Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

- қаржы  есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің  не екендігін дәл түсіндіретін бір  мәнді түсінік жоқ. Біреулер бүл  түсінікті банкротқа ұшыраумен  байланыстырады, басқалар ұшыраумен  қатар кәсіпорынның бірігуі, басқа  компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын  қызметінің тоқтатылуын да қосады.

Егер  фирма тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін  орындамаса, онда ол сәтсіз фирмалар қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі бағыттар бойынша  бөліп қарастыруды қалайды (қосымша  А):

1. Алдағы  залалдардың алдын-алу мақсатымен.

2. Қажетті  нәтижеге қол жетпеу себебіне  байланысты. Мысалы, салынған капиталдың  пайдалылық процентінің төмен  болуы.

3. Зейнеткерлік  жасқа жетуге немесе денсаулық  жағдайына байланысты кету, пайда  табу мақсатында немесе басқа  бизнесті сату сияқты себептерге  қатысты.

Австралиялық  ғалымдар мен жүргізілген зерттеулер бойынша бизнес тегіс сәтсіздіктер пайызының жоғары болуы туралы әртүрлі  пікірлерге қарамастан, банкротқа ұшырағандардың үлесі 3,4% ғана, алдағы болатын зал  алдардан құтылу мақсатында 8% ғана өз қызметін тоқтатады екен.

Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына  өтуі басынан жаңа кәсіпкерлер тобының  өзісін ашу және жеке бизнеспен айналысуға ұмтылу сипатына ие болды. Бірақ бүгін  сол құрылған фирмалардың азы  ғана пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғанын айта кету керек.Бұл  келесі факторлармен түсіндіріледі;

- әлеуметтік  экономикалық;

- саяси;

- құқықтық;

- психологиялық;

- кадрлық;

- ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік-экономикалық факторларға монополиясыздандыру қарқынының төмендігі, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық қаржыландыру көздерімен коммерциялық тәуекелді сақтандыру жүйесінің болмауы сияқты факторлар жатады.

Саяси факторға кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік  қолдаудың жетіспеушілігін, бюрократиялық  аппарат кедергісін жатқызуға болады.

Әлеуметтік  сауалнама бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны республикалық  министірліктермен жергілікті билік  органдары ұстап отыр деп есептейді. Кұқық мазмұнындағы факторларға  бірінші кезекте салық жүйесінің  жетілмегендігі және нормативтік-кұқықтық базадағы қарама-қайшылықтар жатады. Заң базасында жиі болатын  өзгерістер ертеңгі күнге деген  сенімсіздікті тудырады, осыдан барып  ұзақ мерзімдік болашақ емес, бір  күндік пайдаға бағдарланушылық  орын алады. Қатаң бәсекелестік күресте  артықшылыққа ие болу мақсатында кәсіпкерлік  кұрылымдардың құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл болмауы тиіс.

Психологиялық факторлар да үлкен мәнге ие, оларға халықтың теріс көзқараста болуы, қоғамға  қажетті тауар мен қызмет көрсетулер осылардың қыруар жұмыстарының арқасында  пайда болып жатқандығын түсінбеулері, кәсіпкерлік қызметін бағалаудың жаңа тәсілі мен кәсіпкерлік құрылымдарын қолдауда оң қоғамдық пікірлердің болмауы  жатады. Экономикасы дамыған елдерде  халықтың көбі, материалдық игіліктер  мен қызметтер кәсіпкерлердің күш  қуаты мен ынтасының арқасында  жасалып жатқандығына сенімді. Мысалы АҚШ-та ұлттың «алтын қоры» дэл осы  мыңдаған нақты кәсіпкерлердің арқасында  жасалып қүралады деп есептелінеді.

Нарықтық  қатынастарға өту тағы да бір проблеманы жарыққа шығарады: ол біліктілігі  жоғары кадр-менеджерлердің жетіспеушілігі, кәсіпкерлік қызметте білім мен  тәжірибенің болмауы.

Айрықша конъюнктура бойынша табыс табуға болатын кезде, нарықтың алғашқы  толқыны құлдырай түсті. Нарықтық инфрақұрылымының пайда болуына және қоғамның соған  сәйкес психологиялық бейімделуіне байланысты арнайы оқытылған маман  мененджерлер қажет етіле бастады.

 

Кесте 9

Кәсіпорын қызметінің тоқталу себептері.

Кәсіпорын қызметінің тоқталу себептері

Кәсіпорындар Саны

Жалпы кәсіпорындар санындағы % үлес.

Банкротқа ұшырау

179

3.4

Алдағы залалдардың алдын алу

415

8.0

Қалған нэтижесін ала алмау

267

5.1

Зейнеткерлікке немесе

денсаулық жағдайына байланысты кету

 

126

 

2.4

Пайда табу мақсатымен сату

916

17,6

Белгісіз себептермен

329

6,3

Бизнестегі сәтсіздікке алып келген басқа себептер

 

77

 

5,3

Бизнестегі сәтсіздіктерге байланысты емес басқа себептер

 

34

 

0,7

Қорытындыхатылған және жабылған кәсіпорындар саны

2547

48,9

Жұмыс істеуін жалғастырып жатқан кәсіпорындар саны

2653

51,1

Бизнесті бастаған кәсіпорындардың  жалпы саны

5196

100

Е с к е р т у - Кесте Николас К. «Управление малым бизнесом» кәсіпкерлерге арналған әдістемелік құрал материалдары негізінде дайындалды.


 

Ұйымдастырушылық  реттегі факторларға жаңа фирманы  тіркеу мен кезіндегі бюрократиялық  кесірлерді жатқызуға болады. Жаңа кәсіпорынды тіркеу мен банкіден шот ашу үшін, 4-тен 6 аптаға дейін  уақыт және 40000-нан 60000 теңгеге дейін  қаржы қажет. Сонымен қатар саны шексіз мекемелер мен ұйымдардан анықтама жинау машақаты тағы бар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды түрлі мемлекеттік органдар тарапынан тексеру қосымша уақыт пен шығынды талап етеді. Бұл аталғандар Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңінде кезігетін проблемалардың толық емес тізімі.

Осыған  байланысты көптеген кәсіпорындардың  жабылып қалуы кездейсоқтық емес, ал қалғандарының үлкен бөлігі халықтан келіп түсетін майда тапсырыстармен, кұрылыста негізінен жөндеу жүмыстарымен айналысуда. Жалпы, Қазақстандағы жеке бизнес әзірге шетелдердегідей жалпы  ұлттық өнімнің қомақты үлесін өндірмейді.

Қазақстан экономикасы қазіргі түбірлі  өзгерістің екінші кезеңінде. Бірінші кезеңі (жобамен 1991 жылдан 2009 жылға дейін) әкімшіл-әміршіл жүйеден қазіргі нарықтық экономикаға өтумен белгілі. Ал екінші кезең болса, (2010 жылдан бастап) «жергілікті» экономикадан ғаламдық экономикаға өтумен түсіндіріледі. Ендігі жерде кәсіпкерлер алдында стратегиялық таңдау жатыр. Ештеңені өзгертпей жергілікті экономикада қалу немесе қызметте түбірлі өзгерістер жасап ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті болу.

Қазіргі Қазақстан экономикасын тұйық су немесе шыған аққа теңестіруге болады. Өйткені, көптеген кәсіпкерлер өз өнімдерін  тек белгілі бір территорияда ғана өткізе алады, былайша айтқанда халықаралық аренада көрінбейді. Үкімет осы шығанақтың қоректенушілеріне  қолайлы жағдай жасап, тырысуда.Судағы тірі ағзалар өздерімен өздері, белгілі  бір су темпуратурасында тыныш өмір сүреді. Келешек Қазақстан Бүкіл  дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргенде, осы шығанақтың қоректенушілері  ғаламдық экономика деп аталатын толқыны қатты, тасқынды өзенге құйылады. Сол кезде шығанақтың қоректенушілері  үшін бір жағынан өзендегі ағыспен  бірге жүзетіндей жаңа мүмкіндіктер туады, екінші жағынан оларға өзеннің  қатты толқыны қауіп төндіреді. Қазақстанның кәсіпорындары басқа  ортада жұмыс істеуге дайын ба, әлде дайын емес пе? Егер дайын болмаса, компания қызметі тоқтап қалмау үшін не істеу керек? [18].

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілері мен стратегиялық даму туралы айтатын  болсақ, онда олар бірден қазіргі проблемаларын  айтып шыға келеді. Қазіргі мәселелер  тұрғанда, болашақ туралы сөз қозғап қайтемін дейді. Әрине қазіргі мәселелерді  шешіп алу керек, бірақ кәсіпорын  стратегиялық даму туралы ойлау керек.

Кәсіпкерлер нем құрайлы қарағандықтан, кәсіпорын  залал шегіп қалады. Қазақстан  кәсіпорындарынан бір мысал келтіре  болсақ, отандық зейнетақы қорлары  өз активтерін теңгеде емес, АҚШ  долларында ұстағанды құп көрді.  Олар теңгенің долларға қарағанда күшейе түскен сәтті жіберіп салдыда  нәтижесінде біраз шығынға ұшырады.

Бәрімізге белгілі жақын арада Бүкілдүниежүзілік  Сауда Ұйымына кірмекшіміз. Үкімет осыған байланысты шаралар қолдануда.  Біздің отандық кәсіпорындарды бәсекелес  бола алатындай етіп дайындау керек. Осыған байланысты үш сұрақ туындайды:

- 3,5 және 10 жылдан кейін отандық кәсіпорындар  қандай деңгейде болуы қажет?

- қазіргі  кезде отандық кәсіпорындар қандай  жағдайда?

- қандай  әдістер мен қалағанымызға жетуге  болады? «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі  индустриалды-инновациялық даму стратегиясында» көрсетілгендей және нарықтың талап етуі бойынша үкімет отандық кәсіпорындардың жетекшілерін БСҰ-на кіру барысында біз тек өз деңгейімізді сақтап қалу ғана емес, сонымен қатар батыс компанияларымен бәсекелес бола алатындай деңгейге жетуге шақырады. Бұны екі жолмен іске асыруға болады: біріншіден, отандық компаниялар экспортқа шыға алатын тауарларды ғана өндіру керек, яғни әлемдік нарыққа шығару, екіншіден ең жоғарғы қосылған құны бар өнімді ғана игеру керек.

Қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеде экономиканың саласына негізделген қосылған құн  тізбегі сияқты даму стратегиясын жасау  және талдау әдісі кеңінен қолданып жүр.

Қазақстанның  шағын және орта бизнесті 15-20 жылда  ондай деңгейге жетпейді немесе экспортқа  шығарып көрді, бірақ ештеңе шықпады  деген пікір болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлердің пікірі келесілермен сипатталады:  жағдайдың өзгеруін елемеу; өткен тәжірибеге ізденіспен қарамау; хабар алуда болжам жасау; балама жолдарды қараудан бас тарту.

Кез келген елде экономиканың екі типі бар: біріншісі - «жергілікті» -соңғы тұтынушыға тауар  жеткізіп отырады, екіншісі - «ғаламдық» құн көрсеткішінің әлемдік басқару  жүйесімен байланысты. Экономиканың екі түрінің арасында қарама-қайшылықтар  туындайды. Барлық елде ғаламдық экономиканың рөлі саны жағынан да, сапасы жағынан  да өсіп келе жатыр.

Нидерландының жалпы ішкі өнімінің 50 пайызы халықаралық  келісімдермен байланысты (Малайзия, Гонконг, Сингапур және Ирландияда бұл  көрсеткіш одан да жоғары ), ал еуропа мемлекеттері үшін орта есеппен 30 пайызды  кұрайды.

Қазақстан өзінің индустриялды-инновациялық даму стратегиясында Малайзия, Гонконг, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйенеді. Келешек Қазақстанда ғаламдық экономиканың рөлі саны жағынан, сапа жағынан да өсетінін сеніммен айтуға болады.

Қазір отандық  бизнестің қандай жағдайда екенін қарастырайық. Біріншіден, көптеген кәсіпорындар «жергілікті» экономикада жұмыс істейді. Бұл  экономика шетелдік инвесторлардан қорғалған, тіпті кейбір бизнеске тыйым  салынған (мысалы, телекоммуникация саласы, су-энергия желілері, транспорт және т.б.). Екіншіден, отандық кәсіпорындар өмірлік циклдің өсу сатысында. Қазақстанның БСҰ-на кіруінен кейін  қысқа уақыт ішінде нарықтың толуын күтуге болады. Сонда өсу сатысынан, кемелденген сатыға көшеді. Отандық  кәсіпорын үшін бұл кұбылыс нені білдіреді? Біріншіден, бағасыз бәсекеден, бағалық бәсекеге ауысу болады. Екіншіден, бәсекенің интенсивтілігі күшейеді.

Жалпы Қазақстанда  барлық салалар өсу сатысында. Көптеген кәсіпорындар бұл сатыда үлкен жетістіктерге  жетті, бірақ бұл қолдағы ресурстармен, мүмкін шілітер мен кемелденген  сатыға өту барысында үлкен жетістіктерге  жетуге деген кепілдік емес, яғни екіталай нәрсе болып табылады. Енді осы  қалаған нәтижеге қалай жетуге болады. «Ғаламдық» экономикада қызмет жасаймын деген отандық кәсіпорындар 2 стратегияны  жүзеге асыруы керек: біріншіден, қазіргі  қызмет көрсеткішін жақсы деңгейге жеткізу, екінші күтілетін жағдайға өзгерістер жасап, иемденуді жүзеге асыру. Қазақстан экономикасындағы кәсіпорындардың батыс кәсіпорындарына  қарағандағы ерекшелігі осы екі  стратегияны алып жүруінде. Стратегияны  жасауда ең бірінші қадам нақты  мақсаттар қою. Қойылған мақсатқа жету үшін тек өзгерістер жасау емес, сонымен қатар компанияны түбірлі  өзгерту. [38, 84 бет].

Нарықтық  экономикаға өту барысында елде көптеген талапты, инициативті адамдар  өз бизнестерін ашты. Ашу жолында  олар көптеген жұмыстар атқарып, біраз  тер төкті. Компанияның   дамуы   процесінде кәсіпкерлердің тобы кұрылды. Бұл кәсіпкерлердің барлығы бірдей қиыншылықтардан өтті. Енді отандық кәсіпорындар аяғынан тік тұрғанда, кәсіпкерлер еркін жүре алады. Инновациялық даму стратегиясы енді былай дейді: Бұған дейінгі жетістіктер жақсы, бірақ жақын арада сіз ғаламдық экономикада өмір сүретіндей етіп компаниянызды қайта құрасыз дейді.    Әрине алғашқы жетекшілерінен мұны күту қиын, өйткені өз еңбегі мен құрған нәрсесін ешкім өзгерте қоймайды. Кәсіпорындардың бұл жолда басты кедергісі -менеджерлердің жетіспеушілігі болады. Басқару саласында арнайы білімі бар, менеджментің негізгі концепцияларын түсініп, қолдана алатын менеджерлерді жинау керек.

Еуропалық Одаққа мүше елдерде шағын бизнестің  рөлі өте зор. Бұл кәсіпорындар бүкіл  компаниялардың 99,9% береді, жұмыспен қамтылғандардың  66% және 65%) бүкіл кәсіпкерлік айналымды  құрайды. Еуропалық Одақта кәсіпорынның 92,4 пайызында оннан аспайтын адам жұмыс істейді, 7,5 пайызында 10 мен 499 адам жұмыс істейді. 500 адамнан жоғары жұмыскерлері бар 0,1 % кұрайды. Бұның  барлығын басқарып отырған кәсіби білімі бар, басқару саласында тәжірибесі мол менеджерлер басқарады. Қазақстанда  қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет қолда бар ресурстарды кәсіпкерлерді  оқытуға, ақпараттық жүйенің тарауына және несие жүйесіне жұмсамақшы [21, 44 бет].

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде