Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

М.Портер басқа да авторлар секілді экономиканың қызмет етуінің негізгімақсаты өмір сүру деңгейін жоғарылату деп есептейді, онымен келіспеу қиын. М.Портер пікірінше  «елдегі өмір сүру деңгейінің артуы  компанияның ресурстарды ұтымды пайдалануға қол жеткізу қабілетіне тікелей тәуелді» болса, ұтымдылық  белгісі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтаушысы. Барлық жұмыстың жалпы  идеясынан туындайтын, экономиканың бәсекеқабілеттілігін аталған елдің  фирмаларының ұлттық өндірістік ресурстарды  ұтымды (тиімді) пайдалануға мүмкіндік  беретін бәсекелік артықшылықтарды  қалыптастыру қабілеті деп түсіну ұсынылады [8, 87 бет].

Жоғарыда  айтылған пікір біз үшін негізделген  және конструктивті болып көрінеді, біріншіден, бәсекеқабілеттілік пен  экономика қызметінің мақсаттарының  арсындағы байланыс та, айырмашылық  та нақты анықталған, екіншіден, тауар  бәсекеге қабілеттілігі, фирма бәсекеге қабілеттілігі және тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігі түсініктерінің байланысы анықталды.

 

 

 

1.2 Кәсіпкерліктің  даму эволюциясы және оның  экономикалық мәні

 

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы  рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның  еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл  шегінде кәсіпкерлік теориясы әртүрлі  ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - Бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі және жаңа кәсіпорын  құруды білдіретін ұғым дегенге келді.

Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел  сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды  өндіру мен өткізуде белгілі бір  тәуекел мен жауапкершілікті  өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантильон кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантильонның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері [9, 49 бет].

Кейінірек, XVIII ғасырдың екінші жартысында Кисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжып, Бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі әконмикалық ресустарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.

Басқа бір  физиократ, дін қызметшісі Николас  Бауде өндірушілер мен фермерлер  топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген  бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы  ғылым мен технологияның маңыздылығына  әрдайым ерекше көңіл аударып  отырды. Ол кәсіпкер мен меншік иесінің  өзара айырмашылықтары бар деп  ұйғарды. Меншік иелері кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, Бұл  қаржы құралдарын шикізат алуға  және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге  пайдалана отырып тәуекелге барды.

Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді тұрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті, әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.

1776 жылы  Адам Смит өзінің «Халық байлығының  табиғаты мен себептері туралы  зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын  бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал,  бірақ кәсіпкердің рөлі туралы  ештеңе айтылмады. Тек 1810 жылы  Жан Батист Сәй алғашқы рет  кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін  негізгі өндіріс факторларының  бірі дәрежесіне дейін көтерілді,  ол индустриялық төңкеріспен  қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің  де сап ете қалатынын айтты.  Сәйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері»  келесі қасиеттер мен дарындарға  ие болуы қажет:

-төлем  қабілетті, тәртіпті, сақ, адал  және тұрақты болуы;

-қарыз  тұрінде капитал тарта білу  және несиені уақытында қайтара  білу;

-өз бойына  әділеттік бизнесті жете білушілік  пен табандылық сияқты моральдік  қасиеттерді қалыптастыру;

-сол  немесе басқа тауардың ерекшелігі  мен маңыздылығын, оны өндіру  әдістері мен болжамды сұранысын  жеткілікті дәрежеде нақты бағалай  білу жағдайында болу.

Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды  және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды  көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері керек, қажетті материалдарды  ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік  ету мен басқару шеберлігіне  ие болулары керек.Олар өнімді сатудан  бүрын, оның бағасы мен құнын дұрыс  есептей білулері керек. Көрсетілген  сипаттамалардан, Жан Батист Сәйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды  менеджер ретіндөрсеткені көрініп  тұр.

Субъективті австралиялық экономикалық мектептің  негізізін қалаушы Карл Менджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына  алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен  рөл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер - өте сирек кездесетін және әпизодтық  сипаты бар қүбылыс. Менеджер кәсіпкердің  қажетті ресустарды табу және өнімді өндіру тұрін таңдау туралы шешім  қабылдау процесінің 4 негізгі сатысын  жасады:

-экономикалық  жағдай туралы мәліметтер жинау;

-экономикалық  есеп (әртүрлі өндіріс әдістерінің  ішінен анағүрлым тиімдісін таңдау);

-кәсіпорынның  мақсаттарына ең көп сай келетін  өнімді таңдау;

-негізгі  экономикалық нәтижелерге жету  мақсатында өндіріс жоспарының  орындалуын басқару.

Орта  ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші  Джозеф Шумпетерді казіргі заман  кәсіпкерлігінің атасы деп жиі  атайды. Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын  менеджер рөлінен алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, Бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды ( немесе олардың үйлесімдігін ) анықтайды:

1.Жаңа  өнімдер немесе қызмет көрсетулер.

2.Жаңа  өндіріс әдістері.

3.Жаңа  өткізу нарықтары.

4.Жаңа  жабдықтау көздері.

5.Жаңа  ұйымдастырутұрі.

Джозеф  Шумпетер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда, әртүрлі  бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік  еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай  келіп, оның өндіріс қүралдары мен  әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар  мен қызмет көрсетудің жаңа тұрлерін, өндірістің жаңа әдісін жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа тұрін іздеп, енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін  теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.

Франк Найт кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды  белгісі - тұрлаусыздық жағдайында жұмыс  істей алатындығына ерекше көңіл  аударады. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер - әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы тұрде ұйымдастыру және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып, кәсіпкерлердің мәні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорнының да иесі болуы керек,яғни капиталды да басқаруы керек. Мұның үстіне, Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсшорын құруында да емес, оның тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігінде, сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде деп санады. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген тәуекелге өзінің капиталымен баруға дайын болуы керек [10, 45 бет].

Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:

- дәлелденген  тәуекелдерге бара білу;

- жігерлік  және іскерлік белсенділік;

- жеке, дербес  жауапкершілік;

- қабылданатын  шешімдердің салдарын білу;

- қабылданған  шешімдер нәтижесінің белгісі  ретіндегі пайда;

- болашақта  қоршаған ортада өзгерістерді  болжай білу;

- ұйымдардың  шеберлігі.

Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал  сияқты өндіріс факторларын жұмыс  істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш  болып табылады. Бірінші кезекте  сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының  белсенділігін арттыру арқылы қазіргі  кәсіпорынды дамытудағызор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс  факторларымен бір қатарға қойылып  жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік  экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында  жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру  жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді  бөлігі жасалады.

Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен  жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік  қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі  фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан қүтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің Бұл әлементтерін бюджеттік, былайша айтқанда, пайда  көздемейтін ұйымдарға да байланысты айтуға болады (сурет 1).

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың  басында, қайта құрудың басталуымен  айтыла бастады. Бұл кезде былайша  айтқанда, "комсомолдық кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың  шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары  негізінде кооперативтер қүра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына  дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы  толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алынып, "арзан" қайтарылды.

 

Өмір сүру мерзімі бойынша

 

Көлемі бойынша

 

Өсу қарқыны бойынша

 

Қызмет бейімі бойынша

                                   

Жаңа фирмалар

Накты

бар

фирмалар

 

Үлкен корпо-рациялар

Шағын және орта фирмалар

 

Баяу

өспелі

фирмалар

Қарқын-ды өспелі фирма   . лар

 

Пайда

әкелетін

ұйымдар

Пайда әкел-мейтін ұйымдар


 

Сурет 1. Кәсіпкерлік  қызмет салаларының жіктелуі

Е с к е  р т у - Қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылгы 6-наурыздағы №3398 "Шағын кәсіпкерлікті  дамытуды белсендету және мемлекеттік  қолдауды кутнейту шаралары туралы" және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 "Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне деген қүқығын  қорғау туралы" жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика  министрлігінің құрамында шағын  кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі  агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру  ұйғарылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1992 жылдан 1997 жылдар арлығында қабылданған заңдардың  орнына жетілдірілген заңнамалық база құруға назар аударылуда.

2010 жылы  «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң  жобасы дайындалды. Бұл заңнаманы  дайындаудың мақсаты алғашында  қабылданған заңнамалық актілерді  бір заңға біріктіру. Заң жеке  және заңды тұлғалардың жеке  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру барысында туындайтын қоғамдық  қатынастарды реттейді және Қазақстан  Республикасында жеке кәсіпкерлік  қызметтің еркіндігін қамтамасыз  ететін негізгі құқықтық, экономикалық  және әлеуметтік жағдай мен  кепілдікті анықтайды [12].

Заң жобасында  республика кәсіпкерлік өкілдерінің  заң шығару қызметіне тартылуына назар аударылады. Баптардың бірі орталық және жергілікті мемлекеттік  органдар жанында сараптама кеңесін  құруға және қызметіне арналған. Оның мақсаты жеке кәсіпкерлік мүддесіне  қатысты нормативті құқықтық актілерді  сараптау.

Орталық мемлекеттік органдар жанындағы  сараптама кеңесінің құрамына кәсіпкерлер  мен жұмыс берушілердің республикалық  бірлестігі және шағын кәсіпкерлік  бойынша республикалық бірлестік  өкілдері кіреді, жергілікті мемлекеттік  органдар жанында сараптама кеңесі құрамына кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі, шағын кәсіпкерлік бойынша облыстық бірлестігі өкілдері енеді.

Жоғарыдағы  заң жобасының артықшылықтары айқын  болды. Нәтиже-сінде, 2011 жылғы 31 қаңтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.

Кәсіпқерлік процесін қозғалысқа келтіретш іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы  құрушы және негізін салушы болып  табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік  пен қажетті қор жатады (сурет2).

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде