Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59
Мазмұны
Қысқартулар, арнайы символдармен терминдердің
тізімдемесі
КІРІСПЕ 7
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс –
азаматтық құқықтың субъектілері ретінде 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59
Қысқартулар, арнайы символдармен терминдердің тізімдемесі
АҚШ – Америка құрама штаттары
АЕК – Айлық есептік көрсеткіш
б. – бап
ж. – жыл
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР АК- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
ҚСР – Қазақ социалистік республикасы
РФ – Рессей федерациясы
т. – тармақ
т.б – тағы басқа
т.с.с – тағы сол сияқты
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
Мысалыға айтар болсақ тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі
категориялы құқық
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі. Бұнда айта кететіні жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады.
Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық
Заң мен сот алдында бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әр түрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.
Заңды тұлға
дегеніміз – Азаматтық
Заңды тұлға -
мүліктік қатынастардың басқа
Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субъектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құыққ туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ең алдымен азаматтық құқық қатынастарының субъектілерін анықтап, олардың мәнін ашып, әрқайсысына жекеше сипаттама беру, азаматтық құық субъектілері ретінде олардың рөлін, маңыздылығын, азаматтық құқық қатынастарындағы құқықтық жағдайын анықтау болып табылады.
Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:
- Жеке тұлға ұғымын ашу;
- Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігін талқылау;
- Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігін тақылау;
- Азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі туралы түсінік және оның мағынасын ашу;
- Заңды тұлға ұғымы мен түрлерін көрсету;
- Заңды тұлғаның
құқық қабілеттілігі мен
- Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністі – азаматық құқықтың субъектілері ретінде қарастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Републикасындағы азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтың қатынасқа түсуші субъектілері болып табылады.
Зерттеу пәні. Азаматтық құқықтың субъектілері өзі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдісітері қолданылады.
Зерттеу жұмысында азаматтық құығы аясындағы жеке және заңды тұлғалар мен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністі мәселелерін қарастырудың теориялық және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріліп оларға талдау жасалынады.
Жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыста алғаш азаматтық қықтағы субъектілердің жүйесі жан жақты қамтылып кешенді түрде талдау жасалып теориялық және тәжірибелік жақтарына мінездеме беріледі. Сонымен қатар бұл дипломдық жұмыста алғаш азаматтық құқықтың субъектілерінің жеке және заңды тұлғамен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністің өзекті мәселелерінен бастап олардың жекелеген түрлеріне анық түсінік беріліп, субъектілердің құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі талқыланады.
Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Жеке тұлға ұғымы
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған
адам сол мемлекеттің құқық
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған “Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы” заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, “Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады.” Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
«Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі».
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 - жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» заң күші бар Жарлығы [12]
Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасыазаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде, оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын, азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі.
Азаматтың (жеке тұлғаның) аты. Әрбір адам азаматтық құқық қатынастарына белгілі бір атпен қатысады. Тиісінше жамылғы (ойдан шығарылған атпен) немесе жасырын (атаусыз) есіммен өте аракідік қана салыстырылады. Есім-азаматтың азаматтық құқықтық қатынасына қатысушы ретінде жекелену құралының бірі болып табылады.[2] “Есім” Қазақстан халықтарының көпшілігінде тегін, өзінің аты мен әкесінің атын қамтиды. Бірақ Қазақстанның кейбір халықтарының ұлттық дәстүрлері мұндай түсінікті білмейді, әкесінің аты ретінде және ол ресми жеке құжаттарында көрсетілмейді. 90-шы жылдардың басында еліміздің бұқаралық ақпарат қүралдпрында батыс елдерінде қабылданған дәстүрге көп көңіл бөлініп, жеке тұлғаның тегі мен атын ғана көрсету өмірге ене бастады. Дегенмен, батыстық мұндай үлгі Қазақстан дәстүрлеріне сәйкес келе бермейді жіне біздің жағдайымызда тек белгілі бір ортада ғана қолданылатын “еркіндік” ретінде қалады. Ал ресми құжаттарда азаматтық толық аты: тегі, өз аты иен әкесінің аты (қашан ұлттық дәстүрлер «әкесінің аты» түсінігін білмеген жағдайлардан басқасында) көрсетілуі тиіс. Біздің азаматтық заңдылығымыз ҚР Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін азамат атына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін нормаларды анықтаған жоқ. Бірқатар нормалар еліміздің Неке және отбасы туралы кодексінде жазылды. Онда ауыспалы аты, әкесінің аты және тегіне қазіргі уақытта заң азаматтық есімі-бұл ең алдымен азаматтық заңдылық дәрежесі екнін таниды. Мұндай шешім азаматтық құқық әрекеті саласын анықтайтын негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді. Заңға сәйкес азамат азаматтық құқық пен міндетті өз есімімен иеленеді және жүзеге асырады. Сондықтан басқа тұлғаның атымен құқықтар міндеттерді иеленуге жол берілмейді.
Өз атына құқық-азаматтық (жеке тұлғаның) тұлғаның мүліктік емес құқғы болып табылады. Орыстың көрнекті ғалымы И.А.Покровский тұлғаның ішкі сыры бай болған сайын, ол өз есімін қастерлеп, сақтауға тырысады, деп атап көрсетеді. “Бәріне белгілі, өз есімін қастерлеп сақтайтын ақсүйектер, ол құндылық деп түсінетін, уақыт өте келе адамды өзінің осы құндылықтары арқылы санасын қалыптастыратынын адамның ортақ қағидаларын орнықтырады”. Бұл біздің уақытымызда да толық қолдануға болатын сипат.
Азаматқа тиесілі
ардақты есімі Азаматтық
Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы