Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

Осының дұрысы бірінші жағдай болса керек. Шынында да кредиторлар мен сақтандырушылар лизингтік мүліктермен қатысты мәмілеге барлық уақытта қатыса бермейді. Алайда бұл мәселеде Ресейдегі лизингтік қызметтің қазіргі жағдайын естен шығаруға болмайды. Оның шындыгы мынадай, лизинг компанияларының санаулылары ғана өз қаржыларын пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр, лизинг алушының тапсырысы бойынша қүрал-сайман алатын бүл қаржының өзі мардымсыз деңгейде. Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру барысында айқындаушы ролді банктер алады. Жұмыс істеп жатқан компаниялардың банктер жанынан құрылуы тегін болмаса керек. Бірқатар лизинг компаниялары ("Индустрия—М.", "Интерлизинг", "Красная ворота", "Интерпром-лизинг", Тосинкор-лизинг", "ММБ — лизинг" және басқалары) лизинг мәмілелерінің әрбірі бойынша құрылтайшы банктің мамандары шұғылданады.

Лизинг шартының мазмұны әдеттегі аренда шартының мазмұнынан ерекшеленеді, бұл ең алдымен лизинг берушінің барлық міндеттемелеріне қатысты.

Лизингке қатысушылардың жауапкершілігі. Лизинг берушінің, лизинг алушының және сатушының жауапкершілігі лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және ҚР-ның заң актілерінде белгіленеді. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнінде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шарты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тікелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзі аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу міндетін қоспағанда, сатып алушы үшін Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және міндеттемені мойнына алады.

Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келісетін болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез-келген өзгерістері (жиынтықтамалығы, жеткізілу мерзімі және т.б.) міндетті түрде лизинг берушімен келісілуге тиіс.

Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші ынтымақтас кредит берушілер болады. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушіде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшін лизинг алушының алдында жауап бермейді. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершілікте болатын тікелей мүлік сатушыға да, лизинг берушіге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы. [16]

Лизинг беруші сатып алу-сату нысанасы болып табылатын мүлікті лизингке тапсыру туралы сатушыға хабарлау жөніндегі міндетін бұзған жағдайда лизинг беруші сатып алу-сату шартынан туындайтын

талаптарды сатушының орындауы үшін лизинг алушының алдында толық жауапты болады.    

 

2.2. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері

 

Лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг обьектісін анықтау өте маңызды.

Қазақстан Республикасының 565-бабында  былай делінген: “Лизинг шартының обьектілері мен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады”. Ресей азаматтық заңы мен көптеген елдердің заңдарында жер учаскесінің (танабының) лизинг шартының обьектісіне жатпайтындығы көрсетілген, ал біздің республикамыздың азматтық заңына сәйкес, жер учаскесі лизинг шартының обьектісі бола алады, ал бағалы қағаздар шарттың нысанасы бола алмайды.

Сонымен, нарықта айналымға тиым  салынбайтын және өндірістік  циклда жабылмайтын кез-келген  мүлікті лизингке өткізуге болады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне  қарай жылжымалы мүлік лизингі  және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді. [17]

Жылжымалы лизинг обьектілеріне:

-ауыр машиналары мен жабдықтар (жылу-техникалық, турбиндік құралдар, электроқозғағыштар және т. б.);

-жұмыс машиналары мен өннеркәсіптің  әртүрлі саласына қажетті құралдар (полиграфиялық жабдықтар, құрылыс техникасы, станоктар және т. б.);

-есептеу және оргтехника құралдары;

-көлік құралдары (темір жол жылжымалы құралы, теңіз бен өзен кемелері, автокөліктер, ұшақтар және т. б.);

-теле- және арақашықтық байланыс  құралдары;

-және т. б.

Жылжымайтын лизинг обьектілеріне:

-өндірістік ғимараттар;

-құрылыстар (мұнай және газ скважиналары, гидротехникалық және көліктік  құрылыстар) жатады. Лизинг обьектісіне  жаңа мүліктер ғана емес, бұрын  пайдаланғандар да жатады.

Лизинг обьектісіне жылжымайтын  мүліктер (үйлер, құрылыстар, кәсіпорындар мен цехтар) жатса, сол мүліктер тұрған жер учаскесін пайдалану үшін лизинг алушыға беру қарастырылады. Қазіргі таңда тұрмыста және жанұяда пайдаланылатын мүлікті лизинг обьектісі ретінде қарастыруға қажет-ақ. Батыс елдерде осы аталған мүлік түрлері лизингке жиі беріледі. Бұл шетелдегі автокөлік пен құрылыс техника нарығының ерекшеліктерімен байланысты. Бірақ бұл мүліктер кәсіпкерлік қызметте қолданылмағандықтан, олар, такси ретінде пайдаланылатын жеңіл автокөліктерді қоспағанда, лизинг обьектілері бола алмайды. Әрине, заң бойынша айналымға тиым салынған мүліктер де лизинг обьектілері бола алмайды. Сонымен Қазақстан Республикасының “Қаржы лизингі туралы” заңының 4-бабына сәйкес лизинг обьектілеріне ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, инвентарлар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген тұтынылмайтын заттар жатады.

Бағалы қағаздар мен табиғи  ресурстар лизинг нысанасы бола  алмайды.

Заң актілері жер учаскелерінің  жеке категорияларын пайдалануға  басқа да шектеулер қоюы мүмкін.

Лизинг нарқының субьектілеріне  лизинг берушілер, лизинг алушылар, мүлікті өндірушілер (сатушылар), сонымен  қатар лизинг операцияларына  тікелей қатынаспаса да, делдалдық, ақпараттық және консалтингтік  қызмет көрсететін брокерлік  және консалтингтік фирмалар жатады.

Лизинг алушы мен лизинг беруші, яғни шарт жасасатын екі жақ, лизингтің негізгі субьектілері  болып табылады.

Лизинг беруші – лизинг алушы көрсеткен мүлікті өндірушіден (сатушыдан) өз меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша пайдалануға беретін заңды тұлға болып табылады. Заң бойынша кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға да лизинг беруші бола алады. Лизингтік қызмет нарығында лизинг берушінің функциясын шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам түріндегі лизинг компаниялары, яғни мамандандырылған коммерциялық ұйымдар орындайды.

Банктер, басқа да несиелік-қаржылық  мекемелер де лизинг беруші  бола алады, көбіне олар лизинг  мүлкін өндірушілер, яғни машина  жасайтын зауыттар, құрылыс фирмалары  және т. б. болып табылады. [18]

Лизингтік қызметті жүзеге асыру  құқығын лицензия береді.

Лизинг шарты бойынша лизинг  мүлкін ақы төлеп уақытша иемденіп, пайдаланатын заңды тұлға немесе  заңгерлік білімі жоқ кәсіпкер  ретінде тіркелген азамат лизинг алушы болып табылады.

Лизинг шарты бойынша мүлік алуға үміттенген кез-келген кәсіпорын лизинг алушы бола алады.

Өндіруші (сатушы) мүлікті лизинг  шарты бойынша лизинг берушіге  сататын заңды тұлға.

Сатушы – лизинг алушы таңдаған мүліктің иесі және лизинг берушімен сатып алу-сату шартын жасасатын заңды немесе жеке тұлға.

Өндірушінің (сатушының) қызметін  лизинг қызметі нарқында кәсіпорындар, яғни лизинг мүлкін жасап шығарушылар  орындайды, бұлардың орнында машиналармен  және жабдықтармен көтерме сауда  жасайтын фирмалар да бола  алады.

Банктер мен басқа да несиелік-қаржылық мекемелер, тікелей лизинг беруші бола алмаса да, лизинг қызметі нарқына қатыса алады, өйткені олар лизинг берушіні мүлік сатып алуға қажет қаржымен қамтамасыз етеді.

Лизинг қызметі нарқында жұмыс  істейтін брокерлік фирмалар өте маңызды роль атқарады. Олардың міндеті серіктес (партнер) іздеуден, делдалдық қызмет атқарудан, нарыққа қатыспаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуден тұрады.

Консалтингтік фирмалар нарыққа  қатысушылардың барлығына, ең бірінші  лизинг алушыға, консалтингтік көмек  көрсетеді. Егер сатушы мен лизинг беруші бір ғана тұлға болса, онда шарт жасасушылардың құрамы қысқартылады. Мұндай жағдайда лизинг мәселелерімен лизинг арқылы нарықта тауарларды өткізу үшін тауар өндірушілер құрған лизинг компанияларының фирмалары, сонымен қатар өндіруші кәсіпорынның құрамындағы арнайы бөлімшелер (маркетинг басқару қызмет орындары) айналысады.

Халықаралық лизингте лизинг  берушінің, лизинг алушының, сатушының  қызметін атқаратын шетелдік  заңды тұлғалар Қазақстандық  лизинг нарқының субьектісі болып табылады.

Осыған орай біздің алдымызда  лизинг қатынастарын қалай жетілдіруге  болады және лизинг шарттарын  жасаудың дұрыс ыңғайын таба  келе, лизинг шарты элементтері  арасындағы заңды шектеулерді  қалай жүргізу керек деген  сұрақ туады. Бұл жерде, сөзсіз, азаматтық-құқықтық қатынастарды басқару ретіндегі лизинг келісімінің елеулі шарттарын қарастыру арқылы осы сұрақтарға жауап таба аламыз.

Іс жүзінде лизинг шарттары  көбіне шарт жасаушылардың күрделі  құқықтық, коммерциялық, қаржылық мәселелерін  қарастырады. “Қаржы лизингі туралы” заң лизинг қатынастарының әр субьектісінің құқықтық статусын белгілейді. Сонымен, осы аталған заңның 5-бабында былай делінген: лизинг берушінің лизинг алушыға уақытша пайдалануға берген мүлкіне меншік құқы лизинг шартында белгіленген барлық мерзім ішінде сақталады. Лизинг мүлкін уақытша иелену мен пайдалану құқы лизинг шарты мемлекеттік тіркеуден өткен заматта лизинг алушыға өтеді.

Лизинг алушы банкрот болған  жағдайда лизинг нысанасы конкурстық  жиынға кірмейді.

Лизинг алушының лизинг мүлкін пайдалану нәтижесінде алған өнімдері мен тапқан табыстары және басқа да жетістіктері лизинг алушының меншігінде қалады. Егер лизинг алушы мүлікке зиян келтірмей, өз қаржысы есебінен жетістіктерге жетсе, лизинг берушінің жазбаша келісімі бойынша, егер өзгеше шарттар көзделмесе, шарт аяқталған соң, сол жетістіктерге жұмсалған қаржыны өтеп алуға құқы бар. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің рұқсатынсыз лизинг алушы өндірген бөлінбейтін жетістіктерінің құнын өтей алмайды.

Лизингке берілген мүлікке иелену, пайдалану құқы басқа тұлғаға  өтсе, бұл жағдай лизинг шартын  өзгертуге немесе бұзуға себеп  бола алмайды.

6-бапта былай делінген:

Егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің жазбаша келісімімен, лизинг алушының лизинг мүлкін сублизингке өткізуге құқы бар. Бірақ лизинг алушы лизинг төлемдері жөніндегі міндетін сублизингке қабылдаған үшінші тұлғаға жүктей алмайды.

Сублизинг шартының мерзімі  лизинг шартының мерзімінен асып  түсе алмайды. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартын жасауда лизинг шартындағы ережелер қолданылады. Егер лизинг шарты мерзімінен бұрын тоқтатылса, сублизинг шарты да тоқтатылады.

Заң, Азаматтық Кодекс және басқа  да заң актілері негіздерімен лизинг шарты күшін жойса, оған сәйкес сублизинг шарты да күшін жояды.

7-бапта көрсетілгендей, лизинг  алушының лизинг мүлкіне деген  құқығын қорғау жеке меншік  құқын қорғаумен тең қамтамасыз  етіледі. Лизинг алушы талаптар  қоюға, басқа да жолдармен лизинг  шарты кезінде өз атынан құқықтарын қорғауға хақы бар.

8-бапқа сәйкес лизинг шарты  алдын-ала бекітілген бағамен  лизинг алушының лизинг мүлкін  меншігіне алу құқы мен міндеттерін  қарастырады.

Осы заңның 9-бабы “Жылжымайтын мүлікті иелену құқын және осыған байланысты мәміле жасау құқын мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы” Заңын Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша жүзеге асыруды міндеттейді. Жылжымайтын мүліктің лизинг шарты жылжымалы мүлік кепілін жүзеге асыратын органдармен міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс. Бұл тәртіпті Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Лизинг беруші ретінде банк  операцияларының жеке түрлерін  жүзеге асыратын банктер мен  ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10-бапқа сәйкес іске асырады.

Жеке кәсіпкер болып табылатын  басқа да заңды және жеке  тұлғалар лизинг қызметін лицензиясы  жоқ лизинг беруші ретінде  жүзеге асырады.

Ең маңыздысы “Қаржы лизингі туралы” Заң лизинг қатынастарындағы әр субьектінің құқықтары мен міндеттерін анық көрсетеді.

11-бапта көрсетілген лизинг берушінің 

1. құқықтары:

  1. оған тиісті төленбеген лизинг төлемдерін және шығын орнын талап етуге құқы бар;
  2. лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шарттарын орындауын бақылауға құқы бар;
  3. лиизинг алушы лизинг мүлкін қайтару жөніндегі міндеттерін бұзған кезде өтіп кеткен мерзімге және шығындарды өтетуге талап қоюға құқы бар;
  4. заңда қарастырылған жағдайларға байланысты лизинг алушыдан лизинг мүлкін қайтарып алуға құқы бар.

2. Лизинг берушінің міндеттері:

  1. лизинг шарты бойынша лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті;
  2. сатып алу-сату шартын жасау кезінде лизинг мүлкін белгілі бір лизинг алушыға тапсыратыны жайында сатушыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті;
  3. лизинг алушыға лизинг шарттарын түсіндіре отырып, лизинг мүлкін пайдалануға беруге міндетті;
  4. лизинг беруші лизинг шарты мен Қазақстан Республикасы заң актілерінде қарастырылған және заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға міндетті.

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары