Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа
«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
Кіріспе
1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Сонда да қазіргі ҒТП жағдайындағы жалпы даму бағытында бүкіл дүниежүзі бойынша шағын бизнес өрлеуі орын алуда. Оның саласына кіретін көптеген кәсіпорындар ең жоғарғы технологиялы өндірістерді дамытумен айналысуда. Соның нәтижесінде бәсекедегі өз позициясын нығайта отырып, қоғамның техника-технологиялық қарулануын жетілдіруге әсерін тигізуде.
Қазақстанның танымал экономист-ғалымдары шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәселелерін терең қарастырғанда, оның экономикадағы маңызын белгілеп берді, олар:
- экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін қолға алып, өнім шығару және осынын есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру;
- экономикадағы бәсекелестікті
дамыту және т.б.
Сонымен қатар, менің ойымызша, шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті Қазақстанда
дамытудың бірден-бір жолы — бұл салааралық
шағын кәсіпорындар құру, аймақтық-салалық
құрылымды жетілдіруде олардың арасындағы
сапалы үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру,
шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту көрсеткіштерін
қалыптастыру, көп деңгейлі шағын кәсіпкерлік
пен бизнесті дамытуды жеделдету шараларын жүргізу.
Республикалық деңгейдегі қолдау құрылымдары құқықтық-нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, аймақтық және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикамызда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды кұру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты — олардың әлеуметтік-экономикалык қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғүрлым ұзаруына ықпап ету, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру кажет.
Бірінші шара — шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтканда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Екінші шара — шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы қаржылық қорларды құру.
Үшінші шара — монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын корғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлік пен бизнесті колдаудың жүйесін жасау.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдаудың осы ұсынылған үш деңгейлі жүйесі бүгінгі күні маңызды көрінеді. Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қолдау механизмдері нарық экономикасының ең белсенді бөлігінің — шағын кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына даңғыл жол ашады.
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті аймақтық дамыту, ең алдымен, өндірістік секторды көтеруге, шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақүрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының неғүрлым көп санын құруға, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік орта мен неғұрлым жоғары деңгейде өзара іс-қимыл жасауына бағытталатын болады. Аймақтарда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту тек халықты жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, рухани, экономикалык іргелі мәселелерін шешуге ыкпалын тигізеді. Жастар арасында жұмыссыздық салдарынан кездесіп жүрген нашақорлық, ішімдіктерге бой алдыру сияқты қоғамға жат қылықтарды болдырмауға шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың және қолдаудың әсері мол деп Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру — халықты кәсіпкерлік кызмет саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді. Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру деңгейін көтеруге ыкпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздык салдарынан ірі калаларға көшуін тоқтатады. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс-шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдардағы оның даму стра-тегиясын Үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда мамандар даярлау, олардын біліктілігін арттыру, қайта даярлау — кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін төмендетумен қатар, оның нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс істеуіне көмектеседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
29. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері .Г.Бекмағамбет., Экономика негіздері. № 2, 2006жыл
30. Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері. Экономика негіздері. ,№ 5, 2006жыл
31. Шағын бизнес және оның алдындағы кедергілер алынып тасталды. Сұңғат Әліппай, Егеменді Қазақстан. № 2008жыл
.
Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары