Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа
«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
Кіріспе
1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
«Даму»ЖШС шаруашылық іс-әрекетінің соңғы мақсатты нәтижесі болып пайда табылады. Салық және өзге де төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның таза пайдасы қалыптасады. Осылардың үш жылдағы мөлшерін білу үшін қаржылық нәтижесінен 9-кестеден көре аламыз. Сонымен ең соңғы көрсеткіш –« Даму» ЖШС қаржылық нәтижесіне тоқталайық.
9 – кесте
«Жасқанат» ЖШС қаржылық нәтижесі. (мың теңге)
№ |
Көрсеткіштер |
2008 жыл |
2009жыл |
2010 жыл |
1 |
Өнімді өндіруден түскен табыс (сатудан) |
438613 |
437613 |
328502 |
2 |
Өндірілген өнімнің өзіндік құны |
417823 |
356830 |
247849 |
3 |
Өнімді сатудан түскен таза табыс |
368434,9 |
367594,9 |
275941,7 |
4 |
Жалпы табыс |
20790 |
80783 |
80653 |
5 |
Жиынтық табыс |
49388 |
10764,9 |
28092,7 |
6 |
Кезең шығындары |
37756 |
80616 |
79755 |
Соның ішінде: жалпы және әкімшілік шығындар |
8370 |
25556 |
31904 | |
7 |
Өндіру шығындары |
22276 |
54031 |
47196 |
8 |
Пайыздық шығындар |
- |
1029 |
655 |
9 |
Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян) |
-16966 |
167 |
898 |
10 |
Негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян) |
41560 |
- |
-866 |
11 |
Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян) |
31704 |
167 |
32 |
12 |
Корпоративтік табысқа салық |
9511 |
50,1 |
9,6 |
13 |
Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян) |
22192,8 |
116,9 |
22,4 |
14 |
Төтенше жағдайлардан алынған кіріс |
- |
- |
- |
15 |
Таза кіріс, пайда |
22192,8 |
116,9 |
22,4 |
Өнімді өндіруден
түскен табыс жылдан-жылға
Таза кірістің бір
бөлігі резервтік капиталды
Нарықтың өзіне ғана тән ерекше қасиеттері бар. Ол өзінің бастауын кәсіпорынның ұсынысынан алады. Содан кейін баға белгілеуге, одан сұранысты анықтауға, сұранысты анықтаған соң ақыр аяғында тағы да баға белгілеуге көшеді. Міне, осындай жағдайда нарық пен кәсіпорынның бір-бірінен ажырамастай тұтастықта болуы үшін экономиканы қалай ұйымдастырып, қалай ретке келтіру керек деген заңды сұрақ туады.
Елімізде кәсіпорындардың нарық жағдайларына бейімделуінің проблемасы әлі күнге толық шешілмей келеді. Нарықтың атқаратын ролін жеткілікті дәрежеде елеп-ескермеу салдарынан кәсіпорындардың көпшілігінде шаруашылықты өздерінше дербес жүргізудің нақты іс-тәжірибесі жоқ. «Кәсіпорынның іс жүзінде нарыққа көшуін қамтамасыз ету үшін не істеу керек!» деген заңды сұрақ туады. Қазіргі экономикалық қарым-қатынастардың едәуір бөлігі нарықтық үлгілерге сай келмейді. Сондықтан да орасан зор өндірістік мүмкіндіктері бар деген кәсіпорындардың өздері прогресс жолымен ілгері жылжу орнына жылдар бойы бір орнында, тапжылмай тұрып қалған. Кәсіпорын өзінің қандай тауар өндіретінін, оны қаншалықты мөлшерде өндіретінін және қандай бағамен қайда алып барып өткізетінін тек өзі ғана дербес шешуі тиіс. Сонда ғана нарықты дамытудың ең басты қозғаушы күші кәсіпорын бола алады.
Кәсіпорын тұрақты дамуының жаңа үлгісін қалыптастырудың әдістемелік реттеушісі мыналар болып табылады: кәсіпорынды қайта құру механизмін дәл анықтау, жаңа жағдайда жұмыс істеуге бейімделу элементтерін қалыптастыру, тұрақтылықты орнықтыру ісін басқара білу, нарық жағдайындағы белсенділікті дамыту, жаңа жағдайда стратегиялық қызметті жетілдіре түсу.
3-тарау.Шағын кәсіпкерлікті
3.1. Шағын кәсіпкерліктің
Шағын және орта бизнес — экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғүрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының "өзгеруіне" қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне карай мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.
2004 жылдың 4 шілдесіңцегі "Қазақстан
Республикасында шағын
Осы бағдарламаларда жаңа өндірістерді құрудың қажеттілігі, кайталама және кейбір өнім түрлерін көп өндіруге жол бермеу, аймақтардың тұтынушылығы мен сұранысына сай өнім өндіру және қызмет түрлерін көрсетуде жергілікті жағдайды, аймақтық мамандануды және ресурстық өндірістік потенциалды ескере отырып, қамтамасыз ету ескерілген.
Шағын жөне орта бизнесті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламасын бекітуде мыналар ескерілді: жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды талдау, қаржыландыру көздері мен оның көлемін бағалау, соның ішінде өндірістік меншікті және банктермен қарыздар жөніндегі мәселелерді шешу; қаржылардың аймақтарда жетіспеушілігі, өндіріс шығындарының құрылымы және оларды бағалау, соның ішінде, құрал-жабдықтарды сатып алу шығындары, жұмысқа орналасқандар саны және т.б. Нарық ең тиімді кәсіпкерлік орта болып табылады. Кәсіпкерлік — нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әр түрлі формалары мен түрлерін дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес. Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклінің типтес фазаларымен байланысты болғандықтан, кәсіпкерліктің мынадай түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылык.
Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру мен тұтынуға; коммерциялық — оларды айырбастау мен тұтынуға; қаржылық — айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге асады. Кәсіпкерліктің бұл түрлерінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне байланысты әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, олардың барлығы бірін-бірі толықтырып тұрады. Шағын бизнес кәсіпкерліктің ерекше түрі болып саналмайды, бұл термин мөлшерлік көлем деңгейін ғана анықтайды, ал оның формасы кез-келген түрде: жекешелік, серіктестік, шектеулі жауапкершілікті қоғам ретінде болуы мүмкін. Ұсақ кәсіпорындарды жекелеген азаматтар, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар, сол сияқты қоғамдық ұйымдар да құруға құқықты.
Шағын кәсіпорындар — заң жағынан ерікті, салыстырмалы түрде капитал айналымы мен тауарлар, қызмет пен қамту көлемі шағын компаниялар. Шағын және орташа бизнес кешендері деп халықаралық практикада қамту саны 500 адамға дейінгі кәсіпорындарды айтады. Шағын бизнес кешенінің әлеуметтік-экономикалық нақтылығы, біріншіден, оның иесі мен отбасы мүшелерінің еңбегіне, екіншіден, жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделуімен толықтырылады. Ал, өндірістік-баскару қызметін кәсіпорын иесі жүзеге асырады.
Шағын кәсіпорын шағын бизнестің "клеткасы" болып табылады. Осыдан шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарық жағдайындағы өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталады. Сонымен, шағын өндірістің техникалық ұйымдастыру жағын сипаттаса, шағын бизнес оның әлеуметтік-экономикалық өлшеміне жатады және осы жағынан "шағын бизнес" түсінігімен сәйкес келеді.
Кәсіпкерлік қызметтің түрі ретіндегі шағын бизнестің мәні оның субъектілеріне, яғни кәсіпкерге сипаттама беру арқылы толығырақ ашылады. Экономикалық әдебиетте кәсіпкер түсінігі бірінші рет 1723 жылы Парижде шыққан коммерциялық жалпылама сөздікте пайда бодды. Онда кәсіпкер деп "өндіріс пен құрылысқа байланысты міндеттемелерді өзіне алатын" адамды атайды."Кәсіпкер" түсінігі ғылыми термин ретінде XVIII ғасырдың басында Ричард Кантильонның еңбектерінде пайда болды. Ол кәсіпкерліктің бірінші концепциясын жасады, ал кәсіпкер деп тәуекелділік жағдайында әрекет ететін адамды түсінді.
Қазіргі шыққан сөздіктерде "кәсіпкер" сауда саласында қызмет етуге маманданған адам ретінде анықталғанымен, соңғы кезде кәсіпкер деп кәсіпорын иесін, табыс әкелетін белгілі бір экономикалык қызметтің түрімен айналысатын тұлғаны келтіреді. Дегенмен, кәсіпкер мәнін толығырақ ашып көрсететін анықтама төмендегідей болып табылады: кәсіпкер — ынта мен жаңалық негізінде толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай, тәуекелге баруға және болашақта қосымша табыс түсіретіндей етіп,басқа өндіріс факторларын тиімді түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысу тиімділігі ең алдымен, кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс пен сол фирмада жалдамалы жұмысшы болған күнде алатын жалақымен салыстыру арқылы бағаланады. Егер жалақы көбірек болса, онда әлуетті кәсіпкер жалдамалы қызметкер болады. Ал, кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс көбірек болса, ол кәсіпкер болады. Кәсіпкер түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушы да, ал жалақыны таңдаушы — қанша жалақы алатынын білетін жалдамалы жұмыскер. Түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушылар өндірілген өнімнің құны мен өндіріс шығыны арасындағы айырмашылықты алуға занды түрде құкы бар белсенді кәсіпкерге айналады. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агентгерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі (пайда – кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржысы мен баға арасындағы айырмашылық)- Бұл қасиеттер шағын кәсіпкерлік үшін де әділетті болып табылады. Бірақ олардың салыстырмалы түрдегі көлемінің шағындығы (яғни сандық факторы) шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін туғызады.
Шағын жөне орта бизнесті басқару үрдісі
— асқан сезгіштік пен білімдарлықты да қажет
етеді. Шағын бизнес араласатын экономиканың
қандай саласы болсын, кәсіпкерден тәуекелшілділікпен
қатар, сақтықты талап етеді. Кәсіпкер
өз шағын бизнесін бәсекеден қорғау, несие
алуда дағдарысқа ұшырау қаупінен сақтану
үшін іс-қимылын алдын-ала талдап, есептейді.
Сөйтіп, тәуекелдің әрбір түріне нақты
әдістер қолданады. Кәсіпкерлікте тәуекел
етуге жауапкершілікті күшейту мен
бақылау жұмыстарын жүргізу — басты мақсат болу керек. Шағын
және орта бизнесте өндірістік тәуекел
басым болмақ. Өндірісте өнім немесе қызмет
түрінінің бағасы, сапасы, еңбек, материалдық шығындардың көлемі
анықталатындықтан, өндірістік тәуекел
өте жоғары деңгейде. Қаржы, несие, инвестициялық,
нарықтық, тәуекелдер де өндірістік тәуекелден
кем соқпайды. Өндірістік тәуекелдің құрамдас
бөлігіне шаруашылық келісім-шартқа отыру,
нарық конъюнктурасының өзгеруі, бәсекелестіктің күшеюі,
күтілмеген шығындардың пайда болуы,
кәсіпорында кездесетін мүлікті жоғалтулар да жатады. Жетілмеген
маркетингтік саясат та өз кесірін
тигізуі мүмкін. Өнім өткізу нарығын дұрыс
таңдай алмау, бәсекелестер мен теріс
пиғылды бәсекелестер жөніндегі мардымсыз
ақпараттар шағын және орта бизнестіңтезыдырауынаықпалынти
Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер әлеуметтік жағынан біркелкі емес — олар әр түрлі топтар мен қоғамдык құрылымнан шыққандар. Бірақ шағын бизнес қарапайымдығымен көптеген адамдарды тартады. Нарықтық экономикада шағын бизнес негізгі төрт қызметті атқарады:
Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары