Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жарғылық капиталдың минималдық көлемі түсінігі
2. Қоғамның жарғылық капиталы
3. Жарияланған капиталмен байланысын ата
2.3 Жарғылық капиталдың минималдық көлеміне әсер ететін факторлар.
Кәсіпорынның
жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз
ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның
жасаған қаражаттарының сомасы болып
саналады.
Ол
акцияларды орналастырудың немесе сатудың,
жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының,
материалдық емес активтердің және басқа
да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының
есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық
капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар
өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық
базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, қатысушылардың) қатысу
үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық
капиталына салынатын салымдары, ақша
да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік
құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық
қызметтің нәтижесіне берілген құқын
да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық
капиталына натуралды нысанда салынатын
салымдары немесе барлық құрылтайшылардың
келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың
жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік
құқықғы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай
салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі
керек., бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт
(бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілер қайта тіркелген
кезде қатысушылардың ақшалай салымыдары
бухгалтерлік құжаттармен не болмаса
аудиторлық есеп берулерімен қуатталып
бағалануы мүмкін.
Осындай
бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құрылтайшылары (қатысушылары) өздері
қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған
салымдарына субъекті кредиторларының
алдында бірлесіп жауап береді.
Егер
де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану
құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін
төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген
сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық
емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға
рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар
серіктестікке бір – бірінің қарызын
өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген
серіктестіктердің жарғылық капиталының
бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым
сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік
тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның
мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен
кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін
өздерінің жарғылық капиталының жалпы
сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге
міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының
минималды сомасынан кем болмауы керек.
Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген
мерзімде серіктестіктің барлық қтаысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен
өтеуі тиіс.
Ол
мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен
бастап саналады және ол бір жылдан аспауы
керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары
белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша
міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар
өзінің есебінен бермеген үлесінің бір
бөлігін қосуы керек, болмаса олардың
жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін
азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық
капиталының мөлшері бірыңғай валюта
көрсетілген барлық шығарылған акцияның
номиналды (атаулы) құнына тең болады.
Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған
акцияларының барлығын немесе тек бір
бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы
мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік
қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын
жарияланған жарғылық капиталының толық
төленуін қарастырады. Ашық акционерлік
қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының
кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төленуі
тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды
көлемі ашық акционерлік қоғамы үшін –
бес мың минималды есептік көрсеткіш,
ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік
көрсеткіш құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған
әрі жарияланған санының шегінде акцияны
шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар
Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық
капиталының деңгейі шығарылатын акцияның
номиналдық (атаулы) құнына тең болады.
Шығарылған (төленген) жарғылық капитал
жаңадан шығарылған немесе сатып алынған
және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі
мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның
номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір
қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден
төмен болмауы керек.
Қоғамның
жарияланған жарғылық капиталы түгелдей
төленіп және орналастырылып біткен соң
ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында
айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық
капитал азайтылады.
Жарияланған
жарғылық капиталын ұлғайту және азайту
туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында
қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден
төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық
кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын
хабарланған соң, жарияланған жарғылық
капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл
жағдайда кредиторлар өзінің алашағын
толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып
келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің
келесі құқықтарын қанағаттандырады:
-дивидендтер алуын;
-қоғамды басқаруына қатысуын;
қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті
бөлісуге қатыса алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны
шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз
ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы
құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің
тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның құқын, тек тізімге енгендер
ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы
501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Айрықша бар
акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар»
шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы»
деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің
шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай
құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының
мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің
шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың
белгіленген тәртібі болйынша жүреді,
олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында
құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер
енгізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жарғылық капиталдың ұлғаю қандай жағдайға байланысты?
2. Жарғылық капиталдың минималдық көлеміне әсер ететін факторлар
2.4 Жарғылық капиталдың өзгерісінің ережесі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Әр бір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Тақырып 3. Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері
3.1 Қарыз капиталы және оны құраушылардың сипаты.
Қарыз капиталы - кәсіпорын капиталын қаржыландырудың қарыз көзі арқылы қалыптасқан бөлігі. Корпорацияның қарыз капиталының кұрамына:
Берешекті өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады.
Алынған қарыз бен кредит бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады.
Алынған кредит пен карыз бойынша берешектің өтеу мерзімі элі келмесе немесе белгіленген тэртіппен ұзартылса (мерзімі үзартылса) берешек мерзімді деп саналады.
Алынған кредит пен қарыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.
Қарыз алушы есептік саясатқа сэйкес ұзақ мерзімді бере-шекті қысқа мерзімдіге ауыстыруга немесе өзінің иелігіндегі қарыз немесе кредит шарты бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын қарыз қаражатты көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді берешек қүрамында есептеуге қүқылы. Қарыз алушы бірінші нүсқаны тандаған жагдайда, кредит шартының ережесі бойынша алынган қарыз бен кредит бойынша ұзақ мерзімді берешекті қарыздың негізгі сомасы қайтарылғанға дейін бір жыл қалғанда қысқа мерзімді қарызға ауыстыра-ды. Қарыз алушы төлеу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді берешекті мерзімі өтіп кеткен берешекке ауыстыруга мін-детті. Қарыз алушы осы ауыстыруды шарт ережесі бойынша қарыздың негізгі сомасын қайтаруы тиіс күннен кейінгі ке-лесі күні жүзеге асырады. Акционерлік қогамға вексель беру, берілген қарыз міндеттемесі деп аталатын корпоративтік облигация шыгару жэне оны сату арқылы қарыз қаражат тарту құқығы берілген.
Қарыз алушы шетел валютасында (шартты ақша бірлігін-де) берілген немесе көрсетілген қарыз немесе кредиттің бе-решегін кредиттік операция нақты жасалган күні ҚР ¥лттық банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептейді. Қарыз алушының банкіден алынган кредитін қайтаруы бухгалтерлік есепте оның кредиторлық берешегінің азаюы (өтеуі) ретінде көрсетіледі. Кредит алумен жэне оның пайдаланумен байла нысты шығынға кредитор -банкіге төленуі тиіс пайыз кіреді. Алынған кредит бойынша жүмсалган шығын осы шығын жүмсалған кезеңнің шығысы ретінде саналады. Қарыз алушы оны операциялық шығыс күрамында есептейді.
Қысқа мерзімді кредит пен қарыз бухгалтерлік баланста қарыз алушының айналым активін қалыптастыратын қысқа мерзімді міндеттеме ретінде көрсетіледі. Алынған кредит пен қарыз бойынша берешек сомасына есепті кезеңнің соңында төленуі тиіс пайыз есептеліп көрсетіледі.
Есептелген пайыз сомасы бөлек есептеледі. Қысқа мер-зімді кредит пен қарыздың түрлері бойынша талдамалы есепті кредиттік ұйым мен қарыз қаражат беретін өзге де қарыз беруші жасайды.
Инвестициялық актив сатып алумен және (немесе) салумен тікелей байланысты алынған кредит пен карыз шығыны қарыз қаражатын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржы салымы ретінде уақытша пайдаланудан алынған кіріс мөл-шеріне азайтылады. Инвестициялық активті қаржыландырумен тікелей байланысты шығын төмендеген жағдайда мысалы, құрылыс материалдары мен жабдықтың бағасы төмендегенде, қосалқы мердігер жұмыстың жекелеген түрін (кезеңін) орындауды кешіктіргенде және басқа да осындай себептерде қарыз қаражатын салуға болады. Қарызға жұмсалған шығын алынган кірістің мөлшері есеппен расталғаннан кейін сол мөлшерге кемітілуі тиіс.
Алынған кредит пен қарызға жұмсалған шығын инвестициялық активтің бастапқы құнына:
Ұзақ мерзімді кредит пен қарыз бухгалтерлік баланста өтеу мерзімі есепті күннен кейін 12 айдан аспайтын ұзақ мерзімді міндеттеме ретінде көрсетіледі. Егер бухгалтерлік есептегі кредит пен қарыз сомасы шартқа сэйкес есепті күннен ісейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс болса, онда есепті кезеңнің соңында оның өтелмеген сомасы қысқа мерзімді міндеттеменің тиісті баптары бойынша көрсетіледі. Мүның өзінде көрсетілген мерзім осы міндеттеме бухгалтерлік есепке қабылданған айдан кейінгі күнтізбелік айдың бірінші күнінен бастап міндет-темені өтеу мерзімі туралы шарттың ережесі ескеріле отырып есептеледі.
Баланста есепті жылы өтелуі тиіс ұзақ мерзімді ретінде көрсетілген міндеттеме осы есепті жылдың басында қысқа мерзімді ретінде көрсетілуі мүмкін. Бүрын үзақ мерзімді ретіндегі есептелген міндеттемені қысқа мерзімді ретінде корсету фактісін бухгалтерлік балансқа түсіндірмеде баяндау қажет.
Есептелген пайыз сомасы бөлек есептеледі. Мерзімінде төленбеген кредит пен қарыз да бөлек есептеледі. Ұзақ мерзімді кредит пен қарыздың талдамалы есебін кредиттік ұйым мен қарыз қаражат беретін басқа да қарыз берушілер жасайды.
Ұйымның есептік саясаты жөніндегі ақпараттың құрамына:
•ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге
ауыстыру;
•қосымша шығынның
қүрамы мен оны есептен шығару;
•қарыз міндеттеме бойынша тиесілі кірісті есептеу және оны бөлу тәсілін таңдау;
•қарыз қаражатты уақытша салудан алынган кірістің есебін жүргізу тәртібі жөніндегі ақпаратты енгізу қажет.
Ұйымның бухгалтерлік есеп-қисабында:
•кредит пен қарыздың негізгі түрі бойынша берешек тің болуы жэне оның мөлшерінің өзгеруі;
Есепті кезең ішінде өтелмеген кредит пен қарыздың орташа өлшенген сомасын анықтау үшін әрбір айдың бірінші күніне өтелмеген кредит пен қарыз қалдыгы қосылады жэне алынган сан есепті кезеңдегі айлардың санына бөлінеді. Инвестициялық активтің бастапқы құнының жалпы мақсатқа арналган кредит пен қарызды пайдаланумен байланысты шыгын бөлігіне енгізілуі тиіс шығын негізгі құрал-жабдық пен мүліктік кешен объектісі арасында осы мақсатта пайдаланылган жалпы тағайындалыстағы кредит пен қарыз құнына үйлесімді бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарыз капиталы дегеніміз не?
2. Инвестициялық актив жайлы не білесіз?
3. Ұйымның есептік саясаты жайлы түсінік.
3.2 Қарыз капиталының бағасы
Қор биржасынан тартылатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда (корпоративтік облигация эмиссиясы) ұзақ мерзімді кредит қарыз алушыға мынадай артық-шылық береді:
1) эмиссиялық қүжаттамалық бағалы қағаз басып шығаруға, оны орналастыруға, қаржы делдалының қызметін төлеуге шығын жүмсалмайды;
Қарыз капиталын банк кредиті нысанында алатын көздің жэне оны алу ережесі эр түрлі болады, сол себептен қарыз қаражатты қалыптастырудың тиімділігін салыстырып бағалау қажет. Аталмыш есеп сырттан тартылатын қарыз қаражаттың күнын элементтерге бөліп есептеуге негізделеді.
Қарыз қаражаттың қүнын бағалаудың бірқатар ерекшелік-тері бар, олардың ең бастылары мыналар болып табылады: