Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59
Азаматтардың тегін өзгертудің кейбір жағдайлары отбасы заңында да қарастырылады. Мысалы, некеге отырған кезде және некені бұзған шақта тегін өзгерту тәртібі жүйеленеді. Ата-аналар арасында неке бұзылған кезде баланың тегін өзгерту, сондай-ақ балалрдың тегін, атын, әкесінің атын 18 жасқа толмағанда, оларды асырап алғанда да тиісінше шешімін табады.
Азаматтың туған кезде алған аты (тегі, аты, әкесінің аты) туралы деректер, сондай-ақ атын ауыстыру азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады. Бұл тәртіп отбасы заңдарында да қарастырылады [36].
1.2 Жеке тұлғаның (азаматтың) құқық қабілеттілігі
Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық
Заң мен сот алдында бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпенайналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, өнер, әдебиет шығармаларынаматериалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады [1].
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құкық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлықазаматтарға бірдей дептұжырымдалады. Конституция-ның 14-бабына сәикес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдықжәне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымы-на, түрғылықгы жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның
аталған тұжырымына орай азаматтардың
құқық қабілеттілігі заңда
Құқықтық қабілет туралы жалпы түсінік заңда беріледі. Құқықтық қабілет-азаматтық құқықты иелену және міндеттерді атқару қабілеті. Бұдан, құқықтық қабілет осы құқықтар мен міндеттердің нысаны ьолу қабілетін, заңда қарастырылған немесе жол берілетін кез келген құқық немесе міндетті иелену мүмкіндігін білдіреді. Аталған жағдайдағы құндылық құқықтық қабілет болған кезде нақтылы субъективті құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігімен көрініс береді. Ол-оның туындаудың қажетті жалпы алғы шарты, сондай-ақ оны жүзеге асыру құралы. Құқықтық қабілет еліміздің барлық азаматтарымен танылады. Ол адам дүниеге келген сәттен туындап, ол қайтыс болғанда аяқталады. Демек, құқықтық қабілет адамнан бөліп алуға болмайтын нәрсе, ол оның өмірі бойында жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті болады. Бірақ бұдан құқықтық қабілет адамның табиғи сипаты, көз, құлақ және т.б. деп тұжырым жасау да жөн емес. Дегенмен, құқықтық қабілет адам дүниеге келгенде туындайды, ол табиғаттан өз арнасын алмайды, заң қуатынан табады. Осылай өзін заңдық мүмкіндікті анықтайтын қоғамдық-заңдық сипаты екенін ұсынады. Тарихта адамдардың үлкен топтары сол әрекет еткен заңдармен құқықтық қабілетінен айрылған замандарда болған. Бұған құл иеленушілік қоғамдағы құлдарды қосуға болады.
Заң әдебиеттерінде азаматтың құқықтық қабілеті азаматқа тән белгілі мінез-құлық (немесе сипаты) ретінде жиі қарастырылады.[6] Бұл заңнан туындаған сипаты, сондықтан құқық пен міндет қабілетіиен көрініс беруі мүмкін. Қабілет заңдық мүмкіндіктен басқаны аңғартпайды ғой. Мұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып, онымен қамтамасыз етіледі. Ол өз алдына белгілі субъективті құқықты әрбір нақтылы тұлғада ұсынылады. “Құқықтық қабілет,-деп жазды С.П.Братусь, - ол құқық пен міндет нысаны”. Құқықтық қабілетті белгілі бір субъективті құқық ретінде түсіну біздің заң әдебиеттерімізде сөзсіз негіздемесін алды [18]. Құқықтық қабілет туралы нормалар заңда басқа барлық субъективтік құқықтарға қарағанда ең алдына қойылатынын атап өткен жөн. Сонымен заң шығарушы оны ерекше бағыт екенін баса көрсетіп, субъективтік құқықтардың кез келгені үзіліссіз байланыста болады, ал азаматтың құқықтық қабілетсіз ешқандай субъективті азаматтық құқық мімкін емес. Егер құқықтық қабілет өз алдына субъективтіқұқықты ұсынса, онда оның ерекшеліктерін ашып, басқа субъективтік құқықтарға қарағанда шектеу қажет. Ал басқа субъетивтік құқықтардан құқықтық қабілет ең алдымен осының алдында айтылғандай дербес мазмұнымен өзгешеленеді, заңда қарастырылған азаматтық құқықтыр мен міндеттерді иелену қабілетімен көрініс табады.
Бұған қоса, азаматтық құқықтың қабілеті басқа құқықтардан өз бағыты бойынша да ерекшеленеді. Ол әрбір азаматқа заңдық мүмкіндікті қамтамасыз етіп, нақтылы азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшінші ерекшелігі тұлға мен құқық қабілетінің тығыз байланысымен байқалады. Себебі, заң оны жекелеуге жол бермейді. Азаматтық кодекске сәйкес құқық қабілетін шектеуге бағытталған мәмілелер қағыс қалады.
Сонымен, азаматтық құқықтық қабілеті - әрбір азаматқа тиесілі және одан бөліп алуға болмайтын құқық, оның мазмұны кез келген заңмен азаматтық құқық пен міндетке жол берілетін қабілетпен (мүмкіндікпен) ерекшеленеді.
Заң құқықтық қабілеті барлық азаматтармен тең дәрежеде танылатын азаматтық құқықты иелену мен міндеттер атқару қабілеті. Сондықтан ол абстрактілікке және жекеленбеушілікке тән болады. Азаматтардың құқықтық қабілеті азаматтық кодекске сәйкес азаматтар иелене алатын құқықтыр мен міндеттер кешені арқылы ашылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтық қабілетіне сипаттама беріп, ол азаматқа психофизикалық ерекшелік ретінде сипатталады. Бұл әлеуметтік-заң жағынан сапалық белгілерін көрсетеді.
Құқықтық қабілет субъективті құқық ретінде, оны жүзеге асыру нәтижесінде туындаған нақтылы субъективті құқықтармен араластыруға болмайды. Құқықтық қабілетті бөлу негізінен заңмен қарастырылып, жол берілетін нақтылы құқықтар мен міндеттерді екенін көрсетпейді. Құқықтық қабілет әдебиеттерде аталып көрсетілгендей, бұл құқықты иелену, оның алғы шарты үшін негңз ғана бола алады[29]. Әрбір азаматпен заң көптеген мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену қабілетімен танылады, бірақ нақтылы азамат ешқашан олардың барлық жиынтығын иелене алмайды, ол тек осы құқықтардың бір бөлігін ғана иеленеді. Сонымен, әркім ашқан жаңалыққа авторлық құқық ала алады, бірақ мұны барлығы бірдей иелене алмасы анық.
Нақтылы субъективтік құқықтарды алу және олармен иелену құқықтық қабілеті жүзеге асыруды білдіреді. Бұл ретте субъективті құқықтар көлемі азамат қалай жұмыс істейді, қанша табыс табады, онда қандай қажеттіліктер бар, соған байланысты болады. Кім көп және жақсы жұмыс істейді, кім табиғи талаптар мен қабілеттерді иеленеді, оларды белсенді жүзеге асырады, кім саналы түрде тапқанын пайдаланады, сол ең жақсы материалдық және өзге де игіліктерге, интелектуалдық шығармашылық нәтижелеріне құқықтарды иеленеді. Бұл кез келген қоғамдағы заңды құбылыс болып табылады. Азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін азаматтар заңға сәйкес иеленетін сол мүліктік емес құқықтарды қалыптастырады. Былайша айтқанда, азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін құқықтың нақ өзі емес оны иелену мүмкіндігі құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтары иеленуі мүмкін мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтардың болжамды тізбесі қарастырылатын азаматтар мүмкін:
- меншік құқына мулікті иелену;
- мүлікті мұраға алуы және қалдыруы;
- кәсіпкерлікпен
және заңмен тыйым салынбаған
кез келген қызметпен
- дербес немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірге заңды тұлға құруы;
- заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауға және міндеттемелерге қатысуы;
- тұрғылықты орын таңдауы;
- ғылым, әдебиет
және өнер еңбектеріне,
- өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену;
Заң азаматтардың
құқықтық қабілетінің маңызын анықтап,
тек құқықтар жайлы айтады, бірақ
міндеттемелер туралв тура еске салмайды.
Сонымен бірге Азаматтық
Азаматтык кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқыкты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі
адамның—құқық субъектісінін
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі
Шетел азаматтары біздің елімізде Қазақстан азаматарымен бірге азаматтық құқықтық қабілетті тепе-тең пайдаланады, оларға ұлттық режим ұсынылады. Біздің еліміздегі шетел азаматтры нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге көзқарастары мен сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік табына қарамастан тең құқықтық қабілетке ие болады[19]. Олар, Қазақстан азаматтары сияқты меншігінде мүлікті иеленіп, тұрғын жайларды және өзге міліктерді пайдалана, мүлікті мұраға ала және бере алады және азаматтық заңдармен тыйым салынбаған және оның бастапқы мүліктік және жеке мүліктік емес құқытықтырды иелене алады. Белгіленген азаматтық заңдылықтармен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, басқаша заңдармен ештеңе қарастырылмаса қолданылады.
Сонымен бірге, шетел азаматтары
Қазақстан Республикасының
Шетел азаматтары үшін ұлттық тәртіпті бекітіп, азаматтық заңнама негіздерінде бұл ережеден Қазақстандық азаматтардың құқықтық қабілетімен салыстырғанда шетел азаматтарының құқықтық қабілетін шектеудің бірқатар мүмкіндіктері қарастырылады. Мәселен, әуе және су кемелерінің экипажы құрамында жалпы ереже бойынша Қазақстан азаматтары ғана болуы тиіс. Шетел азаматтарының азаматтық құқығын шектеу, бұдан басқа жағдайларда, ҚР Үкіметі қаулысы бойынша мүмкін. Егер ол сол мемлекеттерде арнайы шектеу болса, онда ол елдің азаматтарына бұл талап қоданылады. Мәселен, қандай бір елде біздің азаматтарымызға тұрғын үйлерді жеке меншігіне алуға тыйым салынса, онда осы елдің азаматтарыаталған заңға сәйкес біздің аумағымызда да тұрғын үйлерді меншігіне алу құқығын пайдалана алмайды. Азаматтығы жоқ тұлғаларға азаматтық құқықтық қабілет, яғни, біздің еліміздің азаматы болып табылмайтын, шетел мемлекетінің азаматы екенін айғақтайтын дәлелі жоқ, бірақ біздің елімізде тұратын тұлғалар. 160 баптың 1-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан азаматтарымен тепе-тең дәрежеде азаматтық қүқытық қабілетті пайдаланады. Оларға шетел азаматы ретінде, ұлттық тәртіп ұсынылған. Жекелеген алып қоюшылық ҚР заңдарымен белгіленуі мүмкін. Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға оның заңдарында қарастырылған құқықтар еркіндіктерге, оның ішінде мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы құқықтарға кепілдік береді. Бұған қоса, оларға аталған заңдардың талаптарын сақтау міндеті жүктеледі.
Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы