Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
Тест
Тақырып 18. Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі
18.1 Ұйымның дәрменсіздігінің негізгі белгілері
Бақылау сұрақтары
Практикалық тапсырмалар
Тест
18.2 Банкроттық түсіндігі және мәні. Ұйымның банкроттық потенциалын бағалау
Бақылау сұрақтары
Практикалық тапсырмалар
Тест
18.3 Банкроттықтан құтылу жолдары. Банкроттау процедурасы
Бақылау сұрақтары
Практикалық тапсырмалар
Тест
Тақырып 1. Ұйымдар қаржыларының ұйымдастыру негіздері және олардың ортасының мазмұны.
1.1 Кіріспе Ұйымдар қаржыларының мәні
Материалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы немесе ақша сомасының бір адамнан екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның <finis> деген сөзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа жету», «қолма қол ақша»деген ұғымдарды яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың <financia> түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін берді.
Құндылықты категория ретінде қаржы мемлекеттік
шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған ақшалай
қорлар мен кірістердің қалыптасуымен,
қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты
экономикалық қатынастарды береді.
Қаржы тек орталықтандырылмаған және
орталықтандырылған қорларды қалыптастыру
мен пайдалануға байланысты экономикалық
қатынастарды ғана қамтиды. Осыған сәйкес
қаржы ғылымының нысанына қоғамдық өнімді
бөлістірумен байланысты экономикалық
қатынастар жатады.
Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары
мен кірістер жатады. Қаржының субъектісіне
кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және
мемлекет жатады.
Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра
отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай
және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін
қамтамасыз етеді. Тек тауарлардың қозғалысының
құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша
айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы
экономикалық қатынастарды туындатады.
Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын
болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының
қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге
асырылуымен айқындалады.
Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін
өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты
аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты,
қатынастарды қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның
өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен
анықталады :
Мұндағы:С-өндірістік материалдық шығындар
V- еңбек ақы
m- қосалқы өнім
Келтірілген элементтер ақшалай қорларды
қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады.
Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын
қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке
аударылады.
Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының
орталықтандырылған қорлары қалыптасады.
Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы
қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың
құндылықты нысандағы қозғалысы ақша
айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын
экономикалық қатынастырды туындатады.
Қаржы – бұл ұлттық табыс пен
ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің
экономикалық құралы.
Қаржы - бұл мемлекеттің функцияларын
жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық
субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге
асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың
қорын қалыптастыру мен пайдаланумен
байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы
болып табылады.
Қаржының қажеттілік деңгейі қоғамның
даму қажеттілігіне байланысты болады.
Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз
ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының
қорлары қажет.
Қаржылық
қатынастар екі аяны қамтиды:
-мемлекеттік
бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған
ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру
мен пайдалануға байланысты экономикалық
ақша қатынастарын;
-кәсіпорынның
орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
мен пайдаланумен байланысты экономикалық
ақша қатынастарын;
Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымдар қаржысының қалыптасуының
қандай себептерін білесіз ?
2. Ұйым қаржы ғылымының субъектісі
мен объектісі дегеніміз не?
3. Ұйым қаржының субъектісі дегеніміз
не?
4. Қаржыға анықтама беріңіз
5. Қаржылар қандай аяларды қамтиды
1.2 Ұйымның
қаржы қызметінің мақсаты, бағыты, оның
құқығы және міндеттері.
Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық
төңкерістің нәтижесінде мемлекет басшысының
қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының
нәтижесінде жалпы мемлекеттік ақша қорлары
– бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік
қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын
алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың
жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері
заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес,
ақшалай нысандағы салықтардан құрала
бастады.
Қаржы бұл тарихи категорияны сипаттайды.
Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап,
қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан
уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік
құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің
басым бөлігі натуралды түрде жинақтар
мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы
қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары
жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм
жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру,
ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру
мен бөлістірумен байланысты экономикалық
қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар
20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан
кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде
ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет
иелігінде пайдалану жүзеге асырылды.
( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай қаражаттардың
ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы
ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе
бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда
дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде
ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы
түрі кең етек жайды. Оған акцияны шығарудың
капиталды жинақтаудың түрі ретінде қолданылуы
өз әсерін тигізді.
Қаржының
дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге
болады:
1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны.
Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің
қажеттілігінің басым бөлігі натуралды
түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін
бекіту арқылы қанағаттандырылды.
Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын
алды. Осы кезеңде шығындар негізінен
тек қорғаныс саласына жұмсалынды
2
кезең – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша
қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған
капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты
бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын
қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты
экономикалық қатынастарды сипаттайды.
Қаржы бұл ақша қатынастарының құрамдас
бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын
ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы
ақша қатынастарының орнына байланысты
болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары
қаржылық қатынастарды сипаттамайды.
Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың
мазмұнында емес, атқаратын функциялары
бойынша ерекшеленеді.
Қаржылар негізінен ақшалай кірістер
мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет
пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен
қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен
пайдалану арасындағы байланыстырушы
буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге
және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті
дамытумен байланысты қажеттіліктерді,
жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін,
үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын
алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз
етеді.
Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді
(қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және
т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік
қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы,
жүктілігі бойынша жәрдем және т.б.) қамтамасыз
ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін
жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз
етеді. Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан
басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді
реттеу функциясын атқарады яғни республикалық
бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің
10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.
Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс
үрдісін жоспарлауға және экономиканың
басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар субъективті жеке
шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру
тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық
экономика жағдайы қаржының атқаратын
ролінің арта түскенін айта кеткен жөн.
Ол төмендегі жағдайларға байланысты
орын алды:
Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады. Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.
Екіншіден, – қаржылар ақша қатынастарының
жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді
қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының
материалдық негізі болып, айналыс құралы
функциясын атқарады яғни капиталға айналады.
Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың
ролі төмендеп, макродеңгейде олардың
мәні артады.
Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға
көшуі өндірісті едәуір төмендетіп, жұмыссыздықтың
қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және
экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның
қалыптасуын туындатты. Осы кезеңде мемлекеттің
қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді.
Сонымен қатар сәйкес келесі жағдайлар
орын алады:
- Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік
бюджетте ғана емес, басқада қорларда-
зейнетақы, еңбекпен қамту және медициналық
сақтандыру қорларында шоғаырланады;
- Бюджетке, негізінен салықтық түсімдер
арқылы толықтырылады. Салықты көбейтуге
бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі.
Сол себептен салық жүйесін жетілдіру
қажеттілігі туындайды;
- Экономикаға мемлекетттің араласпауының
нәтижесінде халық шаруашылығын бюджеттен
қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін төмендейтіндігі.
«Қаржы»
(санатын) категориясы басқа құндылықты
категориялардан ерекшеленеді. Қаржылардың
айрықша ерекшеліктеріне келесілер жатады:
- Қаржының қор түрінде пайдаланылуы. Қаржылар
ақшалай қорлардың қозғалысында қалыптасады.
Ал ақшалай қорлар қаржылық қатынастардың
объектісіне жатады.
- Қаржының бір мақсатқа пайдаланылуы.
Олардың нақты бір шығындарға жұмсалуы.
- Қаржылардың міндеттілігі. Бұл қаржы
ресурстары мен экономиканың қажеттіліктерімен
байланысты.
- Қаржылар эквивалентсіз болып табылады.
Қаржылық кірістер құнның біржақтылық
қозғалысының негізінде қалыптасады.
Қаржылардың құнның басқа
да категорияларымен қарастырғанда (баға,
еңбекақы, несие) бірге жалпы ерекшеліктері
бар:
- қаржы ақшалай нысанда болады
- қаржылық қатынастардың бөлістірушілік
қатынастардың жатуы
Осыған орай кез-келген қаржылық қатынастар
бұл ақша қатынастары болып табылады.
Азаматтар арасындағы саудадағы ақшалай
қатынастар қаржыға жатпайды. Қаржылар
ақшалардан мазмұны бойынша да, атқаратын
функциялары бойынша да ерекшеледі. Қаржылық
қатынастар ақшалай нысанда болғанымен
барлық ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарға
жатпайды.
Ұйымның қаржыларының функциялары:
Қаржының мәні оларды функцияларында
айқын байқалады. Функция дегеніміздің
өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі
таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының
саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер
туындауда.
Қазіргі уақытта қаржылардың 2 тұжырымдамасы
(концепциясы) кең қолданысқа келуде. Оның
бірі-бөлістірушілік, екіншісі- ұлғалмалы
өндірістік концепция.
Бірінші бөлістірушілік
тұжырымдамасын ұстанушылардың ойынша:
қаржылар қоғамдық ұлғалмалы ұдайы өндірістің
екінші кезеңінде яғни ақшалай түрде қоғамдық
өнімді бөлістіру үрдісінде қалыптасады.
Осы тұжырымдама негізінде қаржылар екі
функцияны атқарады: бөлістірушілік және
бақылаушылық функция.
Бөлістірушілк функция
арқылы қоғамдық өнім мен оның маңызды
бөлігі-ұлттық табыс бөлістіріліп, қайта
бөлістіріледі. Қоғамдық өнімді бөлістірудің
екі түрін бөліп көрсетуге болады: алғашқыбөлістіру
және қайта бөлістіру. Алғашқы бөлістіру
жағдайында қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен
орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық
шығындар мен амортизациялық аударымдар)
шығарып тасталынады және жаңадан жасалынған
құн –ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде
мемлекеттік, өндірістік аяның (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің) және халықтың
алғашқы табыстары негізінде қалыптасады.
Қайта бөлу – бұл салалық сондай-ақ аумақтық
тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектлер
бойынша қоғамдық өніммен, тұтынуды үлестірудің
сан алуан процестерін (үрдістерін) қамтиды.
Өндірісті ұлғайтуға
жұмсалатын мемлекеттің ақшалай қорларының
бір бөлігі жинақтау қоры деп аталады.
Осыған сәйкес бөлістірушілік функциясы
арқылы қаржылар қоғамдық өнімді қанағаттандырады,
ал бөлістірушілк функция арқылы қаржылардың
мәні мен мазмұны ашылады. Қаржылардың
бөлістірілуі ұдайы өндірістің басқа
да кезеңдерінде -өндіріске, айырбасқа,
тұтынуға әсер етеді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын
жақтаушылар қаржыны –бір кезеңді емес,
толығымен ұдайы өндірістің категориясы
деп есептейді. Өйткені, олардың пікірінше:
қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары
бір-бірімен тығыз байланысты яғни қаржы
өндірістік қорлардың (капиталдың айналымын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар
қаржыны айырбас категориясы ретінде
де қарастырады яғни қоғамдық өнімді бөлістіру
айырбас үрдісінде де жүзеге асады деп
есептейді. Ақша қаражаттарының қозғалысындағы
қаржылардың мәнін анықтайтын бөлістірушілік
функциямен салыстырғанда ұдайы өндірістік
тұжырымдаманы ұстанушылар қаржының мәнін
ақшалай нысандағы құнның қозғалысында
анықтайды. Қаржылардың мәнін тереңірек
түсіну үшін ұдайы өндірістік тұжырымдаманы
жақтаушылар қаржыларды келесідей функцияларын
бөліп көрсетеді.
1) ақшалай кірістер
мен шығыстарды қалыптасуын ұйымдастыру
2) ақшалай кірістер мен қорларды пайдалану
3) бақылаушылық функциясы
Бақылау сұрақтары: