Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.
Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанда лизингті енгізу бойынша пәрменді және нақты жұмыс және оның нормативті-әдістемелік негізін жасау Қазақстан Республика-сы Президентінің 1995 жылғы 20-желтоқсандағы "1996-1997 жылдары еліміздің селоларын және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бойынша қосымша шаралар туралы" Жарлығынан және оның жекеле-ген ережелерін жүзеге асыру бойынша дайындалған Үкіметтің бірқатар қаулыларынан кейін басталды. Жарлықта, ішінара Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметіне мынадай тапсырмалар берілді:
— 1996 жылғы бюджетте аграрлық сектордағы экономиканы реформалау және тұрақтандырудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10,7 миллиард тенге сомасында қаржы бөлуді, оның ішінде ауылшаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының белсенді бөлімін қалыптастыру үшін — 3,56 миллиард тенге, лизинг негізінде ауылшаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге — 0,6 миллиард теңге қаржы бөлу көзделді. Осы мақсат үшін бюджеттік қаржының, банк несиесінің және басқа да көздердің қайтарым мәмілесінде лизинг қорын құру, оны қалыптастырудың және пайдаланудың ережесін жасау жүктелді;
— агроөнеркәсіп кешенін дамыту және реформалаудың мұқтаждығы үшін Азия даму банкісінің 100 миллион АҚШ доллары сомасында багдарламалық заем қаражатын бөлу.
Заем қаражатын пайдаланудың басым бағыттары мыналар болып белгіленді:
— селода шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздық мәселесін шешу;
— селолық индустрияның, өнеркәсіптің шағын формаларын, қайта өңделетін ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;
— өзіндік ауылшаруашылығы машина жасау кешенін қолдау;
— өсімдік қорғау құралдарының отандық өндірісін ұйымдастыру.
Аграрлық секторды қаржылық лизингті (халықаралықты да ескере отырып) жүзеге асырудың нормативтік-әдістемелік негізіне Республика үкіметінің екі қаулысы алынды, олар "Агроөнеркәсіп кешеніндегі ере-же" және "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін машина жасау өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша лизинг қоры туралы ере-же". 1995 жылғы 23-желтоқсандагы №1851 "Лизинг негізінде агроөнеркәсіп кешенін машина-құрылыс өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы" және 1996 жылғы 29-қаңтардағы №117 "Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін машина-құрылыс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша лизинг қорын құру туралы" қаулыларында, сондай-ақ, 1995-1996 жылдары ауылшаруашылығы секторы үшін Азия даму банкінің несие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданған 4 қаулыда үкімет өз мәнінде елімізде мемлекеттік лизингтің кешенді шараларын және үйымдастыру бойынаша тетіктерін жасады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың негізгі 4 бағыты ерекшеленеді:
1. Мемлекеттік лизинг, яғни мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен
2. Коммуналдық (немесе муниципалді)
лизинг немесе жергілікті
3. Өзіндік және несиелік қаржы есебінен банктер және лизинг компаниялары арқылы жүзеге асырылатын коммерциялық лизинг.
4. Аралас лизинг немесе
Ауылшаруашылығы секторы үшін Азия даму банкісінің бағдарламалық несиесін үлестіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес, ауылшаруашылығы және қаржы министрліктері, "Агролизинг", "Кең дала" акционерлік қоғамдары және екінші деңгейдегі уәкілдік банктер — Қазақстан эксим банкі, Қазагропромбанк және Қазкоммерцбанк, мемлекеттік азық-түлік конртакт корпорациясы 1996-1997 жылдары аграрлық секторда лизингтік негізде бірқатар ірі инвестициялық жоспарларды дайындау мен жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыс жасады. Оған ішінара мыналар жатады:
1. 1996 жылғы көктемгі-күзгі дала жүмыстарының кезеңінде ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы лизинг қорының қаражатын пайдалана отырып, 600 миллион тенге сомасында лизинг негізінде республиканың ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерге отандық машина жасау заводтарының тракторларын және басқа да ауылшаруашылығы техникаларын қою.
2. Қазақстан Республикасы
3. Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы ауылшаруашлығы министрлігі Ақмола, Көкшетау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бірлесе отырып, лизинг берушіні анықтау және комбайн қоюшылармен және сатып алушылармен тиісті лизинг мәмілесін дәйектеу тапсырылды.
4. Лизингтік негізде ауыл
5. АҚШ"тың "Джон Дир" компаниясының Қазақстанның Эксим банк және "Кең дала" акционерлік қоғамының қатысуымен 630 астық ору және 100 мақта жинау комбайнының 114,8 миллион АҚШ доллары сомасында қоюдың жобасы және оларды пайдалану үшін машина-технологиялық станцияларды (МТС) ұйымдастыру.
6. Лизинг негізінде мемлекеттік
лизинг қорының қаражатын
Мемлекеттік бюджет — Қазақстан Республикасы ауылшаруашлығы министрлігі жанындағы лизинг қорының және ауылшаруашылығы секторы үшін Азия даму банкінің бағдарламалық несиесінің есебінен жүзеге асыру көзделген жобалар өз мәнінде өзіндік мамандандырылған ұйымы бар, қайтарым қаражатының орындалысы мен бақылауын қадағалайтын мемлекеттік лизингке жатады, қалғаны мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың қатысуына байланысты аралас лизинг санатына кіреді. Бұл жобалардың тақыр жерден өріс алғанына байланысты болмай қоймайтын кемшіліктері мен қиындықтарына орай, бәрі бірдей болмаса да біразы жүзеге асырылды, ал қайсыбіреулері дайындық және жүзеге асырылу сатысында түр. Мәселен, 1996 жылы лизинг негізінде Краснояр комбайн заводының "Енисей" комбайндарын қою жөніндегі жоба ішінара орындалды. Жоспарлы 1000 комбайн орнына 264-і алынды. Бұдан басқа лизинг мәмілесін ұйымдастырудың тәмсілінде, қою келісім-шартының мазмұнында көптеген оралымсыздықтар анықталды (комбайндар құнының ұқсас комбайндарға қарағанда бағасының 14-16 мың долларға қымбат болуы, нақты лизинг берушінің, мерзімінің және Қазақстанға машина қою кестесінің және оны бұрмалауға жол берушінің жауапкершілігі және басқалары анықталмады). Мемлекеттік азық-түлік контракт корпорациясымен және жапондық "Канематсу Корпорейшн" фирмасымен және "Ростракторэкспорт" акционерлік қоғамымен жасалған мемлекетаралық келісім-шартқа сәйкес Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашлығы өнімдерін өндірушілері 3 жылға лизингке 200 астық жинау комбайнын Россельмаштан алды. Оның өзіндік құнының 33 проценті көлеміндегі алғашқы төлемін мемлекеттік азық-түлік корпорациясы өтеді, товарлы өнім өндірушілер техника үшін 1996 жылғы астықпен есеп айырысып үлгерді. Лизинг қоры арқылы техника қоюды қаржыландыру алғашқы 600 миллион теңгенің орнына 410 миллион теңге сомасында екі траншпен жүзеге асырылды. Республиканың 9 облысының ауылшаруашылығы товарлы өнім өндірушілеріне лизинг келісім-шарты бойынша отандық машина құрылысы кәсіпорындарынан — "Павлодар трактор заводы" АҚ, "Целин-сельмаш"АҚ, "Казахсельмаш" АҚ және "Тенгиз" АҚ кәсіпорындарынан 5 жыл мерзімге 170 трактор, жүздеген ауылшаруашылық құралдары қойылды. [23]
Лизинг негізінде жүзеге асырылған ең ірі көлемді жобалардың бірі ауылшаруашылық секторы үшін бөлінген Азия даму банкісінің бағдар-ламалық несиесі болды.
Аталған несие қалыпты капитал ресурсы қорынан бөлініп, Қазақстанға мына шарт бойынша берілді: несие (заем) сомасы 100 миллион доллар, проценттік төлемақысы жылына 6,5 процент, қайтарым уақыты 15 жыл, жеңілдік мерзімі үш жыл. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Азия даму банкі арасындағы мәміле 1995 жылғы 22-желтоқсаннан бастап күшіне енді. Несиелік қаржының игерудің соңғы мерзімі 1997 жылғы 30 қыркүйек деп белгіленді.
Несие қаражаты бюджеттің кіріс бөлігіне алынды және мақсатты ретте 1996 жылдан бастап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың инвестициялық жобасына жұмсалды. Аталған несие бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына несие алушы қазынашылық тұлғасында қаржы министрлігі болды. Несие қаражаты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі арнайы валюталық есепке түсіп отырды.
Үкіметтің 1996 жылғы 22-қаңтардағы №74 " Ауылшаруашылық секторы үшін Азия даму банкінің бағдарламалық несиесін жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" қаулысымен Азия даму банкінің бағдарламалық несиесін үйлестіру бойынша ведомство аралық кеңес құрылды. Несие қаражатын лизинг негізінде жүзеге асырушы соңғы несие алушы болып белгіленді. Тендер қорытындысы бойынша лизинг беруші болып "Агро-лизинг" қоғамы айқындалды. Үкіметтің 1996 жылғы 25-шілдедегі №528 "Ауылшаруашылығы секторы үшін Азия даму банкінің бағдарламалық несиесін жүзеге асыру туралы" қаулысымен, қаржы министрлігі, экономика және ауылшаруашылығы министрліктерінің бірлескен мәжілістерінің хаттамалық шешімдерімен аталған несиеге қызмет ету үшін бірінші транш қаражатын бөлудің екінші деңгейдегі уәкілдік банктері анықталды. Олар — Агропромбанк (10 миллион доллар), Қазақстан эксим банкі (20 миллион доллар) және Қазкоммерцбанк (20 миллион доллар). Үкімет қаулысымен Азия даму банкінің шартына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі екінші деңгейдегі уәкілдік банктермен тиісінше несиелік келісім-шарттар жасай отырып, агроөнеркәсіп басымдық берілген жоба-ларының қаржыландырылуын жүзеге асырды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі
1996 жылғы 1-тамызға дейін екінші
деңгейдегі қазақстандық
Ауыл шаруашылығы және қаржы министрлігі 3 банктің — Қазагробанк, Қазкоммерцбанк және Қазақстан эксим банктерімен Азия даму банкінің несиелік жүйесін қамтамасыз етуге уәкілдіктері болғандықтан аталмыш құрылымдар бүл несиенің кредиттік ресурстарын уақытылы қайтарудың несиелік мәмілесін жасап қол қойды. Мәселен, Азия даму банкі несие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаржы министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытудың 1990 жылғы арналған республикалық бюджетінде көзделген соманы босатады. Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы ұлттық банкінде бөлінген қаржыны валютаға айналдырып, соңынан екінші деңгейдегі уәкілдік банктердің есептеріне аударады, сөйтіп қаржы министрлігі уәкілді банктер — Қазагропромбанкке, Қазкоммерцбанкке және эксим банкке кредитор болады, оның сомасы тиісінше 10, 20 және 20 миллион доллар болды, яғни 50 миллион АҚШ доллары 4 жыл мерзіммен берілді.
Жоғарыда аталған қаражаттар ведомствоаралық кеңесте түпкілікті қолдау тапқаннан кейін тек жоба бойынша уәкілді банктерге босатыла-ды. Несиені жабу және есептелген проценттерді қайтару тең бөлінген бөліктер бойынша банктер әр жартыжылдықта бір рет қайтарады. Процентті қайтару бірінші жылдан басталады, ал негізгі борышты өтеу үш жылдан аспауға тиіс. Мемлекеттік ақша қаражатын пайдаланғандар үшін банктер қаржы министрлігіне жылдық 7% төлейді.
Сөйтіп, лизинг несиесінің мемлекеттік жалпы есептік проценттік ставкасы түпкі несие алушы үшін жылдық 12 проценттен аспайды, бұл коммерциялық банктердің несие проценттері бойынша ставкаларынан айтарлықтай (2,5 — үш есе) төмен. Қазіргі уақытта экономика және ауылшаруашылыгы министрліктері лизинг негізінде басымшылық берілген салаларды қаржыландыруда агроөнеркәсіп кешендері өндірісінің түрлерін анықтауда.
Мұндай жобалардың қатарында диірмен жабдықтарын, сүт және ет, картопты қайта өңдеудің жабдықтары, сүт өнімдері және ішімдіктердің қораптар өндірісі, сұйық май өндірісі, макарон және басқа да өнімдер өндіру желілері бар. Мүмкін несие алушыларға уәкілдік банктер 308 жоба бойынша 159 миллион доллар ұсынды, оның ішінде 49,8 миллион доллар сомасындағы 86 жоба ең тиімді ретінде іріктелді, оның қатарында Қазагропромбанк — 9,98 миллион доллардың 46 жобасы, Қазкоммерцбанк — 19,79 миллион доллардың 15 жобасы және эксим банк — 19,98 доллардың 25 жобасы бар.
Қалған жобалар қайта қарауға жіберілді және түзетілулер енгізілгеннен кейін Азия даму банкінің екінші траншын жүзеге асыру кезінде банктердің қарауына беріледі. Ауылшаруашылығы құрал-саймандарын қоюшы фирмаларды таңдауды ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы арнайы құрылған тендер комиссиясы конкурстық негізде жүргізді. Тендердің қоюшы фирмалар бойынша мақсаты қажетті сапаны сақтай отырып, сатып алынатын құрал-саймандардың бағасын түсіру болды. Конкурстық іріктеуден 15 шетелік 3 қазақстандық фирмалар өтті, оның ішінде Алманияның "Дамеко", "На-гемо" және "Ферросталь", Түркияның "Ана фут машинери" және "МПП ЛТД", Сингапурдың "Аксион-холдинг", Италияның "Ралот", Американың "ДТР", "Себеко", Нидерландияның "Ванн Дер Плуг", Швецияның "Тетра Пак" және басқа да фирмалары бар. Түпкілікті несие алушылар және құрал-саймандарды қоюшы фирмаларды айқындағаннан кейін уәкілді банктер және "Агролизинг" акционерлік қоғамы олармен несиелік, лизинг мәмілесін және олардың өзара қарым-қатынасын айқындайтын бас келісім аясында құрал-саймандар қоюдың контрактісін жасайды.
Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары