Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 8
1 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................
10
1.1 Экономикадағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні және түрлері.......... 10
1.2 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы және оның экономикалық мәні........................................................................................................
16
1.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі әдістер мен көрсеткіштер.........................................................................................
28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ............................................................
38
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін талдау............................................................................
38
2.2 Кәсіпкерліктің елдің бәсекеқабілеттілігіне әсер ету жағдайын талдау....................................................................................................
45
2.3 Ел экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттырудағы кәсіпкерліктің даму мәселелері...........................................................
52

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ...................
58
3.1 Кәсіпкерліктің дамуындағы мәселелерді шешу жолдары................ 58
3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 79
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................... 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Махметов А.Е. Дипломная работа.docx

— 247.03 Кб (Скачать документ)

Бұл жұмысқа  қажетті республикада мемлекеттік  және жеке оқу орталықтары әртүрлі  оқыту бағдарламалары бойынша жұмыс  істеп жатыр.  Облыстарда, кейбір аудан орталықтарында Қазақстанның шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталықтарына тікелей шығатын  ақпараттық жүйе бар. Алайда бастауыш кәсіпкерлердің қаржысының жетіспеушілігінен  жоғарыда көрсетілген қызметтерді  қолдана алмайды. Сондықтан республикалық  және жергілікті бюджеттен оқытуға  және ақпараталуға қажетті қаржы  болукерек.  Бұл мәселені шешудің  тағы бір жолы бар. Мысалға келтірер болсак, Германияда бастауыш кәсіпкерлерге  кеңес беру үшін арнайы фирмалар құрылған. Оларға әр бастауыш кәсіпкер осы фирманың көмегі аркылы бір кәсіпорын құрған соң мемлекеттен 3 мың евро көлемінде  қаржы алып отырады.

Осындай мақсатқа республикалық бюджеттен  қаржы бөлу керек. Бір кәсіпкерді оқыту 60 долларды құрайды. Купондық жүйе енгізіп қою керек. Сонда кәсіпкер өз еркімен керек курсты таңдап оқиды. Бұл оку орталықтарының арасында бәсекені туғызады.

 

 

3.2 Кластерлік жүйе бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытудың негізгі перспективті бағыты

 

Жаңа  жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы  тұрғысынан шетел мемлекеттерінде  шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен  мән беріледі.

БҰҰ-ның  даму бағдарламасы бойынша кәсіпорындардың  саны барлық кәсіпорындардың жалпы  санынан 95%-ға артық. Әлемдік әкономикада  мұндай кәсіпорындардың үлесіне  жұмыспен қамтылғандардың 60% астамы келеді, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға жетеді.

Нарыктық  қатынастардың қалыптасуы кезінде  әсіресе шағын кәсіпкерлік қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден  қорғау немесе ол үшін ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирма ішілік процесті үнемі ынталандаратын және фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары: жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қолжетімділікті жеңілдетуге; нарық капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, нарықтық және жеңілдікті несилік мөлшерлемелер арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдік пен несие беру) қолжетімділікті жеңілдету; кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілі кұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселесі бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. [22, 49 бет].

Кластерлік-желілік  ұстаным негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бір  қатар дамыған және дамушы елдерде  кластерлік-желілі кұстанымға негізделген  шағын және ортакәсіпкерлікті қолдау бағарламасын іске асырудымы салға  келтіреміз:

І. Италия. Бірінші рет кластерлік-желілік  ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік-желілі кұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшінші Италия" деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында "бірінші" және "екінші" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің  солтүстік-шығыс және орталық бөлігі экономикалық өсудің жоғары түрін көрсетті. Негізінен шағын және орта кәсіпорындар әрекетететін (тоқыма және былғары  өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз  өндірісі) бір қатар саларда қалыптасқан  кластерлер шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып  қоймай, экспорт рыногында шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары кұлдырауды басынан  өткізіп жатты, "үшінші Италияның" шағын және ортакәсіпкерлік кластерлері  өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлік  кластерлері өндірістік процеске инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.

2. АҚШ.  ЖҰӨ-нің 50%-нан астамы, инновациялардың  жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы  күшінің 2/3 астамы шағын кәсіпкерлікке  тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік  ел экономикасын оң алтуда  шешуші рөл атқарды. Бұл үшін  АҚШ-та аталған сектордың дамуына  көмек беретін кұрылым - АҚШ бизнес әкімшілігі (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтің мәні [23, 78 бет].

3. Жапония.  Шағын және ортакәсіпкерліктің  үлесі барлық компаниялар санының  99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпке  жұмыспен қамтылғандардың 80%-ын құрады. Шағын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін шағын және ортакәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі кұрылды.

Жапонияда шағын және ортакәсіпкерлікті қолдаудың  негізгі шаралары:

-ШОБ-ты жаңғырту үшін кредиттермен жеңілдікті кредиттерге кепілдік беру және сақандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қолжетімділікті жеңілдету (20 жылға 1,05%-дық мөлшерлемемен);

- бизнес-инкубаторлар құру, салық салу және менеджмент, персоналды басқару және нарықтағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсыну мен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесте қолдау жүйесін құру;

- техникалық көмек, қаржылық және заңнамаларын қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;

- жаңа  әзірлемелерді коммерциялизациялауды  қолдау мен ғылыми орта, бизнес  және үкімет арасындағы ынтымақтастықты  ынталандыру арқылы технологиялардың  дамуын қолдау;

- пайыздық  төмен мөлшерлемелер бойынша  субсидиялау және несие беру  арқылы бизнесте инновацияларды  қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттің  қатысуы және зерртеу кәсіпорындары  үшін патенттік төлемдерді төмендету.

Жапонияда зертеулерді дамыту деңгейі бойынша  жетекші рөлді технопарктер алады. 70% шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі шағын кәсіпкерлік  кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл  ретте, 58%-ы жоғары технологиялы өнімдер  өндіруге бағытталған.

4. Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды  қолдаудың негізгі қағидаттары  келесі нарықтық тетіктерге сүйенеді:

- мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне назар аудару;

- тиімсіз кәсіпорындардың нарықтан кетуі;

- шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап - несиелерді алу қабілеттілігінің болуы.

5. Корея.  Барлық компаниялардың 99,5%-ын қүрайтын 3 млн. шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері бар. Соның ішінде  шағын компаниялардың үлесі 97% құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын  компаниялар жүмысқа орналастырудың  маңызды көзі болып табылады, өйткені онда елдің экономикалық  белсенді халқының 87%-ы жүмыспен  қамтылған (10 млн. астам). Шағын  және орта кәсіпкерліктің үлесіне  елдің ЖІӨ-нің жартысы және  оңтүстіккореялық экспорттың 43% тиесілі.

6. Израиль.  Қолдау инфрақүрылымының объектілері  кұрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың 35%-ін құрайды, 65% кәсіпкердің салған қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.

Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың  алдына шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндеті қойылған елдерде  жақсы дамыған. Ғылыми-өнеркәсіптік парктер болашақтағы технополистердің - озық технологиялар, ғылыми зертеулер  мен жобалау-құрастыру эзірлемелері қалаларының қазіргі үлгілері болыпта  былады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер  үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді  дамыту басымдығының стратегиясы - бұл  жоғары технологиялық деңгейдің  өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында  ілгерілеу.

Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.Бизнес-қоғамдастықтың мемлекетпен бірігіп қызмететуі

Бюджеттік бағдарламалар администраторларының ұсынған мәліметі бойынша 2012 жылы мемлекеттік  бюджет есебінен шағын кәсіпкерлік  субъектілерінен жалпы сомасы 135,6 млрд. теңге тауар, жұмыс және қызмет көрсету сатып алынды, оның ішінде 61,1 млрд. теңге тауар, 54,9 млрд. теңге  жұмыс, 19,6 млрд. теңге қызмет көрсету  сомасы.

Республикалық бюджет администраторлары есептік  жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінен  жалпы сомасы 36,9 млрд. теңгеге сатып  алу жүргізді, оның ішінде 24,3 млрд.теңге  тауар, 3,7 млрд. теңге жұмыс және 8,9 млрд. теңге қызмет көрсетуге төленді.

Жергілікті  бюджет администраторлары есептік  жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінен  жалпы сомасы 98,7 млрд. теңгеге сатып  алу жүргізді, оның ішінде 36,8 млрд. теңге  тауар, 51,2 млрд. теңге жұмыс және 10,7 млрд. теңге қызмет көрсетуге  жұмсалынды.

Жергілікті  бюджет есебінен сатып алу 72,8% үлесі  республикалык бюджет есебінен сатып  алудан (27,2%) жоғары, оның себебі жергілікті бюджет бағдарламалары администраторларының сатып алу номенклатурасының  қарапайымдылығы, ал республикалық  бюджет администраторларының күрделі  сатып алулары басым (ғылыми зерттеулер, күрделі техникалық және ақпараттық жүйелер, жабдықтар жәнет.б.).

Ақпараттық-консалтингтік  қызметке қатысты. Ақпараттық-консалтингтік  қызмет көрсету мақсатында Министрлік келесі шараларды жүзеге асырды:

1) «Қазақстанның  шағын және орта бизнесі» атты  ақпараттық-сараптамалық журналдың  4 нөмірі басылыпшықты,12010 данамен Қазақстанның барлық аймақтарына таратылды. Журнал тақырыптары: №1 - "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңының негізгі ережелері", №2 - "Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамыту", №3 - "Кәсіпкерліктегі инновациялар", №4 - "Қазақстанның ДСҰ-ға енуі"

2) Мемлекеттік  және орыс тілдерінде 6 тақырып  бойынша әдістемелік құралдар  дайындалды және 6000 дана көлемінде  басылыпшықты, олар қайтарымсыз  негізде аймақтарға таратылды.  Тақырыптар: "Шетелдік нарыққа  қалай шығу керек", "Инвестициялық  преференцияларды қалай алуға  болады", "Міндетті сақтандыру", "Интеллектуалды меншік", "Сізге тексеріс келді", "Бірінші қабатта бизнесті қалай ұйымдастыруға болады".

3) Кәсіпкерлікті  дамыту мәселелері бойынша республика  аймақтарында мемлекеттік органдар  мен кәсіпкерлік субъектілерінің  қатысуымен келесі тақырыптарда 10 семинар - кеңес өткізілді:

- «Жеке  кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының  негізгі ережелерін орталық және  жергілікті атқарушы органдарға  ашып түсіндіру (Астана қ., Петропавл  қ., Өскемен қ., г. Ақтөбе қ., Шымкент  қ.).

Кластерлік  жүелердің даму үрдісіне шағын және орта кәсіпкерлікті қосу мақсатында ҚР-ның Аймақтық даму Министрлігі  келесі бағыттарда зерттеулер жүргізді:

1) Салық  салу бойынша, оның ішінде:

-шағын  кәсіпкерлік субъектілерін экспортқа-бағытталған  өнім өндіруге ынталандыру бойынша  ұсыныстар дайындау мақсатында  салық салу жүйесін зерттеу;

-инновациялық  қызметпен айналысатын шағын  кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру  бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында  салық салу жүйесін зерттеу.

2) Мемлекет  тарапынан кәсіпкерлікті дамыту  және қолдау бойынша эрі қарайғы  шаралар үшін қажетті ғылыми-негізделген  ұсыныстар алу үшін зерттеу.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету, оның ішінде ақпараттық-консалтингтік  жұмыстар жүргізуде, қалалар мен  аудандарда «Казагромаркетинг» АҚ ауылдық  ақпараттық-консалтингтік орталықтары  желісімен, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ және кәсіпкерлік субъектілерінің  қажетті консалтинг жүйесімен қамтамасыз ететін басқа да құрылымдарымен қатар  кәсіпкерлік бөлімдері қызмет етеді .

Одан  басқа, облыстар экономикасының ерекшеліктерін, шағын кәсіпкерлік құрылымында  өндірістік әлеуеттің шикізат экспортына бағыттылығы және сауда-делдалдық  қызметтің басымдығын ескере отырып, аймақтарда шағын бизнестің ірі  кәсіпорындар мен интеграциясы үшін лизинг және бизнес инкубатор жүйесі дамуда.

Облыстарда  лизингтік операциялармен «КазАгрофинанс»  АҚ өкілеттілігі айналасыды. Оның негізгі  қызметі болып ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндірушілерді лизингтік  негізде ауыл шаруашылық техникасы  мен қамтамасыз ету, сонымен қатар  несиелендіру және қаржылық қолдау мемлекеттік  бағдарламасы есебінен ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Одан  басқа, лизингтік операциялармен «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ аймақтық филиалдары да айналысады.

Франчайзинг қағидатына негізделген механизмдерді  енгізуге қатысты.

Республикада, әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде  франчайзингтік қатынастар жеткілікті дамуға ие бола алмады. Осыған байланысты семинарлар, конференциялар, көрмелер, басқа да консультативтік жұмыстар жүргізу арқылы франчайзингтік жүйені тарату қажеттілігі туындайды. Ноу-хау  пайдалану құқығын беруге, коммерциялық және қаржылық көмек көрсетуге дайын франчайзорлар туралы мәліметтерді зертттеу қажет [24].

Информация о работе Тиімді кәсіпкерлік ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде