Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Құқық туралы дау–дамай  ұғымы талап түсінігімен ұдайы  байланысты. Нысандар арасындағы болатын  материалдық құқықтық қатынастар даулары талабын қою жолымен сот қарауына ұсынылады. Атап айтсақ, құуыну арқылы қорғану процессуалды нысандағы заңмен жүзеге асырылады, дауласатын тараптарға дауды дұрыс шешудің ауқымды кепілдігін, процессуалдық құқықтар мен міндеттер тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Соттың қарауында қуыну талабы өндірісі ретінде қаралатын құқық туралы дау екі жағы болатын біртұтас түсінік ретінде көрініс береді. Ол: материалдық-құқықтық және процессуалдық-құқықтық түсінік. Құқықтық даудың  аталған белгілері азаматтардың іс-әрекет  қабілеттін шектеу негізі мен ісінде  орын алады. Отбасы оның бір мүшесінің қаражатты арақ сатып алып, отбасында қиын материалдық жағдай  қалыптасуымен  келісе алмайды. Отбасында келіспеушілік жағдай пайда болады.

Ішімдік ішуші  тұлғаға маскүнемдікті және оған жұмсалатын  шығынды тоқтату және отбасының өзге мүшелерінің материалдық құқығы бұзылатын іс-әрекеттерді жасамау талабы ұсынылады. Бұл тұлға отбасы мүшелерінің  аталған талаптарына   жеке дауласады. Олар оны жоққа шығарады, не заңға қайшы әрекеттер жасайды. Ылғи өзінің отбасыны ұстау міндетін де  мойындамайды.

Азаматтық іс-әрекет шектелгенін тану туралы істерді  қараудың жүйеленген тәртібінің процессуалдық  нормалары заң шығарушымен бір  ерекше өндіріс түрі, бір тарау  және одан әрі  бір бапта азаматтың жүйке ауруына  шалдыққанда іс-әрекетсіз  деп тану туралы істерге біріктірілген. Бірақ, біз азаматтың іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы істі ерекше өндіріске мүмкін еместігін негіздерге, не олар өзінің мәні мен сипатына қарай сотта қаралатын қуыну талабы істері болатының дәлелдеуге тырыстық. Азаматты іс-әрекетсіз немесе іс әрекеті шектелді деп тану негізін ескеріп, аталған әрбір іс-дәрежесі бойынша өнідірістердің процессуалдық тәртібі, материалдық–құқықтық салдары мұндай танудың әрқилы болуы, осы істерді қараудың  жүйеленген тәртібінің процессуалдық нормаларын негізсіз біріктіру болып табылады. Азаматтардың іс-әрекет қабілетін шектеу туралы істерді қарау тәртібі өзінің мәні бойынша азаматтық сот өндірісінң жалпы ережелеріне бағынады.Осы істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері, олардың материалдық-құқықтық табиғатына, жоғары қоғамдық мағынасына және осы әсер ету шараларының салиқалылығына негізделген [50].

Сот практикасында  тараптардың бітімге келу  келмісіне  байланысты азаматтардың іс-әрекет қабілетін шектеу жөніндегі іс бойынша өндірісті заңсыз тоқтау оқиғалары кездеседі. Азаматты іс-әрекеті шектелді деп тану негізімен оның құқымен мүддесіне әсерін тигізеді. Сондықтан заң шығарушы азаматтардың іс-әрекет қабілетін негізсіз шектеуге жол бермеуді мақсат етіп, бұл мәселені  ерекше  назарға алады. Іс-әрекет қабілетін шектеудің негізі, мұндай шектеудің құқықтың салдары заңмен реттелген. Іс- әрекет қабілетін шектеуді тану үшін сот шешімін шығарғанда соттың ерік –жігері қажет етіледі.

Азаматтың іс-әрекет қабілетін шектеуге бітім жолымен рұқсат берілмейді. Ешкім де заңда қарастырылған/ ҚР АК 26 бабы/ жағдайлар мен тәртіптен басқасында іс-әрекет қабілетін шектей алмайды.

Азаматтардың  іс-әрекет қабілетін шектеу туралы іс қозғай аталған істер есебінен азаматтық сот өнідірісінің жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Осыған орай бұнымен сот  қорғануына арыздануға байланысы кейбір пікірлерді айту ұсынылады.

Азаматтың істер  бойынша сот өнідіріс-бұл процессуалдық  нормалармен қатар реттелетін қызмет. Сондықтан сотқа арыздан құқығы ҚР АПК 2 бабында көрсетілгендей “тек заңда белгіленген тәртіпте ” жүзеге асырылуы мүмкін. Сот билігіне оңтайлылықты қаматамасыз ету үшін заң іс қозғау жағдайының тізбесін белгілейді.

Заң мен ғылымның азаматтың процессуалдық құқық  жетістіктерін талдау азаматтың істер бойынша арыз қабылдаудың заңдық негіздері мен процессуалдық жағдайының тәртібін үш топқа бөлу керек деген тұжырымға келеді:

1) сот арқылы  қорғануға арызданудың құқының  бар екенін анықтау жағдайы  /алғышарты/;

2) сотқа арыздануға құқықтың бар екендігін жүзеге асырудың тәртібін анықтау жағдайы;

3) арыздың түрі  мен мазмұнына, мемлекеттік    банк салығын толеуге ұсынылатын  талаптар.

1. Сот арқылы қорғану үшін сотқа арызданудың құқығы құқық нормаларымен анықталған.

Сот арызды алғасын оң алдымен сот ісіне қатыстылығын тексереді. Сотқа арыздануға құқық егер арыз сотта қаралуға жатпаса болмайды, егер мұндай дауды төрелік сот шешіміне беруге тараптар арасында шарт жасасса, өзге органдардың  құзырына қатысты болады. Одан әрі сотқа арызданушы тұлғаның азаматтың процессуалдық құқықтық қабілеті белгіленеді. Өйткені құқықтық қабілет Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен ол дүниеге келген сәтінен бастап танылады, бұл талап Қазақстанда тара-ұйымдарға қатысты ғана тексеріледі. Соттар олар заңға тұлға болып  табылатынын анықтайды.

Сосын сот аталған  істі  қозғауға тұлға құқылы екенідігін тексереді. Заңды мүдде сотқа  арыздануға құқытық дербес алғы шарты  ретіндегі мәні мен мағынасы туралы мәселе әдебиетте даулы болып  табылады[30] Сондықтан істе арызды қабылдау негізіндегі мүдделік тек процес барысында маңызы болатын таза процессуалдық категория ретінде анықталуы тиіс. Сот арыз қабылдау негізінде тұлға өзінің немесе басқа тұлғалардың құқық  қорғайтыны жөнінде  дегенмен болжамды деректерді иеленуге тиіс. Сот басқаның құқын қорғау туралы өз атынан сұраған арыздарды қабылдамайды. Өз атынан өзгенің құқың қорғау үшін іс қорғау тек заңда тура қарастырылған жағдайларда ғана жол беріледі. Ол прокурорлар- барлық азаматтық істер бойынша;  мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, жекелеген тұлғалар- бірқатар дәрежедегі істерге, егер бұл туралы құқықтық актілердің бірінде арнайы нұсқау болса.

Аталған жағдайларды  сақтауда олардың жиынтығы мүдделі  тұлғаға сотқа арыздануға құқық  береді.

2. Сотқа арыздануға құқық иеленушілік заңда  қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс, яғни;

А) аталған іс бойынша алдын ала бұрын шешу тәртібі сақталуы, егер оны қолдану өз мүмкіндігін жоймаса;

Б) арыз  тиісті соттылық бойынша берулуі тиіс;

В) арыз іс- әрекетке қабілетті тұлғамен берілуі керек;

Г) мүдделі тұлға атынан арыз берген тұлға тиісті тәртіпте ресімделген іс жүргізу өкілеттігін ұсынуға тиіс.

З) дербес топқа сотқа арызданудың түрі  мазмұнына, мемлекеттік бан салығын төлеуге ұсынылатын талаптар берілуі тиіс. Азаматтық процестің демократиялық сипатына сәйкес сот білігіне еркіндікті бір қиын іс әрекеттерді орындауды талап етпейді. Жазбаша арызда сот онсыз істі қарай алмайтын ең қажет етілетін деректер көрсетілуі шарт.

Әр осы  үш топтық сотқа арыздану жағдайы соттармен бір-бірінің сатылығын қатар сақтап тексерілуі тиіс.   Ең алдымен ол сот орындарына жататынын анықтай алмай, аталған сотқа істі тексеруді бастауға болмайды. Егер арыз іс-әрекетке қабілетсіз тұлғамен берілсе, онда қуыну арызы мазмұны мен оған мемлекеттік банк салығын төлеуді тексеру артық.

Заң әдебиеттерінде арыз қабылдаудың екі топқа тәртібі  жүйеленеді. Мысалы, М.А. Гурвич ұсыну  өндірсіне  қуыну талабын ұсынуға  құқықтың алғышарты мен осы құқықты  жүзеге асыру тәртібін бөлуді қолдануды  ұсынады [31]

А.А. Добровольский қуынуға ізгілік түсінігін бөліп қарап, оған екі өкілеттік атап көрсетеді.

Өйткені бұл  қуынуды ұсыну мен оны  шешудің  тәртібін жүзеге асыруға қажет деп санайды.

 

 

2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА  – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

РЕТІНДЕ

 

2.1 Заңды тұлға  ұғымы мен түсінігі

 

Жеке тұлғалар мен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.

Заңды тұлға  дегеніміз – Азаматтық Кодекстің 33-бабының 1-тармағының 1 бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жежел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды біз заңды тұлға деп атаймыз. Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстырып қарасақ: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын ұйымдар танылады. Тағы бірін қарасақ: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлікімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады. Кодексте ұсынылған анықтама іс-жүзінде 1963 жылғы Азаматтық Кодекстің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы, оның іс-жүргізушілік құқық субъектілігі туралы айтылған.

Заңды тұлға -  мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары  мен міндеттер берген субъект. Заңды  тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынантар үшін заңды тұлға институтының практикалық мағыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Құқықтық санат ретінде  заңды тұлғаның әдебиеттерде бір  мағыналы анықтамасы жоқ.

Кеңес мемлекеті  өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық  құқық теориясында заңды тұлғалардың  мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды. Негізінен алғианда, заңды тұлғалар – мемлекеттік  кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу  объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болады еді.

Мемлекетік  ұйыдарға қатысты алғанда, заңды  тұлғианың академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң  әдебиеттеріне «ұжым теориясы»  деген атпен енді.

Қазіргі уақытта  тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның «мақсатты мүлік ретіндегі» анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша «... осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін «мақсатты мүлік» теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті» [46].

Шетелдерде  заңды тұлғаға қатысты екі  теория барынша кең таралған – жалған теория және шындық теориясы, бұларға лотақ нәрсе- ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілерін дәлелдеу.

Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері  XXI ғ. Пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты . Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: Заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.

Кейбір ғалымдардың  пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын кқөздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теориямен практикада мәлім болды: «Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым».

Шындық теориясы, немесе XIX ғ. Герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты  тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты  өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.

Шын мәнінде, Гирке  де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи  ұстанған идиалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі  ізбасарлары заңды тұлғаны құқықтық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.

Батыстағы құқықта  заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушы ретінде  әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде  түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді. (ФРГ-де 1978 ж. Дейін «заңды тұлға» деген терминнің өзі болған емес, Италияның АК-де 1942 ж. Заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектелген. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.

Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен  табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. Азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тқжырымдама береді: «Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлғаболып табылады». Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.

Жоғарыда келтірілген  заң практикасының негізінде  заңды тұлға институты  азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.

Заңды тұлға  институтын заңды тұлғалардың құқық  қабілеттілігін, олардың ұйымдық  құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.  

Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел  басқару құқықғындағы оқшау мүлкі  бар және сол мүлікпн өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттемелерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы