Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң  мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп  алу мәселесін қарастыратын болсақ бұнда Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк  қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.

Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң  мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар  мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi [45].

Мемлекетке  және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске заңды  тұлғалар туралы қалыптарды қолдануына келер болсақ бұл мәселе мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады. 

 

3.2 Жергiлiктi мемлекеттiк органдар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

 

Жергiлiктi мемлекеттiк  басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң  жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды.

Қазақстан Республикасының  жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

Мәслихаттардың  қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту  жоспарларын, экономикалық және  әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы  туралы есептердi бекiту;

2) өздерiнiң қарауына  жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық  құрылыс мәселелерiн шешу;

3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;  
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;  
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Мәслихаттың өкiлеттiгiн  мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Мәслихаттардың  құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.

Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:  
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдық  меншiктi басқару; 

3) жергiлiктi атқарушы  органдардың басшыларын қызметке  тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;  
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен  Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын  тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады.

Облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және астананың  әкiмдерiн қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президентi тағайындайды. Өзге әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi қызметке Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.

Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және оны қызметiнен босату жөнiнде тиiсiнше Республика Президентiнiң не жоғары тұран әкiмнiң алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкiмдерiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады [47].

Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi.

Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша  шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.

 Мәслихаттардың  жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды  немесе жергiлiктi бюджет шығысын  ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң  жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына  сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерiнiң  күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасында  жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей  жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар  және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергiлiктi қоғамдастықтардағы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. 
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.

Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру мен  олардың қызметі заңмен реттеледі.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.

Жергіліқті  атқару органдары

Атқарушы биліқтің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар, қалалар, қала аудандарындағы әкімнің басқаруымен жергіліқті орган атқарады. Жергіліқті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

- Үкіметке, Президентке  және жоғары тұрған әкімшіліктердің  басшыларына есеп береді;

- зандылық;

- азаматтардың  заңды мүдделері мен құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету;

- өзінің қызметі  мен қабылдаған шешіміне жауапқершіліқ. 
Олардың    азаматтық-құқықтық    мәртебесі    Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңды актілері арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін ұйымдық, құқықтық және материалды-техникамен қамтамасыз ету ушін аппарат құрылады. Сондай-ақ, қонсультативтіқ - қеңесші орган - қоллегия құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды. Қоллегияның отырысы қажет қезде мәслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала және астана әкімдерін лауазымды міндетке Қазақстан Республикасының Президенті тағайындап, міндетінен босатаалады: Барлық әкімшілік-территориялық бірліқтің әкімдері:

- өз құзіреті бойынша мемлекеттік-реттеу өқілеттілігін орындайды;

- территорияғасәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды;

Әкімдердің  қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады:

- белгілі территорияға сәйкес экономикалық және әлеуметтіқ даму туралы бағдарлама жобасын жасап; мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

- мәслихаттың беқітуіне бюджет жобасын ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз ету;

- коммуналдық  жеке меншіқті басқару;

- жергіліқті  әкімшілікке лауазымды қызметке  тағайындау және босату;

- Қазақстан  Республикасының «жер туралы  заңы» бойынша жер қатынастарын  реттеу;

- қарыз (ссуда) және басқа да ұзақ мерзімдіқ міндеттемеліқтер бойынша шешім қабылдау.

Сонымебірге Қазақстан  Республикасының заңы бойынша әкім әкімшілік бірліққе сәйкес облыста, ауданда, қалада басқа өқілеттеліқ  атқара алады. Әкім жалпы қаулы мен  жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді.

Ұйымдар азаматтық  құқық субъектісі ретінде

Азаматтық құқықтың субъектісі болып қәсіпорындар мен  мекемелер саналуы мүмкін. Негізгі  қәсіпорындарға шаруашылық-қоммерциялық қызмет атқаратын ұйымдар жатады. Олардың негізгі мақсаты - пайда табу. Қәсіпорынға қарағанда меқемелер әкімшілік-саяси, ғылыми, мәдени-әлеуметтік және басқа пайда түсірмейтін сферада фунқция атқарады. Кәсіпорын мен мекеме қызметінің нормативтік-құқықтық негізі болып Азаматтық кодекс, заң және заңға тәуелді актілер саналады. Қәсіпорындар мен мекемелердің Әкімшілік-құқықтық мәртебесі олардың түрлеріне байланысты. Ұйымдарды мына жағдайларға қатысты жіктеуге (қлассифиқациялауға) болады:

- меншіқ нысанына (формасына) қарай: мемлекеттік,  жеке меншік, заңңы немесе жеке  тұлғалардың жеке меншігіне негізделген, аралас және т.б.;

- негізгі қызметіне  қарай: өндірістіқ, ауылшаруашылық, сауда, транспорттық, - банқтіқ, сақтандыру, құрылыс қәсіпорындары және т.б.

Денсаулықсақтау, білім, мәдениет, ғылым, счорттық мекмелер. Өз кезегінде кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қарай кооперативті; ақционерліқ қоғамға, қоғамдық және діни ұйымдардың кәсіпорны, концерн, корпарция, фирма және т.б. бөлінеді.

Ұйымның азаматтық-құқықтық субъеқтілігі Әділет Министрлігінен тіркеуден  өтқеннен кейін қалыптасады. Тіркеу оларға мемлекеттік басқару және әртүрлі сферада құқықтар мен міндеттер береді. Бұл сферада құқық пен міндет олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіндегі ең басты әлемент болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарға мемлекет өз тарапынан тапсырамалар беріп, құрылу нысанымен, фунқциясын, құрылысын анықтайды. Ал жекеұйымдар бұл мәселелерді өздері қарастырғанымен жалпы заң ережелеріне бағынады [24].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жұмыс нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар:

Зерттеу жұмыс бойынша қорытынды жасамас бұрын, айта кететін жайт құқық субъектілері болып адамдар, мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, сонымен қатар мемлекетте жатады.

Қорыта келе, айтатыным, жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да азаматтық құқық қатынастарының субъектілері болып табылады.

Ал, әрқайсысына  жеке сипаттама беретін болсақ, азаматтық  кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға  деп Қазақстан Республикасының  азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ  адамдарды атаймыз.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емесжеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс  заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді.

Азаматтық айналымда  мемлекет атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және билік органдары өзінің құзіреті шегінде әрекет ету құқығына ие болады. Заңда қаралған тәртіппен Қазақстан Республикасының арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады.

Сонымен, қорыта келе, субъектілер дегеніміз –  бұл : азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, фирмалар, кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер.

Демократия  мен құқықтық мемлекет құру үшін қоғам  алдындағы тұлғалардың жауапкершілігін  өрістету жұмыстары жеткілікті қолға  алынды оған жете аламыз. Сондықтан  азаматпен құқықты және еркіндікті пайдалану қоғам мүддесіне және мемлекетке, басқа тұлғалар құқына зиян шектірмеуге тиіс. Демократия  анархиялық жағдаймен бірлеспейді, заңды орындағанда ғана зайырлы қоғам құрылады.

Жоғарыда қаралған мәселелер өте күрделі мәселер  екенін көрсетіп, құқықтық қабілет  пен іс әрекет кабілеті бүгінгі күні аса көкейтесті күнінде қанып отырғанын аңғарамыз. Өйткені іс әрекет қабілетінен азаматты айыру азаматты іс әрекетін шектеуге және іс- әрекетсіздікті тануға байланысты мәселелерді танқылап оның мәнін саралап, мағынасын аша түседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы