Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

Сол кездегі уақытпен осынау тар салалы пайда алуға қызығушылық білдірген жаңа техника өндірушілер жаңа машиналарға енгізілген өз меншіктерін құрайтын технологияларын құрауға мүдделі еді. Сондықтан да олардың көбісі құрал-жабдықтарды арендаға беруді жоғары бағалады. Бұл қарапайым ғана сатудан гөрі "ноу-хауды" пайдалануда монополиялық құқық беретін еді. Бел компаниясы сияқты құрал-жабдықтар өндіретін Huqhes компаниясы өздері шығаратын 11 жақты бұрғыларына аренда жағдайында бағаларына бақылау жасауды сақтап қалды. Аяқ киім шығаруға құрал-жабдықтар дайындайтын «U. S. Shoe Machenery" компаниясы клиенттерімен тек қана өз өнімдерін пайдалану жөнінде келісім-шарт жасады. АҚШ-тың монополияға қарсы федералдық заңдылығы бұл практикаға тосқауыл қойып, дайындаушы-лардан құрал-жабдықтарды еркін сатуға қоюды талап етті.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ үкіметі есепке алынған рентабельділік деп аталатын контрактіні белсенді пайдаланды (cost plus contracts). Бұл арендалық бизнесті дамытудағы шешуші қадам болды, өйткені, үкіметтік мердігерлердің көптеген контрактілеріне пайдалану қарым-қатынасы бойынша кіріс деңгейін анықтауды белгілеуге мүмкіндік берілді. Бүл мердігерлер өздерінің товарларының немесе көрсететін қызметінің үкіметке қажет екенін жақсы түсінді, оның соғысқа байланысты уақытша екендігін де есепке алды, ол біткеннен кейін де контрактілердің сол күйінде өзгеріссіз қалатынына сенді. Сөйтіп, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер үкіметтің нақты жобасы бойынша шығарған өнімдерінің орнын толтыруға үлгермеуімен бетпе-бет келді. Оның үстіне, шектеулі станоктар мен машиналар бейбітшілік уақытта шектеулі рыноктық құнға ие болуы мүмкін еді.

Үкіметтік мердігерлер белгілі бір уақытқа өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды арендаға берілуімен байланысты белгілі бір тәуекелге барып отырғандарын жақсы сезінді. Арнайы көптеген машиналар және тетіктер қажет болған жағдайда үкіметтің өзі мердігерлер алдында аренда беруші ролінде қалатын еді. Сонымен қатар, транспорт көліктерімен байланысты лизинг бизнесінің масштабы да қарқын ала бастады. 30-жылдары Генри Форд аренданы өзінің автокөліктерін өткізу үшін пайдаланды.

КСРО-да лизинг ұғымымен II дүниежүзілік соғыста танысуға тура келді. 1941-1945 жылдары Лентлиз бағдарламасымен американдық техникалар келе бастады.

50-жылдардың аяғында лизинг компаниялар  өздерінің назарын шетелдік компанияларға  тікті. 1959 жылы "United States Using Corp" Ка-

 надада өз филиалын ашты, сөйтіп бір елдегі лизинг компаниясы  ұлтаралық компанияға айналды.

АҚШ-тың коммерциялық банктері лизинг операцияларына 1960 жылдардан бастап қатыса бастады. Лизингтік бизнестің кең құлашты дамуына федералдық қор жүйесі басқарушыларының 1971 жылы шығарған шешімі барынша ықпал жасады, енді банктер арендаға құрал-жабдықтар тапсыру, соңынан жылжымайтын мүліктерді беру құқына ие болды.

1982 жыл авиация техникасы лизингі  үшін ерекше болды. Мак-Доннелл  Дуглас корпорациясы лизинг көмегімен жаңа қаржыландыру саясатының есебінен "Бойнг-727" ұшақтарымен бәсекелесе алатын ДС-9-80 ұшақтары үшін рынокты жаулап алды. Дугластың бұл концепциясы "сатып алмас бүрын ұшу керек" деген атауға ие болды. (fly befory buy).

Ішкі және сыртқы рыноктағы желіскен бәсекелестік жағдайында құралдардың техникалық сипаттамаларын өзгерту ғана емес, сонымен қатар, қаржылық жағдайдың да маңызы айтарлықтай өсе түсті. Лизинг бір жағынан тұтынушылардың нақ осы қосымша талаптарын қанағат-тандырса, екіншіден клиенттердің аясын кеңейту есебінен лизингтік фирмалардың кірісін арттыруға мүмкіндік берді. [2]

Лизинг белгілі бір мерзім ішінде пайдаланылатын маусымдық немесе нақты бір жүмыс атқару үшін құрал-жабдықтар алуға мүмкіндік береді, пайдалану мерзімі біткеннен кейін пайдалану мұқтаждығы өзінен өзі жоғалады, ал оны пайдаланбай құр жай ұстап түру тиімсіз. Әртүрлі географиялық аудандарда мердігер фирмалар негізінен құрал-жабдықтарды қысқа мерзімді лизингпен алады.

Шартта аталған мәселе көзделген жағдайда лизинг беруші құрал-саймандарды жеріне жеткізіп береді. Бұл мердігердің транспорт шығындарын төмендетеді.

Лизинг шартын жасауда алғашқыда ірі жарнаның қажеттігі жоқ. Американдық лизинг компанияларының практикасында құрал-саймандардың өнімділігіне немесе оны пайдаланудың жиілігіне байланысты оқтын-оқтын кезеңмен төлем төлеп тұрудың лизингтік шарты жиі кездеседі.

Лизинг пайдаланушы үшін жасалған шарттың мерзімі бойында құрал-сайманның жұмысымен таныса алады, оны сынақтан өткізеді, егер ол барлық талаптарға сәйкес келсе оны өз меншігіне ала алады. Бұл жерде сатып алу бұрынырақ төленген жарнаны есепке ала отырып жүргізіледі. Бүл пайдаланушы үшін қолайлы жағдай.

Лизингке әдетте құрал-саймандарға мұқтаж, алайда оларды өз меншігіне сатып алуга жеткілікті капиталы жоқ жаңадан қүрылып жат-қан компаниялар ұмтылады.

Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бұл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып  алу – сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.

Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу – сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бұл қатынастар шарттың басында ғана роль атқарып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқтай алады.

Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек.

Осындай түсіндірме ретінде лизинг шетелдер мен отанымыздың теориясы мен машығында қолданылып келеді.

Сонымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі жаңа жобасының (ерекше бөлім 565 бабында “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді” деп лизингке түсініктеме берілген). [3]

Лизингтің қарама-қайшы екі жақты  мәні бар. Экономикалық тұрғыдан  қарайтын болсақ, біріншіден лизингті  қаржыларды негізгі капиталға  қайтару мақсатымен жұмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмұны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелік шарттардың мәнін сақтайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.

Сондықтан қаржы шарты, нақтылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.

Сонымен, егер лизингті мүлікті  уақытша ақы төлетіп пайдалануға  беру ретінде қарастырсақ, онда  оған негізгі қорлардағы тауарлық  несие ретінде баға беруге  болады.

Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б.) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (заңды тұлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б.) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) құнын ұйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.

Ең алдымен бұл коммерциялық  несие мен лизингтегі мүлікті  иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық  несие беру кезінде уақытша  пайдалануға алынған шарт обьектісі  несие алушының меншігінде қалады.

Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға құқы болғанымен, оны меншіктенуге құқы жоқ. Яғни мүлікті иелену құқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы құқықты иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге асырады. Лизинг мерзімі аяқталған соң, обьект (пайдалануға берілген мүлік) лизинг берушінің меншігінде қалады. Бірқатар лизинг шарттарында, шарт мерзімі біткен соң, лизинг алушының лизинг обьектісін сатып алу құқы қарастырылады. Мұндай жағдайда лизинг берушіге обьект құны толық төленген соң, обьект лизинг алушының меншігіне өтеді.

Коммерциялық несие де, лизинг  те сауда және несие шарттарының  өзара байланысын болжайды. Коммерциялық  несие кезінде несие шарты  сатып алу – сату актісімен келісіледі, сауда шарты күшін жоймай, несие шарты да күшін жоймайды.

Лизингтің сатып алу – сатумен тығыз байланысы жоқ. Мүлік лизинг компаниясының меншігінде болады және лизинг компаниясы лизинг алушыға мүлікті сатумен айналыспайды. Сатып алу – сату лизингте сирек кездеседі.

Коммерциялық несие тауар түрінде беріліп, ақша түрінде өтеледі. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Лизингтік төлемдер, өзінің экономикалық тұрғысынан қарағанда, несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түрінде төленеді. Келісім-шарт аяқталған соң, шарт обьектісі лизинг берушіге сол зат түрінде қайтарылады.

Лизинг шартының өтемақылық  өзгешелігі бар, онда төлем жалға  алынған жабдықтардың шығарған  өнімі арқылы немесе үстеме  қызмет арқылы (встречные услуги) жүзеге асырылады. [4]

Коммерциялық несие қысқа мерзімге  беріледі. Классикалық лизинг мүлікті жалға ұзақ мерзімге береді, сонымен қатар орта және қысқа мерзімге де шарт жасасуға болады. Біздің елімізде лизинг дамуының осы кезеңі бірнеше айға жасалған лизинг шарттарының көптігімен ерекшеленеді.

Сондықтан жоғарыда айтылған  тұжырымдарға сүйене отырып, лизингтің экономикалық ролі мен мазмұны теорияда және машықта әртүрлі болып талқыланатынын айта кету керек. Біреулер лизингті кәсіпкерлік істі несиелендіру тәсілі деп түсінсе, енді біреулер оны қаржылық арендамен теңестіреді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 540-бабы), үшінші біреулер лизинг өндіріс құралдарын сатып алу – сатудың бүркемеленген (жасырын) тәсілі десе, төртіншілер лизингті сенім берушінің мүлкін пайдалану деп түсінеді.

Бірақ қазіргі таңда классикалық  принциптерге сүйене отырып лизингке мүлік иеленуші және пайдаланушы деген түсініктер беруге болады. Лизингті кәсіпкерліктің ерекше бір түріне жатқыза отырып, мүлікті екі маңызды құқықтық шекке бөлуге болады:

1. мүлікті пайдалану құқы (пайда, табыс табу мақсатымен пайдалану);

2. мүлікті меншіктену құқы (меншік  обьектісін иелену).

Басқа сөзбен айтқанда лизинг – байлықтың көзі.

Осыдан келе лизингке өндірістік  күштер мен өндірістік қатынастардың  байланысындағы ахуалын анықтайтын  меншіктік қатынастарды жүзеге  асыру тәсілі деген мағлұмат беруге болады. Осы анықтаманың негізіне Оттава қаласындағы 1988 жылғы 28-мамырда жазылған (Канада – Оттава) халықаралық лизинг конвенциясындағы лизингке берілген түсініктеме кіреді. Бұл халықаралық құжатқа “лизинг – мүліктік қатынастардың ұш жақты кешені” деген пікір орын алған. “Қаржылық лизинг туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 5-шілдедегі заңында және “Лизинг туралы” Ресей Федерациясының 1998 жылғы 29-желтоқсандағы Заңында үш субьектінің (лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының) лизингтегі қарым-қатынастары қарастырылады, яғни лизинг мүліктік қатынастардың үш жақты кешені ретінде қарастырылады. [5]

Осыған орай классикалық лизинг  үш жақтың - лизинг берушінің, лизинг  алушының, сатушының қарым-қатынастарын  алдын-ала қарастырады. Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржысы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг беруші компанияға лизинг шартын жасау жөнінде іскерлік ұсыныс жасайды. [6]

Осы шартқа сәйкес лизинг  беруші лизинг алушы таңдаған  мүлікті сатушыдан меншігіне  сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға береді. Шарт аяқталған соң мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады. Кешеннің құрамына екі шарт кіреді:

1) сатып алу – сату шарты (лизинг компаниясы мен сатушы арасындағы шарт, бұл жерде мүлікті жасап шығарушы ретінде сатушы, сатып алушы ретінде лизинг компаниясы болып табылады);

2) лизинг шарты (лизинг компаниясы  мен пайдаланушы арасындағы шарт, яғни лизинг компаниясы сатушыдан  сатып алынған мүлікті пайдаланушыға, лизинг алушыға уақытша иеленуге береді).

Егер сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір ғана тұлға болатын болса, онда шарт жасаушылардың құрамы екі адамнан ғана тұрады. Қымбат жобаны жүзеге асыру кезінде тұлғалардың саны көбейе түседі. Бұл лизинг берушінің шартқа басқа қаржы көздерін (банктерді, сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорларды және т. б.) қатыстыруымен байланысты.

Лизинг бизнесінің тарихы мен дамуы зерттеле келе, ол дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданыла бастады, сонымен қатар лизинг кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда ең орынды тәсіл болып саналады.

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары