Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Тұтыну кооперативiнiң  тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға  берiледi.

Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.

Тұтыну кооперативiнiң  мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң  кооператив мүшелiгiне қабылдануға  бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.

Тұтыну кооперативiнiң  құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң  құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.

Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң  ғана емес, селолық жерлерде тұратын  басқа адамдардың да материалдық  және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.

Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы  бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi.

Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң  ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде айқындалады.

Дiни бiрлестiк

Рухани қажеттерiн  қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң  ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.

Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары  бар Қазақстан Республикасындағы  дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн.

Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған  немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.

Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Дiни бiрлестiктiң  құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы  Кодекске, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.

Жеке кәсiпкерлердiң  және (немесе) заңды тұлғалардың  қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгi

Жеке кәсiпкерлер  және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң  кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады. 
Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

Қоғамдық бiрлестiктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның iшiнде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады.

Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады. 
Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады. 
Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты болады [50].

 

2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен

әрекет қабілеттілігі

 

Заңды тұлға  мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтардың құқықтары мен  міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған, отбасылық қатынас тарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

Заң актiлерiнде  көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн.  
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.

Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде  пайда болып, оны тарату аяқталған  кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн  лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық  қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған  кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Коммерциялық  емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк  бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын  заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде көзделген  жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға  әдiлет органдарында мемлекеттiк  тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

Мемлекеттiк  тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы заңды  тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк  регистрiне енгiзiледi.

Заңды тұлға  мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.

Филиалдар мен  өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. 
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.

Заңды тұлға  құрудың заңда белгiленген тәртiбiн  бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.  
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

Заңды тұлға  мынадай жағдайларда:

1) жарғылық капиталының  мөлшерi азайтылған;

2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық  серiктестiктерiндегi қатысушылардың  құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi  қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс [25].

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.  
Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.

Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр  бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн  жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады.

Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.

Филиалдар мен  өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi.

Қоғамдық бiрлестiктердiң  құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.

Дiни бiрлестiктердiң  құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде  көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

Өзгеше нысандағы  заңды тұлғалардың филиалдарды  мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды  тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.

Заңды тұлғалардың  қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипаттарына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жеке қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді [13].

 

 

3.   Мемлекет және әкімшілік – аумақтық бөлініс  - азаматтық құқықтың субъектілері

 

3.1 Мемлекет  пен әкімшілік – аумақтық бөліністің азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы

 

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс  заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық  құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субъектілер  құқық және әрекет қабілеттілігіне  ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді.

Жоғарыда айтып  кеткен ерекшеліктерді атайтын болсақ, олар:

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес Қазақстан  Республикасы құқықтың басқа субъектілері орындауға міндетті заңдарды қабылдау құқығын еншілейді;

Қазақстан Республикасы өзінің заңдарымен әр құқық субъектісінің  өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді;

Азаматтық құқық  қатынастары қатысушыларының бірде  бірі иелене алмайтын құқықтарды Қазақстан  Республикасы еншілейді.

Мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөліністерінің құқық қабілеттілігі өздерінің  алдында тұрған міндеттермен  тығыз  байланысты.

Азаматтық айналымда  мемлекет атынан Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және билік  органдары өзінің құзіреті шегінде әрекет ету құқығына ие болады. Заңда қаралған тәртіппен Қазақстан Республикасының арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады.

Қазақстан Республикасының  қатысуымен болатын дауларды сот қарайды. Тараптардың қалауымен даулар аралық сотпен де қаралуы мүмкін.

Азаматтық құқық  қатынастарында әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік  органдар мен заңды тұлғалар ғана әрекет ете алады. Азаматтық айналымда әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан құқықтық қатынасқа түсе алатын органдар қатарына бірінші кезекте маслихаттар, әкім, әкімшілік, атқару билігінің аумақтық органдары жатады.

Мемлекет шетелдік инвесторлармен жасалған инвестициялық  келісімдердің қатысушысы да болады.

Қазақстан Республикасының  азаматтық құқық қатынастарына  қатысуы

Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн  қатынастарға осы қатынастардың  өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.

Заңдарда көзделген  реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан  Республикасының арнайы тапсырмасымен  оның атынан өзге де мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар  өкiлдiк ете алады.

Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының  қатысуымен соттар шешедi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысуы азаматтык кодекстің  тиісті баптарында қарастырылған және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық  заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi.

Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың  мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады [14].

Заңдарда көзделген  реттер мен тәртiп бойынша арнаулы  тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады.

Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс  азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады.

Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы