Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы күрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.
Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.
Кассалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы … парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Бұл деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде («жұмыс күнінің басындағы қалдық» жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.
Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса опреациялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кұжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша — берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда күлік пен байланыстың объектілері 451-шотта мынадай аралық шоттар аша алады: 451/1- субъект кассасы,451/2-операциялық касса.
Аккредитивтердің «өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелінбеген) — деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бүлінеді.
Тапсырыс берушінің үзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған күрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет күрсететін банкке келісім — шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы — «Өтелінген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледі.
Ал сатып алушы кәсіпорын мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса онда бұл — «Өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.
Аккредитив ашу жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив . — «Кері шақырылатын аккредитив» болып саналады.
Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын үзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:
1. Жабдықтаушы шаруашылық
2. Аккредитив ашылатын келісім-
3. Аккредитив ашылатын банктің аты.
4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.
5. Аккредитивтен төлем төлеуге
қажет болатын құжаттардың
6. Аккредитивтің түрі.
7. Аккредитивтің қандай
тауарға, затқа немесе
орындалатын жұмысқа төлем
түлеуге арналғандығы және оны
төлеу үшін банк мекемесіне
табыс етілетін құжаттардың
8. Аккредитивтің сомасы.
Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп жібергеннен кейін аккредетивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді. Бұл құжаттар аккредетивте күрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы түленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды күрсетуі қажет:
1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.
2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.
3. Өзінің қолтаңбасының үлгісі.
Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) үзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жүнінде үзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді. Чектер алынған өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде» көзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер үтелген және өтелмеген болып бүлінеді. Біріншісі — депозитпен өтелген, екіншісі — алдын-ала депозитпен үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуі жүнінде банк кепілдемесіне ие болуы мүмкін, соның ішінде өтелмеген чектер бойынша да. Чек беруші мен банктің құқықтары мен міндеттері чекті қолдану келісім — шарты негізінде туындайды. Яғни, чек беруші банкі клиенті — чек берушінің (заңды немесе жеке түлға) чектерін төлеу міндеттерін өзіне алады, ал клиент өзіне банктің белгілеген чекті беру және қолдану тәртіптерін сақтау міндетін жүктейді. Чек үстаушы қүқықтары чек берушіден чекті алу моментінен бастап туындайды.
Кәсіпорынның, ұйымның және фирманың бухгалтериясы аударылған жолдағы ақшалардың банктердегі есеп айырысу немесе басқа да тиісті шоттарға уақтылы да, дер кезінде түсіп есепке алынуына бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар арасында жолдағы аударылған шетел валютасы да осы 411 «Жолдағы аударылған ақшалай қаражаттар» шотында есептелініп, бірақ бүлек күрсетіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде
нақты ақшамен қатар почта маркалары,
демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының
жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар
үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары,
яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын
қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар
сақталады.
Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады). Вексельдің екі түрі болады:
1. Жай вексель — оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе % төлеу жүніндегі міндеттеме бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолдары күрсетіледі.
2. Аудармалы вексель (тратта) —
бұл вексельде көрсетілген
жөнінде кредитордың (трассантың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассант) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен акцептеуге тиіс. Вексель бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, сүйтіп әмбебап несиелік-есеп айырысу құжатының рөлін атқарады. Вексель қаражаттардың айналымын, банктегі вексельдегі есебін (дисконттауды) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамтамасыз ететін берешек сомасы күрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 006 «Қатаң есеп беру бланкілері» шотында ескерілуі мүмкін. Алынған өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың 302-«Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі.