Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа
«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
Кіріспе
1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Бүгінгі күні ауылды жерде шағын кәсіпкерлікті дамытудың аясы аз емес. Оған кәсіпкерлік құрылымдардың құрылыс материалдарын жасауды, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, автокөлікке техникалық қызмет көрсету жұмысын, халықтың қолөнер тауарларын (кілем, текемет, сырмақ, қамшы және т.б) өндіруді, музыка аспаптарын жасауды, теріден киім тігуді (шолақ тон, малақай, қолғап), көкөніс, жемісті, ет, сүт, басқа да тамақ, өнімдерін өндіріп, толық ұқсатуды, өндіруді ұйымдастыру және т.б жатады.
Ауылдық округтер әкімдерін кәсіпкерлік кызметтің тек бір салада немесе бірнеше салада көбейгені алаңдатпауы керек. Базар ауылды жерде де кінәратсыз бәсеке тудыруға тиіс, ал бәсеке - тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын көтеру. Базар тәртібі белгілі: бәсеке жағдайында кімнің өнімінің сапасы жоғары болса, сол ұтып шығады.
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Жаңа әлеуметтік қоғам құрылымын калыптастыру, басқару аппаратының үлкендігі, нарықтық экономикадағы икемсіздігі, тұтынушылармен кері байланыстың жоқтығына байланысты ірі шаруашылық құрылымдарының шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде шағын және орта бизнестің алатын орны ерекше. Экономикада шағын кәсіпорындардың көп болуы бүкіл басқару жүйесінің орталықтануын әлсіретеді және қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесінде қызметін неғұрлым тиімді бөлінуіне ықпал етеді.
Нарықта мамандандырылған, жоғары технологиялы көптеген шағын және орта кәсіпорындар анағүрлым ірі бизнеспен бәсекеге түседі. Бұл бәсеке олардың кызметінің ынталандырушысы рөлін атқарады және монополистік нарық құрылымының пайда болуына кедергі жасайды.
Ірі кәсіпорындардың толып жатқан артықшылықтары бар. Өндіріс көлемінің үлкендігі оларға еңбек бөлінісінің мүмкіндіктерін кәсіпорын ішінде пайдалануға жол ашады. Еңбек процесінің ұсақ операцияларға бөлінуі әр жұмыскердің кандай да бір операцияға маманданып, басынан аяғына дейін өнім жасау жұмысын орындау процесімен салыстырғанда, көбірек операциялар орындауына алып келеді. Сондай-ақ, ірі кәсіпорындар өндіріс шығынын азайтуға және жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық бағдарламаға қаржы салуға кабілетті. Дегенмен, ірі өндірістің артықшылықтары шексіз емес: кәсіпорынның үйлесімді көлемін өсіргенде өндірістік бірліктің бұзылуы, басқару деңгейінің нашарлауы және т.с.с. кері нәтижелер тууы мүмкін. Сондықтан кәсіпкердің міндеті — өндірістің жалпы көлемін үлғайту ғана емес, сол сияқты оның үйлесімді көлемін таба білу. Шағын бизнестің ірі бизнеспен салыстырғандағы артықшылықтарына төмендегілер жатады:
а) икемділік қасиеті - еңбек және материалдық ресурстарды дер кезінде ауыстырып отыруға, нарық талаптарына дәл уакытында жауап беруге мүмкіндік береді;
ә) тұтынушымен тікелей байланыста болып, оның сұранысына тез арада жауап бере алу қабілеті — жергілікті нарықтарды қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге ыкпалын тигізеді;
б) шағын бизнес экономиканы кұрылымдық жағынан қайта құруға жол ашады;
в) шағын бизнес өндірістің қоғамдық құрылымын жақсартады, себебі ірі өндірістің өзгермелі ортаға, ҒТП-тің жаңа талаптарына бейімделуін жеңілдетеді, ірі корпорацияларды ұсақ сериялы өнім өндірісінен босатып, ізденумен, жетідірумен және жаңа өнімдерді игерумен айналысады, тәуекелге барудан қорықпайды;
г) елдің жалпы экспорттык әлуетін арттыруға өз үлесін қосады: шағын бизнестің көмегімен сыртқы нарыққа шығуға кұқық алған, бірақ экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кджетті тиімді ішкі ұйымдастырушы-экономикалық құралдары жоқ, ірі кәсіпорындардың өнеркәсіп саласындағы кейбір мәселелерін шешуге болады;
ғ)экономиканың шағын секторының кәсіпорындары табыстағы сәйкессіздікті азайтуға мүмкіндік береді;
д) ең жаңа технологияның әр түрлі түрлерін дамытуға қабілетті;
е) болашақта өнеркөсіпті дамытудың негізі болып табылатын маманданған жұмыскерлерді дайындайды;
ж) кәсіпкердің баскару кабілетінің толығынан көрінуіне мүмкіндік береді;
з) тұрғындар және басқа да жергілікті қаржы көздерінің жинақтары мен капитал салымдарын көбейту аркылы шағын қаржыларды неғүрлым тиімдірек пайдалануға ықпал жасайды;
и) табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін ұлғайту арқылы жинақылықты арттырады;
и) шағын кәсіпорындардың маңызды артықшылығынағына, сондай-ақ, транспорт шығындарының неғүрлым аздығы жатады, себебі олар тұтынушыларға жақын орналасады;
к) тағы да бір мәнді қасиеті — еңбек ресурстарын, әсіресе орта және шағын қалаларда тиімді пайдаланатындығы. Көптеген шағын қалалар мен қалашыктарды дамыту үміті шағын бизнеске байланысты. Шағын кәсіпорындар тұрғындардың қамтамасыз етілмеген мұқтаждықтарына жауап ретінде кез-келген секторда дами алады.
Бірақ, осыған қарамастан шағын кәсіпорындардың артықшылықтарын асыра мадақтау арқылы біздің шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерімізді шешудің жаңа жолдарын тек шағын бизнесті дамытудан ғана көруге болмайды. Мысалы, қаншалықты тиімді болса да, ірі және қымбат ғылыми-техникалык бағдарламаларды жүзеге асыруға шағын бизнестің шамасының келмейтіндігін естен шығармау қажет. Оның сол сиякты шикізат пен капитал алудағы, өнімді өткізу нарығын зерттеудегі, жарнама бойынша мүмкіндігі шектеулі. Әдетте шағын кәсілорындар баға немесе несие беру шарттары, мемлекеттік реттеу сияқты сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруға әлсіз. Мұндай мардымды сілкіністер бұл кәсіпорындарды шығынға ұшыратып кана қоймай, көп жағдайда олардың тікелей күйреуіне алып келеді.
Сонда да қазіргі ҒТП жағдайындағы жалпы даму бағытында бүкіл дүниежүзі бойынша шағын бизнес өрлеуі орын алуда. Оның саласына кіретін көптеген кәсіпорындар ең жоғарғы технологиялы өндірістерді дамытумен айналысуда. Соның нәтижесінде бәсекедегі өз позициясын нығайта отырып, қоғамның техника-технологиялық қарулануын жетілдіруге әсерін тигізуде.
Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәселелерін терең қарастырғанда, оның экономикадағы маңызын белгілеп берді, олар:
- экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін қолға алып, өнім шығару және осынын есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;
- экономикадағы бәсекелестікті
дамыту және т.б.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті Қазақстанда
дамытудың бірден-бір жолы — бұл салааралық
шағын кәсіпорындар құру, аймақтық-салалық
құрылымды жетілдіруде олардың арасындағы
сапалы үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру,
шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту көрсеткіштерін
қалыптастыру, көп деңгейлі шағын кәсіпкерлік
пен бизнесті дамытуды жеделдету шараларын жүргізу.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады. Әрбір кәсіпкердің іс-әрекеті мен жағдайы әрқалай болғанымен, мемлекеттік қолдау мен реттеуде әлеуметтік әділеттілік принципі орнығуы тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына байланысты алғы шарттар мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж.
Концептуальдық-бағдарламалық топ шағын бизнесті қолдаудың мақсаттарын, әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарламаларын қамтиды.
Ұйымдық-ресурстық топ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ, тиісті ресурстармен жөне мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді.
Функциональдық топ шағын көсіпкерлікті мемлекетгік қолдау жүйесінің негізгі бағыттарын қарастырады. Басқаша айтканда, бұл дегеніңіз:
- қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын бизнес өкілдері, шаруашьшық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін бизнес негіздерін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсілкерлік пен бизнесті тіркеу,қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыру өз жалғасын табуы керек.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс. Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған аландарында шағын кәсіпорындарды орналастыру аркылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.
2.Жекелеген шағын
а) қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау
корлары, ар-
найы банктер, каржы сақгандыру қорлары);
ә) лизинг компаниялары;
б) бизнес-инкубаторлар, технопарктер, өнеркәсіп компаниялары және т.б.; в) шағынкәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;
г)технологияларды тарату орталықгары;
д)ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;
е)оқуорталыктары; ж) бухгалтерлік, аудиторлык,
жарнамалық,
маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер
көрсету
женіндегі арнайы фирмалар,
мамандар таңдауға
жәрдемдесетін агенттіктер.
3.Қолдау жүйесінің
интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге
әбден болады.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті колдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі қолдау құрылымдары құқықтық-нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, аймақтык және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару аркылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикамызда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін
жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды кұру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты — олардың әлеуметтік-экономикалык қызметін тиімді аткаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғүрлым ұзаруына ықпап ету. Біздің пікірімізше, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру кажет.
Бірінші шара — шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мүдделерін қорғайтын салык реформасын жасау керек, атап айтканда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Мемлекет кәсіпкерлерді қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймактық, жергілікті деңгейлерде кұрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса, құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жөн.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті құкықтық қолдауда колданыстағы заң құжаттары талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпкерлердің тауар өткізу нарығын кеңейту үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға шағын бизнес нысандары үшін міндетті түрде кіші квота енгізу - тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі.
Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары