Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 10:41, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан нарық қатынастарының қалыптасу кезеңіне, сауда-экономикалық байланыстарды жетілдіру, өндірісті дамыту үшін салдарынан инвестициялық белсенділікті арттыру қажет. Мұнда күрделі қиындық болып толығымен Қазақстан экономикасындағы және оның базалық, приоритеттік салаларындағы негізгі капиталдың физикалық ескіргендігі болып табылады. Бүгінде, бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдердегі жасалатын машина-техникалық жабдықтарды және ұлттық зауыт-өндірушілерден техника алуды қажетсінеді, екінші жағынан олар жағдайдың жоқтығынан техника соммасын толық төлеуге өз еркімен несие алу қиындығына байланысты мүмкіндікке ие бола алмайды.
Кіріспе
Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары
Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері
Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану
Лизинг шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері
Лизинг шартының түсінігі және мазмұны
Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шартының құқықтық жағдайы (табиғаты)
Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі
Қазақстандағы лизинг шартының дамуы
Қазақстан мен Ресейдегі лизинг бизнесі дамуының маңызды мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жаңадан құрылған лизинг фирмалары, әсіресе алғашқы уақытта өз қызметінде банктік несие түріндегі (барлық ресурстардың 75-80 пайызы) ресурс тартудың сыртқы көздеріне тәуелді болады. Бұл оларды осы көзге әсіре тәуелді етіп қояды және сондықтан соған байлаулы болады. Бұл жағдайдағы олардың қызметінің тиімділігі банктік несие алудың мүмкіндігіне, несиелік пайыздың құбылмалығына және басқа да несиелік-банктік саясатындағы жағдайларға байланысты болып қалады. Бұл жерде проблемалар туындайды. Мәселе мынада, қазіргі уақыттағы
заемның негізгі формасы классикалық лизингтік операциялар ұзақ мерзімді болып қалып отырғанда коммерциялық банктердің несиелері қысқа мерзімді болып отыр.
Лизингтік келісімдер тәуекелділік дәрежесі жоғары операциялар қатарына жатады. Банктің тәуекелге бару дәрежесі лизингтік келісім шарттың аяқталуымен оған деген сұраныстың болмауынан лизингтік нысанның жоғары қалдық құнын жабу қажеттілігі туындап отырғанда арта түседі. Сондықтан, банктік тәуекелге бару тұрғысынан келсек лизинг берушінің экономикалық мүддесіне ең жоғары дәрежеде қаржы лизингі жауап береді.
Сонымен қатар жоғары инфляция жағдайында орта және ұзақ мерзімді сипат алып отырған (қаржы лизингін несиелендіру осыған жатады) кез келген банктік операциялар коммерциялық банктер үшін қауіпті бола түседі. Осының салдарынан осы негіздегі лизинг түрі іс жүзінде ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда дамымады. Жоғары қарқынды инфляция, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялық салымдар салуға тиімсіз болды және салу мүмкін де емес еді.
Лизингті ұйымдастырудың формасын анықтаудағы-ішкі және халықаралық лизингтегі (экспорт және импорт)) манызды проблема кіріс көздерін айқындаумен ұтымды таңдау және лизинг алушының машина-техникалық жабдықтарын қоюы (ішкі өндіріс, шығару мен әкелу) болып табылады.
Қазақстанда лизингтік бизнесті дамытуда заңдық-нормативтік базаның жоқтығы және жеткіліксіздігі айтарлықтай тежеу болуда.
Бұл бағытта біздер Ресейден елеулі түрде артта қалдық, оларда 1994 жылғы 17 қыркүйектегі РФ Президентінің ''Инвестициялық қызметтегі қаржы лизингін дамыту туралы'' № 1929 Жарлығымен және 1995 жылғы 29 маусымдағы РФ Үкіметінің ''Инвестициялық қызметтегі лизингтік дамыту туралы'' № 633 қаулысына сәйкес қазірдің өзінде лизингтік бизнесті дамытудың нормативтік-әдістемелік негіздерін жасау бойынша бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, РФ Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі және басқа да министрліктері мен ведомстволары бухгалтерлік есепте лизингтік операцияларды көрсету туралы нұсқау берілді, өнімнің өзіндік құнына кіретін өндіріс пен өнім таратуға (жұмыс, қызмет) шығын құрамы туралы Ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, лизингтік төлемдердің есеп айырсуы бойынша Әдістемелік нұсқаулар, лизингтік акционерлік компаниялардың типтік жарғылары, толық амортизациясы ескерілген жылжитын мүліктің қаржылық лизингі туралы Үлгі келісімшарты, лизингтік қызметті лицензиялаудың Ережесі, статистикалық есептегі және басқа да құжаттарда лизингтік құрал-жабдықтардың құның көрсетудің Ережелері дайындалды.
Кейінгі екі жылда лизингтің нормативтік-құқықтық базасын жасау саласында барлығы 4 заңды және 10-ға тарта нормативті құжаттар қабылданды. Бұл жұмыс лизинг қызметін жандандыруға және ретке келтіруге ықпал етті. Елдің барлық аймақтарында лизингтік компаниялар құрыла бастады. Ресей Экономика министрлігі жанындағы Мемлекеттік тіркеу палатасында 1996 жылғы қыркүйек айынан бастап лизингті қызметті жүзеге асыру бойынша құқық беретін лицензиялар беру басталды. РФ лизинг қызметіне лицензия беру жөніндегі комиссиясының мәліметі бойынша қазірдің өзінде 40 компания осындай құжат алған, тағы 60-ы өздерінің өтініштерінің қаралуын тосып жатыр.
Алғашқы ресейлік лизингтік компаниялардың бірі – ''Балтийский лизинг'' (Санкт-Петербург) болды, ол 1990 жылы негізделді. Компанияның негізгі құрылтайшылары Санкт-Петербургтік ''Промышлен-но-строительный банк '' және ''Росгосстрах'' сақтандыру компаниясы болды. Жұмыс істеп жатқан ресейлік компаниялардың көпшілігі банктердің қатысуымен құрылды (мәселен, ''Лизингбизнес құрылтайшысы Мосбизнесбанк және басқалары). Бұл осындай ұйымдар алдында тұрған лизингтік мүліктерді сатып алу үшін арзан да тұрақты түрде қаржы көздерін іздестіру міндеттерімен байланысты. [28]
Бүгінде Ресей лизингтік компанияларының географиясы Мәскеумен және Санкт-Петербургпен шектеліп қалып отырған жоқ. Калугада, Пензада, Новосібірде, Дондағы Ростовта, Петрозаводскіде, Челябинскіде және басқа да бірқатар қалаларда аймақтық лизингтік компаниялар жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығының жекелеген салаларын қолдау, ондағы инвестициялық қызметтің белсенділігін белсендендіру және өнім таратуды арттыру үшін мемлекетті қатыстыра отырып лизингтік компаниялар құрылды (''Росагроснаб'' отандық ауылшаруашылығы лизингі, ''Аэролизинг'' - ұшақтар лизингі, ''Росстанкоинструмент'' компаниясы-станоктар, инструменттер).
Қала өкіметі құрған лизингтік компаниялары да белгілі. Мәселен, 1993 жылдың аяғында Мәскеу қаласының өкіметі шағын бизнесті қолдау үшін ''Московская лизинговая компания'' (МЛК) құрды, ол өзіне жүктелген міндеттерді табысты шешіп келеді. Мәскеу үкіметі сондай-ақ құрылыс техникасына мамандырылған ''Лингострой'' компаниясын құрды.
Тәжірибе сауда-тарату фирмаларымен және банк мекемелерімен, сондай-ақ техникалық құралдарды өндірушілермен тығыз қарым-қатынас орнатып айтарлықтай қаржы ресурстарын тарта білген фирмалардың табысты да табанды түрде дамитынын көрсетеді. 18 лизингтік фирмалар құрылтайшы болған лизингтік компаниялардың Ұлтттық Ресей қауымдастығы құрылды.
Қазіргі уақытта Ресейде ''Лизинг туралы Заң'' және ''1996-2000 жылдарға арналған Ресей Федерациясындағы лизингті дамытудың федеральдық бағдарламасы'' қабылданды, олардың алдына лизингті қолдану арқылы инвестициялық процессті жеделдету міндеті қойылды. Федеральдық бағадарламаның жобасында нормативтік-құқықтық базаны, салық салу және бухгалтерлік есеп беруді жетілдіру бойынша атқарылатын шаралар қамтылған. Мұнан басқа инвестициялық конкурстарда өтініштерді қарауда және мемлекеттік несиені жеңілдікпен алуға тиіс ''үлгілі ( модельді) лизингтік компаниялар құру көзделген. Ресейдегі жобаға сәйкес 7 аймақтық лизингтік орталық және біртұтас банк консорциум құрылмақ. РФ үкіметінің 1996 жылғы 27 маусымдағы ''Ресей Федерациясындағы лизингтік қызметті мемлекеттік қолдау туралы'' қаулысында мыналар қаралған:
Мұнан басқа Ресей Федерациясының субъектілерінің атқару органдарына өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтау мен модернизациялауға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты арқылы тиісті жобаларды қаржыландыру жолымен лизингтік қызметті дамытуға қажетті қолдау көрсету тапсырылды. [29]
Ресей лизингі үшін тартымды салалар болып – ауылшаруашылығы, құрылыс, ауыр машинажасау, әуе және су тасымалы, шағын кәсіпкерлік қалуда. 1996-2000 жылдарға арналған лизингті дамытудың Федералдық бағдарламасы қабылданғаннан кейін нақ осы салаларда лизингтік қызметтің белсенділігі күтілуде.
1998 жылдың аяғында қабылданған
''Лизинг туралы федеральдық
Ресейдегі лизингтің дамуының тағы бір ерекшелігі шағын кәсіпкерлікті ынталандыруды қолдаумен байланысты. Мәселен, мұнда 1996-1997 жылдарға арналған Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкелікті қолдаудың мемлекеттік Федеральдық бағдарламасы және 2000 жылға дейін арналған Ресейдегі шағын кәсіпкерлікті дамытудың Негізгі бағыттары және оны мемлекеттік қолдаудың жобалары жасалды. Кейінгі құжатта мыналар көзделген:
Қазақстанда әзірге лизингтік қызметті реттейтін ''Агрошаруашылығындағы лизинг туралы Ереже'' және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 1851 ''Лизингтік негізде агроөнеркәсіп кешендерін машинажасау өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы'' және 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 117 ''Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін машинажасау өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша лизингтік қор құру туралы'' қаулыларымен бекітілген ''Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін машинажасау өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша лизингтік қордың Ережесі'' нормативті құжаттар болып қалуда. Ал 1996 жылғы 7 ақпаннан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қаржы министрлігінің бірлескен шешімімен агроөнеркәсіп кешенін лизингтік негізде (агролизинг) машинажасау өнімдерімен қамтамасыз етудің Уақытша ережесі жасалды. Сөйтіп, Қазақстанның Ресейден өзгешілігі лизингті дамытуға берілген бір саланы, нақтап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз ету мүддесінен келді. Ресейде керісінше лизинг басынан бастап жалпы мемлекеттік және жалпы экономикалық құбылыс ретінде қаралды, және Ресей Федерациясының 1995 жылғы 29 маусымдағы № 633 ''Инвестициялық қызметте лизингті дамыту туралы'' бірінші қаулысы өзінің барынша нақтылығымен, адрестілігімен және тиісті нормативтік құжаттар мен шараларды дайындау мерзімдерін нақтылаумен ерекшеленеді, мұның өзі барлық жұмысқа басынан бастап ұйымшылдық және мақсатты сипат берді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасында лизинг қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық акт ҚР-ның ”Қаржы лизингі туралы ” Заңы әрекет етеді.
Қазақстанның нормативтік-құқықтық жүйесінде 2000 жылғы 5 шілдеде ҚР Парламенті мақұлдаған және ҚР Президенті қол қойған (№ 78 - II ) ҚР ''Қаржылық лизингі туралы'' Заңы орталық орындардың бірін алады. Заң ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енді.
Заң, ең алдымен, Қазақстандағы экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында ерекше маңызы бар мемлекеттік реттеудің тиімді құралы болуымен маңызды.
Заңның мақсатты бағыты инвестициялық қызметті дамыту қажеттілігімен, оның тиімділігін арттырумен, меншік құқын және инвестициялық процесске қатысушылардың құқын қорғаумен айқындалады.
Заң 3 тарауды және 26 бапты құрайды. Жалпы міндеттемелік ережелерді қамтитын заңның аса маңызды нормативтік-құқықтық аясына лизингтік операцияларды жүргізуді реттейтін мыналар жатады: лизингтік қызметтің негізгі ұғымы және саласы, лизингтік қатынастардың құқықтық және экономикалық базасы, лизингті мемлекеттік қолдаудың шаралары; лизингтік операциялардың барысында лизинг берушіні және сондай міндеттемелерге ие лизинг алушыны инспекциялаудың және бақылаудың ережесі. Жалпы, лизинг берушінің де, сондай-ақ лизинг алушының да құқықтары мен міндеттемелерін реттеуді айқындайтын құжат.
Енді лизингтік қызметтің масштабын кеңейтуге, инвестицияны ынталандыруға мүмкіндк беретін нормативтік-құқықтық базаға айтарлықтай толықтырулар енгізген заңның ережелеріне қысқаша тоқталайық.
Заң бойынша, Қазақстанда лизингтің – қайтару, банк, толық, таза түрлері қызмет ете алады. Лизинг түрлерінің заңдылық анықтамалары лизинг деп таныла алатын келісім саласын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Енді Қазақстандағы лизинг түрлерінің құрылымы шетелдік жетекші мемлекеттердегі лизинг түрлерінің тәмсілімен негізінен ұқсас болды.
Сонымен, жоғарғыдан көрініп отырғандай, ҚР '' Қаржы лизингі туралы'' заңы, бір жағынан лизингтік қызмет дамуында бірінші кезекті маңызға ие болады, екінші жағынан ол нормативтік базаны одан әрі жетілдіру, нақты жағдайда (аймақтағы өндірістер) қолдануға келетін заңның негізгі баптарын дамыту жұмыстарын теріске шығармайды.
Сондай-ақ лизинг бойынша қолданылатын нормативтік актілер заңның күшіне енуімен байланысты оның талаптарына сай сәйкестендірілетінін де ұмытуға болмайды.
Лизингтік қызмет тіпті қарапайым инвестициялық несиелендіру бойынша да дискриминация жағдайында қалуда. Мәселе мынада, бүгінде қосымша құн салығы бойынша лизинг қызметіне шын мәнінде еселенген салық салу белгіленіп отыр. Біріншісінде құрал-жабдықтар қойғанда, екіншісінде-лизингалушыға лизинг бергенде. Лизинг операцияларына қосымша құн салығының бар болуы, ол лизингтік компаниялардың тікелей кірісін ғана емес, сонымен бірге лизингтік құралдар үшін берілген банктік несиелерді және олар бойынша өсімдер пайызын қамтып отырғанда несиемен салыстырғанда тұтынушы кәсіпорындар үшін лизингтің құнын бірнеше есе көтереді. Әзірге Ұлттық банкінің лицензиясы бар қызмет көрсететін банктер мен басқа да қаржыландыру мекемелеріне қаржы лизингі бойынша қызмет көрсетуді қосымша құн салығынан босату және жеделдетілгін амортизация және негізгі қорларды қайта бағалауда қолданылатын механизмді ескере отырып кіріс салығы бойынша жеңілдіктер беру бойынша 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ''Салық және бюджеттің басқа да міндетті төлемдері туралы'' Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы'' Заң нормалары жұмыс істемей отыр. Бүгінде, шын мәнінде, лизинг компанияларына практика жүзінде жүзеге асыру қиыншылықтарына байланысты амортизацияны жеделдетуге берілген шартты рұқсат та қолданылмай отыр. Қазақстанда кейінгі жылдары инвестициялық белсенділікті ынталандырудың салығы және шағын орта бизнесті дамыту бойынша теңдессіз шаралар қабылданғанымен оны практика жүзінде асырудың нақты шараларын жасау кешеуілдеуде.
Информация о работе Лизинг қатынастары пайда болуының құқықтық алғышарттары