Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Өткізілуі қиын және өткізілуі жеңіл активтердің  қатынасы. Активтер «сапасын» сипаттайды(ұтымды немесе жеткілікті шамасы барынша төмен).

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының нақты ақшаға айналу жылдамдығына тәуелді. Әртүрлі активтің айналым  жылдамдығы әртүрлі болады.

Құралдардың айналымда болу ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы факторлардың жиынтық  әсеріне байланысты анықталады (қызмет ету аясы, сала, кәсіпорынның ауқымы, экономикалық жағдай және т.б.). Капитал  айналымының ұзақтығы капитал құрылымына да тәуелді. Негізгі капиталдың үлесі  жоғары болған сайын, оның айналымдылығы  бәсеңдейді, керісінше, айналым активтерінің үлесі жоғарылаған сайын капиталдың жалпы айналымы жылдамдайды.

Активтердің айналым коэффиценті жиынтық  активтердің айналым жылдамдығын  сипаттайды.

Ағымдық активтердің айналымдылық коэффиценті  ағымдық активтердің айналым  жылдамдығын сипаттайды.

Дебиторлық  қарыздың айналымдылығы сатудан  түскен табыс пен орташа дебиторлық қарыздың айырмасы.

Дебиторлық  қарыздың жалпы ағымдық активтердегі үлесі. Ағымдық активтердің қүрылымын  көрсетеді.

Күмәнді дебиторлық қарыздың үлесі. Актив «сапасын» сипаттайды.

Қор айналымдылығы. Кәсіпорындағы тауар материалдық  қордың айналымдылығын көрсетеді.

Қор сақтау мерзімі қордың жинақталуын (азаюын) білдіреді.

Әрбір кәсіпорын  қызметінің нәтижелілігі абсолютті  және қатысты көрсеткіштер көмегімен  бағалануы мүмкін. Абсолютті көрсеткіштер арқылы бірнеше жылдардағы табыстылықтың (жиынтық, таза, бөлінбеген) әртүрлі  көрсеткіштерінің динамикасын талдауға болады. Алайда ондай есептің экономикалық мәні болмайды. Қатысты көрсеткіштер инфляция әсеріне берілмейді, өйткені табыс пен салынған капиталдың (меншікті, инвестициялық, несиеге алынған жжәне т.б.) әртүрлі қатынасын білдіреді. Аталған көрсеткіштердің экономикалық мәні кәсіпорынның тиімді жұмысын, әртүрлі бағыттағы қызметтен табыстылығын, шығындардың қайтарымдылығын (өндірістік, кәсіпкерлік, инвестициялык) сипаттауында. Бұл көрсеткіштер шаруашылықтың ақырғы нәтижелерін толығымен сипаттайды, өйткені олардың шамасы қолда бар немесе қолданылған ресурстармен болған әффектінің қатынасын көрсетеді.

Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі бар, олардың  ішінде активтер (мүлік) рентабельділігінің коэффиценті. Бұл коәффициент кәсіпорынның активке салған әрбір теңгесінен қандай пайда алатынын көрсетеді. Талдау мақсатындажиынтық актив рентабельділігімен қатар, ағымдық активтер рентабельдшігі де анықталады. Қаржының тиімді пайдаланылуын бейнелейтін көрсеткіш инвестиция рентабельділігі. Бұл инвестицияны «шеберлікпен» басқаруды бағалау тәсілі ретінде қарастырылады. Төленетін салықтың көлеміне кәсіпорын басшыларының әсер ёте алмайды, сондықтан көрсеткішті дәлдікпен есептеу үшін салық төленгенге дейінгі пайда шамасы қолданылады.

Капитал иелері (акционерлер, құрылтайшылар) пайда  алу мақсатында каржысын кәсіпорынға  салады, сондықтан олар үшін шаруашылық қызмет нәтижесінің ең жақсы бағасы болып капиталға салудан түскен пайда табылады (меншікті капитал  рентабельділігі).

Келесі  маңызды коәффициент - өткізілген өнім рентабельділігі. Аталған коәффициенттің мәні өткізілген өнімнің әрбір теңгесінен кәсіпорын қандай пайда алатынын көрсетеді. Оның төмендеу үрдісі кәсіпорын  бәсекеқабілеттілігін баңалауда ескертпе болады, өйткені оныі өніміне деген сұраныстың төмендеуін болжамдауға мүмкіндік береді.

Келтірілген рентабельділік коәффициенттерінің өткен  жылдар көрсеткіштерімен немесе басқа  кәсіпорын көрсеткіштерімен салыстырғанда  ғана практикалық пайдалылығы болады.

Көрсеткіштердің бесінші тобы еңбек ресурстарының  тиімді пайдалануын сипаттайды. Кәсіпорынның әлеуметтік әлеуетін келесі көрсеткіштермен  көрсетуге болады:

-еңбекақы;

-кәсіпорынның  жұмысшылар санының орташатізімдік  саны;

-орташа  айлық еңбекақы;

-1 теңге  еңбекақыға келетін өндірілген  өнімнің көлемі;

-кәсіпорын  кадрларының қүрылымы;

-еңбек  тәртібінің деңгейі;

-компьютерлік  сауаттылық деңгейі;

-кадр  тұрақтылықтың коэффиценті;

-кадрлардың  шығармашылық белсенділігінің коэффиценті;

-жаңашылдықтарды  көтермелеуге жүмсалатын жалпы  шығындар. Талдау үшін бастапқы  ақпарат болып бухгалтерлік есептіліктің стандартталған формалары табылады.

Қарастырылған көрсеткіштер жиынтығы абсолютті болып  табылмайды. әрбір нақты жағдайда ол резервтер мен тұтынушылардың жаңа талаптарын сипаттайтын жаңа көрсеткіштермен  толықтырылады. Сонымен қатар, кәсіпорын  бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тұрақты тұрде бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын көрсеткіштерді талдау және қызметтің тиімділігінің экономикалық бағасын жүргізу қажет. Сондықтан  тәжірибеде маркетингтің прогрессивті бағыты болып табылатын бенчмаркинг  бағытын пайдалану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН  ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау

 

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілеттілік  кез-келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы және шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады.

Бәсекеге  қабілетті экономиканы  құруда сәттілікке жету қажетті әлуетті жинақтауға мүмкіндік беретін бірқатар сатыдан өтумен сипатталады.

Өзгерулердің   бастапқы сатысында тұрған елдер бәсекеге қабілетті тауарларды өндіретін салалардың тар шеңберінің болуымен сипатталады. Бәсекелестік артықшылықтарына негізінен табиғи қорлар және арзан жұмыс күші сияқты негізгі факторлар есебінен қол жеткізіледі

Қазақстан нарықтық-бағдарлы экономиканы дамыта отырып, дүние жүзілік деңгейде өзінің қандай  орында екенін білгісі келеді. Ауқымды экономикада ұлттар өзінің өмір сүру деңгейі өсуі мен тұрақтылығына  қол жеткізу үшін бәсекелеседі.

Монополияға қарсы жаңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер  екі принципті басшылыққа ала  алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден “парасаттылық  принципін” ұстау. Өйткені көп жағдайларда  трестерге қарсы заңдардың ресми  жалпы түрде жазылғаны сонша  АҚШ федералдық соты осы заңның қолдану  сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты  жатқыза алады. Сондықтан “парасаттылық  принципі” бойынша тек жөнсіз, ақылға сйымайтын сауданы шектеулер  ғана Шерман заңының қолдану сферасына  жатады. Бірақ ақылға сыйымсыз шектеулер  деп нені есептеуге болады? Бұл  мәселелердің бәрі трестерге қарсы  заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді.

Бәсеке заңы әсер ететін маңызды  бағыттар:

  1. Бәсеке тепе-теңдік бағаны қалыптастыруға жағдай жасайды. Егер, баға төмендесе, онда сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен жоғары болып, сатып алушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде баға көтеріліп, сұраныс пен ұсыныс қайта теңеседі. Ал, баға өскен жағдайда, сүраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен төмендеп, сатушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қайта теңескенге дейін баға төмендейді.
  2. Тауар өндіру мен өткізудің қоғамдығ қалыпты жағдайларын қамтамассыз етеді. Жалпыға бірдей «Ойын ережесін» басшылыққа алма.ан тауар өндірушілер зиян шегеді. Мысалы: жетілген бәсеке кезінде жоғары пайда алу мақсатынада сатушы бағаны өсірсе, онда сол тауарға сұраныс көлемі төмендеп, пайда мөлшері азаяды.
  3. ҒТП-ны ынталандырады және өндірістің тиімділігін арттырады. Бағалық бәсекеде кім төмен бағада өнім сатса, сол бәсекеге қабілетті болып табылады. Бірақ бағаның төменгі деңгейі барлық шығындарды өтеп қана қоймай, жоғары пайда алуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпкер өндіріске жаңа техника мен технология енгізеді, еңбек процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздейді. Яғниғ ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Хайектің пікірінше: «Бәсекеге арқа сүйген қоғам басқаларға қарағанда өз мақсатына сәтті жетеді. Бәсеке өнімдерді қалай тиімді өндіруге болатынын көрсетеді».
  4. Рыноктық субъектілердің бәсекелік күресі әлеуметтік – экономикалық теңсіздікті күшейтеді. Бәсекеге қатысушылардың мүмкіншіліктері (қаржылық, ресурстық, меншіктің болуы) әртүрлі екендігін ескерек, үлкен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі жоғары болуы заңды.
  5. Рыноктық шаруашылықтың монополиялануына әкеледі. Шағын кәсіпорындар бәсекелік күреске шыдамай банкрот болады немесе өзара бірігеді. Нәтижеде ірі бизнестің рөлі артып, жетілген бәсеке жетілмеген бәсеке типіне ауысады.

Қазақстан Үкіметі «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» жаңа заң  жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды. Айта кету керек, бұдан бұрын Қазақстан  Үкіметі «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заң жобасына толықтырулар мен өзгертулер әзірленіп, 2010 жылы сәуірдің 29-ында ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізген болатын. Алайда, оны қарау барысында Мәжіліс  депутаттары тарапынан заң жобасы бойынша бірқатар ескертулер мен  ұсыныстар туындады.

Осыған  байланысты Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын  ескере отырып, заң жобасын біршама  пысықтады. Бұдан басқа, Қазақстан  Президентінің ағымдағы жылғы Қазақстан  халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі  іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Үкіметінің 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 96.3-тармағына  сәйкес Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің  қатарына кіру стратегиясының міндеттерін  заңнамалық қамтамасыз етуді іске асыру  мақсатында Үкімет көрсетілген заң  жобасын жаңа редакцияда әзірледі және қарауға енгізді. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан  Заңын қолдану үдерісінде монополияға  қарсы органның құзыретін шынайы түрде күшейту, сондай-ақ нарық субъектілерінің  келісімдерді, экономикалық шоғырлануды, кемістіктерді жоюды жүзеге асыру  үдерістерін дәл мемлекеттік  реттеу және көрсетілген Заңның кейбір нормаларын басқа нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес келтіру қажеттілігінің туындауы заң жобасын әзірлеудің негізгі себептері болып табылады [16].

Бұдан басқа, экономикалық шоғырлануды реттейтін  нормалар дәл белгіленді. Сондай-ақ нарық субъектілерінің монополиялық қызметті, бәсекеге қарсы іс-әрекеттерді  жүзеге асыруына, нарық субъектілерінің  үстем жағдайын теріс пайдалануына және келісілген іс-әрекеттеріне тыйым  салулар белгіленді. Ерекше қатынастары  бар нарықтың бірнеше субъектілерінің  монополистік қызметінің алдын алу  және жолын кесу үшін «адамдар тобы»  деген ұғым енгізіледі.

Жаһандану Қазақстан қоғамында болып жатқан барлық процестерге дерлік біртіндеп  әсер етуде. Кезең-кезеңімен еркін  сауда саясатын жылжыту жүзеге асырылуда. Бірқатар секторлардың өндірістерін трансұлттық  ету процесі күшейіп отыр. Қазақстанның ақпарат кеңістігі бірыңғай ақпараттық кеңістікке барынша кірігуде.

Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын  ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа  қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда саясатының объективті қажеттігі  анық.

World Bank`s Doing Business рейтингі бойынша, еліміз 2011 жылғы 58-ші орыннан 2012 жылы 47-ші (кей жерде 56-шы) орынға, 2013 жылы 49-шы орынға ауысқан. Қазақстан  Global Competitiveness бәсекеге қабілеттілік  рейтингі бойынша 2012 жылы 72-ші  орында тұр. Еліміз 2013 жылы бизнес  ашу жөнінен 25-ші орынға көтерілген. Дүниежүзілік банк 2012 жылы елдегі  бизнес үшін қажетті жағдайлардың  жасалғанын жариялады. Кеңестік  дәуірден кейінгі кеңістіктегі  елдер арасында Index of Economic Freedom рейтингіне  сәйкес 2012 жылы мынадай көрініс  орын алған болатын: Эстония  - 12-орын, Литва - 22-орын, Армения - 32-орын, Грузия - 35-орын, Латвия - 41-орын, Қырғызстан - 79-орын, Молдавия - 81-орын, Тәжікстан - 98-орын (кесте 3).

 

Кесте 3

Index of Economic Freedom рейтингісіндегі Қазақстан  Республикасының орыны

БЖИ-дің бағалау өлшемдері

Қазақстан

Мексика

Түркия

Индонезия

2011

2012

2011

2012

2011

2012

2011

2012

Базалық талаптар

57

66

53

56

67

63

75

82

1-фактор: институттар

73

80

76

85

54

55

60

63

2-фактор: инфрақұрылым

67

71

57

61

61

59

78

91

3-фактор: макроэкономика

14

15

55

35

101

83

73

89

4-фактор: денсаулық сақтау мен  бастауыш білім беру

83

94

27

55

75

77

93

78

5 фактор: Бизнестің даму үшін жағдайлар

75

85

54

54

42

41

41

43

6 фактор: инновациялар

58

53

66

68

56

51

55

52

Е с к е р т у- кесте автормен қолданылған әдебиеттер негізінде құрылды

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде