Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Бұл байланыстар  мен шектеулер қатаң және ортақ  құрылымын ұсынатын бәсекелік артықшылықтар  концепциясынан шығады. Бәсекеге қабілеттілік кешенді құбылыс, оны түсіну үшін стандартты бір факторлы тәсіл келіспейді.

Әдебиетті талдау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілік күрделі түсінік деген қорытынды жасауға болады, оны зерттеу кешенді тәсілді қажет етеді. Бұндай тәсіл бәсекелік артықшылықтар концепциясында ұсынылатыны айтылып кетті. Осы жерде Әр түрлі деңгейдегі «бәсекеге қабілеттілік» түсініктеріне өзіміздің көзқарасымызды келтіріп кетсек.

Сонымен, халықаралық нарықтарда елдер емес, фирмалар, салалар және қаржы-өнеркәсіптік топтар бәсекелеседі. Аталған елде фирма және салардың бәсеке қабілеттілігіне  жағымды немесе жағымсыз әсер ететін жағдайлар орын алуы мүмкін. М.Портердің  қатаң ұстанымы «бәсекелестері мен  сайыста фирма табыстылығы бәрінен  бұрын елдегі жағдайға тәуелді».

Сонда елдің  бәсекеге қабілеттілігі, біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттіліктің өсуінен  түсетін фирмалардың табысын  үйлесімділікпен бөлу нәтижесінде  өмір сүру деңгейінің артуына әкелетін, фирмалардың бәсекелік артықшылықтарды  құруы және ұстап тұруы үшін елдің  экономикалық институттарының қажетті  жағдайларды қалыптастыру қабілеті.

2. Әр  түрлі мектеп концепцияларының  талдауы көрсетіп отырғандай, әрбір  мектептің кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік  қызмет жайлы өзіндік көзқарастары  бар. Бір мектеп кәсіпкердің  жеке тұлғалық қасиеттеріне баса  көңіл бөлсе, екіншісі кәсіпкерлікті  жаңа кәсіпорын кұру мүмкіндіктерін  табу мен байланыстырады, үшіншісі  кәсіпкерлік қызметін жетекшілік  ету тәсілдері мен әдістерін  үйрету арқылы жақсартуға болады  деп санайды. Мектептердің қайсысы  артығырақ көрінеді? Бұл сұрақтың  нақты жауабы жоқ, себебі мектептердің  әр қайсысы тұтасалғанда кәсіпкерлік  феноменін сипаттайтын бір ғана  құбылыстың әр түрлі қырларын  көрсетеді. Жеке тұлғалық қасиет  ұстанымындағы кәсіпкерлік мектебі  мен кәсіпкерліктің психологиялық  мектеп зерттеулері " кәсіпкердің  сәттілікке жетуі үшін қандай  қасиеттерге ие болуы керек"  деген сұраққа жауап іздеушілер  пайдалы болуы мүмкін. Классикалық  мектеп бизнесті іске асыру  мүмкіндіктері бойынша ұсыныстар  береді. Жетекшілік ұстанымындағы  кәсіпкерлік мектеп зерттеулері  қызметкерлерді тиімді басқару  мен уәждемелеу үшін қажетті  қабілеттіліктермен дағдыларға  ие болуға көмектеседі. Ішкі  кәсіпкерлік мектебі ірі ұйымдардың  жекеленген құрылымдық бірліктеріне  іс-әрекет ету еркіндігін ұсыну  арқылы олардың басшыларына кәсіпкер  ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік  туғыза отырған, кәсіпкерлік құбылысының  артықшылықтарын жүзеге асыру  мүмкіндігін береді, маркетинг ұстанымындағы  кәсіпкерлік мектеп. Әр түрлі  тауарлар мен қызмет түрлеріне  деген сұраныс пен қажеттіліктерді  зерттеп үйренуге көп көңіл  бөледі.

Біз өзіміздің  зерттеулерімізді менеджмент ұстанымындағы  кәсіпкерлік концепциясын, жоғарыда қарастырылған барлық мектептердің элементтерін қамтитын және бүгінгі  күнде шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  тармақталған инфрақұрылымының жоқтығы  мен сипатталатын өтпелі кезең экономикасының қажеттіліктеріне ең көп жауап беретін  интеграцияланған концепция деп  есептейміз.

3. Кәсіпорынның  шаруашылық қызметін талдаумен  оның бәсеке қабілеттілігін талдауына  ортақ бірнеше көрсеткіштері  көп, олар кәсіпорынның жалпы  өндірістік-шаруашылық қызметін  талдауда қолданылады.

Бәсекеге  қабілеттілік деңгейін талдаудың өзіндік  сипаты мен міндеттері бар. Біріншіден, бәсекеге қабілеттіліктің сандық көрсеткішін есептеу кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы өндірістік-шаруашылық қызметі үшін бастама болып табылады. Екіншіден, бәсекеге қабілеттілікті зерттеу жүйелі талдау (ең алдымен маркетингтік) негізінде үздіксіз жүргізілуі керек, сонымен қатар өнімнің өмірлік циклін ескеру қажет.

Үшіншіден, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі  деңгейін бағалаудың ерекшелігі бірнеше  көрсеткіштердің пайдаланылуын  қажет етеді. Бұл көрсеткіштер ең алдымен кәсіпорынның нарықтық ортадағы орынының тұрақтылық дәрежесін, тұтынушылыр  сұранысына ие өнім өндіру қабілетін  көрсетеді.

Кәсіпорынның  мүмкіндігін, әлеуетін, қойылған мақсатқа тәуелді факторларды дәлдікпен  бағалау оның қызметінің тиімділігін  арттыру үшін негіз болады.

Тиімділікті анықтаудың негізінде қаржылық ақпарат  тұрады, сонымен қатар, баланс мәліметтері, пайда және шығыстар туралы есебі, көп  жағдайда соңғы екі-үш жылдың қаржылық көрсеткіштерін талдау жүргізіледі (өтімділік, материалдық қор, ағымдық активтер, ағымдық қарыздар, негізгі қор, актив, пайда, өзіндік капитал, сату көлемі).

4. Жалпы  Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі  кәсіпкерлік дамуын талдауды  қорытатын болсақ, Республикалық  аймақтарда кәсіпкерлік дамуының  қарқынды қадамдарын айтуға болады. Индустриалдық-инновациялық даму  Стратегиясының жүзеге асырылу  барысында көптеген жаңа өндірістердің  жобасы және кейбіреулерінің  іске қосылғанын көруге болады. Қазақстан өңірлерінде кәсіпкерліктің  дамуына толықтай мүмкіндіктер  ашылған және жоғары нәтижелі  болғанын көреміз. Кәсіпкерлікті  қолдаудың барлық Даму институттараның,  қолдау ұйымдарының жұмыстарын  қалыпты орындауы туралы айтуға  болады. Даму институттараның есептері  жоғары өнімді жобаларға артықшылық  берілгені байқалады.

5. Қазақстанның  облыстарындағы шағын және орта  бизнес үшін әлеуетті салаларды атап көрсетілді. Әр аймақтың өзінің ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерге икемделіпендігі жерде кәсіпкерлер өз ойларын жүзеге асыруға болады. Қазақстан табиғи ресурстарға бай, шикізат қорлары жеткілікті ел. Сондықтан экономиканың нақты секторында жұмыс істеуші кәсіпкерлер санын көбейтуде, өнеркәсібін ашар дамыған аймақтарда шағын бизнестің үлесін жоғарылатуда әрдайым қолдау керек.

6. Кластерлік-желілік  ұстаным негізінде шағын және  орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы  іске асырылған елдер - бұл  Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея,  Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика,  Чили, Бразилия. Бір қатар дамыған  және дамушы елдерде кластерлік-желілік  ұстанымға негізделген шағын  және ортакәсіпкерлікті қолдау  бағдарламасы арқылы жетістікке  жеткені белгілі. Біздің елімізде  кластерлік даму бағыты өзінің  оң нәтижелерін берді және  оны әрі қарай дамытуда әлеуетті  салалар ұсынылады.

7. Экономикалық  құралымдардың тереңдеуі кәсіпорын  бәсекеге қабілеттілігін арттыру  мақсатында нарықтық жүйе, әдістер  және аспаптар негізінде басқаруды  жетілдірудің қажеттігін анықтайды.  Олардың бірі бенчмаркинг болып  табылады. Ол кәсіпорында технологиялық  процестің үздік және өнімдірек болуы мақсатында өндірістің жаңа әдістері мен тәсілдерініздеу және зерттеумен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 «Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы», ҚР Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауы, 2012 жыл.

2 Смит  А. Исследование о природе и  причинах богатства народов. М., Экономика, 1965.

3 Швец  В.Е. Об управлении конкурентоспособностью  продукции на предприятии. СПб: 2011.

4 Горбашко Е.А. Конкурентоспособность промышленной продукции: Оқу құралы. СПб.:2010.

5 Золотогоров  В.Г. Энциклопедическиий словарь  по экономике. СПб.: 1992.

6 Толстов  Л.Н. Конкурентная политика в  экономике субъектов Российской  Федерации. Чебоксары, 2011.

7 Конкурентоспособность  США (Обзор). М.: 2007.

8 Портер  М. Международная конкуренция.  М.: 1993.

9 Тихонов  Р.М. Конкурентоспособность промышленной  продукции. М.: 2012.

10 Вопросы  изучения экономических аспектов  конкурентоспособности товара. БИКИ, 2004.

11 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды кеңейту шаралары туралы" ҚР Президентінің 1997 жылғы 6-наурыздағы жарлығы.

12 "Жеке  кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңы.

13 Основы внешнеэкономических знаний. И.П.Фаминский басшылығымен. М.

14 Конкурентноспособность. Япония 2009 год

15 Конкурентноспособность. Франция 2008 год

16 «Бәсеке  және монополистік қызметті шектеу  туралы» ҚР Заңы.

17 «Тауарларды  импорттауда ішкі нарықты қорғау  шаралары» туралы ҚР Заңы 28.12.1998 ж №3371.

18 «Жаңа  онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу  - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»  ҚР Президентінің халқына жолдауы.

19 Ровенский Ю. Этапы развития малого бизнеса (международный опыт). Бизнес.№3. 2012.

20 Индустрия  және сауда министрлігінің, инвестиция  жөніндегі комитетінің статистикалық  және аналитикалық мәліметтері.

21 Еуропалық  одақ. Әлисұлтан Құланбай. 2010 жыл.

22 С. Прополис, Николас К. Управление малым бизнесом. Руководство для предпринимателей. Перевод с англ. М.: Дело, 2009.

23 Пороховский А. Экономически эффективное государство: американский опыт. Вопросы экономики. №3. 2012.

24 22.12.1997ж.  №1817 ҚР «Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейінгі  даму стратегиясы» туралы қаулысы;

25 11.09.2010ж.  №1378 ҚР Үкіметінің «2011-2010ж.ж. Қазақстан  аймақтары бойынша ауыл шаруашылық  өнімдерін өндіру, қайта өңдеу,  сақтаудың ғылыми-техникалық бағдарламасын  бекіту» туралы қаулысы;

26 15.11.2009ж.  №1719 ҚР Үкіметінің «2009-2011ж.ж. ірі  қалалардың шеткі аймақтарында  сүт өнімдерін дамыту» туралы  қаулысы. 

27 Рябочкин  Б, «Агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық  қамтамасыз ету,

халықаралық ынтымақтастық», 2009 жыл.

28 Мөлдір  Бекеева «ҚР Шағын және орта  кәсіпкерлікті дамыту» 2010 жыл.

29 Майлыбекова  А.,«Қазақстанның инновациялық даму  жолдары»,2009 жыл.

30 http://www.trk.kz/Материалы/4405-Бәсекеге-қабілеттілік.html.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

Кәсіпорынның  банкротқа ұшырау себептері

 

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері

Фирмалардың банкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі

1. Стратегиялық сипаттағы қателіктер

1.1 Маркетингтік мүмкіндіктерді жете  бағалай алмау. Кәсіпорынның жаңа  даму стратегиясын дайындаудың  орнына пайдалылығы төмен өндіріс  қуаттылығын арттыру. Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшьшығына ұшырайды.

1.2 Бизнеске қатысы жоқ  салаға эртараптану. Жұмыс істеп  жатқан бизнестің ақша ағынын  маңызды негізі жоқ бола тұра басқа бизнеске жұмсау.

1.3 Маркетингтің тек жақынды  ғана көруі. Бизнестің нарықтық  мүмкіндіктер түрғысынан емес, пайда  болған идеялар түрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы нақты  мүмкіндіктерге маркетинг талдауының  жүргізілмеуі.

1.4 Жобаның үлкен болуы.  Компания ақша ағынының көлеміне көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мүның жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша қаражаттарына деген қажеттілік де арта түседі. Фирма үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражаттарының бар екендігіне көз жеткізуі керек.

1.5 Жоспарлаудағы кемшіліктер.  Шоттарға төленетін төлемдердің  кідіруінен немесе тапсырыстардың  қысқаруынан өндіріс көлемінің  төмендеп кетуі сияқты күтпеген  жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін (өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.) жоспарлау қажет.

2. Жалпы менеджменттегі проблемалар

2.1 Басқарушының шеберлігі мен тэжірбиесінің  және «ноу-хау»-дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары керек.

2.2 Қаржы менеджментіндегі  жетіспеушіліктер. Жаңа фирмаларда  ереже бойынша қаржылық міндеттер  жай бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан кәсіби қаржыгер болу керек.

2.3 Менеджерлердің негізгі  қызметкерлерінен айырьшуы көбінесе  сындарлы болуы мүмкін, эсіресе  қандай да бір өндіріс әдістері саласына ғана тиісті білім керек ететін кәсіпорындар үшін.

3. Есептік- қаржы жүйесі мен тәжірибедегі кемшіліктер

3.1 Баға қалыптастыруда салалық стандарттар мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының дәрежесі мен оның пайдалылық дәрежесін алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.

3.2 Фирманың экономикалық  жағдайын басқаруды талдауының  жетіспеушілігі немесе мүлдем  жоқ болуы (тауар-материалдық  қүндьшықтарды, жүмыстардың орындалу  көлемін және т.б. талдау).

3.3 Кассалық бюджетке көңіл  аударудың орнына қателесіп, аудару  тәсіліне көңіл аудару, бизнесті  айтарлықтай қаржы проблемасына  әкелуі мүкін.

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде