Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Коммерциялық  емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, қор, діни бірлестік, тұтыну кооперативі нысанында құрылуы мүмкін.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық  серіктестік деп танылады.  Акционерлік қоғамдар мен  шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10 шілдеде қабылданған  Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңымен [16] және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің “Шаруашылық серіктестіктері туралы” заң күші бар жарлығымен реттеледі.

Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған:

- толық серіктестік;

- жауапкершілгі шектеулі серіктестік;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- сенім серіктестігі.

Шаруашылық  серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден  өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық  серіктестігінің  құрылтайшылары жалпы ереже бойынша  заңды тұлға да , жеке тұлға да бола алады.

Толық серіктестік  пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілгі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда  серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

Бір немесе бірнеше  адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік  жауапкершілгі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Қатысушылары  серіктестік міндеттемелері бойынша  өзлерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар  жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген  мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша  жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салынған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.

Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының  жалпы жиналысы - өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыту үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке дара билік етеді. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі және тексеру комиссиясықұрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам  дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру  үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады.

Қоғам өз акционерлерінің  мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша  жауап береді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.1

Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.

Жалпы алғанда, шаруашылық серіктестік – бұл тұлғалардың ерікті бірігуі, бірақ серіктестіктің кейбір түрлері бір тұлғамен де құрылады. Қатысушыларды мүдделер бірлігі, бірлескен пайда, әрқайсысының жетілдірілгендігі бір-біріне әрекеттесуі нәтижесінде, бірлікте екендігіне сенімділіктері байланыстырады.

Шаруашылық  серіктестік қатысушылар шартында негізделеді. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» Заңының 15 бабына сәйкес бірігу туралы шарт тек қана жазбаша нысанда жасалады және серіктестіктің барлық құрылтайшылары оған қол қояды. Ол құрылтай шарты деп аталады. Мұндай шарттың ерекшелігі, ол жұмыс атқару немесе сатып алу-сату түрінде қайсыбір нақты құқықтық мақсаты жоқ және құқық пен міндеттердің туындауына негіз болмайды, керісінше ол шаруашылық серіктестікті құру негізі ретіндегі өзге шарттарды жасауға бағытталған [24].

Сонымен қатар, серіктестік мүліктік құқықтар, соның  ішінде зияткерлік қызметтің нәтижелеріне және өзге мүлікке құқықтары, заттар, бағалы қағаздар, ақша түрінде енгізілетін  мүліктік құралдардың бірлестігі болып табылады.

Салымдар қызмет көрсетуден, белгілі бір жұмыстарды орындаудан да құралады, бірақ бұл  сирек болады немесе олар мүліктік салымдармен толықтырылады. Қатысушылар  салымының құнына сәйкес серіктестіктің жарғылық капиталындағы олардың үлестері анықталады.

Қатысушылар үлестері тең және тең болмауы  және де олар толығымен немесе  бөлшектеніп енгізілуі мүмкін. Бірақ, серіктестікке қатысушы серіктестік қызметіне өзі қатысады. Бұл жағдай Ресей Федерациясының азаматтық заңдылығындағы қоғамнан серіктестікті айыруға мүмкіндік береді.

Соңғысында, өзіндік  қатысуы серіктестік үлесінің бөлігін  алғандағы  құқықтың пайда болуына  негіз болып табылады.

Жоғарыда айтып  өткендерді былайша қорытындылауға болады:          жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады.    

Заңда шаруашылық серіктестіктің төрт түрі келтіріледі, соның бірі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.

Бір немесе бірнеше  адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Заңның 4 бабы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауына  сілтеме жасайтын ережелерді анықтайтындықтан, кез келген серіктестік жекешелендірілуі тиіс. Дәлірек айтатын болсақ, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Серіктестік осындай фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін».

Заңды тұлғаның тұрған жерін нақты анықтаудың практикалық  маңызы атаулы заңды тұлғаға іскерлік, ресми корреспонденцияны қайда  жіберу керектігін анықтауға болатын  орнын белгілеу. Сондықтан да заңды тұлғаның тұрған жері заңды тұлға жасайтын шарт мәтінінде, бланкілерде, тіркеу құжаттарында белгіленеді. Заңды тұлғаның тұрған жері (оның тұрақты жұмыс істейтін органы) оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  39-бабы.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік заңды тұлға  болып табылады («Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының  2 бабы).

Заңды тұлғаның негізгі белгісі оның мүліктік оқшаулығы және өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі болып табылады.

Құрылтай шарты  жеке заңды акт болып табылады. Кейде заңды тұлға мен құрылтайшының  арасындағы шартты құрылтай шарты деп  атаймыз. Мұндай шарттар орынсыз, себебі олар заңға негізделмеген. Құрылтайшы мұндай мәселелерді жарғымен де шеше алады.

Жарғының құрылтай шартынан айырмашылығы , ол заңды тұлғаның ішкі  қызметінің ұйымы үшін ғана емес, сонымен қатар үшінші тұлғамен қарым-қатынас жасау үшін де қажет.  Жарғы құқықтық нормалардан құрылады және ол локальды нормативті акт болып табылады. Бұл бөлімде құрылтай шарты мен жарғының арасында қайшылықтар жіберілмейді.     «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының  41-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестіктің жоғары органы болып табылады.

 

 

2.3 Коммерциялық емес заңды тұлғалармен ұйымдар

 

 Мекемені  азаматтық құқықтың субъектісі  ретінде қарастыратын болсақ.

Мекеме - басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына  сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.

Мемлекеттiк  меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету  құқығы белгiленген тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Мемлекеттік мекеменің  тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін  шарттық міндеттемелер қабылдауына  жол берілмейді.

Мекемелердiң және мемлекеттiк мекемелердiң оларға бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқықтары осы Кодекстiң 202-208-баптарына сәйкес белгiленедi.

Қоғамдық бiрлестiктер

Қазақстан Республикасында  қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси  партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.

Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк  жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша  таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады.

Сот шешiмi бойынша  таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.

Қоғамдық бiрлестiктiң  құқықтық ережесi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.

Қоғамдық қорлар

Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк  жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды  көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.

Қоғамдық қор  заңды тұлға болып табылады, азаматтық  айналымда қордың органдары өкiлдiк  етедi, оның дербес балансы және банктік  шоты бар.

Қоғамдық қорға  оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.

Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк  құқықтары жоқ.

Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады.

Қоғамдық қорды  басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi. 
Қоғамдық қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағындағы мәлiметтерден басқа қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, ол таратылған жағдайда қор мүлiктерiнiң тағдыры көрсетiлуге тиiс [48].

Қор өз мүлкiнiң  пайдаланылуы туралы есептерiн ресми  баспасөз басылымдарында жыл сайын  жариялап отыруға мiндеттi.

Қоғамдық қор  сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:  
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса; 
2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;

3) қор өз қызметiнде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда; 
4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылады.

Қоғамдық қор  таратылғаннан кейiн қалған мүлiк  оның жарғысында көзделген мақсаттарға  жұмсалады.

Тұтыну кооперативi

Қатысушылардың  материалдық және өзге қажеттерiн  қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң  мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп  танылады.

Заң актiлерiнде  көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.

Тұтыну кооперативiнiң  мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен  кейiн пайда болған залалдарды қосымша  жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде  жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған  ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.  
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады [38].

Тұтыну кооперативiнiң  жарғысында, осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы