Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Л. Н. ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНВЕРСИТЕТІ

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТ

 

 

«Менеджмент»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде»

 

050510 «Мемлекеттік  және жергілікті басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА - 2013 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Л. Н. ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТ

 

«Менеджмент»  кафедрасы

 

 Қорғауға   жіберілді

«__» ________2013 ж.

Кафедра меңгерушісі

э. ғ. д. Толысбаев Б.С.

___________________

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде»

 

 

050510 «Мемлекеттік  және жергілікті басқару»

 

 

Орындаған ГМУ-41 тобының студенті

____________ Махметов А.Е.

 

Ғылыми жетекші аға оқытушы 

_____________ Онаева Б.Т. 


 

 

 

АСТАНА − 2013 ж.

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................

8

 

1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ  КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ...................................................

 

10

 

1.1

Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің  мәні және түрлері..........

10

 

1.2

Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................

 

16

 

1.3

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................

 

28

 
       

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ  ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН  АРТТЫРУДАҒЫ  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ  ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................

 

 

38

 

2.1

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................

 

38

 

2.2

Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне  әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................

 

45

 

2.3

Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................

 

52

 
       

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ  КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН  ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ  БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................

 

 

58

 

3.1

Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді  шешу жолдары................

58

 

3.2

Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті  кәсіпкерлікті дамытудың негізгі  перспективті бағыты................................................................

 

65

 
       

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................

75

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................

79

 

ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................

80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР  МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БЕЛГІЛЕР

ҚЫСҚАРТУЛАР

EMF

European Management Forum

ДЭФ

Дүниежүзілік экономикалық форумның

ШОК

шағын және орта кәсіпкерлік

ҒЗЖ

Ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды

ҒЗТКЖ

ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстармен

ҒЗӘ

Ғылыми-зерттеу әзірлемелері

ТКӘ

Тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

  1. Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
  2. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
  3. Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
  4. Конъюнктивті үлгі. Инновациялылықтың әрбір критерийіне мүмкінді минимум қойылады. Егер жоба осы минимумнан кем дегенде бір критерийбойынша асып түспесе, онда ол алынып тасталады
  5. Лексикографиялық үлгі. Таңдау рет-ретімен жүргізіледі. Жобаларды реттеу ұсынылады. Ең алдымен инновациялылықтың барлық критерийлері маңыздылығы бойынша реттеледі
  6. Дизъюнктивті үлгі. Мұнда басқа атрибуттарына қарамастан, инновациялылықтың белгілі басымды талаптары бойынша ең жақсы болып келетін жобалар ғана қарастырылады
  7. Индустрия дегеніміз, әдетте негізінен ерлерге ғана тән деп есептелінеді. Өйткені, ол дене күшін және төзімділікті талап ететін өндірістік қызметтер саласы болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан», ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл.

2. Экономиканың басым салаларында  инвестициялық іс-эрекетін жүзеге  асырушы инвесторлармен келісімшартқа  отыру барысында жеңілдіктер  мен преференциялар беру процедураларын  жеңілдеті туралы. Қазақстан Респуликасы  Инвестиция жөніндегі Агенттігі  төрағасының бұйрығы. 2010 ж. 14 сәуір.

3. 08.01.2008 ж."Инвестициялар туралы" Қазақстан Респуликасы Заңы.

4. «Тауарларды импорттауда ішкі  нарықты қорғау шаралары» туралы  ҚР Заңы 28.12.1998 ж №3371.

5. 20.08.2012ж. №1138 ҚР Үкіметінің  «Тамақ және жеңіл өнеркәсіп  салаларындағы импорт алмастыру  тауарларының 2009-2011 ж.ж. арналған  бағдарламасын бекіту» туралы  қаулысы.

6. 22.12.1997ж. №1817 ҚР «Қазақстан  Республикасы ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы»  туралы қаулысы.

7. 11.09.2010ж. №1378 ҚР Үкіметінің «2011-2010ж.ж. Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтаудың ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту» туралы қаулысы.

8. 12.12.2011ж. №1621 ҚР Үкіметінің  «Қазақстандағы 2010 жылға дейінгі  жүзімді және өнімдерін дамыту  бағдарламасын бекіту» туралы  қаулысы.

9. 25.07.2001 ж №1003 ҚР Үкіметінің «2011-2008ж.ж. аралығында ағаш өнімдері және жиһаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасын бекіту» туралы қаулысы.

10. 15.11.2009ж. №1719 ҚР Үкіметінің  «2009-2011ж.ж. ірі қалалардың шеткі  аймақтарында сүт өнімдерін дамыту»  туралы қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада  терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті  тарихи алғышарттарды  қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат  көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен  анықталды. Адам заттай капиталмен бірге  өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға  өтуді іске асырып отырған бұрынғы  социалистік елдер мен республикалар  қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен  оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің  оптималды үлгісін және тағы басқа  негізгі кезеңдерді ескеретін халық  шаруашылығын реформалаудың өзіндік  әдісін жасау қажет болды [1].

Біздің еліміздің рыноктық экономикаға  өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету  механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі  күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда.

Адам Смит бәсекелестікті, сатушылар  арасындағы тауарды тиімді жағдайда сату үшін ешқандай сөз байласусыз, әділ жарыспен салыстырды. Оның әрекет ету механизмі «көрінбейтін қол» деп аталады, онда кәсіпкердің субъективті  талпынысы мен іс-әрекетінің объективті нәтижесінің арасындағы айырмашылық  көрсетіледі. «Әр капиталист тек  өз пайдасына ұмтылады, сол арқылы қоғам пайдасын да жүзеге асырады» [2, 45 бет].

Осылайша әрбір кәсіпкердің  бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде  әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі  артады.

Әлеуметтік-экономикалық және индустриялды-инновациялық реформалар өткеретін әрбір мемлекет тарихи тәжірибелерге көз жүгіртіп, уақыт  сынынан өткен теорияларды талдайды. Экономиканың қаржы, туризм және қызмет көрсету саласы жақсарып, дами түсті. Жұмыс күшінің өнімділігі артып, шағын және орта бизнес өркендеу үстінде.

Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан өзінің нысаналы дамуын „Қазақстан-2030“ ұзақ мерзімдік  стратегиясына толық сәйкес жалғастырып  келеді. Ендігі жердегі күн тәртібіндегі мәселе әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшілердің, мамандардың, жұмысшылардың  бәсекеге қабілеттілігі туралы болып  отыр.

Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік салада еуропалық стандарттарға  жету стратегиясын әзірлеуге кірісуіміз керек.

Үстіміздегі жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқына „Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы“ жолдауын жолдады. Бірнеше басымдықтардан тұратын бұл стратегияны жүйелі жүзеге асыру елімізді халықаралық шаруашылыққа интеграциялай түседі. Біз Қазақстанның жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз [1].

Диплом  жұмысының мақсаты - Біз қатаң  бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан  көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жахандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға  сүйенеді және де ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың Қазақстан  Республикасы экономикасының тұрақты  дамуының бірден-бір жолы екендігін  атап көрсету керек.

Міндеттері - Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың  жолындағы заңнамалық, әкімшілік  және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей  қолдау көрсетуге міндетті.

Біздің  мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі сатысы басқарудың принциптері мен механизмдері өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуға, бәсекеге қабілетті ұлттық экономика  құруға бағытталуымен сипатталады.

Өнеркәсіптік  саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру  және индустриалды-инновациялық экономика  жүйесін құрудың негізгі бағыттарын қарастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК  ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Экономикадағы бәсекеге  қабілеттіліктің мәні және түрлері

 

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде «бәсекеге  қабілеттілік» түсінігіне ортақ  көзқарас жоқ, бұл түсінікке әртүрлі  анықтамалар беріледі. «Бәсекеге  қабілетті экономика» және «бәсекеге  қабілетті ел» түсініктерін анықтауда  қарама-қайшылықтар туындайды.

Кеңестік  экономикалық әдебиеттерде бәсекеге қабілеттілік түсінігі «қос стандарт» саясаты  шеңберінде, яғни ішкі және сыртқы нарыққа  арналған сапа стандартары, сыртқыэкономикалық қызметте өнім сапасына қатысты талдаумен  байланыстырылды [3, 45 бет].

Жетекші американдық зерттеуші, Гарвард  бизнес мектебінің профессоры М.Портер батыстық экономикалық әдебиетте бәсекеге қабілеттілік проблемасы неғұрлым өңделген, алайда бәсекеге қабілеттілікті түсіндіретін ортақ теория жоқ екенін атап көрсетеді. Одан басқа, жалпыға ортақ қабылданган  бәсекеге қабілеттілік анықтамасы жоқ. Кәсіпкерлер үшін бәсекеге қабілеттілік өз тауарлары мен қызметтерін  ішкі және халықаралық нарықтарда бәсекеге салу мүмкіндігін білдіреді, саясаткерлер үшін - төлем балансы мен валюта бағамының қозгалысы, экономистер  үшін - өнім бірлігіне келетін шығындарды, бағаларды және шығару көлемін салыстыру  болып табылады.

Тауардың  бәсекеге қабілеттілігі, фирманың бәсекеге қабілеттілігі, саланың бәсекеге қабілеттілігі (қаржы-өнеркәсіп топтары), ел немесе тұтастай экономиканың бәсекеге қабілеттілігі  деп бөлінеді.

Аталған түсініктер бірдей емес, алайда өзара  тыгыз байланыста, көбіне ел бәсекеге қабілеттілігіне қатысты проблемаларды  тауар немесе фирма бәсекеге қабілеттілігі  проблемаларынан айырып қарау мүмкін емес. Ел бәсекеге қабілеттілігіне  қатысты мәселелерге негізгі  назар аударылады, яғни жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар мен жағдайларды талдау, алайда тауар немесе фирма бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін ескермеу мүмкін емес.

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде