Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге Қазақстан "АТ Kearney" рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық тартымды 25 елдің тізіміне кірген. Бұл рейтингтің нәтижесі еліміздегі өнеркәсіптің дамуы  денгейі және оның инвестициялық  тартымдылығы негізінде анықталған болатын. Мысалы 2010 жылы негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп  өнімінің нақты көлем индекстері 103,5%-ға өссе, 2011 жылы – 100,5%, 2012 жылы104,5%-ды құрады (сурет 3).

2012 жылы  салық төлемдерінің қарапайымдылық  дәрежесін көрсететін Дүниежүзілік  банктің рейтингінде Қазақстан  әлемнің 178-елдері ішінде 44-орынды  иеленді. Дүниежүзілік банктің  дүниежүзілік қаржылық дағдарыс  аясындағы баяндамасында 2011 - 2012 жылдары салықтардың төленуін  жеңілдеткен реформатор-елдерінің  қатарына кіруі атап көрсетілген,  бірақ реформалар әлі де қажет.  Салық төлеушілердің салықтық  әкімшілендіру мен дауларды шешу  салаларында елеулі проблемалармен  бетпе-бет келуі жалғасуда. 

Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттіліктің (және бәсекеге қабілетсіздік) аспектілерін қарай  келіп, мыналарды назарға алу  қажет.

Қазақстанның  танымал бәсекелі басымдықтарының  қатарына қолайлы геостратегиялық  орналасу орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат  ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық, макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға жәрдемдесу жатады.

 

 

Сурет 3. Негізгі экономикалық қызмет түрлері  бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты  көлем индекстері

Е с к е  р т у - сурет ҚР-ның статистика агенттігі мәліметтері негізінде  есептелді

 

Әзірше  ірі пайдалы қазба қорларының болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып  қалуда. Қазақстан осы артықшылықты тірек ете отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар жүргізді.

Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары  мен республиканың жалпы әлемдік  процестерге жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігінің  танымал проблемаларын шиеленістіріп  отыр. Экономика шикізат ресурстары нарығындағы конъюнктураларға тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен  дамуда және жаңартылуда. Шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі өндіруші өнеркәсіпке  жіберіледі, бұл ретте өңдеуші  өнеркәсіпке салынатын барлық инвестициялардың 4% ғана бағытталды (сурет 4).

ЖІӨ-нің  құрылымында өңдеу өнеркәсібінің  үлесі 2010 жылы 14,2 %-дан 2011 жылы 12 %-ға дейін, 2012 жылдың қорытындылары бойынша 11,6 %-ға дейін, ал өнеркәсіп өндірісінің  жалпы көлемінде 2010 жылы 48,3 %-дан 2012 жылғы 39,3 %-ға дейін төмендеді. Кәсіпорындардың  айтарлықтай техникалық және технологиялық  артта қалушылығы байқалуда. Отандық  өнімнің негізгі бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік нарықта  ғана емес ішкі нарықта да төмен  болып қалып отыр. Ғылымның даму деңгейі айтарлықтай емес және өндірістен мүлдем қол үзген дерлік.

 

 

Сурет 4. Өнеркәсіп салалары бойынша негізгі  капиталға салынған инвестициялар

Е с к е  р т у: сурет ҚР-ның статистика агенттігі мәліметтері негізінде  есептелді

 

Осы және басқа да проблемалардың орын алуын  Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 2006 - 2007 және 2007 - 2008 жылдардағы есебінің нәтижелері растайды. ДЭФ-ның есептеріне сәйкес орнықты өсу мен жоғарғы деңгейін өнімділіктің жоғары даму деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды. Өнімділік сапалы бизнес орта мен аса жетілген (білікті) бизнес сияқты екі өзара байланысты құрамдас элементтерден тұратын микроэкономикалық деңгейдегі экономиканың мүмкіндіктеріне тәуелді.

ДЭФ-тің  соңғы есебіне сәйкес Қазақстанда  тиімділіктің базалық талаптары  мен факторлары бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар бойынша 11-тармаққа ел рейтингінің төмендеуі байқалып отыр.

Бағаланатын елдер санының 125-тен 131-ге артуы, сондай-ақ әдістеменің түрленуі осы және де өткен жылдардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінің есептерінде көрініс  тапты. Мәселен, 2009 жылы 56-орынды иеленген Қазақстан, жаңа үлгімен есептеуде 2011 жылы - 50-орынды, 2012 жылы 61-орынды иеленді. Сонымен қата, бұл рейтинг жүйесінде  белгілі бір ел азаматтарының  табыс деңгейі ескеріле бастады. Осы фактор Қазақстан Республикасының  рейтингтік шкала бойынша  50-ші орыннан 61-ға жылжуы себеп болды. Қазіргі  таңда халықтың орташа табысы 55185 мың  теңгені құрап отыр (сурет 5).

 

Сурет 5. ҚР-ның халқының табысы (2012 жыл)

Е с к е  р т у - сурет ҚР-ның статистика агенттігі мәліметтері негізінде  есептелді

 

Бағалау моделіндегі (9-факторлы модельден 12-факторлыға өту) және орташа салмақтар схемасындағы өзгерістер өз рөлін атқарды. 2007 жылы бағалауға тауарлар нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, қаржы  нарықтарының дамуы үшін жағдайлар, сондай-ақ нарық көлемдері қосымша  бағалауға ұшырай бастады. Сонымен  бірге сауалнама деректерін өңдеу  жүйесіне де өзгерістер енгізілген болатын, мұнда "жылжымалы орташа" жаңа әдістемесі бойынша Қазақстан мен  басқа да елдердің қорытынды рейтингіне елеулі әсер ететін 1.5:1.0 қатынасында 2012 жыл және 2011 жыл нәтижелерінің  орташа өлшенген мөлшерлері қолданылды.

Жаhандану жағдайындағы соңғы он жылдықта ұлттық экономиканың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мәселесі одан әрі  күшейе түсуде. Шектелген ресурстарды  тиімді пайдалануға деген қажеттіліктің  артуы, халықаралық еңбек бөлінісінің  тереңдеуі, жаhанды бәсеке қысымының  үдеуі жағдайында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі ең алдымен оның технологиялық  бәсекеге, басқаша айтқанда жаңа білімді  жедел өндіру, ендіру және бейімдеуге  қабілеттілігімен анықталады.Қазіргі әлемдік экономикада технологиялық инновациялар шын  мәнінде «жетекші өндіргіш күшке», экономикалық өсу қарқындарын және мемлекеттің салыстырмалы экономикалық қуаттылығын анықтаушы негізгі бәсекелестік құралға айналды. БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2012 жылғы баяндамасына дамыған және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсекеге қабілеттілік деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтығы, оның тудыратын қауіптері қарастырылып, экономикалық либерализм және жаhандану өздігінше бұл мәселені шеше алмайтыны айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ сарапшылары дамушы елдерге «бәсекеге қабілеттіліктің жоғары жолымен» дамуды, яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру, өзіндік ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік артықшылыққа және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық қызмет дамуының белсендендіруде. Мысалы, егер 2003 жылы инновациялық қызметтерге бөлінген қаражаттың көлемі 11 544 млн. теңге болса, 2012 жылы бұл сома 61288 млн. теңгені құрады, яғни инновацияға бөлінге қаражат көлемі 4,9 есе артты деп айтуға болады.

Сурет 6. ҚР инновациялық әрекетке салынған қаражат көлемі (млн.теңге)

Е с к  е р т у - сурет ҚР-ның статистика агенттігі мәліметтері негізінде  есептелді

Мұндай перспективалы стратегия  кең тараған «бәсекеге қабілеттіліктің  төменгі жолына», яғни дамушы елдердің әлемдік рынокка арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру арқылы шетелдік инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы қойылады.

 

 

2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау

 

Экономиканың  дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша  Қазақстанды макроэкономикалық  жағдайы тұрақты, адами әлеуеті  біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық -ірығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік  және инновациялық-технологиялық даму деңгейі төмен, сондай-ақ бизнесі  бәсекеге қабілеттілігі кеткіліксіз  ел ретінде сипаттауга болады. Біздің экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету миссиясын  жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік орындауға тиіс. Агенттіктің кең өкілеттіктері  бағаны келісумен, адал емес бәсекелестігімен, нарық субъектілерінің үстемдігімен монополиялық жағдайда асыра пайдалануымен  жүргізетін «күресте» табысқа жетуді, сондай-ақ қазақстандық бизнестің әлемдегі жайғасымын нығайтуды камтамасыз етуі тиіс. Елімізде кәсіпкерлік белсенділіктің өркендеуі үшін елеулі негіз болатын  жаңа заң қажет. 2008-2009 жылдардағы ғаламдық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есептің  жарияланымында Қазақстанның 6 тармаққа төмендеуі республика басшылығы  қойған 2006 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсатын қайтадан бағалауға мәжбір етеді. Әлемдік  бәсекеге қабілеттілік рейтингінде  Қазақстанның жағдайы соңғы жылдарда жылдан-жылға нашарлап келеді. Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары - 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға, 2010-2011 – 72-ші орынға төмендеп, 2011-2012-ші жылдары 72-ші орында қалды. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет, ал 2010-шы жылдан бастап 142 мемлекет қатысты.

Мұның өзінде тізімнің жоғарғы жартысына кіретін  Балтық мемлекеттері мен Қазақстан  өздерінің жайғасымын айтарлықтай  нашарлатты. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік жеті балдық шкала бойынша бағаланады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің  жалпы бағасы 2008 жылы 4,1 балды, ал 2012-ші жылы 4,18 құрады. Қазіргі уақытта  Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық  кәсіпорындарға байланысты.  Соңғы  жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының  күшейгені байқалады. Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнеркәсіптің халықты  саны мен сапасы бойынша қажетті  тамақ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге тиіс стратегиялық маңызды  саласының бірі.Тамақ өнеркәсібінің  құрамына 30-дан астам арнайы мамандандырылган сала, шағын сала мен жекелеген  өндіріс кіреді. Қазақстанның осы  саласында 4059-ға жуық онеркәсіптік кәсіпорын  мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды. Тамақ өнеркәсібінде 67,0 мың адам немесе өнеркәсіпте барлық жұмыс  істейтіндердің 10,5 %-ы жұмыс істейді. амақ өнеркәсібінде өндіріс ауқымын  өнемдеу тиімді, яғни шығарылатын өнімнің өндіріс ауқымы арттырылса, өнім өндіруші өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

ТМД елдерінің  ішінде  Қазақстан Республикасының  рейтингісі бір шама жоғары екені  байқалады. Оның негізгі себебі шағын  және орта кәсіпкерліктің дамуы (сурет 7).

 

 

 

Сурет 7. ШОК субъектілер қызметінің негізгі  көрсеткіштерінің өзгеруі

Е с к е  р т у - сурет ҚР-ның статистика агенттігі мәліметтері негізінде  есептелді

 

Сурет 7-де көрініп тұрғандай қазіргі кезде, яғни 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында  белсенді субъектілер саны қарқынды өсуде, бірақ 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,2%-ға төмен. Бұның негізгі  себебі екінші деңгейлі банк несиелері  құнының қымбатталуы.

Елдегі  әлеуметтік-экономикалық жағдайдың  тұрақтылығы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етті. Соңғы жылдардағы қабылданған 2011 жылғы  31 қаңтарда «Жеке  кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы кәсіпкерлікке жаңа күш берді. Осы жағдайдың көрінісін төмендегі кестеден көруге болады  (кесте 4).

Кестеде көрсетілгендей жылдан жылға тіркелетін заңды тұлғалардың саны көбеюде. 2012 жылда тіркелген заңды тұлғалар саны 2011 жылмен салыстырғанда 18497 бірлікке өсті. Ең көп тіркелген заңды тұлғалар саны Алматы қаласында - 69225, 2010 жылмен салыстырғанда 5854 бірлікке немесе 9%-ға көбейгенін көреміз. Сол сияқты, Астана қаласында да өсу байқалады -17695, 2010 жылмен салыстырғанда 2895 бірлікке немесе 19%-ға өсті, облыстар ішінде Оңтүстік Қазақстан  облысында ең көп тіркелді - 20093, алдыңғы  жылмен салыстырғанда 1279 бірлікке 7%-ға өскенін көреміз.

Сонымен қатар, тіркелген заңды тұлғалар қызметкелерінің санына байланысты:

 

 

Кесте 4

2009-2012 жж. Тіркелген  заңды тұлғалардың саны

   

Жылдар

 

 

2009

2010

2011

2012

Қазақстан Республикасы

Ақмола облысы

Ақтөбе облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Қарағанды облысы

Қостанай облысы

Қызылорда облысы

Маңғыстау облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Астана қаласы

Алматы қаласы

173686

7343

7137

9250

4535

4358

6650

12471

8966

4246

4441

15519

9075

5852

13475

10420

49948

190045

8101

7730

9812

5194

4737

7028

13124

9233

4494

5009

16940

9549

6093

14144

12349

56508

208409

8757

8378

10446

5710

5054

7329

13986

9540

4818

5468

18764

10179

6721

15098

14800

63361

226908

9211

9293

11289

6361

5581

7723

15002

10151

5412

6004

20093

10756

7151

16011

17695

69225

Е с к е р т у - Кесте ҚР-ның статистика бойынша Егенттігінің 2012 жылғы мәліметтері негізінде дайындалды.


 

шағын (50 адамға дейін);

орта (51 ден 250 адамға дейін);

ірі (250 адамнан  астам) деп, олардың мөлшерлігі бойынша  сыныпталады. Осылай бөліп қараудың қажеттілігі кәсіпкерлікті қай  бағытта дамыту және қолдау шаралары кім үшін қажеттірек екендігін анықтаудан туындайды. Бұл кесте 5-те көрсетілген.

 

Кесте 5

Тіркелген заңды  тұлғалар қызметкерлерінің санына байланысты мөлшерленуі 

 

Барлығы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Қазақстан Республикасы

173686

190045

208409

226908

Шағын

161028

177334

195707

213347

Орта

10635

10700

10676

11512

Ірі

2023

2011

2026

2049

Е с к е р т у - Кесте 2012 жылғы  Қазақстан өңірлері статистикалық  жылнамасы материалдары негізінде  дайындалды


 

Жоғарыдағы  кестені талдайтын болсақ, 2012 жылғы  көрсеткішке сәйкес шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің үлесі -93,9%, орта кәсіпкерлік  үлесі -0,9%. Жалпы тіркелген заңды  тұлғалардың ішінде шағын кәсіпкерлік  субъектілері басым болады. Осындай  жағдай 2011 жылы да сақталып отыр, шағын  кәсіпкерлік үлес салмағы - 5%,ірілердің  үлес салмағы - 0,9%. Шағын кәсіпкерлікте  қызмет етуге белсенділік жоғары, өйткені ол нарықтық ортаға тез бейімделеді, икемді және көп капиталды қажет  етпейді.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  жалпы тіркелгендердің ішінде үлесінің жоғары болуы себепті, олардың қаржылық нәтижелерін қарастыруды жөн  көрдік. Зерттелген шағын кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелерін қарастырайық (кесте 6)

 

Кесте 6

Зерттелген  шағын кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері

 

Табыс алған кәсіпорындар

Қаржылық нәтижесі бар кәсіпорындардың  санына %-бен

Қаржылық нәтижеге, млрд. теңге

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Қазақстан Республикасы

54,5

54,4

54,1

53,4

60,103

103,348

170,620

388,630

Ақмола облысы

54,8

56,4

55,8

54,1

1,319

2,322

2,323

3,065

Алматы облысы

49,9

51,8

53,0

50,5

0,869

3,528

3,238

3,252

Атырау облысы

61,5

58,0

56,2

58,0

4,358

7,943

8,399

13,645

Батыс

Қазақстан

Облысы

60,9

58,6

54,9

58,7

3,248

4,122

7,322

195,225

Жамбыл облысы

55,7

55,7

56,6

56,7

0,425

0,675

0,781

0,896

Қарағанды облысы

57,5

58,6

59,1

59,1

2,415

3,934

5,699

7,507

Қостанай облысы

49,5

55,5

56,9

56,9

1,690

3,142

2,632

4,359

Қызылорда облысы

58,7

55,8

55,4

64,6

0,652

1,803

1,774

1,505

Маңғыстау облысы

63,4

66,2

66,4

67,2

2,531

5,579

6,571

30,050

Оңтүстік

Қазақстан

Облысы

58,5

58,4

59,5

58,7

1,052

3,001

3,082

3,082

Павлодар облысы

64,5

65,7

65,5

67,6

1,057

1,160

2,320

3,182

Солтүстік Қазақстан облысы

55,2

59,4

59,9

58,6

0,776

1,675

1,769

2,044

Шығыс

Қазақстан

Облысы

58,4

56,6

57,7

58,9

2,711

5,304

4,579

5,417

Е с к е р т у - Кесте 2012 жылғы Қазақстан өңірлері статистикалық жылнамасы материалдары негізінде дайындалды.

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде