Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа
«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
Кіріспе
1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әр түрлі саларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Коммандитті серіктестік үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандисттер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
Артықшылығы: басқаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады. Мысалы, зейнеткерлік жастағы немесе кәсіпкерліктің басқа түрлерімен шұғылданып жүрген адамдарды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес (77-84 баптары), сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер құруға болады.
Акционерлік қоғамдар.
Акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын. Акцияның иесі болып – мемлекет, кәсіпорын, ұйым секілді заңды тұлғалармен бірге жеке азаматтар да бола алады.
Кәсіпорынның міндеттемелері мен шығыны жөнінен акционерлердің (кәсіпорынның қосиегері) қаржылық – экономикалық жауапкершілігі олардың қоғам капиталына салған ақша мөлшерімен шектелінеді.
Акционерлік қоғамның бағыты мен қызметінің өзгешелігі әртүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты – таза пайдаға кенелу болып табылады.
Кәсіпорындардың басқа да формалары бар. Мысалы, венчурлық (тәуекелшіл) кәсіпорын. Ол экономиканың ғылымды көп қажет ететін салаларында ғылыми зерттеу, инженерлік талдау, маңызды жаңалық жасау және оны өндіріске ендіру жөнінен мамандандырылған шағын кәсіпорын.
Кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанмен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» ұғымы да бар. Ол адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той – думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара – пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі туралы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделген;
толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген;
жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктелген;
коммандиттық – аралас жауапкершілік ( біреудің толық мүлігімен және басқаның салынған салымымен);
қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алынады;
өндіріс және тұтыну кооперативтері;
консорциумдар;
акционерлік қоғамдар;
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістің звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір – бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процессті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.
Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стереотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар қайта құрудың басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.
Кәсіпкер психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады. Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың конпетенциялары, құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін өзі басқаруға және өзін өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді.
Бұл кестеде меншік формасына, заң белгілері бойынша, қызметтің түрлі территорияда таралуына байланысты, қатысушы санына сәйкес, жеке меншік формасы бойынша, даму жылдамдығы мен табыс деңгейіне байланысты белгілері бойынша таптастырылады.
Кәсіпорынның құрылымы, функциясы
Кәсіпорынның құрылымы:
негізгі өндірістің бөлімі;
көмекші бөлім;
қосалқы, қосымша өндіріс бөлімдері;
басқару аппараты, бөлімдері.
Кәсіпорында атқарылатын жұмыстар:
Ғылыми зерртеу; жоспарлық құрастыру; өндіру; жөндеу, модернизациялау; бақылау, брактау (сапасыз өнім); қамту, қызмет ету; сақтау; тасымалдау; утильдеу (пайдаға саыру); қайта өндіру; консервация, буып – түю; тазалау; қауіпсіздік профилактикасы; басқару.
Кәсіпорынды басқару функциясы:
есеп, статистика;талдау;жоспарлау;
мотивация;орындауды бақылау;реттеу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
нормалау;
күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
жұмыс орнын жоспарлау;
еңбекке қолайлы жағдайлар жасау;
дайын өнімді өткізу;
рационализация (жаңашылдық).
2-кесте
Кәсіпкерлік топтастыруларының белгісі
Меншік формасына байланысты |
- жеке, бір тұлғалы (дара) және ұжымдық (серіктестік) формада көрінеді; - мемлекеттік-аралас, біріккен формада. |
Заң белгілері бойынша |
- заңдық нормативтік-құқылық мен акттер бойынша жүзеге асырылады; - заңдық емес-тіркеу ережелерін бұзу, арнайы рұқсат пен (лицензия) ірі көлемде табыс табумен байланысты басқа жағдайлардың болмауы; жалғанкәсіпкерлік-несие алу, салықтан босату, басқа мүліктік табыс табу немесе азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке зақым келтірген тыйым салынған қызметті жабуды мақсат ететін кәсіпкерлік қызметті іске асыру ойысыз коммерциялық ұйымды жасау |
Қызметтің түрлі территорияда таралуына байланысты |
- жергілікті; - аймақтық; - ұлттық; - халықаралық; - әлемдік. |
Қатысушы санына сәйкес |
- жеке дара; - ұжымдық (серіктестік). |
Жеке меншік формасы бойынша |
Төмендегі жауапкершілікті ұйымдар: - толық; - ынтымақтас; -субсидиарлық. |
Даму жылдамдығымен табыс деңгейіне байланысты |
- жылдам өсетін; - төменрентабельді; - даму жылдамдығын жай өсіретін; - жоғары табысты; - төментәуекелді; - жоғарытәуекелді. |
Төменде Қазақстан Республикасында іске асырылатын кәсіпкерліктің барлық функцияларының арасындағы негізгі функциялары кестеде бейнеленіп, олардың әр қайысысына мінездеме берілген. Олар: Ұйымдастырушылық, әлеуметтік, творчестволық - іздеушілік, ресурстік, жалпықоғамдық. (3-кесте)
3-кесте
Кәсіпкерлік функциясы және оның мінездемесі.
Жалпықоғамдық |
Кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің нарық субъектісі ретінде объективті ескертілген. Кәсіпкерлік тауар өндірісі (жұмыс атқарылуы, қызмет көрсетуі) мен оның нақты тұтынушыға жеткізілуіне бағытталған. Кәсіпкерліктің алға басқан дамуы экономикалық өсудің, ұлттық өнім мен ұлттық табыс көлемінің өсуінің анықтаушы жағдайларының бірі болып табылады. |
Ресурстық |
Кәсіпкерлік дамуы ұдайы өндірілетін және шектелген ресурстардың нәтижелі қолдануын болжайды, сол жерде ресурс деген түсінікті барлық материалдық және материалдық емес өндірістік факторлар деп түсінген жөн. Кәсіпкер ресурстардың меншік иесі ретінде оларды орынды пайдалануға қызығады. Алайда, максималды табыс табу талпынысы кері процеске алып келуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақыт өте келе әлсірейді. |
Творчестволық- іздеушілік (инновация) |
Кәсіпкерлік қызмет процесінде жаңа ойларды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа құралдар мен факторларды өндірумен байланысты. Басқа сөзбен-бұл жаңа жеке өзара қатынас мектебі, әдістерді байқау мен болашақ кәсіпкерлік принциптерінің құрамы. |
Әлеуметтік |
Әр қабілетті азаматтың іс иесі болудың, өз жеке өнері мен мүмкіндіктерін барынша ынтасымен көрсетудің мүмкіндігі пайда болады. Осыдан басқа барлық кедергілерді жеңіп, өзінің табысты ісін жасауға қабілетті жаңа тапқыр адамдардың қабаты қалыптасады. Кәсіпкерліктің өсуі жұмыс орындарының санының көбеюін, жұмыссыздық деңгейінің қысқартылуын, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайының өсуін қамтамасыз етеді. |
Ұйымдастырушылқ |
Жеке істі ұйымдастыру, оның диверсификациясы бойынша дербес шешімдерді қабылдауымен,кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылымды жасауда, кәсіпкерлік фирма қызметінің өзгерілуінде көрінеді. Бұл функция, сондай-ақ, ұжымдық «желілік» кәсіпкерлікте, ұлттық кәсіпорынды жасауда көрінеді. |
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда:
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің мүлкімен жауап береді.
Акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Бұл кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады және де ол федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төмендегі кестеге баса көңіл аударыңыз. Бұл кесте кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларға үлгінұсқа ретінде берілген. Алдымен, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады. Бұнда кәсіпкерлік істің элементтері көрсетілген.
4-кесте.
Кәсіпкерліктің элементтері
Бизнес мүмкін- дігін анықтау және бағалау (1) |
Бизнес–жоспарды жасақтау (2) I-бөлім кіріспе |
Ресурстың керектігін анықтау (3) |
Кәсіпорын ды басқару (4) |
1. Бизнес мүмкіндігінің ұзақтығы |
Бизнесті сипаттау, жоспардың мазмұны. II-бөлім |
1. Керекті ресурстарды анықтау |
1. Басқару стилін жасақтау |
2. Бизнес мүмкіндігін іске асыру нарығы |
1. Кәсіпорынды сипаттау (қорытынды) |
2. Қолда бар ресурстарды анықтау |
2. Басқару жүйесін енгізу |
3. Бәсекелестікті талдау |
2. Саланы талдау |
3. Ресурстың керектігін теңестіру |
3. Ұйымдас-тыру процеду-расын |
4. Бизнес мүмкін-дігінің нарыққа кәсіпорынға бағалылығы |
3. Өндіріс жоспары 4. Маркетинг жоспары |
4. Керекті ресурстармен |
4. Жүйелі түрде талдау жүргізу (күшті және осал жерлері, болашақ қауіптер) |
5. Бизнес мүмкін-дігіндегі |
5. Қаржы жоспары 6. Ұйымдастыру |
5. Жабдықтау-шыларға жа-қындау |
5. Табыс факторларын анықтау |
6. Мүмкіндіктерді кәсіпкерлік білім-мен, дағдымен, ті-лекпен ұштастыру |
8.Тиімділік есебі |
Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары