Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.

Содержание

Кіріспе

1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Қорытынды және ұсыныстар

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары.doc

— 560.50 Кб (Скачать документ)

Екінші шара — шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру.

Үшінші шара — монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын корғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлік пен бизнесті колдаудың жүйесін жасау. Расында, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфракүрылымдары ауадай кажет. Егер мемлекет тікелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсіпкерлік пен бизнеске көмектесе алмаса, мемлекеттік тапсырысқа қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ыкпал ете алады.

Өтпелі экономикада шағын кәсіпкерлік пен бизнестің біртіндеп қалыптасуы — занды құбылыс. Мемлекет тарапынан жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді уакыттың өзі түзеп отыратыны да белгілі. Дей тұрғанмен, шағын көсіпкерлік пен бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдаудың біз ұсынған үш деңгейлі жүйесі бүгінгі күні маңызды көрінеді. Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді бөлігінің — шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.

Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақүрьшымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғүрлым көп санын құруға, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік орта мен неғұрлым жоғары деңгейде өзара іс-қимыл жасауына бағытталатын болады. Аймақтарда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту тек халықты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалык іргелі мәселелерін шешуге ыкпалын тигізеді. Жастар арасында жұмыссыздық салдарынан кездесіп жүрген нашақорлық, ішімдіктерге бой алдыру сияқты қоғамға жат қылыктарды болдырмауға шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың және қолдаудың әсері мол деп санаймыз. Аймақтардағы өндірісті дамыту өз аумағында нарықты қажетті тауарлармен толықтыру, халыктың тұтынушылық қабілетін қанағаттандыру мақсатында отандық, оның ішінде аймақтағы өнеркәсіптік өнімдердің көптеп шығарылуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі тауарлар өндіру және сату шығындарын төмендете отырып, оның бағасын арзандатуға бірден-бір себеп болмақ. Өндірістік сектордың дамуы жергілікті бюджеттің толығуына, аймақтың гүлденуіне, әлеуметтік жағдайдың көтерілуіне, қосымша жұмыс орындарының калыптасуына ыкпал етеді. Өнеркәсіптік өндірісті өрге бастыру ұшін өндірістік инфракұрылымды, соның ішінде кәсіпорын жанындағы энергетика, көлік, кұрал-сайман, койма және т.б. шаруашьшықтарды дамытуда шағын кәсіпкерлік пен бизнеске жүгініп, оның тиімділігін арттырудың ең ұтымды түрлері мен жолдарын қарастыру жөне қолдану қажет деп санаймыз. Осы тұрғыда да шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфракұрылымын жетілдіру ең басты мәселе қатарына жатады. Мысалы, салықты төмендету, өндіріс алаңдарын төмен бағамен жалға немесе уакытша тегін беру, кәсіпорын тарапынан қаржылай көмектесу, несие берудің ең озық тәжірибелерін қолдану шағын бизнесті дамытуға себебін тигізері хақ. Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру — халықты кәсіпкерлік кызмет саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді. Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру деңгейін көтеруге ыкпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздык салдарынан ірі калаларға көшуін токтатады. Осыған орай жергілікті аткарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс-шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдардағы оның даму стра-тегиясын Үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда мамандар даярлау, олардын біліктілігін арттыру, қайта даярлау — кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін төмендетумен қатар, оның нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс істеуіне көмектеседі.

Шағын кәсіпкерлік-оның алдындағы бірқатар әкімшілік кедергілер алынып тасталды.

Либералдық нарык, экономикасының сырын ашып, оның теориялык негіздерін

қалаушылардың бірі Адам Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен

себептері туралы зерттеулер" атты атақты еңбегінің жарыққа шакканына 230

жыл болған екен. Экономика ғылымының классигі өзінің осы еңбегінде әрбір

адамның жақсы тұрмысқа жетсем, байысам деген табиғи ниеті оған экономикалық, еркіндік берген жағдайда жалпы қоғамның баюына алып келетіндігін дәлелдеген болатын. Бизнес қандай елде қаншалықты еркіндікке ие болып отыр? Бүгінгі таңда әлем еддерінің арасында мұның да өзіндік өлшемдері мен рейтингі бар. Мәселен, біздің Қазақстан Бүкіләлемдік банктің бағалауына сәйкес 178 елдің арасында бизнес еркіндігі бойынша 71-ші орында тұр екен.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің пайда болуына және дамуына үлкен қамқорлық жасап келе жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы ел халқына арнаған үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Жолдауында Үкіметке кәсіп-керлікке әкімшілік шектеулерді барынша азайту жөнінде тапсырма берген болатын. Жолдау жарияланысымен Үкімет осы бағытта жаңа шаралар жүйесін қабылдауды қолға алды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов наурыз айында 300-ден астам кәсіпкер бас қосқан бизнес-қауымдастық жиынына қатысып, олардың ұсыныстарын тыңдады. Осы жиналыс нәтижесінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың алдындағы кедергілер жөнінде арнайы комиссия құрылып, оны Премьер Министрдің өзі басқарды.

Үкімет отырысында аталған комиссияның жұмыс қорытындысы, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде туындаған ұсыныстары ортаға салынды. Оны Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник баян етті. Ол аталған жұмыстардың мейлінше тиімді болуы үшін әлем елдерінің озық тәжірибелері зерттелгендігін және осы іске халықаралық сарапшылардың тартылғандығын мәлім етті. Үкімет ЮСАИД сарапшыларының қатысуымен бизнесті ашу, меншікті тіркеу, құрылысқа рұқсат беру секілді бүгінгі таңда елімізде барынша кең таралып отырған үрдістерді жеңілдету жөнінде тиянақты жұмыстар жүргізген. Соның нәтижесінде Үкімет отырысында бизнестің пайдасына бірнеше шешім қабылданып, 5 бірдей қаулыға өзгерістер енгізілді.

Біріншіден, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімін азайту жөнінде шешім қабыдданып, ол Әділет министрлігінің тіркеуіне тапсырылды. Осыған сәйкес рұқсат беру қүжаттарының саны 7-ден 4-ке дейін азайтыдды.

Екіншіден, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жергілікті атқару органдарынан құрылысқа рұқсат беру үдерістері оңтайлатылды. Оған кететін уақыт 187 күнді құраса, енді Үкімет шешіміне сәйкес ол 59 күнге дейін азайтылды.

Үшіншіден, құрылыс компаниялары үшін лицензия алу жеңілдеді. Бұрын бұл үшін компания меншігінде арнаулы материалдық-техникалық база болуы немесе оның ұзақ мерзімді ареңдасы кажет болса, енді ұзақ мерзімді арендалау міндеттілігі алынып тасталды. Мұның мәнісі бұрын ұзақ мерзімді аренданы халықққа қызмет көрсету орталықтарында тіркету үшін 30 күндей уақыт қажет болатын. Енді осы жүктеме жойылды.

Төртіншіден, бұрын бас компанияның жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен филиалдары металл сынықтарын жинау үшін қажетті рұксатты жеке-жеке алатын. Енді бас компания алған бір рұқсат олар үшін жеткілікті болып

сату жөнінде бірдей талап койылатын. Енді кәсіпкерлер үшін койылатын талап оңайлатылды.

Кәсіпкерлер үшін тағы бір үлкен жақсылық, барлық қызметтерді міндетті түрде сертификаттау туралы қаулыға өзгерістер енгізілуі болды. Бұрын осы қаулы бойынша 6056 қызмет пен тауар сертифакатгауға жататын. Кәсіпкер үшін әрбір сертификат ақшаға түсетін. Оның үстіне оларды алудың қиындықтары да бар. Осыны пайдаланып көтерме саудадағылар бөлшек саудадағыларға сертификат көшірмелерін бірнеше еселеген қымбат бағаға сатып отыратын. Енді сертификаттарды қайталап сатуға тыйым салынды. Ол сертификаттарды шағын және орта кәсіппен шүғылданушылар өздері қажет ететін көлемде тауармен бірге тегін алатын болды.

Жоғарыдағы аталған оңайлату шаралары бойынша 5 бірдей қаулыға өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты шешімдерге Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов отырыс барысында қол қойды. Сөйтіп қаулыларға енгізілген өзгерістер бірден күшіне енді.

Отырыста сөз алған ЮСАИД-тың Қазақстан бойынша бизнесті жақсарту жөніндегі жобасының директоры Сергей Пезиков кәсіпкерлер үшін жасалынған осы жеңілдіктердің нәтижесінде ғана еліміздің халықаралык рейтингі қазіргі 71-ші орыннан 60-шы орынға дейін көтерілуіне мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бизнестің алдындағы әкімшілік кедергілерді азайту мұнымен ғана шектелмейтіндігін айтып, енді Елбасының тапсырмасы бойынша кеден процедураларын жеңілдету жөнінде мәселе қозғалғандығын, бұл мәселе келесі отырыста қаралатындығын жеткізді. Ал маусымның соңы және шілденің басында Үкі-мет әзірлену үстіндегі Салық кодексінің жобасын қарауға кіріседі. Мұнан кейін "Бәсекелестік туралы" заң жобасы қаралады. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлер алдындағы кедергілер барынша шектеле түсетін, экономика негізінен алғанда нарыктық тетіктер арқылы реттелетін болады.

Үкіметтің жоғарыдағы шешімдерін кәсіпкерлер қауымы үлкен қуанышпен қабылдады. Отырыс барысында "Атамекен" одағы" ұлтгық экономикалык палатасының төрағасы Азат Перуашев пен кәсіпкерлік қозғалыстың белді жетекшілерінің бірі Райымбек Баталовтың сөз алып, мемлекет және Үкімет басшыларына алғыс айтуы, осынын соңын ала барлығы 96 бизнес-қауымдастықтың қатысуымен "Атамекен" одағы" ұлттык экономикалық палатасының осы оқиғаға орай арнайы мәлімдеме қабылдауы

Нарықтық қатынастардың басты шарты- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы халыктың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен жұмыспен қамту. Осы орайда аймақта өткен мерзімде жақсы бастамалар өмірге келіп, облыс бюджетін толықтырудағы аталған сала қызметкерлерінің үлесі айтарлықтай болды. Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда күн сайын жаңашылдығымен ерекшеленетін және оның қазіргі таңдағы әдісі мен тәсілін дамыту күн тәрібіне өткір қойылып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерліктің табысты болуы үшін консалтингтік қызметті қолданып, дамытуға баулу ВА5 бағдарламасын еліміздегі кеңесшілермен таныстыру, іскерлік қарым-қатынас орнату бағытында аймақ кәсіпкерлері көкейде жүрген көптеген сауалдарға жауап пен тағылымды тәжірибе алды деуге болады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер ел экономикасының барлық саласында жұмыстарын өрістетіп, жұртшылыққа көптеген қызмет түрлерін ұсынуда.

 

Әсіресе, индустриялық-инновациялық даму, инвестиция тарту, туризм мен сауданы бүгінгі уақытқа сай өркендету, жер қойнауындағы байлықтарды игеру және өндеуге назар аудару, тағы басқа күрделі мәселелерді іске асыруда да ролі зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды және ұсыныстар

Шағын және орта кәсіпкерлік— экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғүрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының "өзгеруіне" қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне карай мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.

Ел экономикасын көтеруде кәсіпкерлік қызметтің үлесі айтарлықтай зор, себебі бұл қызмет халықтың негізгі табыс көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан Үкіметке кәсіпкерлерді қолдап, демеп, көмектесіп отыру жөн. Кәсіпкерлік қызметті қолдау жұмыстары аймақтарда мемлекет атынан қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

Елдегі кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижелері көбінесе лайықты алғы шарттармен: құқықтық базамен, институциондық кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымды мемлекеттік қолдау деңгейімен және т.б. анықталады.

Елімізде кәсіпкерлік қызметінің дамуының барлық алғы шарттары қарқынды жасалуда, әсіресе меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, соның арқасында кәсіпкерліктің дамуы үшін берік экономикалық негіз жасалуда.

Шағын бизнестің ірі бизнеспен салыстырғандағы артықшылықтарына төмендегілер жатады:

а) икемділік қасиеті - еңбек және материалдық ресурстарды дер кезінде ауыстырып отыруға, нарық талаптарына дәл уакытында жауап беруге мүмкіндік береді;

ә) тұтынушымен тікелей байланыста болып, оның сұранысына тез арада жауап бере алу қабілеті — жергілікті нарықтарды қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге ыкпалын тигізеді;

б) шағын бизнес экономиканы кұрылымдық жағынан қайта құруға жол ашады;

в) шағын бизнес өндірістің қоғамдық құрылымын жақсартады, себебі ірі өндірістің өзгермелі ортаға, ҒТП-тің жаңа талаптарына бейімделуін жеңілдетеді, ірі корпорацияларды ұсақ сериялы өнім өндірісінен босатып, ізденумен, жетідірумен және жаңа өнімдерді игерумен айналысады, тәуекелге барудан қорықпайды;

г) елдің жалпы экспорттык әлуетін арттыруға өз үлесін қосады: шағын бизнестің көмегімен сыртқы нарыққа шығуға кұқық алған, бірақ экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кджетті тиімді ішкі ұйымдастырушы-экономикалық құралдары жоқ, ірі кәсіпорындардың өнеркәсіп саласындағы кейбір мәселелерін шешуге болады;

ғ)экономиканың шағын секторының кәсіпорындары табыстағы сәйкессіздікті азайтуға мүмкіндік береді;

д) ең жаңа технологияның әр түрлі түрлерін дамытуға қабілетті;

е) болашақта өнеркәсіпті дамытудың негізі болып табылатын маманданған жұмыскерлерді дайындайды;

ж) кәсіпкердің баскару кабілетінің толығынан көрінуіне мүмкіндік береді;

з) тұрғындар және басқа да жергілікті қаржы көздерінің жинақтары мен капитал салымдарын көбейту аркылы шағын қаржыларды неғүрлым тиімдірек пайдалануға ықпал жасайды;

и) табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін ұлғайту арқылы жинақылықты арттырады;

и) шағын кәсіпорындардың маңызды артықшылығынағына, сондай-ақ, транспорт шығындарының неғүрлым аздығы жатады, себебі олар тұтынушыларға жақын орналасады;

к) тағы да бір мәнді қасиеті — еңбек ресурстарын, әсіресе орта және шағын қалаларда тиімді пайдаланатындығы. Көптеген шағын қалалар мен қалашықтарды дамыту үміті шағын бизнеске байланысты. Шағын кәсіпорындар тұрғындардың қамтамасыз етілмеген мұқтаждықтарына жауап ретінде кез-келген секторда дами алады.

Бірақ, осыған қарамастан шағын кәсіпорындардың артықшылықтарын асыра мадақтау арқылы біздің шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерімізді шешудің жаңа жолдарын тек шағын бизнесті дамытудан ғана көруге болмайды. Мысалы, қаншалықты тиімді болса да, ірі және қымбат ғылыми-техникалык бағдарламаларды жүзеге асыруға шағын бизнестің шамасының келмейтіндігін естен шығармау қажет. Оның сол сияқты шикізат пен капитал алудағы, өнімді өткізу нарығын зерттеудегі, жарнама бойынша мүмкіндігі шектеулі. Әдетте шағын кәсілорындар баға немесе несие беру шарттары, мемлекеттік реттеу сияқты сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруға әлсіз. Мұндай мардымды сілкіністер бұл кәсіпорындарды шығынға ұшыратып кана қоймай, көп жағдайда олардың тікелей күйреуіне алып келеді.

Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары