыту;

  • 1997ж. және одан арғы жылдарға агробизнестің шағын және ор

    та түрін несиелендіру  жоспарын жүзеге асыру;

       -    халық  тұтынатын товарлар өндірісі мен қызмет көрсету  

            саласында шағын және орта  бизнестің инвестициялық  

  бағдарламаларын несиелендіру;

        -   еншілес  лизинг компаниялары және басқалары  арқылы 

            жобаларды қаржыландырудың лизингтік  формаларын енгізу.

Лизинг бизнесінде банк капиталының қатысуының екі негізгі түрі бар: жанама және тікелей. Бірінші жағдайда банктерді мамандандырылған лизинг компаниялары несиелендіреді, екіншісінде – олар өздері лизинг операцияларымен шұғылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар ''Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы'' Жарлығына сәйкес банктер Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда жалға берілген мүліктің барлық келісімшарттық (лизингтік) мерзімінде жалға беруші меншік иесі құқын сақтай отырып, өз мүлкін жалға беруге құқылы. Алайда Ұлттық Банк мұндай лицензия берудің ережесін әлі жасаған жоқ, яғни мұндай жағдайда банктер лизинг беруші сапасында лизингтік операцияларға тікелей қатысуға құқылы емес. Коммерциялық банктер де заңды жақтарға, яғни лизингтік компанияларға құрылтайшы болуға құқылы емес. Бұл құқық тек инвестициялық банктерге берілген. Сонымен әлемдік практикадан біздің айырмашылығымыз лизинг бизнесінде банктердің жанама қатысуы етек алып отыр, мұны ұтымды деп қабылдауға болмайды.

АБР займының бірінші траншын жүзеге асырудағы екінші денгейдегі өкілетті банктердің қызметіне жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай бұл банктер өз күштерімен жинаған қаражаттарымен емес, тек жобаны тапсырыс берушіні қаржыландыру есебінен немесе инвестициялық қаржыны бөлушінің есебінен ғана лизингтік операцияларға қатысып отырған.

Коммерциялық лизингтің дамуына біздегі қысқа және орта мерзімді несиелендірудегі банктік несиенің жоғары ставкасы шектей түседі. Жоғарыда айтылғандай оның дәрежесі инфляция деңгейіне және ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасына тәуелді. Қазақстан банктері мұндай жағдай мен мүмкіндіктерде лизингтік операцияларды жанама түрде де, тікелей де қаржыландыруға мүдделі емес.

Несиені өтеу мерзімі шетелдерде қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5-6 жылға дейін, кейде 10 жылға дейін), ұзақ мерзімді (10 жылдан астам уақытқа) деп бөлінеді. ТМД елдерінде 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді, 1 жылдан 3 жылға дейінгі орта мерзімді және 3 жылдан жоғарғы ұзақ мерзімді несиелендіру жиі қолданылады. Шетелдік практикада қысқа мерзімді несиенің үлесіне барлық несиенің жартысы да тимейді, ал оның жартысынан көбі әдетте орта және ұзақ мерзімді несиелендіру үлесіне тиеді. Бізде қазір 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді несие белең алып отыр. Олар барлық несиенің 95-97 пайызын құрайды.

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары