Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.

Содержание

Кіріспе

1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Қорытынды және ұсыныстар

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары.doc

— 560.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

1.3. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы. 

 

Кәсіпкерлік, дамыған елдердің де, нарықтық экономикасы жаңа бас көтерудегі елдердің де экономиканың өте маңызды секторы болып табылады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеусіз оның нәтижелі дамуына жағдай жасау мүмкін емес.

 Кіші бизнеске түрлі позицияларда  ірі бизнеспен бәсекелесу қиынға  түседі, алайда оның дамуының  әлеуметтік-экономикалық нәтижесі  бұл сфераны мемлекетік органдардың көп назарын аударатын объектісі қылып тастайды.

Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік төмендегені анықталды. 2001 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы үшін жағдайлардың айтарлықтай жақсаруына қарамастан, шынында белсенді әрекет ететін шағын кәсіпорындардың санының өсу темпінің төмендеуі байқалады.

Соның ішінде шағын кәсіпорындардың қосылған құн өндірісіндегі кішкене үлесі шағын бизнестің өндірістік секторындағы өсімнің жоқтығын куәландыра алады. Бұл, ең алдымен кіші бизнесті мемлекеттік реттеудің механизмдерін нәтижелерінің жеткіліксіздігін бейнелейді.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны.

Атап көрсеткендей, 21-ғасырда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылуды. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына алып келді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметенең заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстыңөзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындаоынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мыңдаған әр түрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады. Электротехника, авттомобиль және басқа салалардың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап кқрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынсатары арқасында жұмыс істейді.

Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.

Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инжениринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асыру мүмкін.

Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты қызметтерден көрінеді:

Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.

Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте мағызды.

Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыс қамтамасыз етілгендердің 50-60 % және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді.

Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық жаңалықтардың  50 % келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар).

Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсатрудағы орнын тапсырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігін көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.

Өтпелі экономика үшін нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процестер кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежеді.

Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.

70-80-жылдардағы дамыған елдердегі  болған кәсіпкерлік «бум» ғалымдар  мен практиктердің шағын бизнеске  қатысты бұрынғы көзқарастарынан-шағын  кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жойылуы керек, не ең ірі компанияларға кацта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр еткізді.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1985-2005 жылдар бойынша) олардың саны екі жарым есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогрессивті салаларында-электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер-айтарлықтай рөлі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

-еркін бәсекені құру негізі  ретінде шағын кәсіпкерлікті  дамытудың кешенді мемлекеттік  ғылыми негізделген бағдарламаларын  жасау;

-оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер  үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген  салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);

-бағдарламада ғылыми-техникалық  прогрестің басымдық бағыттарында  шағын кәсіпкерліктің орны ерекше  анықталуы керек;

-шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әр түрлі аймақтарында (область  орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;

-ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының  жүйесі негізінде, әсіресе сауда  мен қызметтер саласында шағын  бизнесті дамыту мақсатында ірі  кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы » 1997 жылы 6 наурызындағы кейін жандандарылған қаулысының үлкен рөлі бар.

Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетін ынталандыру жөніндегі дәйекеті жұмысты жалғастыруға тиісті,ол үшін жүз мыңдаған азаматтардың өз ісін ашуына қолдау көрсету,жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет», - деп атап көрсетілген. Демек, біздің іс-қимылдарымыз да осы айтылғандармен толық үйлесім табуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Батыс  Қазақстан  аумағындағы  «Даму» ЖШС  қызметін  ұйымдастыру  және  жетілдіру

      2.1 «Даму» ЖШС-нің  қызметін  ұйымдастыру

     «Даму» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  Қазақстан Республика сының  заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік құрылтайшысы болып Дарменов.Ж.С табылады.

Серіктестік атауы: мемлекеттік тілде «Даму» ЖШС;                                                                                                                                                                                                                      

                            орыс  тілінде ТОО «Даму»

Серіктестіктің орналасу мекен  жайы: Батыс  Қазақстан  облысы, Зеленов ауданы, Мичурин селосы. Серіктестіктің іс- әрекетінің мерзімі шектеусіз.  «Даму» ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің  негізгі түрлері болып: құрылыстық – монтаждық жұмыстар, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс – жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. «Даму» ЖШС лицензия негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік лицензия № 001427, мемлекеттік тіркелуге тұру туралы куәлігі № 3507-1915-ЖШС.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге . Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды. Серіктестіктің жоғарғы органы болып «Даму» ЖШС табылады. Атқарушы органы болып – директор табылады. Серіктестік іс-әрекетінің нәтижесін, бухгалтерлік есебін, қаржылық және статистикалық есебін жүргізеді. Осы іс-әрекетінің нәтижесі бойынша алынған таза табысы серіктестік қатысушысының шешімімен бөлінеді. Серіктестіктің мүмкін болған зияндары резервтік қор есебінен жабылады.

       «Даму» ЖШС-нің іс- әрекетінен түскен табысы соңғы үшжылдық мәлімет бойынша жылдан-жылға төмендеген. Бұл іс- әрекеттерден түскен табыстары 5- кестеде көрсетілген.

                                                                                                  5 –  кесте

        Өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруден түскен табыс  көлемі мен құрылымы.

Іс-әрекет атауы

      2008 жыл

      2009 жыл

     2010 жыл

  мың          

  теңге

үлес салмағы      %

  мың  

  теңге 

үлес салмағы    %

  мың 

  теңге

үлес салмағы     %

1

Құрылыстық-монтаждық жұмыстан табыс

 

 

 

150419,2

 

 

         

   30,4

 

 

 

146533,5

 

 

 

   32,2

 

 

 

143488,8

 

 

 

    33,6

2

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

 

 

 

111824,8

 

 

 

   22,6

 

 

 

106487,08

 

 

 

   23,4

 

 

 

104200,2

 

 

 

    24,4

3

Ізденіс- жобалау жұмысы

    

 

  49480

 

 

      10

 

 

  38681,2

 

 

     8,5

 

 

32028,7

 

 

      7,5

4

Сауда және коммерциялық іс-әрекет

 

 

102918,4

 

 

   20,8

 

 

87374,02

 

 

   19,2

 

 

83274,7

 

 

   19,5

5

Құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі

 

 

 

 

73725,2

 

 

 

 

   14,9

 

 

 

 

   68260,9

 

 

 

 

      15

 

 

 

 

61922,25

 

 

 

 

    14,5

6

Басқалай қызметтен табыс

 

 

   6432,4

 

 

     1,3

 

 

     7736,2

 

 

     1,7

 

 

2135,25

 

 

      0,5

Барлығы

  494800

    100

    455073

    100

  427050

     100

Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары