Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.

Содержание

Кіріспе

1-тарау Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
1.2.Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы
2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС қызметін ұйымдастыру және жетілдіру
2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің қызметінің ұйымдық құрылымы
2.2 «Жасқанат» ЖШС экономикалық қызметін талдау
3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері
3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері
3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Қорытынды және ұсыныстар

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары.doc

— 560.50 Кб (Скачать документ)

 

 


 


                                     Мазмұны

 

Кіріспе

 

1-тарау Шағын кәсіпкерліктің  теориялық негіздері 

1.1.Шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны

          1.2.Кәсіпкерлік  қызметтің түрлері және нысандары

1.3.Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы

2-тарауБҚО «Жасқанат» ЖШС  қызметін  ұйымдастыру  және  жетілдіру

          2.1 «Жасқанат» ЖШС-нің  қызметінің  ұйымдық құрылымы

        2.2 «Жасқанат»  ЖШС экономикалық  қызметін  талдау

  3-тарау Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

  3.1. Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері

  3.2. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері

             3.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

 

 Қорытынды және ұсыныстар

 

 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

     

Кіріспе

«Дамыған кәсіпкерлік сектор-кез-келген ел экономикасының негізі»-деген болатын Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-атты  2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.

Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.

Шағын және орта бизнес — экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғүрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының "өзгеруіне" қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне карай мемлекеттік, жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында, елімізде экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен тез толықтыра алады.

 

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі- дамыған кәсіпкерлік

 

сектор- кез-келген ел экономикасының негізі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы шағын  кәсіпкерліктің дамуының мәселерін анықтау,жетілдіру жолдарын табу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері- шағын кәсіпкерліктің мәнін ашу,оның негізгі түрлері мен нысандарын жіктеп, шағын кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығын ,артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау,қолдау және дамыту мәселелері қарастыру.

Шағын жөне орта бизнесті қолдау және дамытудың аймақтық бағдарламасын бекітуде мыналар ескерілген болатын: жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды талдау, қаржыландыру көздері мен оның көлемін бағалау, соның ішінде өндірістік меншікті және банктермен қарыздар жөніндегі мәселелерді шешу; қаржылардың аймақтарда жетіспеушілігі, өндіріс шығындарының құрылымы және оларды бағалау, соның ішінде, құрал-жабдықтарды сатып алу шығындары, жұмысқа орналасқандар саны және т.б. Нарық ең тиімді кәсіпкерлік орта болып табылады. Кәсіпкерлік — нарықтық қатынастардың қасиеттері мен сапалық сипаттамасының жиынтығы. Сондықтан кәсіпкерліктің әр түрлі формалары мен түрлерін дамытпайынша нарыққа өту мүмкін емес. Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклінің типтес фазаларымен байланысты болғандықтан, кәсіпкерліктің мынадай түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылык.

Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру мен тұтынуға; коммерциялық — оларды айырбастау мен тұтынуға; қаржылық — айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге асады. Кәсіпкерліктің бұл түрлерінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне байланысты әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, олардың барлығы бірін-бірі толықтырып тұрады. Шағын бизнес кәсіпкерліктің ерекше түрі болып саналмайды, бұл термин мөлшерлік көлем деңгейін ғана анықтайды, ал оның формасы кез-келген түрде: жекешелік, серіктестік, шектеулі жауапкершілікті қоғам ретінде болуы мүмкін. Ұсақ кәсіпорындарды жекелеген азаматтар, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар, сол сияқты қоғамдық ұйымдар да құруға құқықты.

Шағын кәсіпорындар — заң жағынан ерікті, салыстырмалы түрде капитал айналымы мен тауарлар, қызмет пен қамту көлемі шағын компаниялар. Шағын және орташа бизнес кешендері деп халықаралық практикада қамту саны 500 адамға дейінгі кәсіпорындарды айтады. Шағын бизнес кешенінің әлеуметтік-экономикалық нақтылығы, біріншіден, оның иесі мен отбасы мүшелерінің еңбегіне, екіншіден, жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделуімен толықтырылады. Ал, өндірістік-баскару қызметін кәсіпорын иесі жүзеге асырады.

Шағын кәсіпорын шағын бизнестің "клеткасы" болып табылады. Осыдан шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарық жағдайындағы өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталады. Сонымен, шағын өндірістің техникалық ұйымдастыру жағын сипаттаса, шағын бизнес оның әлеуметтік-экономикалық өлшеміне жатады және осы жағынан "шағын бизнес" түсінігімен сәйкес келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің  теориялық негіздері

 

1.1. Кәсіпкерліктің мәні,қызметі және түрлері

Шағын және орта бизнес — экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғүрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюнктурасының "өзгеруіне" қарай жылдам бейімделе алады.

Кәсіпкерлік қызметтің түрі ретіндегі шағын бизнестің мәні оның субъектілеріне, яғни кәсіпкерге сипаттама беру арқылы толығырақ ашылады. Экономикалық әдебиетте кәсіпкер түсінігі бірінші рет 1723 жылы Парижде шыққан коммерциялық жалпылама сөздікте пайда бодды. Онда кәсіпкер деп "өндіріс пен құрылысқа байланысты міндеттемелерді өзіне алатын" адамды атайды."Кәсіпкер" түсінігі ғылыми термин ретінде XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильонның (1650 – 1734 жж.) еңбектерінде пайда болды. Ол кәсіпкерліктің бірінші концепциясын жасады, ал кәсіпкер деп тәуекелділік жағдайында әрекет ететін адамды түсінді. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет енгізе отырып, Ричард Кантильон бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.

Қазіргі шыққан сөздіктерде "кәсіпкер" сауда саласында қызмет етуге маманданған адам ретінде анықталғанымен, соңғы кезде кәсіпкер деп кәсіпорын иесін, табыс әкелетін белгілі бір экономикалык қызметтің түрімен айналысатын тұлғаны келтіреді. Дегенмен, кәсіпкер мәнін толығырақ ашып көрсететін анықтама төмендегідей болып табылады: кәсіпкер — ынта мен жаңалық негізінде толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай, тәуекелге баруға және болашақта қосымша табыс түсіретіндей етіп,басқа өндіріс факторларын тиімді түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.

Жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысу тиімділігі ең алдымен, кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс пен сол фирмада жалдамалы жұмысшы болған күнде алатын жалақымен салыстыру арқылы бағаланады. Егер жалақы көбірек болса, онда әлуетті кәсіпкер жалдамалы қызметкер болады. Ал, кәсіпкерліктен түсетін жеке табыс көбірек болса, ол кәсіпкер болады. Кәсіпкер түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушы да, ал жалақыны таңдаушы — қанша жалақы алатынын білетін жалдамалы жұмыскер. Түсер-түспесі белгісіз пайданы таңдаушылар өндірілген өнімнің құны мен өндіріс шығыны арасындағы айырмашылықты алуға занды түрде құкы бар белсенді кәсіпкерге айналады.

Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агентгерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі (пайда – кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржысы мен баға арасындағы айырмашылық)- Бұл қасиеттер шағын кәсіпкерлік үшін де әділетті болып табылады. Бірақ олардың салыстырмалы түрдегі көлемінің шағындығы (яғни сандық факторы) шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктерін туғызады.

Шағын жөне орта бизнесті басқару үрдісі — асқан сезгіштік пен білімдарлықты да қажет етеді. Шағын бизнес араласатын экономиканың қандай саласы болсын, кәсіпкерден тәуекелшілділікпен қатар, сақтықты талап етеді. Кәсіпкер өз шағын бизнесін бәсекеден қорғау, несие алуда дағдарысқа ұшырау қаупінен сақтану үшін іс-қимылын алдын-ала талдап, есептейді. Сөйтіп, тәуекелдің әрбір түріне нақты әдістер қолданады. Кәсіпкерлікте тәуекел етуге жауапкершілікті күшейту мен бақылау жұмыстарын жүргізу — басты мақсат болу керек. Шағын және орта бизнесте өндірістік тәуекел басым болмақ. Өндірісте өнім немесе қызмет түрінінің бағасы, сапасы, еңбек, материалдық шығындардың көлемі анықталатындықтан, өндірістік тәуекел өте жоғары деңгейде. Қаржы, не-сие, инвестициялық, нарықтық, тәуекелдер де өндірістік тәуекелден кем соқпайды. Өндірістік тәуекелдің құрамдас бөлігіне шаруашылық келісім-шартқа отыру, нарық конъюнктурасының өзгеруі, бәсекелестіктің күшеюі, күтілмеген шығындардың пайда болуы, кәсіпорында кездесетін мүлікті жоғалтулар да жатады. Жетілмеген маркетингтік саясат та өз кесірін тигізуі мүмкін. Өнім өткізу нарығын дұрыс таңдай алмау, бәсекелестер мен теріс пиғылды бәсекелестер жөніндегі мардымсыз ақпараттар шағын және орта бизнестіңтезыдырауынаықпалынтигізетінінақ сақтандыру шараларын жан-жақты қарастыру кәсіпкер қызметінде жемісті нәтижеге қол жеткізеді.

Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер әлеуметтік жағынан біркелкі емес — олар әр түрлі топтар мен қоғамдык құрылымнан шыққандар. Бірақ шағын бизнес қарапайымдығымен көптеген адамдарды тартады. Нарықтық экономикада шағын бизнес негізгі төрт қызметті атқарады:

жұмыс орындарын қалыптастыру. Шағын бизнесте жасалатын жұмыс орындарының ірі компанияларда ашылатын орындармен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Шағын фирмалар, әдетге, негізгі жалақыны да, қосымша төлемдерді де аз төлейді. Бұл жұмыс орьндарындағы жұмыскерлердің көбісі ешкашан жұмыс істемегендер, кейбіреулері жұмыс орньн ұсақ фирмадан тапқанга дейін ұзақ уакыт бойына жұмыс іздегендер.Орташа есеппен алғанда шағын кәсіпорындардың қызметкерлерінін ірі компаниялардың қызметкерлеріндей білімдері жоқ.

Корпорациялардың талабына 
толық сәйкес келмейтін жұмыскерлерді жалдай отырып, ұсақ кәсіпорындар елдегі тұрақтылыктың маңызды факторы болып табылады;

шағын бизнес жаңа тауарлар мен қызметтің түрлерін енгізу қызметін аткарады. Осы артықшылығына байланысты шағын кәсіпкерлер экономикалық өрлеуге маңызды үлес қосады. Бұл тұрғыдан алғанда, 
шағын бизнестің жетістіктері қауіпсіз сақал қырғыштар, электрондық қол сағаттары, вертолет, тот баспайтын болат пен көшірме аппараттары өндірісіне әсер ете отырып, аталған салалар бойынша нағыз төңкеріс жасады.

шағын кәсіпорындар жоғарыда айтылған қызметтерден басқа өнімдерін өткізу, қызмет көрсету, жабдықтаумен айналысу арқылы ірі корпорациялардыңқызметінде маңызды орын алады;

— көптеген шағын фирмалар тұтынушылардың ерекше мұқтаждыктарын қамтамасыз етуге қабілетті болғандықтан (яғни, арнайы тауарларменқызметтерді жүзеге асыратындыктан) өмір сүре алады. Ірі компаниялар бұл сияқты қызметтен қашуға тырысады. Бай тұтынушылар "ерекше" талғамдарымен ажыратылады. Олар жеке тапсырыс бойынша дайындалған,әдеттегі тауарларға ұқсамайтын өнімдерді қажет етеді. 
Сондықтан да кейбір шағын кәсіпорындар осындай ерекше  қажеттілікті  қанағаттандыру арқылы жетістікке жетті.

Шағын бизнестің осы қасиеттері оның дамуын маңызды факторға айналдырады. Шағын бизнесті ұйымдастырудың ішкі өндірістік артықшылықтарына ерекше көңіл бөлуге тұрарлық. Шағын фирманы ұйымдастыру артықшылығының қарапайым мысалы ретінде оның біркелкі топтық құрамын келтіруге болады. Ұжым мүшелерінің мамандықтары бірдей, барлығы бір мақсатқа ұмтылады. Бұл бәсекелік нарық та үш артықшылықты береді:

ірі кәсіпорындарда толық пайдаланылмайтын бөлінбейтін мүлікке деген шектеулі құкығы бар ұйымшыл шағын топ оны жақсырақ пайдалана отырып, бірігіп әрекет етудің нәтижесінде шығындарды азайтады;

топ ішіндегі тығыз байланыстар олардың міндеттерін нақтылауды қажет етпейтіндіктен, келісім

жүйесі жеңілдейді;

— жақсы ұйымдасқан топ өз бетінше шаруашьшық жүргізетін тұлғалар үшін қауіпті болып саналатын күтпеген жағдайларға неғүрлым сәтті қарсы тұра алады.

Бірақ біркелкі топтық-ұйымдастырудың да әлсіз жақтары бар. Ол ұлғайған сайын топ ішіндегі араласу, байланыс қиындайды, менеджерлерге деген қажеттілік пайда болады. Мұндай менеджер өзімен бір мамандықтағы қызметкерлер тобын басқарып, бағыт беретін иерархияның қарапайым түрі.

Жаңа әлеуметтік қоғам құрылымын калыптастыру, баскару аппаратының үлкендігі, нарықтық экономикадағы икемсіздігі, тұтынушылармен кері байланыстың жоқтығына байланысты ірі шаруашылық құрылымдарының шеше алмайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде шағын және орта бизнестің алатын орны ерекше. Экономикада шағын кәсіпорындардың көп болуы бүкіл басқару жүйесінің орталықтануын әлсіретеді және қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесінде қызметін неғұрлым тиімді бөлінуіне ықпал етеді.

Информация о работе Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары