Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Бұл тарауда  азаматтық құқық қабілетінің  мазмұны ол туралы түсінік, құқықтық қабілеттің туындауы мен тоқтатылуы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға азаматтық құқықтық қабілет мәселесі қарастырылады. Осылайша, азаматтық құқық қабілеті-бұл қолданыстағы заңға сәйкес адам туғанда туындап және ол қайтыс болғанда тоқтатылатын азаматтар иелен алатын азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шетел азаматтарының азаматтық құқығын шектеу, бұдан басқа жағдайларда, ҚР Үкіметі қаулысы бойынша мүмкін. Егер ол сол мемлекеттерде арнайы шектеу болса, онда ол елдің азаматтарына бұл талап қоданылады [17].

 

1.4 Жеке тұлғаның  әрекет қабілеттілігі және оның  шектелу мүмкіндігі

 

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың  өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға , өзі үшін азаматтық міндеттер  жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі азаматтық  құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі  кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа  толғаннан кейін толық көлемінде  пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес  заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. 18 жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болады (толық).

Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке  толмағандарға тән, ал берілетін  әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а)  жасы кәмелетке  толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;

ә)  жасы кәмелетке  толмаған 14 жасқа дейінгі жас  балалар.

Спирт ішімдіктеріне  немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген әртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны  ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды. 

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың  өз әрекеттерімен азаматтык кұкықтарға ие болуға және оны жүзе-ге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орын-дауға қабілеттілігі болып табылады [32].

Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі азаматтың  кұкық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі  оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құкық қабілет-тілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтык кұқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқык қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болға-нымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтықкодекстің 17-бабына сәйкес әрекетқабілеттілігі  кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа  толғаннан кейін толық көлемінде  пайда болады.

Бұл арада ескеретін  мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлеміндеәрекеткабілеттілігінеиеболады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулідеп бөлінеді. Оның өзі аза-маттың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нөрсе. Саналы әре-кет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады [27].

18 жасқа толғандар  ғана ер жеткен деп саналады . Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып кана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат әзінің әрекеті арқылы кез  келген қүқықтык әрекетті жасай алмайды, былайша айтканда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.

Ішінара (толық  емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәме-летке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың  жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас  аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі  мейлінше ауқымды, олар занда  көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер  жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

- өздерінің занды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асы-рап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;

- ата-анасының (асырап алушының, камкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас  аралығындағы жасы кәмелетке  толмағандар заңды өкілдерінің  келісімінсіз мыналарды істеуге:

- өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

- интеллектуалдық меншік кұқығы бар объектілеріне билік етуге;

- ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

- банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа  дейінгі кәмелетке толмағандар  басқа-лай мәмілелерді, яғни мәмілелерді  ата-анасының, асырап алу-шыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны зандарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.

Мәміленің аталған  екі түрі бойынша жауапкершілікті, зан-ды өкілдерінің келісімі талап  етілсін не етілмесін, жасы кәме-летке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке  толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табы-сы болмаған реттерде зиянның тиісті белігін, оның ата-анала-ры (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі не-месе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі  кәмелетке толмагандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірім-дердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға кұкылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, бала-ларға арналған кітаптарды сатьш алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекетқабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мой-нына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де катысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорған-шылары жауап береді [34].

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салда-рынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Казақстан Республжасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіле-неді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысыньщ келісімімен ғана жүзеге асыра алады

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сотшешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

Азаматтардың  іс-әрекетке қабілеттігі заңда азаматтардың құқықты алуы мен оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді  жасау мен оны орындау әрекеттеріне қабілеті ретінде анықталады.     Іс-әрекетке қабілеттікті иелену-әртүрлі заңдық іс-әрекеттерді: шарттар жасау, сенімхаттар беру және т.б. Сондай-ақ келтірген мүліктік шығынына (өзгенің мүлкін зақымдау немесе құрту, денсаулығын зақымдау және т.б.), шарт және өзге де міндеттерді орындамауға жауап беруге жеке өзінің (өкілі арқылы да) қабілетті иелену айтылады.     Осыған байланысты іс-әрекетке қабілеттілік біріншілен, мәмілелер жасауға қабілеттілікті, екіншіден, заңсыз іс-әрекеттерге жауапкершілік атқару қабілеті белгілейді.      

Бірақ азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін аталған заңда анықтауда, азаматтардың қабілеттілігі туралы өзінде бар азаматтық құқықтар мен міндеттерді өз іс-әрекетімен жүзеге асыру деп айтпайды. Бұл аталған нормалардың жетілмегенінен деп есептеуге болады, не егер азамат дербес құқықты иелен алады, онда оның артында қабілет оны жүзеге асырады деп тануға тағы болмайды [28].     Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңға сәйкес, нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын аныктайды. Адамның жеке басын анықтау нотариаттык іс-әрскет жасауды өтінген азаматтың жеке куәлігі немесе паспорты ңегізіңде жүргізіледі.    Сондай-ақ, ең бастысы ол мәмілелерді куәландырған кезде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі анықталады және нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілелерге катысушы занды тұлғалардың кұкықтық қабілеттілігі тексеріледі. Мәміле өкілдер аркылы жасалған жағдайда олардың өкілеттігі тексеріледі (43-бап) делінген. Алайда заңда ешқандайда нотариустың өзіне жүгінген жеке тұлғаның іс-әрекетке қабілеттілігін қалай анықтау керек екендігі  көрсетілмеген.  Бұл мәселе жөнінде көптеген жеке және мемлекеттік нотариустардан сауал жүргізілді. Ноариустар өздеріне жүгінген азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін қалай анықтайсыздар? деген сұраққа, біреулері әңгімелесу арқылы анықтаймыз десе екіншілері ол бірден көзге көрінедігін алға тартады.      Біздің ойымызша бұл мәселені заңдастырып  нотариустардың іс-әрекет жасау кезінде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін анықтау жөнінде тиісті заңға нақты бап толықтыру қажет.

Аталған категориядағы  құндылық іс-әрекетке қабілеттілік заң  жағынан тұлғаның экономикалық айналымда, шаруашылық өмірде, белсенді қатысуын, өзінің мүліктік құқықтарын ең алдымен меншік құқығы ретінде, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар ретінде жүзеге асыруын қамтамасыз етілуімен анықталады.      Бұдан кейін, азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілік дәрежесі үлкен құндылықтарды ұсынады. Ол тұлғаның мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы “тәуелсіздік” еркіндігін аңғартады.   Іс-әрекетке қабілеттілік, яғни, азаматтық құқықтарды алуға және жүзеге асыруға, өзіне міндеттерді алып, оны орындауға байланысты өз әрекеттеріне қабілетті деген сөз. Азаматта ерте сияқты 18 жасқа толғанда, сол бойынша туындайды. Бұл ҚР Азаматтық Кодексінің 22-бабында айтылады. Бірқатар жағдайларда толық іс-әрекетке қабілеттілік 18 жасқа жеткенше де басталуы мүмкін. Ол жағдайлар Азаматтық Кодексте белгіленген. Осы заңның 22-бабының 2 тармағында бұрын әрекет еткен норма сақталған, онда қашан заңмен 18 жасқа дейін некеге тұруға жол берілгенде, некеге отырған кәмелетке толмаған тұлғалар іс-әрекетке қабілеттілікті некеге отырған уақыттан бастап толық көлемде алады. Бұл бапта неке аяқталғанда: оны бұзғанда немесе заңсыз деп тапқандағы жағдайларда ерлі-зайыптылардың іс-әрекет қабілеттеріне қатысты салдарлар қарстырылады. Олар бірдей де емес. Мысалы, егер неке бұзылса, іс-әрекетке қабілеттілік кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың артында сақталады. Егер неке заңсыз деп танылса, онда іс-әрекет қабілеттілігін сақтау туралы мәселе кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың ісін сот шешеді. Некені заңсыз деп тану туралы шешім де сот егер бұл қажет деп тапса, кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың некеге отыру барысында алған іс-әрекетке қабілеттігінің жоғалғанын көрсете алады. Соңғы жағдайда кәмелетке толмаған толық еркіндігінен айырылады, оған 14-тен 18жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға берілетін құқықтар ғана ұсынылады [23].  

Азаматтық кодексте Біздің заңға әлі белгілі емес талаптың бірі аталады, қашан азамат кәмелетке толғанға дейін толық іс-әрекет қабілетіне иеленуі мүмкін. Мұндай қажеттілік кәсіпкерлік қызметті кеңінен дамытуға байланысты туындады. 18 жасқа жетпеген тұлғалар арасында кәмелетке толмағандардың өз мүдделері ғана емес, несиешілер үшін белгілі кепілдеме жасауға азаматтық тұрақтылық туралы қамқорлық та бар.      

Эмансипация жайлы  айтуға болады. 16 жасқа жеткен кәмелетке  толмаған мүмкін іс-әрекетке қабілетті  деп жариялануы мүмкін, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істесе немесе ата-аналар келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда ата-аналары (асыраушылары, қамқоршылары) келісім берсе, эмансипация қамқоршы орындар шешімі бойынша жүргізіледі. Сотта кәмелетті толық іс-әрекетке қабілетті деп жариялау шешімін енгізуге қамқаршы органның бастарту мәселесі де қаралуы мүмкін.     

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы