Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59
Некеге отырғаннан бастап іс-әрекетке қабілетті саналған тұлға немесе оларды эмансипация тәртібінде іс-әрекетке қабілетті деп жариялау 18 жасқа толғантұлғаның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Олар кез келген мәмілені дербес жасайды, шартты міндеттемелерге сияқты шығын келтіру салдарынан туындаған міндеттемелерге де жауап береді. Егер осындай кәмелетке толмағандықтың астарында қамқоршылық белгіленсе, ол тоқтатылады. Азаматтық кодекстің 18 бабында болған және бұрынғы жалпы ережелер бекітілген. Онда азаматтардың құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке қабілеттігін шектеуге заңмен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте ғана жол беріледі. Бұл ретте тиісті шектеулер тек заңмен ғана енгізілуі мүмкін.
Өзінің қандай бір жеке қасиеттеріне қарамастан өз өмірінде барлық азаматтар құқықтық қабілетті иеленелі. Сондықтан құқықтық қабілетті толық шектеу мүмкін емес:азаматтар жекелеген құқықтарды жүзеге асыруда ғана шектелуі мүмкін. Еліміздің Қылмыстық кодкесінде жааасаған қылмысқа жазалауда белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметті орындау құқығынан айыруға жол береді. Сот үкімі бойынша бұл жазалау бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
ҚР «Психиатрлық
көмектер және оны көрсету кезіндегі
азаматтар құқығының
Іс-әрекетке қабілеттілік құқықтық қабілетке қарағанда, азаматтың жекелеген қасиеттеріне байланысты болады. Сондықтан қабілетті өз іс-әрекетіне байланысты оның мәнін түсіну, онымен иелік ету және оны жасау салдарларын көре білу осы қасиеттерге байланысты қабілетке жатады.
Бұл қасиеттер жасына ғана байланысты болмайды, бірақ психикалық жағдайына да қатысты. Сондықтан егер азамат өз іс-әрекеттерін дұрыс бағалай алмаса, ол сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Азаматтық процессуалдық кодескпен, сотпен азаматты іс-әрекетке қабілетсіз деп танудың арнайы тәртібі белгіленеді. - Арыз беру.
Азаматты ішімдік ішіп немесе есірткі затын тұтыну салдарынан іс-әрекеттілігін шектелді деп, не жүке ауруы салдарынан осылай деп тану туралы іс оны отбасы мүшелерінең, кәсіподақтар мен өзге де қоғамдық ұйыдар, прокурор, қамқоршы органдар, жүйке ауруларын емдеу мекемелерінің арызы бойынша бастау алуы мүмкін. Азаматты іс-әрекеті шектелді деп тану туралы арызда ішімдік ішіп немесе есірткі затын тұтынып, сол арқылы отбасын қиын материалдық жағдайға қалтырылған тұлғаны айғақтайтын жағдай айтылуы тиіс. - Арызды қарау. Азаматты іс-әректке қабілетсіз деп тану туралы істі сот міндетті түрде прокурор мен қамқоршы органдар өкілдерінің қатысуымен қарайды.
Осындай істерді
қарауға жұмсалған сот
Сонымен бірге іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу мұндай тұлғалардың дербес мүліктік жаупкершілікке әсер етпейді: олар өздері шарттар мен басқа да жасалатын мәмілелерден туындаған міндеттемелер бойынша жауапкершілік атқарады, сондай-ақ олрға келтірілген шығынға жауап береді. Егер азамат іс-әрекет қабілеттілігінен шектелді деп танылса, сот оны өзгертеді және сот шешімі негізінде қамқоршылық та ауыстырылады.
Азаматтық процессуалдық заңнамаға сәйкес азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы істер азаматтарды жүйке ауруы мен немесе есі төмен деп тану туралы істер сияқты олар да ерекше өндірістерге жатқызылады. Азаматтарды олардың іс-әрекетке қабілеттілігі бойынша дифференциация нақтылы тұлғаға қатысты олардың заңдық іс-әрекетіне қарамастан жасы немесе жүйке жағдайына байланысты жүргізіледі. Ішімдік пен есірткі тұтынатын тұлғаларды іс-әрекет қабілетінен шектеу, осы белгілері бойынша азаматтардың өзге іс-әрекетке қабілеттілік түрлерінен өзгешеленеді. Ол өте қатаң мақсатты бағытқа ие болады. Заң өз құқын дербес басқару мүмкіндігін шектейтін нысанға қатысты қатаң көрсетіледі. Бұл шектеу азаматтың арақ ішіп, есірткі тұтынуына байланысты белгілі бір әрекеттеріне қатысты туындауы мүмкін. Ол ең алдымен осы тұлғаның отбасының пайдасына, әрине, оның мүдделерін қорғай отырып, қолданылады. Екінші ерекше белгісі, жасы мен психикалық жағдайы бойынша іс-әрекетке толық қабілетті тұлғаларға қолданылады. Олар саналы, дербес, мақсатты іс-әрекеттерді жасауы мүмкін. Мұндайға арақ сатып алуға жалақысының барлық немесе белгілі бөлігін жұмсау әрекеті енеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер заңмен өз отбасына заңға қайшы әрекет ретінде бағаланады.
Себебі, ол отбасын қиын материалдық жағдайға әкеліп соғады. Мұндай мінез-құлық оның өзін де қолайсыздыққа ұрындырыды. Осылайша, егер іс-әрекетке қабілетсіздік болған жағдайдың нақтылы констатациясы ғана болса, онда іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу заңмен белгіленген жағдайда заңсыз іс-әрекетке жауапкершілік шамасы болады. Жауапкепшілік шараларын салу үшін өз алдына біріңғай диалектикалық объетивті және субъективті белгілер ұсынатын азаматық құқық бұзудың толық құрамы бар екенін талап етеді. Бұған қоса бұл нақтылы негіздер жауапкершілік алғышарты-белгілі мүмкін және арнайы қажетті мінез-құлықтың құқықтық нормаларын түсінудің құқықтық негізі болып табылады. Құқықтық норманың мемлекттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін де айырады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқықтық қатынас болғанда ғана орын алады. Онымен кімнің алдында, не үшін жауап беретінін анықтауға болады. Міндеттіліксіз жауапкершілік жағдайы бола алмайды, заң бұзусыз міндеттілік жауапкршілікке тартуға мүмкін емес[15] «Жауапкершілік – бұл, егер міндеттілік еркін орындалмаса, көрініс беретін міндеттілік сипаты ғана болады».[26] Зерттелетін іс дәрежесіне жауапкершілік туралы жалпы көрсетілген ережелер қолданбалы ма? Бұл сауалға жауап беру үшін ең алдымен іс қозғалатын тұлға мен оның отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас сипатын анықтау жөн, сондай-ақ заңмен отбасы мүшелерінің міндетінде басқа отбасы мүшелерін ұстау қарастырылған ба, егер солай болса, бұл міндеттілік азаматтық құқық бұзу құрамына кіре ме, соны агықтап алу қажет.
Отбасын материалдық ұстау бойынша міндеттілік отбасының құқықтық қатынасына қатысушы тұлғалар ғана атқара алады. Е. М. Ворожейкин отбасы құқықтық қатынастарының қарама-қайшылық ерекшелікткріне тән жағдайларды зерттеп, аталған құқықтық қатынасқа қатыспаған тұлға мінез-құлқының нәтижесі ретінде қатыспайтынын атап көрсетеді[16] Іс қозғалған тұлғаға қатысты және оның отбасы мүшелері де нақтылы отбасы қарым-қатынасының нысандары болып табылады.
Отбасылық-мүліктік
құқытық қатынастардағы отбасылық
құқықтық спецификалық түрі-өзара материалдық
жағдайы бойынша міндеттеме болып табылады[21].
Тұлға жауапкершілігі барлық басқа заңдық жауапкершілік сияқты құқықтық қатынас нысанының кінәсі болған кезде пайда болады. Зертелетін құқықтық қатынас құрамына заңда тура айтылатын зиянды салдарлар енеді. Сондықтан нысан кінасы оның жиындық факторларымен кірігеді: өз мінез-құлқының заңға қайшылығын тұлғаның сезінуінде, олардың нәтижелерінен пайда болған зияндылықтан. Сондықтан тұлғаның кінәсі туралы жай олардың араққа немесе есірткіге үйірлігі сияқты, қашан маскүнемдік немесе нашақорлық асқынған ауруға айналғанда да бұл жайлы айтуға болады. Асқынған маскүнемдік немесе нашақорлық адамның психикалық іс-әрекетінің белгілі бір дәрежеде бұзылуын көрсететін ауру болып табылады. Бірақ бұл дерт астарында дұрыс емес мінез-құлықтың жатқанын да ұмытуға болмайды. Заңға қайшы әрекеттерде кінәнің болмауын, қашан субъект өзінің психикалық жағдайы бойынша өз іс-әрекетін түсінбеген де немесе оны игере алмаған да болатынын аңғарамыз. Дегенмен, ауруларда болатын маскүнемдіктің жетімсіз әлеуметтік мінез-құлық бағдары оларды өз іс-әрекетінің маңызын түсіну қабілетінен айыра алмайды[42]. Ал ерік-жігер саласындағы мүмкін болатын ауытқулар да маскүнемнің өз іс-әрекетін игеру қабілетсіздігі туралы айтылған кезде де сондай бір дәрежеге жетпейді. Асқынған маскүнемдік тіпті терең мас болу жағдайында тұлғаны заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер арақ ішу нәтижесінде іс-әрекетке қабілетті азамат өзін өз іс-әрекетін түсінбеу немесе оны игере алмауға дейін әкелген жағдайда, онда мұндай көріністерде жалпы ережеден айырмашылығы, ол келтірген шығынға жауапкершіліктен босатылмайды. Азамат өз ерік-жігері бойынша мұндай жағдайға саналы түрде келгенде кінәлі саналады. Осы іс-әрекеттері үшін тұлға жаупкершілік атқаруы тиіс. Бұл жағдай қоғамның моральдық белгілеріне сәйкес, сондай-ақ маскүнемдік жағдайына дұрыс сот-жүйелік бағытына сәйкес келуі тиіс[22].
Асқынған
маскүнемдіктің іс-әрекеті
Іс-әрекетке қабілеттілікті шектеудің азаматтық-құқықтық санкциясы ретінде бір мезетте екі түрде көрініс береді. Отбасы мүддесін қорғау, жауапкерді отбасы алдында өз міндеттрін орындауға мәжбүрлеу, олардың материалдық жағдайын қалпына келтіру ретінде сияқты арақ ішкен кінәлі тұлғаның отбасы мүшелері алдындағы жауапкершілігі тұрғысында да қарастырылады[24].
Осыған дейін атап өтілгендей, азаматпен өзінің барлық негізі жалақы бөлігін немесе мүмкін ішімдік немесе есірткіні сатып алуға жұмсаса, бұл заңмен нақтылы отбасының құқықтық қатынасынан туындайтын отбасыны ұстау жөніндегі заңдың міндеттерді орындамау ретінде бағаланады.
Сондықтан мұндай
жағдайда екінші тараптан құқықты нақтылы
немесе болжаммен бұзу оның көрініс
табады. Себебі, бұл құқық бұзушылық
оны міндетті тұлғаға деген материалдық-
Құқық жөніндегі заң субъективтік құқықты нақтылы құқықтық қатынас бөлшегі ретінде ауызға алынады. Тараптар арасындағы нағыз,қалай дегенде болжамды материалдық құқықтық қатынас құқық туралы дау- дамайдың міндетті жағдайы болып табылады.
Біздіңше, азаматтың іс-әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы істер бойынша сот арқылы қорғану отбасы мүшелерінің субъективті материалдық құқығы екенін аңғартады. Осыған байланысты аталған істерде құқықты қорғау туралы емес, арызданушы мүддесін қорғау жөнінде сөз болып отыр дейтін авторлармен келісуге болмайды. [35]
Егер де мүдделі тұлғаларға /отбасы мүшелеріне/ заңмен басқа біреуден белгілі санкция қолдану құқық талап ету ұсынлған болса, бұл тұлғалардың заңды мүдделерінің қорғалатыны туралы ғана емес, субъективтік құқықтарды да айтқан дұрыс. Бұдан нысанның оған жататын міндеттерді орындауға міндеттілік құқына материалдық-құқықтық талаптап туындайды.
Құқық туралы дау
тұра келіспеушілікті қашанда
Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы