Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Әдебиетті талдау бәсекеге қабілеттілік үшін бәсекелік  артықшылықтарды құру, дамыту және ұстап тұру үрдісі маңызға ие. Ел бәсекеге қабілеттілігін түсіндіру  әрекеттері, сол елдің фирмалары  өз саласында бәсекелік артықшылықтарды  қалай құру және ұстап қалу себебін  дұрыс түсінбегендіктен және жеке алынған  фирмалардың саясатын құруда оның жалпыұлттықэкономикалық  міндеттерге жатқызылмағандығынан сәтсіз- дікке үшырады.

Сондықтан, бәсекеге қабілеттілік түсінігіне анықтама беруде оның әр субъектке қатысты  ерекшелігін айқындау маңызды.

Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі бәсекелі нарықта  тұтынушының белгілі қажеттілігін тиімді қанағаттандыру қабілеті деген  көзқарас барынша кең тараған.

Е.А.Горбашко өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  деп «оның белгілі нарықта  және уақытта сапа көрсеткіштері  мен тұтынушының аталған өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығыны бойынша нақты тұтынушының талаптарын қанағаттандыру қабілетін» түсінеді. Сонымен қатар, автор бәсекеге қабілеттіліктің абстрактілі ұғымы болмайды, ол тек нақты нарыққа қатысты қолданылады деп атап көрсетеді [4, 25 бет].

Келесі  көзқарасқа сүйенсек, тауар бәсекеге қабілеттілігінің басты сипаты аталған  тауардың бәсекелес тауарға қатысты  бәсекелі артықшылық беретін ерекшелігінің  болуы.

В.Г.Золотогоров  тауардың бәсекеге қабілеттілігін «нақты қоғамдық қажеттіліктерге және баға сәйкестігі дәрежесі бойынша басқа  өндірушінің ұқсас тауарынан  айырмашылығын көрсететін, аталған  тауардың тұтынушылық қасиеттерінің  жиынтығы» деп қарастырады [5, 118 бет].

М.А.Татьяненко және А.Н.Литвиненко бәсекеге қабілеттілікті «нақты қоғамдық қажеттілікке және оған кететін шығынның сәйкестік дәрежесі бойынша бәсекелес тауардан ерекшелендіретін сипаты» деп түсінеді.

Аталған көрсеткіш неғұрлым тартымды және оны  көптеген авторлар ұстанады. Шынында  да, бәсекеге қабілеттілік тауардың бәсекелес  тауарға қатысты салыстырмалы сипатын  білдіреді, осы салыстыру, біздің пікірімізше, бәсекеге қабілеттілік түсінігінің  негізгі ерекше сипаты. Тауар «сапалы  және құндық сипаттағы жиынтыққа», керемет тұтынушылық қасиеттерге  ие болуы мүмкін, алайда оның бәсекеге қабілеттілігін тек басқа тауармен салыстыру кезінде бағалауға  болады. Сондықтан, біздің ойымызша, тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау негізінде  аталған тауардың бәсекелес тауардан ерекшелендіретін, өз кезегінде тұрақты  сұраныспен қамтамасыз ететін қасиеттер  жиынтығы болу керек.

Е.А.Горбашко тауар бәсекеге қабілеттілігі мен  өнім бәсекеге қабілеттілігін бөліп  қарауды ұсынады. Оның пікірінше, өнім мүмкін болатын бәсекеге қабілеттілікке ие, ал нақты бәсекеге қабілеттілікке тек тауар ие. Сондықтан, бәсекеге қабілеттілік - кең ұғым, өйткені  өткізуге байланысты факторларды енгізеді. Сонымен қатар, автор бәсекеге қабілеттілік түсінігінің мәні тек басқа тауармен салыстыру емес, «нақты шамалар бойынша  нақты айырмашылықтарды көрсетуде» деп есептейді. Одан басқа, «бәсекеге  қабілеттілікті анықтауда тұтынушының  шығыстарын ескеру қажеттігі» айтылады [4, 35 бет].

Жоғарыда  айтылғандарда біздің пікірімізше, ерекше назарға мүмкін және нақты  бәсекеге қабілеттілікті бөліп қарастыру  тезисі лайық. Соңғы бөлшектеу артық  секілді. Біздің ойымызша, тауардың бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес тауарға  қатысты салыстырмалы сипаттармен  анықталуы аталған түсінікті  жеткілікті дәрежеде нақты көрсетеді. Бәсекеге қабілетті тауар деп  нарықта тұрақты «тауашасы» немесе нарықты жаулап алуда әлеуетті мүмкіндігі бар тауарды айтуға болатынын  қосуға болады.

Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі мен фирманың бәсекеге қабілеттілігі өзара тығыз  түсініктер, тіпті олардың бір-бірінен  айырғысыз екенін батыл айтуға болады. Соған қарамастан аталған түсініктер тең емес.

Фирманың  бәсекеге қабілеттілігі анықтамасына қатысты тәсілдерді екі топқа  бөлуге болады.

Бірінші тәсілге сәйкес, фирма бәсекеге қабілеттілігі  оның бәсекеге қабілетті тауар өндіру қабілетімен анықталады.

«Басқару  проблемалары бойынша Еуропалық  форум» (European Management Forum - EMF) фирма бәсекеге қабілеттілігі деп «бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша  тұтынушы үшін бәсекелестің тауарынан  гөрі тартымды тауарларды өндіру, әрекет етуге тура келетін жағайларда жобалау, дайындау және өткізуде компанияның  нақты және әлеуетті қабілетін» есептеуді  ұсынды .

Екінші  тәсіл, фирма бәсекеге қабілеттілігі  түсінігін оның қызметінің сапалылық  сипатымен байланыстырады (нарық  үлесі, қызмет ету тиімділігі, басқару  тиімділігі және т.б.).

Мысалы, В.Г.Золотогоров фирма бәсекеге қабілеттілігі  түсінігінде мыналарды бөліп  көрсетеді: «шығындарды азайту, сапаны жоғарылату, жаңарту мүмкіндігі, өндірісті  кеңейту, тұрақты нарық үлесі, яғни неғұрлым жоғары табыс алу мүмкіндігін  қамтамасыз ететін артықшылықтарға (экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық) кәсіпорынның ие болуы». Бәсекеге қабілеттілік жоғары болған сайын сату көлемін кеңейту  және пайданы өсіру бойынша мүмкіндік  көбейеді [5, 33 бет].

Ұқсас көзқарасты Л.Н.Толстов та ұстанады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін «бәсекелі  нарық жағдайында тиімді шаруашылық ету және өндіретін өнім немесе қызметтің  пайдалы өткізу қабілеті» деп  анықтайды. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі  бәсекеге қабілетті тауар немесе қызметтің бар болған жағдайында мүмкін, өйткені соңғысы нарықты  жаулап алудың алғышарттарын қалыптастырады [6, 27 бет].

Шындығында, фирманың бәсекеге қабілеттілігіне  анықтама беруде айтарлықтай айырмашылық  жоқ, өйткені бәсекеге қабілетті  тауар бәсекелестікте басқа тауарлармен  нарықта алға жылжуын білдіреді, ол тек өндіруші фирма аталған  тауарды қажетті сипаттамалармен  қамтамасыз етіп қана қоймай, оны сатудан  жеткілікті пайдаға ие болғанда ғана мүмкін. Соңғы жағдай өндірістің белгілі  тиімділігі мен тұрақты бәсекелік  артықшылықтарды білдіреді.

Бәсекеге  қабілеттілік проблемасына арналған әдебиеттерді талдау, айтарлықтай ерекшелігі фирманың бәсекеге қабілеттілігі мен тауардың бәсекеге қабілеттігі анықтамаларында  емес, бәсекеге қабілеттілікті арттыру  облысындағы ұсыныстарда болып  тұр.

Осы жерде  біз бірінші алдын-ала қорытынды  жасай аламыз: абстрактілі бәсекеге қабілеттілік жоқ, тек нақты бәсекелік  артықшылықтар түсінігі бар, бір  жағынан, аталған тауарды бәсекелес  тауардан ерекшелендіреді, екіншіден -өндіруші фирманың жоғары пайдамен нарықта  өз тауарын жылжытуда мүмкіндік  береді.

Жалпы экономика  деңгейінде бәсекеге қабілеттілік проблемасына арналған зерттеулер аз, олардың көбі шетел авторларына тиісті. Проблемаға көзқарастың барынша тұрлілігін айта кеткен жөн.

Неғұрлым  кең таралған пікір, елдің бәсекеге қабілеттілігі «әлемдік шаруашылық үрдістің қатынасушысы ретінде халықтың өмір сүру деңгейін тұрақты өсіруді  қамтамасыз ету қабілеті» деп  түсіндіріледі, аталған елдің фирмалары ұлттық ресурстарды тұрақты өсуші қайтарымдылықпен пайдалануға қабілетті.

Аталған көзқарас экономиканы дамыту мақсаты  мен оның бағыттары және жүзеге асыру  әдістерін біріктіруге тырысуды көрсетеді. Өмір сүру деңгейін өсіру - барлық ұзақ мерзімді экономиканың стратегиялық мақсаты екені сөзсіз. Алайда, экономиканы  дамыту мақсаты сан түрлі, нақты  жағдайларға және уақыттық кезеңдерге тәуелді мүлдем басқа тактикалық міндеттер басым болуы мүмкін, сәйкесінше оларға қол жеткізу әдістері де басқа болады.

Бәсекеге  қабілеттілік проблемасы бойынша жүргізілген  әдебиеттерді талдау аталған пікірлерді бес негізгі топқа біріктіруге  мүмкіндік береді:

1. Макроэкономикалық  тәсіл.

2. «Мемлекеттік»  тәсіл.

3. Микроэкономикалық  тәсіл.

4. Ресурстық  тәсіл.

5. Әлеуметтікмәдени  тәсіл.

6. Бәсекелік  артықшылықтар концепциясы.

Ұсынылған тәсілдерді жекелеп қарастырайық. Макроэкономикалық  тәсілге сәйкес елдің бәсекеге қабілеттілігі  оның әлемдік экономиканың өзгермелі  жағдайларына жедел бейімделу қабілетін  білдіреді. Ал бұл бірінші кезекте  төлем балансының жағдайы, мемлекеттік  бюджеттің дефициті және мемлекеттік  қарыз көлемі, валюта бағамының тербелісі  және т.б. көрсеткіштерден білінетін  елдің «экономикалық саулығына» тәуелді. Сөйтіп, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу себептері  экономикалық саясаттың дұрыс еместігімен, әлемдік нарықтардағы қолайсыз экономикалық конъюнктурамен түсіндіріледі .

Аталған пікір кең таралған және ресми  құжаттарда кеңінен бейнеленеді, атап айтқанда, 1980-ші жылдардың аяғы мен 1990-шы жылдардың басындағы АҚШ-тың  экономикалық консультанттар президенттік Кеңесінің барлық есептерінде орын алған [7, 95 бет].

Макроэкономикалық тәсіл экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тауардың бәсекеге қабілеттілігіне  Ұқсас түсіндіретінін байқау қиын емес. Тауар өзінің тауарлық тобында нарықтың қанша үлесін алатынына байланысты анықталса, елдің бәсекеге қабілеттілігі  оның басқа елдермен қаншалықты табысты  өзара әрекет етуінен көрінеді: сауда  және төлем балансының көрсеткіштері  жақсарса, экономика бәсекеге қабілетті, ал нашарласа, бәсекеге қабілеттіліктің  төмендегені.

Сәйкесінше, қандай да проблеманы қолайлы экономикалық орта құруға бағытталған макроэкономикалық  реттеу әдістерімен шешуге болады деп  есептеледі. Ол үшін валюта-қаржылық, ақша-несие, фискалдық саясат тетіктерін қолдану  қажет. Үкімет өз құзіретіне енетін міндеттермен айналысуы керек, ал ұлттық өнеркәсіп  жағдайы (технологиялық, ұйымдастырушылық және т.б.) жеке сектордың мәселесі.

Мемлекеттік тәсіл бойынша экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бірінші кезекте, үкіметтік  саясат қамтамасыз етеді, атап айтқанда, әкспорт пен импортты реттеу, халықаралық  саяси және экономикалық ұйымдарда  үкіметтің ұлт мүддесін қорғау дәрежесіне тәуелді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі  «ұлттың болашақ ауқаттылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болғандығынан бірінші кезекте ұлттық басымдылық» болуы тиіс.

Бұл тәсіл  іскер топтың бәсекеге қабілеттілікке көзқарасын білдіреді. Бәсекеге қабілетті  болу үшін бірінші кезекті ұлттық басымдылық болуы тиіс деген түжырыммен келіспеу қиын. Алайда ұлттық басымдылықтар  әртүрлі қабылданып, әртүрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл  шеңберінде халықаралық бәсекеліктің әрекеттілігі мен тиімділігі фирмалар немесе ірі трансұлттық корпорациялармен емес, мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Ұсынылатын қүралдардың негізгі  қүрамы ішкі және сыртқы нарықтардағы протекционизм шараларынан, әкспортты  салықтық ынталандыру, субсидия беру және т.б.тұрады.

Микроэкономикалық тәсіл бойынша экономиканың бәсекеге қабілеттілігі барлық деңгейдегі басқарудың тиімділігімен анықталады. Бұл тәсілді  көптеген шетел авторлары, оның ішінде белгілілері Л.Турроу, Б.Скотт, Р.Хайес  және басқалар ұстанады. Оның үстіне әртүрлі  деңгейдегі менеджмент құрылымдарымен қағидаттары институционалды және ұйымдастырылуында бір-біріне сәйкес келуітиіс.

Сондықтан, отандық тауарларды әлемдік нарықтарда жылжытудағы проблемалар басқарудағы  ескірген тәсілдерден немесе жеке сектор мен үкіметтік институттардың ел басқаруындағы менеджмент деңгейінің сәйкес келмеуінен туындайды.

Елдің мәдени, әлеуметтік және басқа да даму ерекшеліктерін бейнелейтін «менеджменттің ұлттық үлгісі» деп аталатын идея алға тартылады.

Ресурстық тәсіл. Елдің бәсекеге қабілеттілігі  арзан табиғи ресурстардың және жұмыс  күшінің болуымен анықталады.

Гарвард бизнес мектебінің профессоры М.Портер жүргізген экономиканың бәсекеге қабілеттілігін кешенді зерттеуі барынша қызықты. Бұл зерттеудің құндылығы проблемаға жаңадан келуде емес, зерттеудің сипатында  болып отыр. Ол бірнеше елдің ондаған  ғалымдары орындаған бәсекеге қабілеттілік проблемасын зерттеу бойынша  кешенді жобаның нәтижесі.

М.Портер елдің бәсекеге қабілеттілігін түсіндірудің сәтсіздігі проблемаға дұрыс келмегендіктен екенін атап көрсетті. М.Портер «елдің бәсекеге қабілеттілігі» нақты ештеңе білдірмейтін түсінік ретінде одан бас тартудың қажеттілігі туралы қорытындыға келеді. Басты назар  бәсекелік артықшылықтар қалыптастыруды (құру, дамыту және ұстап тұру) талдауда болуы керек. «Аталған елдің фирмалары  бәсекелік артықшылықтарды қалай  құру және сақтап тұру себептерін түсіну, тек жеке фирманың саясатын жасауда  ғана емес, жалпыұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін дұрыс әрекет» [8, 98 бет].

Бәсекеге  қабілеттілікпен байланысты проблемаларды  талдауда, «ел», «өнеркәсіп» сияқты ғаламдық категориялардан неғұрлым тар «сала» түсініктеріне көшу өнеркәсіптің жеке қүрылымдық құрамының бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдауға және оны арттырудың факторларын бөлшектеп  қарастыруға мүмкіндік береді.

Осындай тәсіл «тауардың бәсекеге қабілеттілігі», «фирманың бәсекеге қабілеттілігі» және «елдің бәсекге қабілеттілігі» түсініктерін бірге байланыстырады, өйткені бәсекелік артықшылық екіжақты түсінік. Тауар басқа тауарлармен салыстырғанда бәсекелік артықшылықтарға ие болғандықтан нарықта тұрақты орны бар, фирма даусыз бәсекелік артықшылықтарға ие болғандықтан нарықты жаулап алады, ел бәсекелік артықшылықтарды қалыптастырып және ұстап тұрғандығынан ауқаттылық деңгейі өсуде.

Бұл бәсекеге қабілеттілік түсінігін экономикалық даму мақсатымен алмасуының болмайтынын  білдіреді. М.Портердің ұсынған маңызды  тезисі бәсекеге қабілеттілік түсінігі тек фирмаға қатысты қолданылатынынан тұрады. Халықаралық нарықта мемлекет емес, фирма және салалар (қаржы өнеркәсіптік топтар) бәсекелестікке түседі. Фирманың бәсекелестіктерімен сайысындағы  табысы елдегі жағдайға тәуелді, яғни фирманың бәсекелік артықшылықтарды  қалыптастырып және ұстаптұруы үшін мемлекет қолайлы немесе қолайсыз экономикалық ортаны қалыптастырады. Тек осындай  кезде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, жалпы елдің бәсекелік артықшылықтары туралы айтуға болады .

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде