Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.
Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Біріншіден, барлық мәміленің жетекші орны бастамашыл ретінде пайдаланушыға беріледі: ол құрал-саймандарды, оны қоюшыны таңдайды және меншік иесі бола тұрмай іс жүзінде оның барлық тәуекелге барушылығын өз мойнына алады. Сөйтіп, арендатор мәміледе белсенді жақ болып табылады. Керісінше, аренда беруші іс жүзінде осы аяда ғана жауапкершілікті мойнына алатын мәмілені қаржыландыратын енжар тарап болып қалады.
Екіншіден, лизингтің келісім-шарт мерзімі лизинг берушіге өзінің құрал-сайманға салған күрделі қаржысын қайтарып алуға мүмкіндік беруі керек, басқаша айтқанда лизинг келісім-шартының мерзімі құрал-сайман амортизациясының мерзімімен шамалас болуы қажет. Конвенция мәтінінің авторлары әртүрлі елдердегі қолданылып жүрген заңдылықтарды есепке алды, сондықтан ы дайындау ұзақ мерзімді алды. Осыған байланысты мәтінде әртүрлі құқық жүйелеріндегі кездесетін терминдер ұшырасады.
Конвенция преамбуладан және 25 баптан тұрады. Преамбулада аталмыш конвенцияның мақсаты дәйектелген. Преамбулада біртұтас нормаларды енгізудің қажеттілігі айтылған. Преамбулада аренданың дәстүрлі келісім-шартын реттейтін нормаларға бейімдеу туралы, үштарапты дербес қатынасқа көшу туралы айтылады.
Конвенция келісім-шарттың екі түрі — сату және лизинг арасындағы тығыз байланысты бекіте түседі: Пайдаланушы бірінші мәміленің шартын қолдауға тиіс, қоюшы екінші мәміленің барлығы немесе оны жасау жөніндегі ниеттен хабардар болуы тиіс.
Конвенцияда оның
Конвенцияда лизингке
Конвенция тараптардың жауапкершілігі туралы ережені де дамытады. Құрал-саймандар жауапкершілігін қою келісім-шартының тараптары өзі және пайдаланушы болғанда қоюшы өз мойнына алады. Бұл жерде қоюшыға пайдаланушы мен лизинг беруші екі бір түрлі талап қоя алады. Бүған жол бермес үшін конвенция мынадай норманы қарастырған: қоюшы 1 және сол келтірген залалы үшін бір мезгілде лизинг беруші мен пайдаланушының алдында жауап бермейді.
2. Лизинг шарты – негізгі экономикалық шарттардың бірі ретінде
2.1. Лизинг шартының түсінігі, элементтері және мазмұны
Лизинг, шарт ретінде ҚР-ның азаматтық заңдылықтарында жаңалық болып саналады. Нарықтық қатынастардың дамуы шағын және орта бизнес үшін инвестициялардың қажеттілігі лизингтің ҚР-ның Азаматтық кодексінде тұрақты түрде заңдылық жағынан бекітілуіне және “Лизинг туралы” ҚР заңының қабылдануына шынайы негіз болып қызметтер етті. Лизинг тек Қазақстан үшін ғана емес, шет елде де кәсіпкерлік қызметтің барынша жас түрі болып саналады. 50-ші жылдардың басында АҚШ-да болған лизинг, жарты ғасыр мерзім ішінде барлық әлемге кең түрде таралды. Мысалы үшін, қазіргі уақытта АҚШ-да жартысына жуық несиелер осы лизинг арқылы жүреді.
Бұрынғы қолданылып келген бірде-бір нормативтік актілерде жалпы алғанда мүлікті жалдау шартының түрі ретінде лизингтің нақты анықтамасы болған жоқ. Лизингтің нақты анықтамасы 1999ж. шілдесінде ҚР-ның Азаматтық кодексі күшіне енгеннен кейін және 2000ж. шілдесінде қабылданған ҚР-ның “Қаржы лизингі туралы” заңынан көрініс тапты. ҚР Азаматтық кодексінің 565 бабына және “Қаржы лизингі туралы” заңның 15 бабына сәйкес “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді”. [13]
Бұл анықтамада лизинг шартының төмендегі белгілері бекітілген:
Лизинг шартының анықтамасы негізіне 28.05.88ж. Оттава қаласында қабылданған “Халықаралық қаржылық лизинг туралы” Конвенциядағы лизинг түсінігі бекітілген. Осы халықаралық құжатта лизингқа үшжақты кешенді мүліктік қатынас ретіндегі көзқарас неғұрлым кең көрініс тапты. Лизинг компаниясы пайдаланушының өтініші мен көрсетуі бойынша жасаушыдан құрал-жабдықты кейін пайдалануға өткізуі үшін сатып алады.
Кешен құрамына екі шарт кіреді:
Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвеция, қаржы лизингі
үшін классикалық машиналар, құрал-жабдықтар және олардан басқа кез-келген тұтынылмайтын заттарды тізімге алады. Сонымен қатар лизингтің нысанасы болып құнды қағаздар мен табиғи ресурстар табылмайтыны орнатылған.
Лизинг шартының мынадай елеулі талаптары болуы тиіс:
Осы тараптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады. Тараптардың келісімі бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.
Лизинг шарты консенсуалды, ақылы, өзара болып табылады.
Лизинг шартының мәнді белгісі болып оның жазбаша түрде жасалуы саналады. Егер лизинг шартының жазбаша түрде жасалуы сақталмаса ол жарамсыз деп саналады (ҚР “Қаржы лизингі туралы” заңының 15 бабы).
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты тараптар белгілеген мерзімге жасалады. Бұл орайда лизинг шартының мерзімі лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігі амортизациясының мерзімінен кем болмауға тиіс. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Лизинг шарты тараптар өздерінің барлық міндеттемелерін орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өзінің күшін жояды.
Лизинг төлемдері – лизинг шартын жасаған кездегі баға бойынша және лизинг шарты қолданылатын мерзім бойына жүзеге асырылатын лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігінің өтелуін (амортизациясын) ескере отырып есептелуге тиіс мерзімдік төлемдер, оған мыналар енеді:
Шартта немесе ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Лизинг шарты мынадай жағдайларда:
Мынадай жағдайларда:
Заң тұрғысынан келгенде лизинг шартына үш тұлға қатысады: Мүлік сатушы (дайындаушы), оны тұтынушы — лизинг беруші және арендатор — лизинг алушы. Лизинг беруші ретінде ұйымдар, әсіресе, көбірек көрінетіні лизинг компаниялары. ҚР "Қаржы лизингі туралы" Заңында мына субъектілерді ерекшелейді:
Лизинг беруші — тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне (шартына) қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде лизинг мәмілесінің басқа қатысушы ретінде іс-қимыл жасауға құқы жоқ;
Лизинг алушы — лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттары үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәселесіне қатысушы;
Сатушы (қоюшы) — лизинг нысанасын сатып алу— сату шарты және (немесе) лизинг шарты талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. [15]
Мәмілеге қатысушы лизинг берушінің ролі мынадай:
— лизинг
компаниясы лизинг алушының
— лизинг беруші лизинг алушыға қажетті мүлікті сатушыдан немесе өндірушіден сатып алу және сату келісім-шарты негізінде лизинг компаниясының меншігіне сатып алады;
— сатып
алынған мүлікті лизинг
Бүл тәмсілдің артықшылығы айқын көрінеді: пайдаланушы қымбат мүліктерді сатып алу үшін қосымша мүмкіндіктер алады, әдетте мұндай жағдайда пайдаланушыға жөндеу жұмыстары үшін қызметкерлер жалдаудың қажеттігі туындамайды, күрделі технологиялық құрал-саймандар дайындаушының жоғары білікті мамандары қызмет көрсетеді; дайындаушы фирма құрал-саймандардың өндірістік және конструкторлық ақаулықтарын жедел анықтауға және оны жоюға мүмкіндік алып, құрал-саймандардың сапасын және бәсекелестігін көтере алады. Алайда кейін дербес лизинг компанияларының саны өсе түсті.Қайсыбір авторлар лизинг берушімен, лизинг алушымен және мүлікті лизинг субъектісі сапасында қоюшымен қатар лизингтік мүлікті сатып алуды және оны сақтандыруды қаржыландыруға қатысатын кредиторлар мен сақтандырушыларды да лизинг субъектісінің қатарына қосады. Қарсы пікір айтушылар лизинг субъектісі болуы мүмкін гаранттар, сақтандырушылар, инвесторларды жоғарыдағы тізбеге қосуды жақта-майды, өйткені лизингтік қатынастарды сипаттайтын атрибуты болып табылмайды. Олардың пікірінше сақтандырушы және гарант туралы мәліметті ҚР Азаматтық кодексінің тиісті тарауларынан табуға болады ("Сақтандыру" тарауы, "Орындау міндеттемесін қамтамасыз ету" тараулары) және басқа да арнайы заңдылықтарда көрініс тапқан.
Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары