Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

Нақты бір өнімді жаңа өнімдермен ауыстыру қаупіне келетін болсақ, онда әңгіме белгілі бір қажеттілікті канағаттандыратын жаңа өнімдер өндіру, бірақта мүлдем жаңа принциптер негізінде жасалған өнімдер турасында болмақ. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында химия өнеркәсібі аса берік арзан пластмасса шығаруды бастады, олар машина жасауда, құрылыста және басқа жерлерде металды ығыстыра бастады. Ауыстыру қаупін бағалаған кезде ауыстырушы өнімнін дәстүрлі өнімдерге қатысты алғандағы сипаттамасы мен жаңа өнімді пайдалануға ауысу бағасын ескеру қажет. Мұның соңғысы ауыстырушы өнімді тұтынушылардың жабдықтарды алмастыруына, кадрларды қайта оқытуына тура келетіндігіне және басқа жағдайларға байланысты едәуір қымбатқа түсуі мүмкін. Бұған қоса тұтынушы дәстүрлі сатып алынатын өнімдерді өзгертуге пейілді ме, жоқ па соны да есепке алу қажет.

Жеткізушілер позициясының күші. Ол көп ретте жеткізуші мен сала кәсіпорындары әрекет ететін нарықтың тұрпатымен анықталады.

Егер бұл жеткізушілер нарығы болса, олар сала кәсіпорындарына өз шарттарын таңатын жағдайда, онда соңғылары өздері нарыкта (тұтынушылар нарығы) үстем болатын жағдаймен салыстырғанда азырақ тиімді позицияда болады. Жеткізушілер позициясының күші мынадай факторлармен анықталады.

  1. Жеткізілетін өнімдер мен ұсынылатын қызметтердің алуан түрлілігі

мен жоғары сапасы.

  1. Жеткізушілерді ауыстыру мүмкіндігінің болуы.
  2. Тұтынушылардың басқа жеткізушілердің өнімдерін пайдалануғ

көшу шығьшдарының мөлшері бұл жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалану қажеттілігінен, ұйымдастырушылық және басқа мәселелерді шешумен байланысты.

  1. Жеткізушілерден сатып алынатын өнімдер көлемінің ауқымы. Шикізат, материалдар, жиынтықтырушызаттар, өндірісті жүргізу үшін барлық қажетті дүниелерді үлкен көлемде сатып алу жеткізушілерді ауқымды сатып алуларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға көбірек тәуелді етеді.

Сатып алушылар позициясының күші. Ол осының алдындағы жағ-дайдағыдай, көп ретті сала кәсіпорындары мен олардың өнімдерін сатып алушылар әрекет ететін нарықтық тұрпатымен анықталады. Әңгіме тиісінше өндірушілер мен сатып алушылар нарықтары турасында болып отыр. Сатып алушылар позициясының күші ең алдымен мынадай факторлармен анықталады [10, 12б.]:

  1. Басқа өнімдерді пайдалануға ауысу мүмкіндігі.
  2. Осы ауысумен байланысты шығындар.
  3. Сатып алынатын өнімдер көлемі.

Жоғарыда қаралған факторлардың төрт тобы саланың тартымдылығын және онда бизнес жүргізудің реті қалай болатындығын анықтайды. Өйткені бұл факторлар бағаға, шығындарға, инвестицияларға әсер етеді, осы саладағы ұйымның табыстылығы денгейін анықтайды. Аталған бағыттарда жүргізілген зерттеулер фирмаға бәсекелестік "ахуалын", тайталасу қарқынын және бәсекелесушілердін әрқайсысы ие болып отырған бәсекелестік басымдықтардың түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Саланың өзіндегі бәсекелестік күресті сипаттайтын факторлардың бесінші тобын қарастырайық.

Басым бәсекелестерді айқындау және олардын позицияларының күшін анықтау. Әрбір тауар нарығы үшін неғұрлым қауіпті (басым) бәсекелестер сәйкестендірілген болуы тиіс. Басым бәсекелестерді анықтаудағы алғашқы қадам әдетте белгілі бір тұжырымдамаларға сүйеніп жасалады. Бәсекелік күрестегі өзінің рөліне қарай барлық ұйымдарды мынадай төрт топқа бөлуге болады: нарықтық көшбасшы, үміткер, ілесуші және нарықтық тауашасын тапқан ұйым.

Кәсіпорын бәсекелестік күрестегі нақты мүмкіндіктерін бағалау үшін және кәсіпорынның бәсекеге кабілеттілігін арттыратын және оның табысқа жетуін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдарды бағалау үшін өзінің күшті жөне әлсіз жақтарын талдауға үлкен маңыз береді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін маркетингтік зерттеу үдерісінде кейбір сандық көрсеткіштер пайдаланылады. Олар кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығы деңгейін, нарықта сұранысқа ие өнімдер шығару қабілетін және кәсіпорынның белгіленген және тұрақты ақырғы нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Өндірістік шығындары неғұрлым төмен кәсіпорын көбірек мөлшерде пайда алады, бұл өндіріс ауқымын кеңейтуге, оның техникалық деңгейін, экономикалық тиімділігін және өнімнің сапасын арттыруға, сондай-ақ өткізу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұндай кәсіпорын мен ол шығаратын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артады, бұл олардың мұндай қаржы және техникалық мүмкіндіктері жоқ басқа кәсіпорындар есебінен нарықтағы үлесінің артуына жәрдемдеседі.

Өткізу шығыстары мөлшерін пайда мөлшеріне жатқызу жолымен шығарылатын айналыс шығындарын талдаудың зор маңызы бар. Мұндай салыстыру, әдетте, өткізу шығыстарының бүкіл сомасына ғана қатысты емес, жекелеген элементтер бойынша да: өткізу филиалдары, сауда делдалдары нақты тауарлар бойынша және өткізу нарықтары жөнінде де жасалады. Инвестициялық жобалардың тиімділігін, айналыс шығындарын талдау тауар қозғалысының сатып алушыдан сатушыға дейінгі бүкіл жүйесі бойынша өндірістік емес шығыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорыннын бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық шараларды былайша түйіндеуге болады:

  • кәсіпорынның нарықтағы өнімдеріне басымдық беретін техникалық-экономикалық және сапалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
  • тұтынушының талаптары мен оның нақты сұранымын есепке алу мақсатымен бұйымның сапасын және оның техникалық-экономикалық параметрлерін өзгерту, өнімнің сенімділігіне назарды күшейту;
  • өнімнің оны ауыстыратын өнімдермен салыстырғандағы басымдықтарын айқындау және қамтамасыз ету;
  • бәсекелестер шығаратын ұқсас тауарлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және бұл нәтижелерді өз кәсіпорнында тиісінше пайдалану;
  • бәсекелестердің өздері нарыққа шығарған ұқсас тауарларды жетілдіру жөніндегі шараларын зерттеу және бәсекелестермен салыстырғанда артықшылық беретін шараларды талдап жасау;
  • сапалық сипаттамасын арттыру арқылы өнімді түрлендіру мүмкіндіктерін анықтау, мысалы, ұзақ мерзімге шыдамдылығы, сенмділігі, пайдаланудағы үнемділігі, сыртқы безендірілуін (дизайын) жақсарту сияқты;
  • өнімнін бәсекеге қабілеттілігін арттырудың баға факторларын анықтау мен пайдалану, соның ішінде бәсекелес кәсіпорындар пайдаланатын (бағаны арзандату, кепілдік мерзімі мен көлемі);
  • өнімді қолданудың, әсіресе жаңа өнімді қолданудың мүмкін болатын 
    басым салаларын табу және пайдалану;
  • өнімді түрлі жағдайлардағы: тропикалық немесе полярлық климаттағы, түрліше жер жағдайындағы (тасты, шөлді, батпақты) жұмысқа бейімдеу;
  • тұтынушылардың бірін-бірі ауыстыратын тауарлардың белгілі бір 
    түрлеріне тұрақты басымдык беруін қамтамасыз ететін өнімдердің сараланымы; бұл жағдайда баға бәсекелестігінің маңызы төмендейді, өйткені, 
    сатып алушылар өнімнің сапасына, оны пайдаланудың ерекшеліктеріне, 
    өндіруші кәсіпорынның беделіне және басқаларға қатысты қалыптасқан 
    артықшылық беруді басшылыққа алады;
  • нарыққа жаңа және неғұрлым ілгерінді тауарлардың түсуін жасанды 
    түрде шектеу жолымен тұтынушыларға тікелей ықпал ету белсенді жарнамалық қызмет жүргізу, ақшалай немесе тауарлық кредит беру, соның 
    ішінде төлемді кейінге қалдыру жолымен.

Осылайша, кәсіпорынның нақты нарықтағы немесе оның сегментіндегі бәсекеге қабілеттілігін бағалау кәсіпорынның технологиялық, өндірістік, қаржылық және өткізу мүмкіндіктерін мұқият талдауға негізделеді, ол кәсіпорынның әлеуеті мумкіндіктерін және кәсіпорын нақты нарықтағы бәсекелік позицияларын қамтамасыз ету үшін жасауға тиісті шараларды анықтауға арналған.

Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге кабілеттілігі өндірістің тиімділігін, басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың басты өлшемдері болып табылады.

Бүгінгі танда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ортақ бір қабылданған әдістемесі жоқ. Жалпы, теориялық тұрғыда Қазақстан экономикасы жағдайында түрлі нысандардың бәсекелік қабілеттілікке жетуі проблемасы, біздің бағалауымызша, қазіргі кезде нөлдік деңгейде тұр деуге болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі бойынша біздің ұсыныстарымыз мыналарға саяды:

  • бәсекеге қабілеттілік деңгейін нақты тауарлардың нақты нарық- 
    тардағы бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштері бойынша орташа алғанда- 
    ғы мөлшер ретінде санау керек;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігіне, ұйымдар қызметінің тиім- 
    ділігіне нақты тауарлардың нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі 
    тұрғысынан дербес талдау жүргізу;
  • кәсіпорынның жұмыс істеуінің тұрақтылығы көрсеткішін дербес 
    есептеу;
  • жоғарыда санамаланғандарды кешенді көрсеткіштер жағдайында 
    кемінде 5 жылға болжау.

Бәсекеге қабілеттілік өнімнің сапасы құрамына кіретін және тұтынушы үшін аса маңызды болатын, тұтынушының өнімді сатып алу, тұтыну (пайдалану) және кәдеге жарату жөніндегі шығындарын айқындайтын осы өнімнің қасиеттері жиынтығымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың жалпы сызбасы

Бәсекеге қабілеттілікті талдау нормативтік параметрлерді бағалаудан басталады. (5-суретке сәйкес) Егер олардың әйтеуір біреуі қолданыстағы нормалармен және стандарттармен белгіленген деңгейде сәйкес келмесе, онда басқа параметрлері бойынша салыстыру нәтижелеріне қарамастан өнімнің бәсекеге қабілеттілік одан әрі бағалаудың жөні жоқ. Сонымен бірге нормалармен стандарттардан және заңнамалардан артық тұру өнімнің артықшылығы ретінде қаралмайды, өйткені тұтынушылардың көзқарасы тұрғысынан алғанда, ол көп жағдайда пайдасыз болып шығады және тұтынушылық құнды ұлғайтпайды [11, 84 б.].

 

 

 

Сурет 6. Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштері

 

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау талданып отырған өнімнің сипаттамаларын нақты қажеттілікпен салыстыруга және олардың бір-біріне сәйкестігін анықтауға негізделеді. Объективті баға беру үшін тұтынушы нарықта тауарды тандаған кезде сүйенетін өлшемдерді пайдалану қажет. Демек, талдауға жататын және тұтынушылардың көзқарасы тұрғысынан елеулі саналатын параметрлер номенклатураларын анықтау міндеті шешілген болуы керек.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау кезінде қолданылатын параметрлер номенклатурасы екі жалпы қорытылған топты қамтиды:

  • сапа параметрлері (техникалық)
  • экономикалық параметрлер.

Техникалық топқа қажеттілік параметрлері жатады, олар осы қажеттіліктің мәнін және оны қанағаттандырудың шарттарын сипаттайды. Оған мыналар жатады:

  • қызметтік параметрлері; 
  • эргономикалық параметрлері;      
  • эстетикалық параметрлер;

-нормативтік параметрлер.        

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде пайдаланылатын параметрлер номенклатураларын таңдау жөніндегі түпкілікті шешімді сараптау комиссиясы осы өнімді пайдаланудың нақты шарттары мен бағалау мақсаттарын ескере отырып қабылдайды. Бәсекеге қабілеттілік параметрлерінің сызбасы 6-ші суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық

көрсеткіштері мен даму сатылары

 

 

Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай бір маңыздысы болып табылады. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді, ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, экономикалық маңызы бар саяси процестердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінін қолайлылығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады [12, 77 б.].

Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы, бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде зандардың сақталудеңгейі және тағы басқалар болып табылады. Соңғы есепте шығатыны -тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым, ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтын өмір сүру деңгейі де жоғары,

Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторы - табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болды. Өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты бәсекеге қабілеттілікті, бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай бастады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей өндіріс факторының болуы маңызды, бірақ, табысты бәсеке жағдайына жеткіліксіз. Оған, сонымен қатар, өнімге деген белгілі бір сұраныс, сыбайлас және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке кажет.

Осы ғасырдың басында білім тұжырымдамасы экономикалық дамудың көзі ретінде "Білім экономикасы" деген түсініктің пайда болуына алып келді. Тауарларды емес ой туындысын шығару қазіргі кезде экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көзі болып отыр. "Ескі" экономикада елдің бәсекеге қабілеттілік артықшылығының көзі шикізатқа қол жетімділік, ыңғайлы транспорттык тораптар, сыйымды тұтыну нарығы, арзан еңбек күші болатын. Ал "жаңа" экономикада жетістік факторы - білімге негізделген инновация және кәсіпкерлік, дамыған білім мен ақпараттың инфрақұрылымдары [13, 134 б.].

Толықтай, елдің бәсекеге қабілеттілігі - бұл ел экономикасынын халықаралық саудаға қатынасу, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Елдегі өндірістің техникалық-экономикалық деңгейімен, өндірістің шығьндар көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен, инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті және салыстырмалы артықшылықтардың болуымен анықталады.

Нақты ұлттың бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің жаңалықтарды өндіріске еңгізу қабілеттілігі мен модернизациялануына тәуелді. Көріп отырған нарық қысымы мен талабының нәтижесінде компаниялар әлемдік нарықтағы ең күшті бәсекелестерімен күресте өздерінің артықшылықтарын ұлғайтып отырады. Олар нарықта ішкі күшті бақталастардың, агрессивті жеткізушілер мен жергілікті талапшыл тұтынушылардың болуынан пайда алады.

Қазіргі әлемдік ауқымдағы бәсеке өсіп отырған экономикалық жағдайда мемлекеттің рөлі маңызды бола түсуде. Бәсекелестік күрестің негізі білімді қалыптастыру мен меңгеруге қарай ығысқан сайын мемлекеттің рөлі өсе түседі. Бәсекелестік артықшылық күшті жасақталған үдерістер арқылы қалыптасады және қолдау табады.

Ұйымдардың ұлттық құндылықтарыңдағы, мәдениетіндегі, экономика кұрылымындағы және тарихи дамуындағы ерекшеліктер - бұлардың бәрі табысты бәсеке қабілеттілігіне жетуге өз үлесін қосады. Әр елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымында күшті айырмашылықтар болады, себебі, бірде-бір мемлекет барлық салаларда немесе ең болмағанда көпшілігінде бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері