Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.

Содержание

Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг шарты ДР.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

12-бабы лизинг алушының құқықтары  мен міндеттерін орнатқан.

1. Лизинг алушының құқықтары:

  1. лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін иеленуге және пайдалануға құқы бар;
  2. лизинг мүлкінің сапасы мен жинағы жөнінде, оны жеткізу мерзімі жөнінде және де сатушы мен лизинг берушінің арасындағы шарт ұқыпты орындалмаған жағдайларда талап қоюға құқы бар;
  3. лизинг беруші шартты бұзған жағдайда, лизинг шарты бойынша, өз міндеттерін лизинг алушының алдында орындамайынша лизинг төлемдерін тоқтатып қоюға құқы бар;
  4. лизинг шартын бір жақ, яғни лизинг беруші тоқтатқан жағдайда аванс ретінде төлеген сомасын қайтаруды талап етуге құқы бар;
  5. егер лизинг беруші лизинг алушыны мүлікпен өз уақытында қамтамасыз етпесе немесе лизинг шартында көрсетілгендей лизинг мүлкін пайдалануға кедергі болып табылатын мүліктің жөндеуге келмейтін кемшіліктері болса, лизингтен бастартуға, басқа мүлікке ауыстыруға, лизинг шартын бұзуға құқы бар;
  6. егер лизинг беруші лизинг шартын орындамаса немесе тиісті орындамаса, шығындарды өтеуін талап етуге құқы бар;
  7. егер лизинг алушының өзі жауап бермейтін кейбір себептерге байланысты лизинг шартында қарастырылған мүлікті пайдалану жағдайлары тым нашарлап кетсе, онда лизинг сомасы мен төлемдерін талап етуге құқы бар.

2. Лизинг алушының міндеттері:

  1. лизинг мүлкін лизинг шартының тәртібі бойынша қабылдауға міндетті;
  2. лизинг төлемдерін өз уақытында төлеуге міндетті;
  3. мүлікті лизинг шартына сәйкес пайдалануға міндетті;
  4. шартта қарастырылғандай, мүліктің ескіруі мен өзгеруі ескеріліп, лизинг беруші өткізген мүлікті сол күйде сақтауға міндетті;
  5. өз қаржысы есебінен лизинг мүлкін тәртіппен ұстауға, соның ішінде лизинг мүлкіне байланысты коммуналдық төлемдерді уақытында жузеге асыруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті;
  6. лизинг берушіге лизинг мүлкінің жайын біліп тұруға бөгет жасамауға міндетті.

Сатушының құқықтары мен міндеттері 13-бапта көрсетілген және олар сатып алу-сату келісімінің шарты бойынша бекітіледі. Егер лизинг шартына лизинг беруші де, лизинг алушы да, сатушы да қатысса, онда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартына сәйкес бекітіледі.

Заңның 14-бабы лизингке қатысушылардың  жауаптылығын қарастырады. 14-бапқа  сәйкес лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының жауаптылықтары лизинг шартымен, сатып алу-сату шартымен, Қазақстан Республикасының заң актілерімен бекітіледі.

1. Мүлікті сатушы лизинг алушының  алдында сатып алу-сату шарты  жөнінде, соның ішінде лизинг  мүлкінің сапасы мен жинақталғаны  жөнінде, онымен қамтамасыз ету  жөнінде жауапты. Ал лизинг алушы Азаматтық кодекстегі сатып алушы үшін қарастырылған құқықтарын пайдалануға және міндеттерін орындауға тиісті. Лизинг алушы сатып алу-сату шартына қатыспағандықтан, пайдалануға алған лизинг мүлкін сатып алуға мідетті емес. Егер сатушы лизинг алушының талаптарына келісім берсе, онда лизинг мүлкін лизинг берушіге өткізу кезіндегі өзгерістерді (мүлік жинақтығы, қамтамасыз ету мерзімі ж. т. б.) лизинг берушімен келісіп шешуге міндетті.

2. Егер лизинг шартында өзгеше  көзделмесе, сатушыны лизинг алушы  таңдамаған болса, лизинг берушінің алдында сатушы міндеттерінің орындалуына жауап бермейді. Мұндай жағдайда лизинг шарты бойынша лизинг алушы лизинг берушіге де, сатушыға да, егер олардың жауаптылықтары ортақ болса, өз бетінше талаптар қоюға құқы бар.

3. Егер лизинг беруші мүлікті лизингке өткізу жөнінде сатушыға ескертпесе, онда ол лизинг алушының алдында сатушының міндеттерін орындауға жауапты.

Тұжырымдай келе, мынандай қорытынды жасауға болады:

1. Байлық көзі мүлікті меншіктенуде  емес, мүлікті пайдалануда, яғни табыс табу үшін мүлікті меншікке сатып алмай-ақ, пайдалану құқын иеленудің өзі жеткілікті.

2. Дүниеүзілік тәжірибе лизинг  механизмінің келешегі бар екенін  дәлелдеп отыр, өйткені лизинг  сатушыдан алынған мүлікті пайдалануға  берумен байланысты пайда болатын мүліктік қатынастардың кешенін қамтамасыз етеді.

3. Лизинг мазмұны бойынша несиелік  қатынастарға сәйкес келеді, бірақ  қарызданушы мен несие беруші  капиталды ақша түрінде емес, тауар түрінде қолданғандықтан, лизинг капитал инвестиция-ларына  ұқсас келеді.

4. Лизинг механизмінің инвесторларға  қажетті кепілдік көлемінде де  артықшылықтары бар.

5. Лизинг механизмі арендамен  өзара байланысты, бірақ ол кәсіпкерліктің  жаңа ұйымдастыру-құқықтық формаларын  құра отырып, күрделі үш жақты  негізден түрады және оның  несиелік, инвестициялық шарт қасиеттері, арендалық қызмет көрсету қасиеті бар.

6. Көпшіліктің түсінігі сияқты, лизинг - қаржы арендасы емес, өндірістік  құралдарды сатып алу-сату тәсілі  емес, сенімхат берушінің келісімі  бойынша мүлікпен пайдалану емес, лизинг - өзара байланысы бойынша өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың ахуалын анықтайтын меншік қатынастарын жүзеге асыратын тәсіл болып табылады.

7. Лизинг шаруашылықтың ерекше  формасы ретінде кәсіпорын-ның  өндірістік процестеріне (еңбек  құралдары мен жұмыс күштерін пайдалануға) жалпы әсерін тигізеді.

8. Лизинг экономиканың ең маңызды  қаржылық, өндірістік, қамтамасыз ету, салықтық және аммортизациялық  жеңілдіктерді пайдалану функцияларын  қамтиды.

9. Бағалы қағаздар мен табиғи  ресурстардан басқа, кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат лизинг шартының мүлкі немесе обьектісі бола алады (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетінің 566-бабы).

10. Лизинг берушілер, лизинг алушылар, сатушылар мен мүлікпен қамтамасыз  етушілер, несиелік-қаржылық мекемелер және т. Б. Лизинг нарқының субьектілері бола алады.

   2.3. Лизинг шартының құқықтық табиғаты

 

Қаралып отырған қатынастардың қүрделілігі және салыстырмалы

түрде жаңашылдығы олардың заңдық табиғатына қатысты орын алып жүрген әртүрлі көзқарастарды айқындайды.

Оның екі негізгі көзқарасын айыра білу қажет. Авторлардың бір тобы, мәселен, Ю.С.Харитонова, азаматтық құқықтың дәстүрлі институттарының көмегімен лизингке: арендалар, сатып алу және сатулар, заимдар, тапсырыстар және басқалар деп талдайды. Ал басқа авторлар қатынастардың күрделілігі оларды ерекше қатынастар деп қарауға болады деп айтады. [19]

Олардың алғашқысы да соңғысы да лизингтің кез келген аспектісінің анықтаушы сапасында: дайындаушының және пайдаланушының ерекше өзара қарым-қатынасын, немесе меншік иесінің міндеттері және құқық көлеміне іс жүзінде тең келетін пайдаланушының міндеттері мен құқық көлемін қояды. Егер аталған институттардың көмегімен лизингтің заңдық табиғатын айқындайтын болсақ, онда оған қатысушылардың қатынастарының бір бөлігі осы институттан сырт қалады. Мәселен, лизингті сатып алу-сату, тапсырма беру, аренда және басқа да институттар тұрғысынан қарастырсақ, он да жауапкершілік бойынша дайындаушы және пайдаланушы арасындағы қатынастар сырт қалады.

Аренда және лизинг келісім-шартындағы айырмашылықтар жауапкершілік және тәуекелшілікке көшу мәселелерінде айқын анғары-лады. Аренда шартында аренда беруші арендатор алдында арендатор иелігіне мүлікті уақытында бермеу, ақаулықтарды айқындау және басқаларын өз мойнына алады. Лизинг шартында келісім-шарт нысанына қатысты (сапасы, пайдаланушының мақсатына сай келмеушілік) жағдай бұзылғанда жауапкершілікті әдетте құрал-саймандарды жасаушы алады. Нәтижесінде пайдаланушы алдында құрал-сайман иесі емес, лизинг келісім-шартынан бейтарап құрал-сайманды жасаушы жауапкер болып табылады. Құрал-саймандардың кездейсоқ оқиғалардан жойылып кетуі немесе бүлінуі пайдаланушының мойнында, ал аренда келісім-шартында барлық елдердің заң актілерінде барлық тәуекелшілікті меншік иесі, яғни аренда беруші алады.

Бұл жерде дайындаушының лизинг келісім-шартының тарабы болмай лизингтік қатынастардың қатысушысы болатынын ескеру керек. Лизингке қатысушылар екі келісім-шартпен: лизинг беруші және меншік иесі арасындагы сатып алу-сату шартымен — бір жағынан және екінші жағынан лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шартымен қатастырылған. Кездейсоқ оқиғалар нәтижесінде құрал-сайманның жойылуы немесе бүлінуі әдетте пайдаланушы мойнына алады, ал аренда шартында заңдылықта қаралып отырғандай барлық тәуекелшілікті меншік иесі, яғни аренда беруші алады (бұл жерде субаренда есепке алынбай отыр). Лизинг құрал-саймандарды сатып алуға берілетін несиемен (кредитпен) ұқсас, шынында да лизингті уақыт өтуі қайтарымы, төлемі жағдайында лизинг алушыға лизинг компаниясының несие беруі негізінде мүліктік қатынас ретінде қарауға болады. Алайда бүл лизинг сипаттамаларының бірі ғана. Басқа лизинг сипаттамасы меншік қатынасымен байланысты.

Лизинг кезінде аренда нысанының меншігі лизинг берушіде сақталады, ал лизинг алушы оны тек уақытша ғана пайдалана алады, яғни, мүлікті пайдалану құқымен оны иелік ету құқынан алыстайды. Бұл құқықтарды алу бойынша лизинг алушы лизинг компаниясына тиісті сома (лизингтік төлем) төлейді, оның мөлшері, түрі және аудару кестесі лизингтік келісім-шарттың екіжақты шартымен айқындалады.

Лизинг сондай-ақ сатып алу – сату келісім-шартының ерекше түрі де емес. Шынында лизинг белгілі бір уақытқа берілуі бойынша сатып алу-сату қатынастарымен ұқсас. Алайда мұндай сатып алу-сату да меншік құқы сатушыдан сатып алушыға көшеді, әдетте бұл шарт жасалғаннан бастап өз күшіне енеді. Керісінше, лизинг шартын жасауда меншік құқы уақытша пайдалануға құрал-сайман берген тұлғада сақталады. Кейбір неміс авторлары лизинг өзінде тапсырыс институтының белгілерін сақтайды деп тұжырымдайды. Бүл жөнінде Е.В.Кабатованың жұмыстарында кездеседі. Мұндай теорияның мазмұны төмендегідей: пайдаланушы мамандандырылған компанияға мүлік сатып алу жөнінде тапсырыс береді, соңынан ол олардың арасындағы жасалатын шарт нысаны болады. Бұл тапсырысты лизинг компаниясы дайындаушымен сатып алу-сату шартын жасау есебінен жүзеге асырады. Мұнан кейін пайдаланушы және болашақ лизинг беруші өз орындарымен алмасқандай болады: енді лизинг беруші пайдаланушыға құрал-сайманды алуға тапсырыс береді, сондай-ақ, құрал-саймандардың сапалы жүмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық талап-арыздарды бірінші меншік иесіне қоюына уәкілдік береді.

Алайда лизинг шартын тапсырыс шартымен салыстыра отырып, лизингтің негізгі мақсатын көрмей қалуға болады: құрал-саймандарды уақытша пайдалану және соңынан оларды өзінің меншігіне алу мүмкіндігі. Осы екі шартқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін шендестіре отырып, олардың арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды анықтауға болады.

Құрал-саймандар лизинг компаниясының атына алынады, оның сатып алушысы болғандықтан бұл табиғи нәрсе. Алайда тапсырыс теориясы тұрғысынан келсек ол пайдаланушының атына алынуы керек еді, өйткені ол тапсырыс береді және сенімді уәкілі ретінде көрінеді. Бүдан басқа пайдаланушы лизинг компаниясына құрал-саймандарды сатып алумен байланысты шығындардың орнын толтырмайды.

Егер пайдаланушыға алғашқы меншік иесіне құрал-саймандардың сапасы бойынша талап-арыз қою құқын беруді қарастырсақ, онда оны тапсырыс ретінде емес, талап құқын беру сипатымен көрінеді. Бұл жағдайда пайдаланушы лизинг компаниясының атында емес өз атынан талап қояды, талап-арызын ұстау және реттеу бойынша шыққан шығындардың орнын толтыра алмайды. Лизингтің құқықтық табиғатын қарастырғанда құрал-саймандарды уақытша пайдалануға беруде лизингке барлық қатысушылардың арасындағы қатынас немесе тек ғана келісімшарттың қаралуын анықтау маңызды. Бірінші жағдайда әңгіме қалыпты (классикалық) келісім-шарт туралы болып отырған жоқ, өйткені, құқық қатынасының барлық кешеніне құқық институтының көптеген элементтері кіреді (сатып алу және сату, құрал-саймандарды уақытша пайдалану, заем, сақтандыру және басқалары). Лизинг келісім-шартының ерекшелігі — бұл келісім-шартқа отырушылардың аталған жағдайда бір-бірімен тығыз байланыстылығы. Осынау күрделі құрылымды белгілі бір нормалармен реттеу бір жерден шықпайды және лизингтің өз мәнін жойып та жібереді.

Лизингтің заңды табиғатын анықтау мәселелері негізінен Еуропада пысықталады. АҚШ-та және Англияда аралас азаматтық қарым-қатынастардың әр түріне лизинг келісім-шартын іс-жүзінде пайдалануда анықтауышын айқындауға күш-жігерлерін салады. Бұл анықтауыштар-дың мазмүнын лизинг келісім-шартының қай шартпен шендестіріліп отырғанына, шектеуліктің қай мақсатта қойылғанына және аталған мәселелер бойынша шешімді қандай органның шығарғанына байланысты. [20]

Жоғарыда баяндалғандардан байқалатындай лизинг шарты келісім-шарттың дербес түрі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық       реттелуі

 

3.1. Қазақстандағы лизинг шартының дамуы

 

ТМД елдерінде, оның ішінде рыноктық қайта жаңаруды жүзеге асырудағы бірдей жағдайдағы Ресей мен Қазақстанда ішкі рыноктағы лизингті қалыптастыру 1989 жылдың екінші жартысынан басталады. Шетелде қабылданған лизингтің ұйымдастыру формаларынан мұнда әзірге лизинг операцияларымен шұғылданатын қаржылық лизинг компаниялары комерциялық банктер ғана дамып отыр. 1989 жылы КСРО-да коммерциялық банктер сол кездегі мамандандырылған банктерден жарты жыл бұрын лизинг операцияларын енгізуді бастады, олардың лизинг бизнесіне қатысуы барынша белсенді сипатта болды. 1990 жылғы 1-қаңтардан лизинг операцияларын жүргізуге КСРО Промстройбанкі қосылса, екінші жартыжылдықтан КСРО-ның Агропромбанкі және Жилсоцбанкі қосылды.

Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары