Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

 

Кесте 6-да көрсетілгендей Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан  облыстары мен Алматы қаласы бойынша 2012 жылда қаржылық нәтижесі бар кәсіпорындардың  көрсеткіші алдыңғы жыл көрсеткішінен  төмен болса, Ақтөбе, Атырау, Батыс  Қазақстан, Қызылорда облыстарында 2012 жылғы көрсеткіштер біраз жоғары екенін байқауға болады. Ең жоғарғы  қаржылық нэтиже Батыс Қазақстан  облысында - 195225,0 млн теңге, ең төменгі  көрсеткіш Солтүстік Қазақстан  облысында - 2044,6 млн теңге. Жалпы  батыс аймақтарында қаржылық нәтиженің  жоғары болуы мұнай газ саласының  табыстылығымен байланысты [17, 28 бет].

Экономика салаларын БСҰ-ға енуге дайындау мақсатында еліміздегі көп кәсіпорындарында ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті  стандарттарының халықаралық жүйесін  енгізу бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Кәсіпорындарымен кеңейтілген түсіндіру  жұмыстары ұйымдастырылған. 9000 сериялы  сапа менеджменті стандарттарын  енгізу бойынша бекітілген жоспар-тапсырмаға сәйкес қала және облыс аудандары  әкімшіліктері 72 кәсіпорында оқыту, 31 кәсіпорында СМС енгізу, 24 кәсіпорында  СМС сертификаттау жоспарланды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті жанында облыс кәсіпорындарының 180 9000, 14000, 18000, НАССР, 8А 8000 халықаралық  стандарттарына жедел өткізу бойынша  Кеңес құрылды.

Қазіргі таңда облыстың 54 кәсіпорны және ұйымдары 180 9000 сериялы сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізді.

Қазіргі таңда кәсіпкерліктің тиімділігн арттыру  мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері елімізде қабылдаңған 2012-2020 жылдарына арналған индустриалды-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуына қатыстырылды. Осының негізінде Қазақстан Республикасының  бір қатар аймақтарында бизнесті дамыту бойынша басымды жобалар  іске асырылды. Мысалы, Қостанай облысында  Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы жүзеге асырылуда. Осы Стратегия шеңберінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны көбейді (50 ден 77 дейін), оның ішінде жалпы құны 240,8 млрд. теңге құрайтын 13 ірі басымды жоба:

-«ССГПО»  АҚ жобасы - Рудный қаласында «Металданған  өнім шығаратын зауыт құрылысы»;

-«ССГПО»  АҚ жобасы - Рудный қаласында «ССГПО»  АҚ жылу-энергоорталығын 63 МВт  энергоблокпен кеңейту»;

-«Мұзбел»  ЖШС, «ГРК Казахстанский никель»  ЖШС жобасы -«Ферроникель жобасы»,  Жетіқара ауданы;

-«Варваринское»  АҚ жобасы - «Алтынмысты кенорнын  игеру бойынша тау-кен және  өңдеу кешенінің құрылысы», Тарановск  ауданы;

-«Казахстанско-Российская  рудная   компания»   БК  ЖШС   жобасы  -«Дрожилов  кен   орнында молибден  және  вольфрам  барлау  және  өндіру», Денисовск  ауданы;

-«Шаймерден»  АҚ жобасы - «Шаймерден кен орнында  цинк өңдеу», Қамысты ауданы;

-«АгромашХолдинг»  АҚ жобасы - «Қостанай дизель зауытында  АМЗ-МАН жаңартылған двигателінің  жаппай өндірісін ұйымдастыру»;

-«Өркен»  ЖШС Лисаковск филиалының жобасы - «Темір рудаларын бөлу, қоспалардан  айыру және байыту» Лисаковск  қаласы;

-«Казхимволокно»  ЖШС жобасы - «АРНИКС өнімінің  өдірісі бойынша технологиялық  кешенді іске қосу және жүзеге  асыру», Қостанай қаласы;

-«Лисаковск  шыны зауыты» АҚ жобасы - «Лисаковск  қаласында шыны ыдыстар зауытының  құрылысы»;

-«Приозерный»  кенінде көмір өндіруді дамыту»  жобасы, Әулиекөл ауданы;

-«Термо  Мастер» ЖШС жобасы - «Қостанай  қаласында базальт негізінде  минералды жылытқыш өндірісі»;

-«Тиолайн»  ЖШС жобасы - «Титан-цирконий өндірісі»,  Лисаковск қаласы.

Сонымен қатар, Астана қаласында 2013 жылы өткізілген инвестициялық форум, Астана экономикалық форум сияқты халықаралық шаралар  кәсіпкерліктің дамуына әсерін тигізді. Мысалы, Астана қаласында серіктес елдермен бірлескен кәсіпорындардың  санының өсуі байқалады. Бұл үрдістік өрнекті келесі кестеден көруге болады (Кесте 6).

 

Кесте 7

Серіктес  елдер бойынша бірлескен және шетелдік кәсіпорындар мен өнеркәсіп  өнімдерін өндіру (жұмыстарды, қызметтерді  көрсетулер) қолданыстағы бағамен, млн. теңге

Серіктес елдің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Барлығы

10881,2

13551,9

14766,7

19999,7

21872,8

оның ішінде: Алмания

161,9

93,6

431,4

93,9

201,8

Иран

21,8

13,9

46,2

68,5

234,3

Ресей

4740,3

5663,4

5764,8

28,3

284,3

АҚШ

2,4

-

221,3

252,2

367,7

Тэжікстан

-

-

27,4

4,1

-

Түркия

5954,8

7731,4

7181,4

15631,7

16199,0

Болгария

-

4,7

19,0

-

-

Өзбекстан

-

44,9

180,4

124,7

59,4

Канада

-

-

116,1

-

757,3

Швейцария

-

-

665,7

1500,3

2053,0

Өзге елдер

-

-

113,0

2296,0

1176,0

Е с к е р т у - Кесте 2012 жылғы Қазақстан өңірлері статистикалық жылнамасы материалдары негізінде дайындалды.


 

Көріп отырғанымыздай, жалпы өңірлік өнімнің құрылымында 2012 жылы құрылыста өндірілген өнім көлемі 225887,6 млн. теңге құрады, үлес салмағы 27,2%о құрады, алдыңғы жылдан 6,7%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы 3020,9 млн. теңгеге  өнім өндірді, үлес салмағы өзгеріссіз қалды 0,4%. Саудада 2012 жылы 127824,7 млн. теңгеге  өнім өндірілді, алдыңғы жылдан 37719,2 млн. теңгеге жоғары, үлес салмағы 15,4%. Өзге қызметтердің өндірген өнім көлемі 54387,6 млн. теңгеге атқанымен, үлес салмағы 42,7%-дан 39,6%-ға азайып отыр (кесте 7).

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін олардың экономикалық ортасын  жақсартуға арналған көптеген нақты  іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы  жасалды (сурет 8). Өйткені кәсіпкерлікті  дамыту мәселелерін тұжырымдамалы  түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін  кейбір қателіктердің алдын алуға  және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру  тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы  жүйелі іс-әрекеттер

Е с к е  р т у - қолданылған әдебиеттер негізінде құрастырылды.

 

Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады.

 

 

2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері

 

«Бірде-бір  ел немесе бірде-бір компания бәсекелестіктің  шын мәнінде қажет екенін жоққа  шығара алмайды.  Олар бәсекелік  күресті түсініп, осы өнерді игеруге  тиіс». Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық  және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің жайғасымын күшейту  проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Шетелдік компаниялар тарапынан  үдеп келе жатқан бәсекеге төтеп беру үшін біздің өнім өндірушілер жаңа қалыптасқан бәсекелік ахуалга  сәйкес жедел және стратегиялық басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге мәжбүр болып  отыр. Үкімет әлемдік дағдарыстың  ауыр салдарына жол бермеумен  қатар, жаңа өндіріс құру арқылы инфрақұрылымды жаңарту мен экономиканы әртараптандыру жобаларын іске асыруға арналған мемлекеттік шығынды арттыра  отырып, сонымен бірге нарықты  дамытуда бәсекелестік көрестің негізін  қалау міндетін қойып отыр. Қазіргі  уақытта бәсекелестікті талдау мен  бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында  осы әдістер өте төмен деңгейде қолданылады. Біздің ойымызша, бұған  осы әдістерді пайдалануға қажетті  ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті  мамандардың жоқтығы, озық консалтингтік  компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау  болып отыр.  Сонымен бірге  Қазақстанда бәсекелестік артықшылықтарды  талдау мен бағалау негізінде  компаниялар қолайлы әдісті таңдайды.

Соған қарамастан оны нақты шаруашылық жүргізу  жағдайына бейімдеуге мүмкіндік  беретін компанияны басқарудың экономикалық жағынан негізделген принциптерінің нақты жүйесі әзірленбеген. Көп жағдайда кәсіпорында сыртқы және ішкі орта факторларының жиынтығының іс-әрекетін ескеретін бәсекеге қабілеттілік стратегиялары әзірленбейді. Қазақстанда қолданылатын нарықтық механизмдердің, мемлекеттік реттеу мен қоғамдық-саяси механизмдердің Қазақстанда дамымауы және олардың тиімсіздігі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етпейді. Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру теориясы мен практикасын дамытудың практикалық және теориялық маңызы зор.  Нарықтағы бәсекелестік жағдайында қызмет тиімді жүзеге асырылса, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі өздері өндіретін өнімнің қажеттілігі мен ұдайы өндірісті кеңейтуге, инвестициялық қызметті, технологияларды жаңартуға мүмкіндік беретін төлемге қабілетті сұранысты қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет.  Аталмыш әдістер фирманың бәсекелестік стратегиясы мен оның бәсекелестік артықшылықтары негізделетін ең шынайы әрі іс жүзінде құнды нәтиже алуға ықпал етеді. жағдай кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың қолданылатын әдістемелерінің, сондай-ақ отандық кондитерлік кәсіпорындардың ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің тиімділігін едәуір дәрежеде төмендетеді.

Қазіргі кезеңде елімізде өнеркәсіптің шикізат салаларында шетел инвестицияларынтарту арқылы және қаржы саласында құрылымдық – институционалды өзгерістерді еңгізу нәтижесінде халықтың өмір деңгейі  бірте-бірте өсіп, даму сатысына жетудің  негізі қаланып отыр.

Әлемдік тәжірибеге байланысты кейбір шикізат  ресурстары мол дамышы елдер қалыпты  экономикалық дамуға жете алмай дүниежүзілік тауар нарығының конъюнктура  өзгерістеріне тәуелді болып  қалады. Бұл елдерде ертелі- кеш  табиғи байлықтары сарқылып, экономиканың қалырты дамуында беогілі қайшылықтар  туады.  Керісінше табиғи қазба  байлықтары кем болғанымен кейбір елдер  әрдайым экономиканың жаңа ҒТП талаптарына  сәйкес салаларын дамытуға ұмтылып, керемет жағдайларға жетіп жатқандарын  көріп жүрміз. Дамыған елдердің тәжірибеміне сүйенетін болсақ өнеркәсіп өндірісінің  75-100%  өсімшесіне инновацияларды қолдану  арқасында жетуге болады. Бүгінгі  таңда әлемдік экономика шеңберінде ғылыми сыйымды өнім өндірісі бар  болғаны 50-55 макротехнолдогиялары қамтамасыз етеді. Жеті дамыған елдер осы  маротехнологиялардың 46-сын иемденіп, жоғары технологиы нарығының 80% -ын қолдарынды ұстап, соның нәтижесінде әр жылы осы өнімді экспорттау арқылы АҚШ-700, Германия – 530, Жапония –400 млрд. доллар көлемінде пайда табады. Осыған байланысты еліміздің болашағы ішкі түрлі мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, ғылыми сыйымдылығы  мол өндіріс салаларын дамыту мен байланыстырымыз. Стратегиялық дамы мүддесіне сәйкес ҚР шикізат  секторының даму деңгейіне тәуелділігінен алыстап, жоғары технологиялық тауарлармен  қызметтерді экспортқа бағыттау жүйесіне ауысуы қажет.

Әлемдік экономиканың ғаламдану сатысында  еліміздің экономикасында өзінің шешімін  күтіп  тұрған бірнеше мәселелерді  атап көрсетуге болады. Оларға экономиканың шикізатқа бағытталуы; әлемдік экономика  жүйесінде еліміздің ішіндегі салаарлық  және аймақаралық интеграцияның  әлсіздігі, ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметтерге деген  тұтынушылар сұранымының кемдігі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы технологиялық және техникалық деңгейде артта қалуы, ғылым мен өндірістің тиімді өзара байланыстарының үзілуі, ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкциялық жұмыстарға қажетті көлемде қаржының бөлінбеуі т.с.с. жатады.аталған мәселелерді шешу жолдарының негізі ретінде Қазақстан Республикасының 2012-2020 жылдары индустриалды-инновациялық стратегиясын іске асыру нәтижелерінде ұлттық инновациялық жүйе құры болып табылады. Бұл жүйенің негізгі элементтеріне  ғылыми-техникалық саласы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі және инновациялық инфрақұрылым жатады.Әр элементтің атқаратын ролі өте маңызды, дегенмен біз алдымен  ұлттық инновациялық жүйеде бастапқы элемент  ретінде кәсіпкерлердің инновациялық қызметін сипаттап, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында кездесетін мәселелерді зерттеп, оларды шешу бағыттарын анықтаймыз.

Жалпы алғанда  аталған салалардағы кәсіпкерлердің инновациялық қызметіне зертеу мен  өндірісті жаңа технологиялық деңгейде дайындау мен ұйымдастыру, жаңа өнімдерді  жоьалау, оларды өндіру алдындағы жұмыстарын жүргізу. Жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс  істейтін мамандарды қайта оқытып үйрету, нарық конъюнктурасын алдын ала  сараптау, жаңа өнімнің өміршендік цикл ұзақтығын анықтау мақсатымен маркетингтік зерттеулер жүргізу, өндірісті  қайта жарақтандыру үшін алдыңғы  қатарлы машиналар, жабдықтар, технологиялық  желістерді сатып алу, лицензиялар, ноу-хау, патент бойынша құқықтарды иемдену тағы т.с.с. жатады.

Бүгінгі күні барлық елдерде мемлекет тарапынан  негізгі экономикалық процестер  белсенді реттеледі. Сонымен қатар  дамыған елдердің бұл мәселе бойынша  тәжірибесіне үңілсек, онда нарық механизмінің іске асу әдістері әлсіз салаларында  экономикалық процестер мен құбылыстар мемлекет тарапынан реттелуі тиіс екенін байқаймыз. Басқа сөзбен айтқанда инновациялық қызметті ынталандыру, ұлттық инновациялық жүйеніің қарқынды дамуына нарықтық механизмнің тигізетін әсері  жеткіліксіз болып отыр. Жеңіл  және тамақ өнеркәсібіндегі инновациялық қызметті осы аталған салаларға  жатқызуға болады, ойткені өнеркәсіптің бұл салалары алдыңғы қатарлы  салаларға жатады, ондағы инновациялық қызметтің экономикалық  тәуекелдігі  өте жоғары, капиталдың айналымдағы  ұзақ жаңа еңгізулердің құны жоғары, жаңа өндірілген өнімге деген тұтынушылардың төлемді сұранысы төмен, квалификацыялы мамандардың жетіспеуі , кәсіпорындардың  қаржылық тапшылығы т.с.с. мәселелер  нарықтық өзін-өзі реттеу механизмдер  арқылы шешілмей отыр.

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде