Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

Осылайша лизинг қатынастарындағы  нағыз шу 20-ғасырдың 50-жылдарының  басында Америкада болған еді. Лизингке белсенді түрде өндірістік  құралдар, технологиялық жабдықтар, машиналар, механизмдер, кемелер, ұшақтар және т.б. өткізіле бастады. Бұл бастамаға АҚШ Үкіметі жоғары баға бере отырып, осы қызмет жағдайын жасаудың мемлекеттік бағдарламасын жасады. Бұл лизинг қызметін едәуір жандандырды. Бірқатар жағдайларға байланысты лизинг тез дами бастады. Бұл лизинг бизнесі қалыптасуының бастамасы еді.

Бекітілген оқиға лизинг қызметін  көрсететін компаниялар мен фирмалар  пайда болды. Осындай лизинг қызметі  олардың кәсіпкерлік қызметінің  негізін қалады.

Лизинг АҚШ-та, Канадада, Еуропада 60-80 жылдары қарқынды дамыды, ол жуық арада оның географиялық шекаралары кеңейе түсті. Лизингтік нарық Австралияда, Жапонияда пайда болды. Лизингтің өсуі мен даму деңгейі 80-жылдардың аяғында былай сипатталады: егер АҚШ-та мүлік лизингі өндірісітік инвестициялары жалпы көлемінің 98%-ін құраса, Австралияда – 30%-тен астам, Ұлыбрита-нияда – 20%, Францияда – 17%-ке жуық,, Италияда – 14%, Герма-нияда – 15%, Австрияда – 9%-ке жуық, Канадада 8% құраса, қазіргі таңда мүлік лизингі осы аталған елдерде 1,5-2,0 есе өсті. Ресейде ол 1996 жылы 12%-тін құраса, 2000 жылы 20%-ке дейін өсті. [7]

Мысалы, АҚШ-та 1987 жылы лизингке  өткізілген мүліктің жалпы санының 33,2%-тін есептеу техникасының құралдары, 9,5%-ін оргтехника, 21,9%-ін өнеркәсіп жабдықтары, 4,9%-ін көлік құралдары, 1,2%-ін құрылыс машиналары, 10,1%-ін сауда-саттық жабдықтары құрады.

1987 жылы АҚШ-тағы лизинг жеке  түрлерінің ара-қатынастық теңдігі  мына төмендегідей болған:  жасалған  шарттардың жалпы құнының 65%-ін қаржы лизингі шарттары, 10%-ін оперативті лизинг шарттары, 25%-ін “леведж-лизинг” шарттары құрады. [8]

Осының барлығы бізге кәсіпкерліктің  жаңа түрінің даму қарқыны  мен динамикасының негізін құрайтын  аренданың бір түрі – лизинг туралы мағлұмат беріп отыр. Сондықтан лизингтің мәнін, оның негізгі қасиеттері мен потенциалын, принциптері мен ұйымдастыру түрлерін анықтап алу керек. Лизинг жүйесінің экономикалық механизмі мен артықшылығын білу арқылы ғана оны кәсіпкерлік істе кеңінен қолдануға болады.

Лизинг барысында қалыптасатын  қатынастардың күрделілігі оның  пайда болуы мен мәнін анықтайды.

Сонымен, лизинг – қатынастардың ұйымдық-экономикалық түрлерінен тұратын кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, ол көпқұрылысты экономиканы қалыптастыру жөніндегі маңызды, яғни қаржылық, өндірістік, салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді қолдану функцияларын қамтиды.

Бірде  бір  қызмет  түрі,  егер  де ол шарт жасасушы  екі  жаққа да пайда әкелмейтін  болса, ол кеңінен қолданылмайды. Лизингтің қандай артықшылығы  шарт жасауға қатысушыларды қызықтырады?

1. Мүлік түріндегі инвестициялау  қаржы несиесіне қарағанда қаражатты  қайтармау қаупін кемітеді, өйткені  кепілдік ретінде қолданылатын  мүлік лизинг берушінің меншігінде  қалады.

2. Лизинг 100%-тік несиелендіруді шамалайды және тез арада төлемдерді жүзеге асыруда талап етпейді, бұл ақша шөндірістік қорларды жаңалауға, қымбат мүлікті алуға мүмкіндік береді. Ал әдеттегі несие алу кезінде кәсіпкер несиенің бір бөлігін алдын-ала өз қаржысы есебінен төлеуі керек.

3. Кәсіпорындар мүлік сатып алу  үшін несие алудың орнына лизинг арқылы мүлік алуға тырысады, өйткені лизинг мүлкі кепілдік ретінде саналады. Шетелдерде кейбір лизинг компаниялары лизинг алушыдан ешқандай қосымша кепілдік талап етпейді.

4. Лизинг шарты несиеге қарағанда  қолайлы, өйткені екі жаққа да  төлеудің қолайлы жоспарын ойлап табуға мүмкіндігін туады. Мұндай лизингтік төлемдер лизингке алынған мүлік арқылы шығарылған тауарларды сатып болғаннан кейін жүзеге асырылады. Төлемдердің мөлшері белгіленіп немесе кейде ауысып отырады.

5. Лизинг алушы үшін лизинг мүлкінің бүлінуі қаупі жеңілдетіледі, өйткені мүлік лизинг алушының меншігіне өтпейді, ол уақытша пайдаланылады.

6. Лизинг мүлкі лизинг алушының  балансына есепке алынбайды, бұл  лизинг алушыны мүлікке салық  төлеуден босатады.

7. Лизинг төлемдері өндіріс шығындары мен лизинг алушы шығарған өнімнің айналымына қатысты.

8. Лизинг төлемінің көлемін азайту  жолымен лизинг алушыға амортизациялық  және салықтық жеңілдіктер беріледі. Жеңілдетілген амортизация салықты  кемітіп, материалдық-техникалық базаны  жаңартуды тездетеді.

9. Мүлікті өндіруші ұзақ мерзімді  шарт қатынастарымен шарт объектілерін  жаңалау жолымен өз өнімін  өткізудің қосымша мүмкіндіктерін  қарастырады.

10. Халық шаруашылығының көзқарасы  бойынша лизинг өнімді өткізу, өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу, импорт өнімін алмастыратын өнім шығару құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет лизинг қатынастарын кеңейтуді қолдап отыр. [9]

 

 

1.2. Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану

 

Батыс Еуропа елдеріндегі лизинг жағдайы "Lesaeurope" лизинг компаниясының еуропалық федерация қауымдастығының жыл сайынғы есептерінде беріліп отырады. Ресейдің лизинг қауымдастығы да аталған халықаралық ұйымға кіреді. Лизингке алынған құрал-саймандардың ба-сым көлемі Алманияның, Ұлыбританияның және Францияның үлесіне тиеді. Құрал-саймандардың құрылымына келсек, оның 38,7 проценті автокөлікке, 24,4 проценті машиналарға және өнеркәсіптік құрал-сай-мандарға, 13,9 проценті компьютерлерге және офистік құрал-сайманда-рға, 13,8 проценті транспорт құрал-жабдықтарына тиесілі. [10]

Құқықтың ағылшын-саксон жүйесіне тән ерекшеліктің фактісін мынадан көруге болады: кез-келген келісім-шарттың құрамдас бөлігі ретінде ағылшын-американдық құқықтың арнайы институты кіреді. Егер контрактіде басқалай мәселелер көзделмеген болса соттар тараптардың еркін айқындауда пайдаланады. Лизинг келісім-шарты да осыған бағын-дырылған. 1982 жылдан бері товар қоюда және қызмет көрсетудің ағыл-шын заңдылығында жалдау келісім-шартының құрамдас бөлігіне аталған жағдайлар енгізілген. Ағылшын заңдылығында лизинг келісім-шартында ұстауға тәуелді деп аталатын қатынастар тобы қаралған. Мұнда лизинг шарты сатып алу-сату келісім-шартына ұласа алмайды, оған лизинг келісім-шарты және аренда-сату келісім-шарты арасындағы айырмашылықты сақтау үшін сатып алуга опцион еш уақытта енгізілмейді. Англиядағы лизинг шарты көп жағдайда арнайы аренда деп танылады (арнайы деп аталатын себебі, Англияда лизинг шарты әдепкі аренданың келісім-шартының түріне жатқызылмайды).

Өзінен өзі түсінілетін жағдайға мыналар жатады:

1. Пайдалануға мүлік беруші тұлға пайдалану құқын үстау тәуелділігі мерзіміне бере алатын жағдайы;

2. Мүлікті пайдаланушының шарттың  барлық мерзімде толық иелік  ету жағдайы;

3. Мүліктің келісім-шарт нысаны  бола тұрып, сапа талаптарына  жауап беру жағдайы;

4. Мүліктің белгілі бір арнайы мақсатқа жарайтындық жағдайы (егер пайдаланушы келісім кезінде ол жөнінде екінші тарапқа хабарламаса).

АҚШ-та американдық лизинг компанияларының айтарлықтай бөлігі ірі құрал-саймандар өндірушілері арқылы негізделген.

Лизинг компанияларының тағы бір бөлігін ірі коммерциялық банктер ұйымдастырған. Мұндай компаниялардың қызмет көрсету саласы аймақтық банктің ықпалы жүретін аудандармен сәйкес келеді. Америка заңдылығы коммерциялық банктерге белгілі бір қаржы қызметін көрсетуте тыйым салумен ереушеленеді. Лизинг компаниялары банктерден оқшауланған. Бұдан басқа Американың тіпті, ірі сақтандыру компаниялары да лизинг саласын аттап өте алмайды. АҚШ салық заңдылығының бір ерекшелігі — жеке тұлғаларға өз кірістерін құрал-саймандар сатып алуға және оны лизингке беруге итермелейді.[11]

Қытай Халық Республикасында 1979 жылдан бері халықаралық бірлескен кәсіпорнына рұқсат беретін заңдылық қабылданды. Мәміленің негізгі бөлігі бір жылдан бес жылға дейін жасалатын қаржы лизингінің еншісіне тиеді. Лизингтің орташа мерзімі 2-3 жыл. Пайдаланушылар құрал-жабдық лизингінің қысқа мерзіміне артықшылық береді, өйткені ол процент төлеуде артық шығынға жол бермейді. Әдетте мұндай төлемдер тоқсанына бір рет немесе одан ұзақ мерзімде жасалады. Контракт мерзімі біткеннен кейін пайдаланушы құрал-саймандарды қалдық құны бойынша сатып ала алады. Контрактілер әдетте банктердің гарантымен бекітіледі.

ҚХР-дағы фабрикалар мен заводтардың айтарлықтай бөлігі ескірген, сондықтан құрал-саймандардың қаржы лизингінің дамуына кең жол ашылып отыр. Оңтүстік Кореяда лизингті қолдау жөнінде заң қабылданғаннан кейін жасалған контрактілердің көлемі екі есе өсті. Оңтүстік Кореяда барлығы лизингтің 14 субъектісі бар: 8 маманданды-рылған компания және 6 сауда банкі.

Бұл елдің заңдылығы лизинг компанияларын құру жағдайын, оның қызмет саласын, лизингке берілетін құрал-сайман түрлерін регламенттейді. Егер құрал-саймандарды пайдаланудың мерзімі 5 жылдан аспаса, онда лизинг шартының мерзімі кем легенде құрал-саймандардың пайдалану мерзімінің 70 процентін құрауы керек. Егер пайдалану мерзімі 5 жыл және одан жоғары болса, онда лизинг мерзімі құрал-саймандардың пайдалану мерзімінің кем дегенде 60 процентін құрауы керек. Сатып алу құқы міндетті емес, алайда пайдаланушыға берілуі мүмкін.

Оңтүстік Корея үкіметінің негізгі экономикалық міндеттерінің бірі шағын және орташа кәсіпорындар қызметін ынталандыру болып табылады. Сондықтан, мамандандырылған лизинг компанияларының лизинг операциялар көлемінің кем дегенде 35 процентін шағын және орташа кәсіпорындарға бөлуді міндеттейді.

Алманияда қазіргі уақытта көптеген лизинг компаниялары жұмыс істейді, олардың 57-і неміс лизинг қауымдастығының құрамына енеді. Лизингтік мәмілеге салық салудың ережесі федералдық қаржы министрінің 19.04.1971 жыл және 22.12.1975 жылғы хаттарында көрсетілген. Белгіленген нормаға сәйкес лизинг контрактілері бірқатар жеңілдетілген салықты пайдалануга мүмкіндік береді.

Бұл елдегі лизинг саласында жүмыс істеп жатқан жетекші орындагы екі компанияны атауға болады: "Митфинанц Гмбх" және "Гефа-лизинг Гмбх". "Митфинанц Гмбх" 1962 жылы негізделді. Алманияда бірінші құрылған осы лизинг компаниясының жарғылық капиталы 1 млн. неміс маркасын құрады. Қазіргі уақытта оның 6 еншілес компаниясы бар. "Гефа-лизинг Гмбх" компаниясын 1968 жылы "Гефа" тобы негіздеді. Өткен аралық ішінде фирма өз клиенттеріне жалпы қүны 3 млрд, неміс маркасын құрайтын құрал-саймандарды арендаға берді.

Австрияда лизинг нысанының қызмет көрсетуінің экономикалық мұратына сәйкес аренданың орташа мерзімі 2 жылдан 15 жыл аралығындағы мерзімді құрайды. Сатып алу опционына және үзартуға жол берілмейді, контракт мерзімі біткенне кейін арендатор лизинг нысанасын қалған уақытта пайдалануға немесе сатып алуға жаңа контракт жасай алады.

Алманиядағы сияқты Австрияда лизингті дамытудың негізі жалдау жөніндегі заң болды. Лизингтің Австрияда дамуы ширек ғасыр уақытты қамтиды. Лизингке тіпті, балабақшалар мен мектептер де беріледі. 1984 жылы қабылданған заң бойынша салық жеңілдігін алу үшін лизинг бой-ынша келісім-шарт мерзімінің құрал-саймандарды пайдалануда лизинг нысаны дербес болуы керек.

Жетекші лизинг фирмасы "Райфайзен лизинг" деп аталады, Оның капиталына "Донау банк" қатысады. Италияда алғашқы лизинг компаниясы 1963 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта Итальян лизинг қауымдастыгы он нда 50 компания бар.

Ең ірі итальян лизинг тобы (компаниясы) "Локафит" болып табылады, ол лизингке жүмысшы құралдарын, жер қазу машиналарын, ауылшаруашылығы техникаларын, офистер үшін жабдықтар, компьютерлер, жылжымайтын мүліктер, транспорт (автокөлік, ұшақ, кеме және т.б.) береді.

Құрылтайшылардың бірі — "Банк Насиональ де Лаворо". Бұл топ Алмания, Франция, АҚШ, Испания, Қытаймен бірлескен фирмаларды негіздеді, Венгриямен және Югославиямен операциялар жүргізеді.

Нарықтық экономика елдеріндегі лизингтің орасан артықшылығы оның шапшаң дамуына әкеліп соқты. Оның салдары ретінде лизинг халықаралық деңгейге шықты, енді лизингті халықаралық деңгейде реттеудің қажеттігі туды. Бүл міндетті жеке қүқықтың Халықаралық үйлестіру институты шешуі керек болды (UNTOROIT).

1974 жылдан осы институт шеңберінде халықаралық лизинг бойынша ережені үйлестірудің тобы құрылды. Екі принципті мәселені шешу керек еді: халықаралық лизингке қандай мәміле жатады және қандай мәмілелер халықаралық - құқықтық актілермен реттеледі.

Жоба авторлары бұл мәселеге лизингті дербес қүқықтық институт тұрғысынан келді, сондықтан лизинг үш тарапты мәміле сипатын алады.

1980 жылдың өзінде-ақ жұмысшы  тобы аталған мәселелерге жауап  бере алды. Анықтаушы сапасына  лизинг берушінің және пайдаланушының  кәсіпорындарының орналасқан жерін алу туралы шешім қабылданды. Құрал-саймандарды қоюшының орналасқан жері екінші дәрежелі фактор ретінде алынды, өйткені жүмысшы тобы мүшелерінің көзқарасынша лизингтің негізін лизинг алушы мен пайдаланушының арасындағы шарт құрайды. Демек, лизинг беруші мен пайдаланушының кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқанымен халықаралық деп танылды.

Оның жұмысына лизинг компанияларының өкілдері, оның ішінде Еуропа лизинг компаниялары қауымдастығының өкілдері тартылды.

Әлемнің бірқатар мемлекеттерінде бірнеше симпозиум өтті, оның жұмысына ғылыми институттар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, үкімет сарапшылары тартылды.

Атқарған жүмысының нәтижесінде 1988 жылы Оттавада дипломатиялық конференция өтті. Оның жұмысына 55 мемлекет, оның ішінде КСРО қатысты, конференцияда халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенция қабылданды. [12] Ресей федерациясы бұл конвенцияға 1998 жылы қосылды.

Конвенцияның заңдық құрылымдарын мыналар айқындайды:

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары