Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Бұл мектептің  концепциясына сәйкес, бюрократиялық  қүрылымдардың қысымын азайтуга және басқарудың ортаңғы буынында кәсіпкерлік  белсенділікті жандандыруға әрекет жасалды, сонымен қатар ұйым ішінде жекелеген топтарды кәсіпорын иемденушісі  жасау мақсат етілмеді. Мектеп концепциясына  сәйкес теңгерілген менеджерлер  командасын құруға ерекше көңіл аударылады, себебі топ тұрінде жұмыс істеу  тек келешекте одан әрі дамудың  жақсы мүмкіндіктерін табуга ғана емес, сондай-ақ сол ойларды іс жүзіне асыруга мол мүмкіндік береді.

Ішкі  кәсіпкерлік белсенділік бірнеше  багытта іске асырылуы мүмкін, соның  ішінде фирма стратегиясын өзгерту; ұйымды дамыту; өнімді дамыту; қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін жоғарылату. Фирма стратегиясын өзгерту үшін нарық мәселелері мен нарықтық ортаны жақсы меңгерген, жогары кваликацияланган мамандар мен менеджерлердің негізгі  құрамын тарту қажет. Ұйымның  дамуы өнімдерді басқа аймақтарга тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Өнімнің дамуы Бұл өнімді жетілдіру  мен жасау технологиясын жақсы  меңгерген адамдар күшімен дайындалып, енгізілетін жаңа өнімдерді жасау  мен қазіргі қолда бар өнімдердің жетілдірілуін білдіреді. Соңғы  стратегия көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін жақсартуга бағытталған.

Жоғарыда  көрсетілген шетелдік теориялар  мен іс жүзінде жете зерттелген кәсіпкерлік  концепциялармен қатар соңгы  кезде Ресей ғылымында маркетингтік үстанымдағы кәсіпкерлік концепция  өзіне жол ашуда. Бұл концепцияға  сәйкес кәсіпкерлік соңғы тұтынушылардың сұранысы мен қажеттіліктеріндегі  өзгерістерді іздеу процесі ретінде  қарастырылады және сұранысы жаңа өндіріс  процесін ұйымдастыру арқылы қанағаттандыру мен үзіліссіз, үдайы өндіріс  циклының әрбір сатысында ең жоғары өнімділікті қамтамасыз ететіндей  етіп өнімдерді үлестіру болып табылады (Афанасьева Н.В., Багиев Г.Л., Ляйдиг Г). Анықтамадан көріп отырғандай, негізгі  көңіл Бұл жерде қажеттіліктерді  зерттеп білу мен тұтынушы сұранысын  қанағатандыруға бөлінеді.

Әртүрлі мектеп концепцияларының талдауы көрсетіп отырғандай, әрбір мектептің кәсіпкерлік  пен кәсіпкерлік қызмет жайлы  өзіндік көзқарастары бар. Бір мектеп кәсіпкердің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса көңіл бөлсе, екіншісі кәсіпкерлікті  жаңа кәсіпорын құру мүмкіндіктерін табумен байланыстырады, үшіншісі кәсіпкерлік  қызметін жетекшілік ету тәсілдері  мен әдістерін үйрету арқылы жақсартуға болады деп санайды. Мектептердің қайсысы  артығырақ көрінеді? Бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ, себебі мектептердің әрқайсысы тұтас алғанда кәсіпкерлік феноменін сипаттайтын бір ғана кұбылыстың әртүрлі қырларын көрсетеді. Жеке тұлғалық қасиет ұстанымындағы кәсіпкерлік мектебі мен кәсіпкерліктің психологиялық мектеп зерттеулері "кәсіпкердің сәттілікке жетуі үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек" деген сұраққа жауап іздеушілер пайдалы болуы мүмкін. Классикалық мектеп бизнесті іске асыру мүмкіндіктері бойынша ұсыныстар береді. Жетекшілік ұстанымындағы кәсіпкерлік мектеп зерттеулері қызметкерлерді тиімді басқару мен уәждемелеу үшін қажетті кабілеттіліктер мен дағдыларға ие болуға көмектеседі. Ішкі кәсіпкерлік мектебі ірі ұйымдардың жекеленген құрылымдық бірліктеріне іс-әрекет ету еркіндігін үғыну арқылы олардың басшыларына кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғыза отырған, кәсіпкерлік құбылысының артықшылықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін береді, маркетинг ұстанымындағы кәсіпкерлік мектеп әртүрлі тауарлар мен қызмет түрлеріне деген сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеп үйренуге көп көңіл бөледі .

Біз өзіміздің  зерттеулерімізді менеджмент ұстанымындағы  кәсіпкерлік концепциясын, жоғарыда қарастырылған барлық мектептердің әлементтерін қамтитын және бүгінгі  күнде шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  тармақталған инфрақұрылымының жоқтығымен сипатталатын өтпелі кезең экономикасының қажеттіліктеріне ең көп жауап беретін  интеграцияланған концепция ретінде  дамытамыз.

Бұл концепцияға  сәйкес кәсіпкерлік: кәсіпкерлердің жаңа кәсіпорын құрудағы біршама тәуекел  деңгейі мен жауапкершілікті  мойнына алуға түрткі болатын (классикалық  мектеп), жеке тұлғалық қасиеттерді  бағалайтын интерактивті процесс (жеке тұлға қасиеттері ұстанымындағы  мектеп және психологиялық мектеп) ретінде қарастырылады. Кәсіпорынды  басқаруда кәсіпкер жетекшілік теориясының  әдістері мен негізгі тәсілдерін игеруі қажет (жетекшілік ұстанымындағы  мектеп). Ілгері өсу процесінде кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтің жандануы үшін жекелеген тәуелсіз құрылымдық бірліктерді бөліп алуы керек (кәсіпкерліктің ішкі мектебі). Соңында, кәсіпорынды  құрушы кәсіпкер тауар мен қызметтің  әлеуетті тұтынушыларында туындайтын қажеттіліктерді ескеріп отыруы қажет (кәсіпкерліктің маркетингтік концепциясы).

Кәсіпкерліктің  менеджменттік ұстанымындағы концепцияға  сәйкес кәсіпкерлік процес нақты  басқару міндеттерін орындау  арқылы жүзеге асырылады. Бұл саладағы бүгінгі зерттеулерде кәсіпкерлікті  басқару концепциясын тек жекелеген  бір кәсіпорын деңгейінде ғана емес, сонымен бірге аймақтық, салалық  және тұтас мемлекет деңгейінде қарастыру  ұсынылады. Менеджмент ұстанымындағы  кәсіпкерлік концепцияға сәйкес, кәсіпкерлікті басқару менеджмент ғылымына негізделеді. Сондықтан көптеген анықтамалары менеджментің дәстүрлі анықтамаларымен  атап айтқанда Генри Файолдың анықтамасымен  тығыз үндеседі. Бұған сәйкес менеджер ұйым ішінде жоспарлау, ұйымдастыру, қызметшілер  алу, бюджетті құру, координациялау және бақылау жасау сияқты функцияларды іске асырады.

Кәсіпкерліктің  менеджменттік ұстанымындағы концепциясы  бойынша кәсіпкер - пайда табу мүмкіндігін  тәуекел дәрежесімен салыстыра  отырып, бизнесті ұйымдастыру мен басқаруды өз мойнына алатын адам. Джон Стюарт Милл кәсіпкерді тәуекелге деген бейімділігіне қосымша басшылық және бақылау сияқты қасиеттерімен сипаттайды. Бірқатар зерттеулерде кәсіпкерлік -кәсіпорынды құруға қажетті қызметтермен байланыстырылады, оларға: өсу мен дамуды басқару, кәсіпорынды құру, бизнес-жоспар мен кәсіпорын стратегиясын дайындау жатады.

Алдыңғы мектептерге қарағанда мұнда  сәйкес оқыту мен трейнинг арқылы кәсіпкерлер даярлау мүмкіндігі теріске шығарылмайды. Әр жыл сайын  көптеген жаңа кәсіпорындар қаржы мен  маркетинг саласында уақытылы дұрыс  шешім қабылдай алмау мен әлсіз  менеджмент салдарынан сәтсіздікке  ұшырауда. Осы мектепке сәйкес, кәсіпкерлік  негізгі басқару міндеттерін  іске асыру қызметі бойынша әртүрлі  бағыттарды көрсетеді.

Мектеп  пікірі бойынша, басқарудың осы негізгі  міндеттерін оқыту, болашақ сәтсіздіктердің  санын елеулі тұрде төмендетуі мүмкін. Осы зерттеуде авторлар шағын  кәсіпкерліктің дамуына сай инфрақүрылым, ал кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін функционалды қосалқы жүйелер  құру және кәсіпкерлік процесін басқару  қажеттілігін саралай отырып, Бұл  мектептің тұжырымдамасын дамытуда.

 

 

1.3 Кәсіпорын  қызметінің тиімділігі анықтайтын   негізгі әдістер мен көрсеткіштер

 

Кәсіпорынның  тиімділігін талдау - Бұл оның бәсекеқабілеттілігін қалып-тастыратын, кәсіпорын қызметін жан жақты сипаттайтын көрсеткіштер кешенін бағалау және соның есебі.

Талдаудың мақсаты, бір жағынан, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне  қол жеткізу үшін қызмет барысында  басқару шешімдерін қабылдау үшін мүмкін өзгерістер туралы ақпарат алу. Екінші жағынан, талдау нәтижесі аталған кәсіпорынға  қатысты жоспарларын жүзеге асыру  мақсатында сырты қолданушыларға қажет (кәсіпорын қызметіне инвестиция салу, тауар сатып алу келісімшарттарына  отыру және т.б.).

Кәсіпорынның  тиімділігін талдаудың негізгі  әдістері: көлденең, тура, факторлы және салыстырмалы талдау.Көлденең немесе үрдістер талдауы - Бұл әртүрлі кезеңдердегі сәйкес көрсеткіштерді салыстырып талдау. Тура (терең) талдауда неғұрлым төменгі  деңгейге түсу арқылы көрсеткіштер қүрылымы зерттеледі. Факторлық талдау кәсіпорын  бәсекеқабілеттілігінің кейбір әлементтерінің жалпы экономикалық көрсеткіштерге әсерін талдаумен байланысты. Салыстырмалы талдау зерттелетін көрсеткіштерді негізгі бәсекелестердің сәйкес көрсеткіштерімен салыстыруға бағытталған.

1972 жылы  жапондық ғалымдар Акао және  Мизуно бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз  ететін «сапа жүйесін пайдалану»  деген атпен белгілі әдісті  ұсынды. Әдістің негізі өнімді  жобалауда қолданылатын тұтынушылардың  талаптарын ескеретін болашақ  өнімнің параметрлерін бағалау  [14, 55 бет].

Француз экономистері А.Олливье, А.Дайана және Р.Урсе пікірінше, кәсіпорын халықаралық  және ішкі бәсекемен кездесе отырып өзінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сегіз фактор бойынша қамтамасыз етуі керек. Бұл:

-кәсіпорын  қызметі негізделетін тауар және  қызмет көрсету концепциясы;

-нарықтағы  жетекшілер тауарының жоғары  деңгейіне сәйкес келумен анықталатын  сапа;

-үстеме  қосылған тауар бағасы;

-өз және  қарызға алынған қаржы;

-коммерциялық  әдіс және қызмет құралдары  тұрғысындағы сауда;

-кәсіпорынды  тұрақты тұтынушымен қамтамасыз  ететін сатылғаннан кейінгі қызмет  көрсету;

-кәсіпорынның  билікпен, баспа құралдарымен және  қоғамдық пікір қатынасын оңды  басқаруға мүмкіндік беретін  сыртқы сауда;

-сатып  алуға дейінгі дайындық, Бұл тек  болашақ тұтынушылардың талаптарын  алдын ала көру емес және  кәсіпорынның осы қажеттіліктерді  қанағаттандырудағы ерекше мүмкіндігінің  бар екеніне сендіру қабілетін  білдіреді [15, 33 бет].

Бірнеше кәсіпорынның бәсекелік мүмкіндігін  бағалауға   келсек, кестені бірінің  үстіне бірін қойғанда, олардың бір  біріне қатысты күшті және әлсізжақтарын  көруге болады (суретте А және Б  кәсіпорындары). Отандық экономистер  де Ұқсас пікірді ұстанады. Олар «нарықтық табыстың басты факторларына»  келесілерді енгізеді: «кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, жеке ҒЗТКЖ үшін базаның  дамығандығы және оларға кететін  шығыстың деңгейі, озық технологиялардың болуы, жоғарыбілікті мамандармен  қамтылуы, өнімдік (бағалық) ауысымдарға  қабілеттілігі, өткізу желісінің және тәжірибелі өткізушілердің болуы, техникалық қызмет көрсетудің күйі, өз әкспортын  несиелендіруге мүмкіндігі (оның ішінде мемлекеттік ұйымдардың көмегімен), жарнаманың әрекеттілігі және қоғаммен байланыс жүйесі, ақпаратпен қамтылуы, негізгі сатып алушылардың төлем  қабілеттілігі».

Өнімнің бәсекеқабілеттілігіне инновациялық орта әсер етеді. Инновациялық орта - бұл жүйе құратын инновация фокторларының бірі, өйткені ол инновациялық әрекеттерді қолдауы да, кедергі жасауы да мүмкін. Ол адамдардың нақты іс әрекеттерімен қүрылады .

Кәсіпорынды талдау үшін бәсекеқабілеттілікті арттыратын мүмкін резервтерді анықтау қажет  және кәсіпорынның жұмысында пайдалану  керек. Резевтердің факторлардан айырмашылығы, ол еңбек шығынын азайту бойынша кәсіпорынның өндірісте әлі пайдаланбаған және нақты нарықта бәсеке қабілеттілікті арттыруда, түп негізінде кәсіпорынның пайдалылығын, тиімділігін арттыру мақсатында барлық жағдайлар кешенін максимальді пайдалану мүмкіндіктері.

Бәсекеге  қабілеттілік деңгейін арттыратын резервтерді  талдау техника, технология, өндіріс  пен басқаруды ұйымдастыру, қаржы-экономикалық әлеуеті, қызмет ету жағдайларына бейімделу  қабілетінің арасыңдағы өзара байланыс пен өзара әрекет ету кәсіпорын  ресурстарын пайдалану дәрежесін  белгілейді. Оның бәрі нақты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде бейнеленеді.

Жапондық  компаниялардың зерттеулері бойынша  бәсекелестер жұмыстың тиімді әдістерін  ерте ме, кеш пе көшіріп алатыны  белгілі болды. Менеджменттің тәсілдері  және ақпараттық технологиялар бәріненде  тез таралады [14, 96 бет].

Талдау  бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету  арқылы кәсіпорынның даму стратегиясын желдіруге мүмкіндік береді. Стратегия  құрамына келесілер енуі тиіс:

-нарықта  кәсіпорын өнімінің басымдығын  анықтаушы техникалық-экономикалық, әкологиялық және сапалық көрсеткіштерді  қамтамасыз ету;

-ұқсас  өніммен салыстырғанда артықшылықтарды  анықтау және қамтамасыз ету;

-нарықтық  артықшылықтарды қамтамасыз ететін  бәсекелестің Ұқсас өнімін жетілдірудегі  шараларын зерттеу және сәйкес  шараларды дайындау;

-өнімнің  нарықтық әртараптануы;

-өнімнің  тұтынушылық қасиеттерін жақсарту  рақылы мүмкін модификацияларды  жетілдіру;

-өнім  бағасын жеңілдету, кепілдік мерзімі  мен көлемін үзарту шараларын  қолдану арқылы бәсекеқабілеттілікті  арттырудағы бағалық факторларды  анықтау және пайдалану;

-кәсіпорынның  шығынын азайтатын өндірісті  ұйымдастыру тәсілдерін, жаңа технологияларды,  шикізатты іздестіру және жетілдіру;

-тұтынушыға  белсенді жарнамалық кампаниялар,  ақшалай және тауарлық несие  беру, төлемді үзарту арқылы әсер  ету.

Бәсекеге  қабілеттілікті арттыруда әсерлі әдіс болып оның жасырын қорын қолдану  табылады.

Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін арттыратын қорларды классификациялауда негізгі әлеуетті сипаттайтын көрсеткіштерді бес  топқа бөлуге болады: ұйымдастырушылық (ғылыми-техникалық және маркетингтік), өндірістік-технологиялық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік әлеуеттер, сонымен  қатар нарықтық жағдайдың пайдаланылмаған  мүмкіндіктірмен байланысты қорларды сипаттайтын көрсеткіштер.

Өзара байланыс механизмі дамыған және күрделенген  сайын кәсіпорын кызметінің тиімділігін  жүйелі талдауды және бәсекеқабілеттілікті арттыру бойынша қызметін жан-жақты  сипаттайтын күрделі көрсеткіштер кешенін талдауды талап етеді.

Қандай  да экономикалық процесті зерттеу кәсіпорын  қызметінің көптеген көрсеткіштерін қарастыру  қажеттілігімен байланысты (капитал  қүрылымы, төлем қабілеттілік, қор  қайтарымдылығы, мамандардың тұрақтылық коәффициенті және т.б.), сондықтан күрделенеді, ал кейбіреуін алып қарастыру көптеген пйдалы ақпаратты жоғалтады.

Тиімділік көрсеткіштерінің бастамасы ретінде  кәсіпорынның пайдалылық және табыстылық көрсеткіштерін алсақ, кәсіпорындардың  қызметінің нәтижесі бойынша классификациялау мүмкіндігі туындайды (озық - жетекшілер, орташағ, артта қалған). Осындай топтастыру олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру  мақсатында салыстырмалы талдау жүргізуге  мүмкіндік береді.

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде