Экономикалық және қаржылық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция

Краткое описание

Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.

Содержание

1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ф31 Касипорын каржысы лекция.docx

— 438.64 Кб (Скачать документ)

 

1.    Қаржылардың даму кезеңдерін сипаттаңыздар 
 
2.    Нарықтық экономика жағдайында қаржының ролі қандай? 
 
3.    Қаржылар қандай бағыттарға жұмсалынады 
 
4.    Қаржының нысандарының негізгі ерекшеліктерін атаңыздар 
 
5.    Қаржының функцияларын атап, оларға сипаттама беріңіз 
 
  
                                  1.3 Ұйымдар қаржыларын басқару жүйесі

 
 
                   Қаржы баға, несие, еңбек ақы  сияқты категориялармен өзара байланыста болады. Аталған категориялар бөлістіру үрдісінде де қатынасады, бірақ олардың қатынасуы әр түрлі нысанда орын алады. 
                 Бөлістіру үрдісінде қоғамға қажетті шығындармен анықталатын бағаның құннан ауытқуы орын алады. Бұл жағдайда қайта бөлу үрдісіне қаржылар қатынасып, олар құнның белгілі бір бөлігін бөліп алады(мысалы, акциздер, экспортқа және импортқа салынатын салықтар немесе кедендік төлемдер) және жетпеген құнды дотациялар арқылы толықтырады       Бағаның құннан ауытқу жағдайы мемлекет тарапынан баға саясатын жүргізу барысында (реттеушілік бағалар, әлеуметтік-төмен баға қою жағдайында) жүзеге асырылады. 
                 Қаржылар еңбекақымен тығыз байланысты. Бюджеттік аяның жұмысшыларының еңбек ақысы бюджет қаржаттарының қалыптасуымен (бюджеттің мүмкіндіктерімен) тығыз байланысты. 
                 Нарықтық экономика жағдайында бағалардың еңбек ақыға әсер етуі жиі орын алып отырады. 
                Қаржының несиемен өзара байланысы. Қаржылық және несие қатынастарында да, ұзақ және қысқа мерзімді несиелеу мақсатында ақшалай қорлар(ссудалық капитал) қалыптасып, пайдаланылады. Қаржы және несие капиталдық салымдар мен айналым қорларының қалыптасуының негізгі көзі болып табылады. Қаржылар арқылы банктердің қаржылары қалыптасады ал несие арқылы қаржылық ресурстар қалыптасады. Олардың айырмашылығы   мынада; қаржылар қоғамдық өнімді  бөлістіріп, қайта бөлетін болса, ал несие қаржы бастаған бөлістіруді жалғастыра отырып, тек қайта бөлуге ғана қатынасады.  Қаржыландыру бұл қайтарымсыз және жедел емес тәртіп бойынша қаражаттардың жұмсалуы болатын болса, ал несие- қайтарымдылық, жеделділік, төлемділік, берілген қарыз ақшалардың  материалдық қамтамасыз етілуіне бағытталады.

             Қаржылар тек қана экономикалық категория яғни ақша қаражаттарының жиынтығы ғана емес, ақша қорлары түрінде де қарастырылады. Бұл жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлуде қалыптасатын ақша қорлары немесе ақша жинақтары болып табылады.

            Бірақ қаржы қорлары (жинақтар мен қосалқы бөлшектер) мен қаржы ресурстары арасында айырмашылық бар. Қаржы қорлары   –  бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары ал қаржы ресурстары болса, ол ақшалай қаражаттардың көзі. Қаржы ресурстарының бір бөлігі мақсатты қорлармен байланысты болса, екінші бір бөлігі мақсатты сипатта қалыптаспайды(үстеме төлем, айыппұл, және т.б.).  
 
    «Қаржы ресурстары» ұғымынының екі түсінігін  бөліп қарастыруға болады: 
 
1.Шаруашылық жүргізу тәжірибесіндегі «қаржы ресурстары» ұғымы   мемлекеттің, кәсіпорындардың қармағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдарының жиынтығы түрінде қалыптасады. 
2. Жиынтық өнімнің құндық құрылымында  (С+V+m) қаржы ресурстары-  жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі болып табылады. Қаржы ресурстарының негізгі көзіне барлық 3 элементте кіреді:  С – материалдық шығындар, V – қажетті өнім (еңбек ақы), m – қосалық өнім (кіріс). C –V –өзіндік құн. 
 
         Мысалы,  (С) элементінен амортизациялық төлемдер қалыптасатын болса,  (V) элеменеті – салықтардың  көзі болып табылады,  (m)элементі –сыртық экономикалық қызметтен түскен түсімдер, кірістер және салықтар  (кедендік төлемдержәне т.б.). 
         Мемлекеттің қаржы ресурстарының негізгі көздеріне тартылған қаражаттар-несиелер де жатады.  
           Қаржы ресурстарының арттырудың негізгі факторына – қоғамдық еңбектің өнімділігін арттыру жатады яғни оның нәтижесінде өнімді өткізуден түскен түсімдер, пайда және қор қайтарымы көрсеткіштері орын алады. 
           Екінші фактор –жиынтық өнімді теңдей бөлінуі (С+V+m) яғни қоғамдық өнімді материалдық шығындардың орнын толтыру қорына бөлістіру. Бұл фактор қаржы ресурстарының негізгі көзі ұлттық табысты бөлістірудің басты көзі болып табылады. Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде қалыптасады. Орталықтандырылған түрде мемлекеттік бюджеттің қаржылары зейнетақы қорлары және бюджеттен тыс қорлар негізінде қалыптасады. Ал орталықтандырылмаған негіздегі қорларға: жинақтау, тұтыну, амортизациялық аударымдар қорлары жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.  Қаржының құндылықты категорияларымен байланысы қандай? 
 
2. Қаржы ресурстарына сипаттама беріңіз 
 
3. Ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісінің кезеңдерін атаңыз 
 
4. Бөлістіру үрдісіндегі қаржылардың ролі қандай? 
 
5. Келтірілген экономикалық категориялардың айырмашылықтарын атаңыз: қаржы, ақша, еңбекақы, баға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Ұйымның меншік капиталы

2.1 Капитал  түсінігі. Капитал түрлері, жарияланған  және алынған   капитал

       

              Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.

               Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

              Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады.             Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.

                 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері қарастырылды.

                  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.       Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

                  Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

           Кәсіпорын мүлкінің құрамы.

            Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.

           Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

             Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.

               Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.

 Кәсіпорын мүлкі оның негізгі  құралдары мен қысқа мерзімді  қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының  көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал; 

- резервтік капитал; 

- бөлінбеген кіріс. 

               Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.

                  Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

                 Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.

                   Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

 Өндірістік кооператив мүшелерінің  мүлік жарналары (үлестері).

                  Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

                    Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.Ұйымның меншікті капиталы.

 

2. Ұйымның меншікті капиталының  қасиеті.

 

3. Капитал түрлері.

 

2.2  Жарғылық капиталдың минималдық  көлемі.

 

       Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

1. кез келген қатысушының талабы  бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза  қызығушылық танытқан қатысушымен  төленеді.

2. сот шешімі бойынша. 

3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық  есеп беру бойынша. 

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  қатысушысы серіктестіктің жарғылық  капиталындағы өзінің үлесін  немесе оның бөлігін өз еркі  бойынша осы серіктестіктің бірнеше  қатысушыларына сатуға құқысы  бар. 

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  жарғылық капиталының мөлшерінің  өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының  келуі мен шығуына байланысты  болса да жарғылық капиталға  қайта есептеу жүргізіледі. 

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  жарғылық капиталының өсуі оның  толық төленгеннен кейін жүзеге  асырылады және ол мына жолдармен  жүргізілуі мүмкін:

 • серіктестіктің барлық  қатысушыларымен жүргізілген қосымша,  пропорциондалдық салымдар;

 • жарғылық капиталдың мөлшері  серіктестіктің меншіктік капиталының  есебінен, сонымен қатар оның  резервтік капиталының есебінен  өсуі;

 • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау,  нақты құны баланстық құннан  асатын. Қайта бағалау тәуелсіз  экспертпен ғана жүргізілуі керек. 

 • бір немесе бірнеше қатысушылардың  қосымша салымдарымен, егер барлық  басқа қатысушылар рұқсат етсе.

 • серіктестіктің құрамына  жаңа қатысушылар алған кезде. 

 Серіктестіктің жарғылық капиталының  мөлшерінің кемуі серіктестіктің  барлық қатысушыларының салымдарының  мөлшерін пропорционалды кеміту  арқылы жүргізіледі. 

 Қосымша жауапкершілігі бар  серіктестік – жарғылық капиталдың  мөлшері жауапкершілігі шектеулі  серіктестігіндей анықталады, алайда  бұл серіктестіктің қатысушылары  жарғылық капиталдағы өз салым  ақшаларымен оның міндеттемелері  бойынша жауап береді, ал бұл  соманың жетіспеушілігіне өз  мүліктерінің еселенген мөлшерінде  өздерінің салым ақшаларына қосады.

         Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

        Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

       Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.

          Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.

 Қарапайым акция акционерге  акционерлердің жалпы жиналысына  қатысуы кезінде барлық сұрақтарды  шешуге, ұйым таза табыс алған  кезде дивиденд алуға, сонымен  қатар қоғам жабылған кезде  заңмен бекітілген негізде қоғамның  мүлігінің бір бөлігін алуға  құқық береді.

            Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

             Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

            Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:

 • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.

 • қоғамның акционерлерінің  жалпы жиналысы қоғамның жабылуы  немесе қайта құрылуы бойынша  сұрақтарды шешуге қатысады;

 • артықшылығы бар акциялар  бойынша дивидендтер толық көлемде  оның төленуі тиіс мерзімнен  үш ай асып кеткенде.

            Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Информация о работе Экономикалық және қаржылық талдау