Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін “құқық субъектілері” деп немесе “тұлға” деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әр түрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсініледі. Алайда азаматтық құқықтағы субъектілердің нақты анықтамалары мен оның жекелеген түрлерінің түсініктері мен шеңбері нақты анықталмаған.

Содержание

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 10
1.1 Жеке тұлға ұғымы 10
1.2 Жеке тұлғаның (азаматың) құқық қабілеттілігі 12
1.3 Шетел азаматтарының құқық қабілеттігі 16
1.4 Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі және
оның шектелу мүмкіндігі 18
2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒА – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
РЕТІНДЕ 30
2.1 Заңды тұлға ұғымы мен түсінігі 30
2.2 Комерциялық заңды тұлғалар 37
2.3 Комерциялық емес ұйымдар 41
2.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі 45
3 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІС –
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 47
3.1 Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы 47
3.2 Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
қатынастарына қатысуы 49
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМШАЛАР 59

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.doc

— 387.00 Кб (Скачать документ)

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс».

Азаматтық құқық  ғылымы заңды тұлғаны мынадай  белгілері бойынша айқындайды:

- ұйымдасқандық бірлігі;

- мүліктік оқшаулығы;

- дербес мүліктік жауапкершілігі;

- азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы;

Әрбір заңды  тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды.

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны  ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің  жай ғана белгілері белгілі бір  мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен  қызмет етудін белгілі бір ережелеріне  бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп  түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда бір тұтас ұжымдық құрылым – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек [44].

Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына  әкеп тіреуге болмайды. Соңғы оңжылдықта көптеген елдерде капиталдың ортақтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғам құрауға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ- пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпарацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады. 

Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның  заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:

- ұйымдық бірлік;

- мүліктік оқшауланушылық;

- дербес мүліктік жауапкершілік;

- азаматтық айналмда өз атынан әрекет ету.

 Біздің еліміздің  заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушылан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік көздейді (АК-ның 40,58-баптары).

Заңды тұлғаның ұйымдықбірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметінің жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері , нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы  - заңды тұлғаның – мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103,104-баптары).

Мүліктік оқшауланушылық – заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой «Заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес» деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АК үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заіның 11-бабын қараңыз).

Заңды тұлғаларды оқшалану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл  мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқықғымен бекітіліп  беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.

Өзінен-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың  болуы – заңды тұлғалардың  мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды  тұлғаның дербес балансы немесе сметасы  болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).

Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бқл белгі Ак-ның 44-бабында былайша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емсе, олардың қолында бар ақшасымен ңана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелі бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз).

Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның құрылтайшысының  немесе мүліктік меншік иесінің іс-әрекеттерінен  туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығ туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70,84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшүыларының олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығ құрылтай құжаттарында көрсетәлуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2 - тармағы).

Азаматтық айналымда  өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды  тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.

Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымы құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық  айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тқлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабының 4-тармағы).

Коммерциялық  ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуы  тиәс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде  фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.

Заңды тұлға  фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз – бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлар мен көрсететін қызметтен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы» Заңның 4-бабы). Заңды тұлғаның даралану құралы ретінде тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылуы қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі тауарлық марка белгінің тауарлдың өндірушісін айыру құралы болып табылпды.

Тауарлық белгіге  теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлгалар тіркеп отырады.

Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны  дараландыру құралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат  жағдайларына немесе олардың шығарылатын  жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және пайджалануға құқылы (Мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық белгіден өзгеше, тайардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.

Сонымен, заңды  тұлға дегеніміз – бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында  оралымды басқаруында оқшауланған  мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.

Құқықтар мен  міндетердің иесі бола білу, азаматтық  айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаға да тән. Азаматтық  кодекстің 33-бабында оған мынадый тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынанмүліктік және мүліктік емесжеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Заңды тұлғалардың  қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Заңды тұлғаның түрлері: коммерциялық және комерциялық емес болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық  заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін  ұйым десек қателеспейміз. Кіріс  түсіру мақсаты болып табылмайтын  және алынған таза кірісті қатысушылар  арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық  ұйым өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары  негізінде жүзеге асырады. Шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің  құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 17 сәуірде шығарған “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар жарлығымен [14] және Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі [15].

 

 

2.2 Коммерциялық заңды тұлғалар

 

Мемлекеттік тіркеудің  құқықтық маңызына келетін болсақ, коммерциялық ұйым мемлекеттік тіркеуден  өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі.

Коммерциялық  ұйымдардың қатынасқа қатысу аясы олардың  қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі  жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай коммерциялық ұйым қайсыбір  құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, коммерциялық ұйымның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.  Коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастаппайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Коммерциялық ұйымдар заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын  коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады.

Мемлекеттік кәсіпорындардан  басқа коммерциялық ұйымдар заң  құжаттары немесе құрылтай құжаттары  арқылы тыйым салынбайтын кез  келген қызмет түрлерін жүзеге асыру  үшін азаматтық құқыққа ие бола алады  және азаматтық міндетті де атқарады.

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен  басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін  құқықтар мен міндеттерді еншілей  алады.

Ал, коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принціпінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады.

Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі  заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың  құқық қабілеттілігі  құрылтай құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының мағызы зор.

Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы