Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда негізгі  үш субъектіні атап көрсетуге болады:

  • мемлекет;
  • венчурлік компаниялар;
  • трансұлттық корпорациялар.

 Дамыған елдерде  ғылыми-техникалық саясатты қаржыландырудың негізгі құралы - мемлекеттік бютжет қаражатын пайдалану. Соңғы 20 жьп 
ішінде ғылымды қаржыландыруға бөлінетін бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы АҚШ-да- 6-7%, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда 4-5%, Жапонияда 3-3,5%-ды құрайды.

Венчурлік компаниялар – тәуекелі жоғары капиталды институционалдандыру нысаны. Зерттеулер, технологиялар, жаңа өнім жасау, өндірісті ұйымдастыру аймағындағы инновациялар венчурлік компаниялардың өнімі болып табылады. Венчурлік илвесторлар «жоғарғы тәуекелдік жоғары технологиялар өмір сүрудің жоғарғы сапасы» формуласына сәйкес қызмет етеді. Қазақстанда венчурлік индустрияның дамуына қазіргі кезде келесідей факторлар кедергі жасайды: инфрақұрылымның әлсіз дамуы, венчурлік капиталдың маңызды көздерінің, арнайы қор рыногының дамымауы, ғылымды қажет ететін жобаларды жүзеге асыру мақсатында венчурлік капиталды тарту үшін экономикалық ынталандырудың жеткіліксіздігі, венчурлік бизнесті ақпараттық қолдаудың әлсіздігі, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелердің болуы және т.б. Қазақстанда венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін Еуропалық реконструкция және даму банкі (ЕРДБ) келесідей:

  • гранттар беру;
  • несиелер беру;  
  • акционерлік капиталды инвестициялау;
  • ЕРДБ-нің кепілдіктерін пайдалану;

Жеке кәсіпкерлерді және шағын фирмалардың иелеріне сауданы, өндірісті, қызметтерді қаржыландыруға 30,0 - 125,0 мың АҚШ доллары көлемінде шағын несиелер ұсыну арқылы қолдау көрсету сияқты қаржыландыру құралдары арқылы көмек көрсетуде. Қазіргі кезде ЕРДБ Қазақстанда 700 млн. еуро көлеміндё 14 жобаны каржыландырып отыр. Шет мемлекеттерден, халықаралық қаржы ұйымдарынан қанша каржылай көмек алсақ та, олар еліміздегі венчурлік бизнесті дамыту үшін жеткіліксіз. Сол себепті венчурлік каржыландырудың ұлттық жүйесін қалыптастырып, дамыту үшін корпоративті инвесторларды, яғни зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын, банктерді венчурлік, резервтік қор құруға тарту қажет.

Қазақстан экономикасының Азия елдерінің «жолбарыстары» мен «айдаһарларының», яғни қазіргі әдебиеттерде үнемі қолданыста жүретін терминдер тілінде айтар болсақ, «жаңа индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы жетуде, жоғарыда аталған мәселелердің барлығы кері әсер етуші факторлар. Ал осы кемшіліктерді жойып, индустриалды-инновациялық саясатты басшылыққа алу үлттык экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттырудағы және дамыған мемлекеттердің ізін басып, олардың қатарына қосылудағы бірден-бір тиімді жол және білім мен инновация ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі негізгі экономикалық ресурс болып табылады [16, 43б.].

Ұлттық экономиканы модернизациялауда және өндірісті диверсификациялауда Қазақстанның кемшіліктерімен қоса бірқатар артықшылықтары да бар. Оған, әрине, біріншіден, табиғи ресурстар қоры, дамыған металлургиялық және отын-энергетикалық кешендерінің бар болуы, екіншіден, әлеуметтік-рыноктық бағытталған экономика базасының, сонымен бірге негізгі рыноктық институттар мен инфрақұрылымның қалыптасуы, үшіншіден, сыртқы рыноктың 
ашық болуы мен сауда либерализациясы өндіріс құрылымын әлемдік экономикаға бейімделуіне жол ашады. Экономикамыздың тағы да бір артықшылығы болып біліктілігі жоғары әрі арзан жұмыс күші табылады. ҚР аталған мәселелерді шешіп, көрсетілген артықшылықтарды пайдалана отырып, ұлтгық экономиканың әлемдік экономикаға интеграциялануы мен ғаламдану аясына енуін қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін инновациялық саясатын келесідей маңызды бағыттарға бағыттау қажет. Олар: 

  • прогрессивті технологияларды игеру үшін және ғылымды қажет ететін өнім өндірісін дамыту үшін институционалды жэне заң шараларын қалыптастыру;
  • инновациялық қызметті және оны ынталандыру механизмдерін салықтық, нормативті-құқықтық қамтамасыз ету шараларын жасау және жетілдіру;
  • әлемдік рынокта кәсіпорындардың бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ететін ғылыми әзірлемелерді, технологияларды қолдау және отандық ғылыми-техникалық зерттеулермен айналысатын кәсіпорындардың қызметін ынталандыру;
  • инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • ғылыми-техникалық эзірлемелермен, зерттеу жұмыстарымен айналысатын өнеркәсіп салаларын қаржыландыру үшін бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар жүйесін;
  • арнайы білікті мамандарды даярлау және т.б.  ,

Жоғарыда айтқан адамдардың орта жасының ұлғаюы үшін, мәселен, олардың ішетін суы сапалы болуы тиіс. Бұлардың бәрі біздің халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағышталып отыр. Осы орайда біз бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру жайында айтылған екі Жолдаудан кейінгі Елбасы Жолдаулары әлеуметтік қорғау саласын жетілдіруге арналғаны заңдылық деп санаймыз. Өйткені бәсекеге қабілетті болып жетілуіміз үшін бізде өмір сапасы деңгейін жаңаша жүргізу басты мәселе болып тұр.

Бәсекеге қабілеттілік ғылым ретінде танылған, оның негізін қалаушы ғалым, Қазақстанда болған Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер қазіргі заманғы елдерді үш топқа бөліп қарайды. Бірінші топ өндірісте арзан жұмыс қолын пайдаланатын, өз елінің қазба байлықтарын аяусыз пайдаланатын елдер. Бұл топқа жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 3000 долларға дейінгі елдер жатады. Екінші топтағы елдерге экономиканы тиімді жүргізуді үйренген, тиімді материал және энергия үнемділігі бар, жұмсалған қаржының қайтарымы жақсы елдер кіреді. Бұл сатыда экономика дамуы тиімдірек тәсілдермен жүргізіледі. Бұл елдерге жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 9000 долларға дейін. Үшінші топ - инновациялық экономика елдері, оларда бүкіл экономика білімге, жаңашылдыққа негізделген. Олардағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 17 мың доллар немесе одан да көбірек. Майкл Портер біздің елді алдыңғы екі топтың ортасында тұрған ел деп санайды. Бізде табиғи ресурстар тез сатылып жатыр және жұмыс күші арзан, бірақ сонымен бірге бізде тиімді экономика құруға ұмтылыс бар. Еңбек өнімділігіне, энергосыйымдылықты азайту мен жаңа технологияларға көңіл бөліне бастады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: бізге жетілу үшін әлі көп еңбектену керек. Егер біз қазірден бастап алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарында жүрмесек, онда өмір сапасының жоғарғы стандарттарына ұмтыла алмаймыз да артта қалып қоямыз. Бұл мәселе қазақстандықтар үшін тағдырнамалық мәселе. - Бізде қазір тағы қандай мәселелерге баса назар аударылуда?

Мәселен, 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын алайық. Бұл құжат Қазақстанда мұнай мен газ болмай қалған күнде қай бағытта жұмыс жасау керек деген сауалға жауап береді. Елде бірталай даму институттары құрылды. Әуелі Қазақстанның даму банкі құрылды. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа саясаты ұстанылуда, онда барлық мұнай қаржылары Ұлттық қорға құйылады, одан ағымдағы бюджет жапа шекпейді, жылдық даму бағдарламалары Ұлттық қордан берілетін трансферт арқылы қаржыландырылатын болды. Одан соң Қазақстандық инвестициялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдау орталығы, Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы құрылды. Кейінірек ұлттық компанияларды бірлестіретін «Самұрық», «Қазына», «Қазагро» ұлттық холдингтері құрылды. Бұл мекемелерді құру арқылы мемлекеттік активтерді басқарудың жаңа жүйесі ұсынылды. «Самұрық» өндіруші компанияларды, «Қазына» даму институттарын, «Қазагро» ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған институттарды біріктірді. Жеті жерде құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар да мемлекеттік менеджментті жақсарту мақсатында жасалуда. Отандық шикізаттық емес өндірісті дамыту үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту керек. Олардың дамуы үшін өзіндік құннан алынатын салықты азайту керек. Бұл істе соңғы жылдары біршама істер атқарылды. Бұрын бұл салықтың көлемі 20 пайыз болса, біртіндеп 14 пайызға түсірілді. Жақын жылдары тағы да төмендей түсетіні уәде етілуде. Сондай-ақ жеке табыс салығы да 30 пайыздан 20 пайызға түсірілді, әлеуметтік салықтың да регрессивтік шкаласы орнатылды. Ғылыми ізденістер мен жаңа технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтарда да ерекше оңтайлы режим жасалуда. Бұдан бюджет бірталай зиян шегеді, бірақ болашақ үшін бұл өте керек, осылай ету арқылы үнемделген қаржыны кәсіпорындар өндірістің модернизациясына, жаңа құрал-жабдықтар мен желілер алуға жұмсайтын болады. Жоғары технологиялардың әлемдік рыногы бүгінде 2,5 миллиард долларды құрайды. Оның 39 пайызы АҚШ-тың, 30 пайызы Жапонияның, 16 пайызы Германияның үлесінде. Сонда қалған елдерге 15 пайызы ғана қалады. Біздің мақсат осы 15 пайыздың ішіндегі өз орнымызды табу.

Еліміздің географиялық орналасуы аймақтық рынокқа негізделген жоғары технологиялық өндірісті дамытуға қолайлы, бұл біздің болашақта аймақтағы сервистік-технологиялық орталық болуымыз тиіс екенін көрсетеді. Онда да шетелдік технологияны сатып алу емес, онда біз өзіміздің технологиялық жағынан артта қалуымызды бекіте түсеміз, ғылымымызды дамыту арқылы еліміздің ғылыми-техникалық потенциалын өрістету, ресурстарды ғылымды дамыту жолындағы таңдалған басым бағыттарға жұмсау, оның жетістіктерін өндіріске енгізуді жеделдету арқылы ілгері жылжуымыз керек. Ғылыми-техникалық дамудағы жаңа бағыттар дегеніміз - биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология. Бұл салаларда бізде отандық және трансұлттық компаниялармен бірлесе қызмет атқарып нақты жетістіктерге жетуге толық мүмкіндік бар. Сосын бізде ғарыштық технологиялар бойынша, атом энергетикасы бойынша, т.с.с. түрлі бағыттардағы бағдарламалар жасалып жүзеге асырыла бастады. Бұл әлемдік даму үрдісінің талаптарына сәйкес келеді. Бәсекеге қабілеттілік жолында қойылар талап көп, соларды бірер сөзбен айтар болсақ, бізге, біріншіден, Қазақстанның халқы да бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Екіншіден, біздегі мемлекеттік билік бәсекеге қабілетті болғаны жөн. Үшіншіден, Қазақстан бизнесі бәсекеге қабілетті болуы қажет. Бұл - Қазақстан халқының дені сау, білімді, білікті, кәсібилікке бейім, жаңаны қабылдау қабілеті биік болуы керек деген сөз. Бұл  - биліктің салауаттылығы мен халқын адастырмай алға сүйрей білу қабілеті. Бұл - бизнесті дамыту, қолдау мен қорғау. Бүгінде Қазақстанды әлем таниды. Оның имиджіне елдің лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі де қызмет етуде. Бүгінгі жетістіктер айқын көрініп тұр. Халықаралық деңгейде де біршама игілікті жобалар жүзеге асырылды: ШЫҰ, Азиядағы өзара сенім бірлестігі ұйымы, Байқоңыр т.с.с. бірлескен шаралар өз өміршеңдігін көрсетті.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық игіліктерге ғана емес, ұлттың рухани баюына да өз әсерін тигізетін болады, мәдениет пен өнер өрлеп, тілдің дамуы жүзеге асады, дәстүр мен халықтық философия жанданады. Сонымен бірге жаһандану заманында елдегі өзге халықтардың да мәдениеті мен дәстүрін сыйлау қажет, ұлттар арасындағы келісім қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық - біздің дамуымыздың басты алғы шарты екені естен шықпағаны жөн. - Біз неге 2007 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда бес сатыға кейін шегініп кеттік? Бәсекеге қабілеттіліктің сатыларын бір-екі, тіпті 5-6 жылмен өлшеуге болмайды. Бұдан бір күрделі себеп іздеу қажетсіз. Біздің ел, сөз жоқ, даму, өрлеу үстінде. Мәселе тіптен де біздің қай орында жайғасқанымызда болмаса керек. Еліміз танымал және бәсекеге қабілетті дегенді сезінудің өзі қазақстандықтардың жалпыұлттық мақтаныш сезімін тудыратындай болуы керек. Сондықтан ұлттық идея санатына сөзсіз енетін тәуелсіздік пен Қазақстан халқының бірлігі идеяларына біз «білім мен еңбек, теңдік пен адам сапасын көтеру» ұранын ту еткен еліміздің ғаламдық бәсекелестікке қабілетті болу идеясын қоса атаған болар едік. Оған мақаламызда жетерлік дәлелдемелер келтірдік. Егер еліміз бәсекеге қабілетті бола алмаса, онда тіліміздің де, дініміздің де, діліміздің де қалыпты жағдайда болуы қиындай түседі. Қазіргі кезде Қазақстанда индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қалыптасқан. Мемлекеттік даму институттарын капитализациялау жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асады. 2004 жыл ішінде 204 инвестициялық жоба, оның жартысынан көбі даму инстиуттарының қолдауымен жүзеге асырылған. [33]

Мемлекет тарапынан 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялык даму стратегиясы қабылданған. Оның негізгі алға қойған мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұззақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады [17, 64 б.].

Стратегияны іске асыру барысында келесідей нәтижелер күтілуде:

- ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5 %-дан 50-52 %-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға;

  • ЖІӨ құрылымында ғьшыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5-1,7 %-ға арттыруға;
  • ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3 %- дан 2015 жылы 12-12,6 %-ға дейін төмендеуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді деген болжам жасалуда.

Қысқаша қортындыға келер болсақ, ҚР индустриалдық-инновациялық стратегиясын іске асыру нәтижесінде 2015 жылға қарай еліміздің экономикасы сервистік-технологиялық дамуға өтуге сақадай сай болуы қажет.

Елдің бәсеке қабілеттілік концепциясы экономикалық даму теориясының маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің ең басты индикаторы - мемлекеттің тұрақтылығы, заңдардың қадағаланылуы, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру болып табылады. Сондықтан тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі қаншалықты жоғары болса, елдің де бәсекеге қабілеттілігі, сонымен қатар ресурстарды пайдалану тиімділігі мен халықтың өмі сүру деңгейі де соншалықты жоғары болатындығы анық.

Тауардың, тауар өндіруші мен салалық бәсеке қабілеттілікті біріктіретін және әлемдік нарықтағы елдің ахуалын көрсететін көрсеткіш - ол елдің бәсекеге қабілеітілігі болып табылады. Жалпы, елдің бәсеке қабілеттілігін еркін бәсеке жағдайында әлемдік нарықтың талаптарын  қамтамасыз ете алатын тауар шығару, қызмет көрсету қабілеттілігі бойынша анықтауға болады.

Ұлттык экономиканың бәсеке қабілеттілігі - бұл ішкі және сыртқы рынокта шетелдік тауарлар мен қызметтермен өте ұтымды бәсекеге түсетін тауарлар мен қызмет көрсетуде жүзеге асырылатын маркетингтік, ұйымдастырушылық-басқару, ғылыми-техникалық, экономикалық, өндірістік және басқа да мүмкіндіктердің жиынтығы. 

Батыс елдерінің ұлттық шаруашылығының бәсеке кабілеттілікті бағалау мәселесімен көптеген ғылыми-зерттеу ұйымдары, яғни аумақтық (мысалы, «Басқарудың мәселелері бойынша Еуропалық форум» орталығы Женевада) және халықаралық (Женевада штаб-пәтері бар бүкіләлемдік экономикалық форум, Лозаннадағы Даму мен менеджменттің Халықаралық институты) ұйымдар айналысады. Соған қарамастан бәсеке қабілеттілік ұғымы бәсекелестерінің тауарларына қарағанда тұтынушылары үшін анағүрлым тартымды болу ол тауарлар шығаруда фирманың нақты және әлеуетті жағдайына байланысты [18, 3 б.]. 

М. Портер өз еңбегінде бәсекеге қабілеттіліктің ең негізгі төрт сатысын керсетеді. Олар өндіріс, инвестициялар, жаңалықтар, байлық. Оның үш алғашқы сатысында ұлттық экономиканың бәсеке қабілетгілігінің өсуі жүзеге асады, яғни ол халықтың жағдайының жақсаруымен түсіндіріледі. Төртінші сатыда өсім баяулап, құлдырайды. Бұл сатылар экономиканың қалай дамып жатқандығын, онда қандай шешімі табылмай тұрған мәселелердің бар екендігін, сонымен қатар экономиканың өсуін қандай күштер қамтамасыз етіп жатқандығын байқауға мүмкіндік береді [19, 54б.].

Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілік белгісі жүйенің макро және микроэкономикалық даму деңгейлеріне сәйкес қалыптасуы тиіс. Мұнда ең бірінші жағдайда, бұл еліміздің макроэкономикалық ортасына, оның технологиялық және институционалды дамуына байланысты болса, онда микроэкономикалық амал жағынан ұлттық компаниялардың қызметі мен стратегиялары және ұлттық бизнес орталықтарының сапасы бағаланады.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері