Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа
«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
Кіріспе
1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
— көптеген шағын фирмалар
тұтынушылардың ерекше мұқтаждыктарын қамтамасыз етуге
қабілетті болғандықтан (яғни, арнайы
тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыратындықтан)
өмір сүре алады. Ірі компаниялар бұл сияқты
қызметтен қашуға тырысады. Бай тұтынушылар "ерекше"
талғамдарымен ажыратылады. Олар жеке
тапсырыс бойынша дайындалған,әдеттегі
тауарларға ұқсамайтын өнімдерді қажет
етеді.
Сондықтан да кейбір шағын
кәсіпорындар осындай ерекше қажеттілікті
қанағаттандыру арқылы жетістікке жетті.
Шағын бизнестің осы қасиеттері оның дамуын маңызды факторға айналдырады. Шағын бизнесті ұйымдастырудың ішкі өндірістік артықшылықтарына ерекше көңіл бөлуге тұрарлық. Шағын фирманы ұйымдастыру артықшылығының қарапайым мысалы ретінде оның біркелкі топтық құрамын келтіруге болады. Ұжым мүшелерінің мамандықтары бірдей, барлығы бір мақсатқа ұмтылады. Бұл бәсекелік нарық та үш артықшылықты береді:
жүйесі жеңілдейді;
— жақсы ұйымдасқан топ өз бетінше шаруашьшық жүргізетін тұлғалар үшін қауіпті болып саналатын күтпеген жағдайларға неғүрлым сәтті қарсы тұра алады.
Бірақ біркелкі топтық-ұйымдастырудың да әлсіз жақтары бар. Ол ұлғайған сайын топ ішіндегі араласу, байланыс қиындайды, менеджерлерге деген қажеттілік пайда болады. Мұндай менеджер өзімен бір мамандықтағы қызметкерлер тобын басқарып, бағыт беретін иерархияның қарапайым түрі.
3.2 Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
2001 жылғы 23 каңтарда кабылданған "Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" жаңа заң ауылдық (селолық) окруттың тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімиаттың лауазымды адамы болып табылатын және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтар мен өзара қарым-қатынаста оның атынан сенімхатсыз өкілдік ететінін айкындап берді. Лауазымды адам ретінде ауылдық округ әкімі өзінің кұзырына жатқызылған мөселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімінің және сондай-ақ аудандық маслихаттың алдында жауап береді.
Аудандык әкімиаттың лауазымды өкілі статусы ауылдық (селолық) округ әкіміне мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу және сондай-ақ округ аумағында ауданның әкімиаты мен мәслихаттың шешімдерін іске асыру сиякты міндеттерді жүктейтінін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңда ауьшдык (селолық) округ әкіміне нақты құзірет берілген (35-бап).
Атап, айтканда, әңгіме Заңның 35 бабының 8-тармағы туралы болып отыр. Онда ауылдық (селолық) әкім шаруа (фермер) қожалыктарын ұйымдастыруға, көсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі делінген.
Енді заңның осы қағидасын жүзеге асырудың негізгі нысандары мен әдістеріне толығырақ тоқталайык.
Ауылдық (селолық) округ әкімі аудандық әкімиаттың лауазымды адамы ретінде өз округінің аумағында жаңа кәсіпкерлік құрылымдардың пайда болып, қалыптасуьша және қызмет істеп тұрғындарының дами түсуіне жағдай жасауға, шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты (бағдарламаны) түсіндіру және кеңес беру арқылы оларға көмек беруі тиіс. Кәсіпкерлік құрылымдарға ұйымдастыру, қаржы және басқадай көмек мәселесінде округ әкімі, аудан әкімі аппаратының шағын бизнесті қолдау жөніндегі бөлімімен тығыз байланыс жасап жұмыс істеуге тиіс. Ол жаңағы бөлімді өз округінде шағын кәсіпкерлікггі дамытудың жай-күйі жөнінде үнемі хабардар етіп отыруға, аудандағы кәсіпкерліктің дамуын қолдау жөніндегі аудандық әкім мен аудандық аудандық маслихат жүзеге асырып жатқан шаралардың мән-жайын өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға жеткізіп отыруға тиіс.
Айта кетерлік бір жайт, шет елдердің біразында (Польшада, Балтық жағалауындағы елдерде, Словакияда және баскаларда) ең төменгі әкімшілік-аумактық бөліністерде кәсіпкерліктің қоғамдық,консультациялық кеңестері құрылған.Олар жергілікті демографиялык, табиғи-климаттық, еңбектік және экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, проблемаларды көп болып айқындап, мемлекеттік құрылымдар үшін оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Осындай оңды тәжірибені біздің аулдық округтің әкімдері де өз пайдасына жарата алады.
Ауыл округі кәсіпкерлерінің кеңесінін құру әкімге кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзінің кызмет бабындағы міндетін алқалы түрде шешуге ғана емес, сондай-ақ білікті, байыпты шешуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі күрделі жағдайда ауылдық округ аймағында әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту — бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда, есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын занды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында қолданып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа, саны елу адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы кұны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа (фермер) қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға қүқығы бар. Біздің ауылдар ең алдымен кәсіпкерліктің агроөнеркәсіптік нысандарын дамыту өрісі болғандықтан, олардьщ ішінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетін ынталандыру жөніндегі дәйекеті жұмысты жалғастыруға тиісті,ол үшін жүз мыңдаған азаматтардың өз ісін ашуына қолдау көрсету,жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет», - деп атап көрсетілген. Демек, біздің іс-қимылдарымыз да осы айтылғандармен толық үйлесім табуы тиіс.
шаруа қожалыктарын кұрып, және дамыту маңызды міндет болыл кала береді.
Қазақстан Республикасының 1998 жьшы 31 наурызда қабылданған "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" заңы шаруа кожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше нысаны ретінде кұрылып жұмыс істеудің негізін егжей-тегжейлі айкындап берді.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің бір нысаны азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгілерінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар шаруа кожалығы субъектілері болып табылады.
Шаруа кожалығы кәсіпкерлік субъектісі ретінде ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығы мемлекетгік тіркеуден өткізілген сәттен бастап құрылды деп есептеледі.
Шаруа қожалығы елімізде ауыл шаруашылығының тең құқықты өндірістік ұйымы болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу жөне банкідегі өз ақшасына иелік жасауға кұкығы бар.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін:
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау
үшін көзделген қаражат
Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісім-шарт жасалған сәттен бастап табыс салығынын, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын бес жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ одан кейінгі бес жылға дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту; үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізат пен материалдар импортына кеден бажын салудан толық немесе ішінара босату.
Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін шешудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен Әділет министрлігінде Несие серіктестіктері туралы ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады.
Мемлекет сондай-ақ шаруа базарын қорғауға жәрдемдеседі.
Шаруашьшық жүргізудін казіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа кожалыктарының қиыншьшықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі — олардың неғүрлым ірі шаруашылык нысанына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық-құқықтық нысандарына бірігуіне болады.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық-құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға кұра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ, оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ауылдық тұтас кәсіпорындарды мемлекет меншігінен шығарып, жекешелендіру нәтижесінде олардан соң көптеген шаруашылық жүргізуші субъктілерге бөлінуінін, содан кейін олардың кәсіпкерлерінің озығырақ ұйымдық-кұқықтык нысандарына бірігіуін ауылда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа сатысындағы заңды процесс деп мойындаған жөн.
Бүгінде ауылда кәсіпкерліктің бәрінде көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың зандық тұлға құрмай-ақ дербес, біріккен кәсіпкерлік болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай-ақ түрғылықгы жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруы тиіс. Жал дамалы еңбекті тұрақты негізде пайдаланатын немесе кәсіпкерлік қызметтен жылына ойда-қырда салық салынбайтын жылдық табыстың мөлшерінен көп, салық заңы болып есептелінген табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті турде мемлекеттік тіркеуде болуға тиіс. Мұнсыз ондай кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. Ауыл әкімдері бұл ережені де кеңінен түсіндіруге тиіс.
Ауылдық округтер әкімдерін өз аумағындағы кәсіпкерліктің дамуын қолдаудағы ролін сөз еткенде мынаны атап өту қажет: кәсіпкерлерге тікелей колдау жасауға олардың қолында қажетті қаржылық және материалдык ресурстар болмағандықтан, бұл мәселедегі олардың басты міндеті - өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға мемлекет заң жүзінде белгілеген қолдау көрсетудің барлық нысандарын айтып жеткізу және түсіндіру.
Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары