Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

Бәсекеге қабілетті өндіріс пен техникалык өрлеудің дамуы жоғары деңгейлі факторлар, ең алдымен елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, білім деңгейі арқылы анықталады.

Қазіргі таңда инфрақұрылымның дамуы басқалармен салыстырғанда маңызды өндіріс факторларының біріне жатады. Ол ұлттық шаруашылықтың бәсекелік артықшылықтарына әсер ете отырып, оның қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Инфрақұрылым оған оның әрбір сатысында елеулі әсер ете отырып, ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетті факторларының жүйесінде елеулі рөл атқарады.

Сонымен, инфрақұрылым шаруашылық объектілерге ұтымды әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, негізгі жүйенің қызметін орындайды. Әсіресе, инфрақұрылымның негізгі өндіріс арасындагы өзара байланыс пен өзара әрекеттестігі күшейеді.

Инфрақұрылым салаларының қызмет көрсету нарығында қызмет көрсетуші кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті жұмыс істеу үшін олардың тұтынушылары тарапынан бірқатар сұрақтар туындайды. Мұндай мәселелердің бірі инфрақұрылым салаларының қызмет көрсету сапасының жалпы колданылстағы стандарттардан және нормалардан ауытқуы. Қызмет көрсетуші кәсіпорындар белгілі кішігірім тұтынушылық орынға ие болған жағдайда, тұтынушыларды тарту сатысындағыдай қызмет сапасына да аса назар аудармайды. Мұндай мәселе инфрақұрылым салаларының барлық қызмет түрлеріне тән және бұл мейрамхана мен сауда бизнесін ұйымдастыру, көлік, туристік, медициналық, білім беру жене тұрмыстық қызметтер барысында ерекше байқалады.

Инфрақұрылым салаларының ішінде маңызды құрамдас бөліктерінің бірі көлік және коммуникация салаларының зкономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы маңызы зор.

Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу Стратегиясындағы Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін үлкен жетістікті қамтамасыз ету артықшылығында Президент Н.Ә.Назарбаев: «Ірі көлік инфрақұрылымдық объектілердің айналасына шағын және орташа жобалар арқылы икемді, жоғары технологиялық қалпына келтірілген объектілерді құру және дамыту қажет. Осылайша Орталық Азиядағы біздің көшбасшы бағыттарын қамтамасыз ету үшін аймақтық нарыққа бәсекелес көлік желісін ендіруді ұйымдастыруға мүмкін болады», - деп баса атап көрсетті [20, 34 б.].

Осыған байланысты, көлік-коммуникациялық кешен Қазақстан Республикасындағы басым сапалы көлік-коммуникация қызметтеріне деген сұраныстарды толық қанағаттандырумен тығыз байланысты.

Көлік инфрақүрылымы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Көлік инфрақұрылымының рөлі, ең алдымен, оның жан-жақты дамуы Қазақстан экономикасында қызмет көрсететін шаруашылық құрылымдарының нәтижелігін арттырады.

Қазақстан Республикасында экономикалық жағдайларды тұрақтандыруда, әлеуметтік мәселелерді шешуде, ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде және тағы басқаларда көлікке ерекше көңіл бөлуде.

«Қазақстан - 2030» даму Стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі әлемдік нарықта отандық көлік-коммуникациялық кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және еліміздің аумағы арқылы сауда ағымдарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты көлік-коммуникациялық кешенді дамытудың мақсаты сапалы көліктік қызмет көрсетуде халықтың және экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандырумен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында көліктің даму басымдылығы Еуропалық және Азия континенттерінің торабындағы геосаяси жағдаймен анықталады. Бұл өнімдерді кеңінен экспортқа шығару, импорттау және басқа елдердің жүктерімен және жолаушыларын өткізуден болатын экономикалық пайдаларды қолдану үшін көлік мүмкіндіктерінің жоғарлауына ықпал етеді [21, 78 б.].

Көлік-коммуникация инфрақұрылым қызметтері бәсекеге қабілетті болу үшін, ең алдымен, осы салалардағы маркетингті дамыту және жетілдіру қажет. Негізінен маркетинг қызметі жүктерді және жолаушыларды тасымалдау саласында жүзеге асырылады. Маркетинг жүктерді тасымалдау саласында кешенді өндірістік-өткізу жүйесін қарастыра отырып, жүктерді тасымалдауда тапсырыстарды үйымдастыру және көлік қызметтерінің үнемі өзгеріп отыратын сүраныстарын толығымен қанағатгандыруға негізделген көлік өнімдерін өткізу және осының негізінде бәсекелік артықшылықтар мен тұрақты пайда алуды көздейді.

Көліктің тұрақты дамуы экономикалық кеңістіктің бірлігіне, тауарлардың еркін қозғалысына және қызметтердің еркін көрсетілуіне, экономикалық қызметтің бәсекелесуіне және еркіндігіне, Қазақстанның тұтастығына және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс жағдайы мен деңгейін жақсартуға кепілдік береді.

Экономиканың дамуында барлық көлік түрлері ауадай қажет екені мәлім. Қоғамымыздың кез-келген саласында көліктің қатысы бар. Қайсы бір тұрғыдан алсақ та - экономикалық-саяси және әлеуметтік - оның қоғамдағы ең маңызды салалардың бірі екендігі сөзсіз. Көлік экономикалык қарым-қатынастардың барлық түрлеріне дерлік қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылымның коммуникация саласының рөлі де айтарлықтай. Қазақстанның телекоммуникациясы - ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономикалық өсуте ықпал ететін «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламаның ұзақ мерзімді артықшылықтарының бірі. Телекоммуникацияны дамытуда ауқымды әлемдік үрдістер Қазақстанда қолданыстағы желілерді жаңартуды жедел жүзеге асыруға, жаңа қызметтерді ендіруге, қайта құрылымдауды жүргізуге жетелейді.

Телекоммуникация нарығындағы бәсекелестік шаруашылықтың нарықтық жүйесінің сипатты белгісі, экономиканы толығымен, оның жеке салаларын және өндірісті дамытушы қозғалыс күші болып табылады. Әкімшіліктік-басқару қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқасында еңбектің енімділігі 2-6 есе артады. Кредиттік-қаржы саласында есептегіш техникаларды пайдалану банктік операцияларды жүргізу уақытын жүз есе қысқартуға мүмкіндік береді.

Коммуникация жүйесінің әрекетінсіз мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда саяси, қоғамдық мәселелерді шешу, өнеркәсіп іскерлігінде, ғылым, білім, медицина және мәдениет мекемелерінде тиімді мәліметтер алу мүмкін емес. Қазіргі уақытта коммуникация қызметтерінің жоғары тиімді және сенімді автоматгандыру процестерін жүргізуінде қуатты кабельдік, радиорелейлік магистральдардың болуы, жергілікті автомат телефон станцияларының тармағы қоғамдық еңбекті үнемдеумен қамтамасыз етіп, елдің экономикасын басқарудың тиімділігін көтереді. Қызмет көрсету тармағының өсуі тұрғындар өміріне өзгерістер әкелуімен әлеуметтік-экономикалық сипатта екі жақты ақпарат алмасудың казіргі уақыттағы техникалық құралының болуы байланыс рөлінің артуына әкеледі. Байланыс қызметтерін пайдалану адамдардың араласу мүмкіндіктерін кеңейтіп, қоғамның ақпараттануы мен өмірлік қолайлы жағдайларымен қамтамасыз етеді. Коммуникация нарығында ұсынылатын қызметтердің бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің белгілі мәні бар. Телекоммуникациялық қызмет соңғы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне дәл ықпал етеді.

Телекоммуникация (байланыс) саласындағы ғылыми-техникалық прогресс өндірістік үрдістерді кезекті санау, автоматтау негізінде байланыс желілерінің және құралдарының сапалы параметрлерін маңызды арттырумен түсіндіріледі. Сандық және ғарыштық байланыс жүйелерін, жылжымалы объектілері бар радиобайланыс жүйелерін, талшықты-оптикалық байланыс жолдарын қолдану түріндегі техникалық дамудың мұндай басым бағыттары ұсынылатын қызметтердің көлемі мен сапасын арттыруға, жоғары сапалы жаңа қызмет түрлерін жүргізуге, кезекті дамуды инвестициялауға қажетті қосымша кірістерді алуға мүмкіндік береді.

Байланыс қызметтеріндегі нарық сұраныстарының сипаты басқаруды автоматтандыруды, жаңа байланыс түрлерін (телемәтінді, телефонды, факс бюроны) ендіруді талап етеді. Мысалы, биржалық операциялардың, қаржы және сауда мәмілелерінің жылдамдығы байланыс қызметінің нарығын дамытумен шектеледі. Қазіргі уақытгта байланыс қызметтерін сату, нарықтың конъюнктурасына байланысты тарифтерді қатал реттеу, сұраныс пен ұсыныс қатынастарына белсенді әсер ету мәселесі қозғалуда. Сауда қызметі өндірістің көлемін артгыруды ғана емес, сондай-ақ, оның сапалы сипаттамаларын арттыруды алдын ала болжайды. Осыған байланысты қызметтің және өнімнің сапасын арттыру, ассортиментін жақсарту үшін жаңа жабдықты, ЭЕМ, байланыс құралдарын ендіру негізгі рөл аткарады. Сонымен инфрақұрылым салалары аймақты басқаруға, экономиканың барлық салаларында өндірістік үрдістердің қалыпты жұмыс істеуіне, халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға және сұраныстарын канағаттандыруға қажетті ақпараттар ағымының таратылуын қамтамасыз етеді.

Олай болса, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, ондағы салалардың, соның ішінде әлеуметтік сала қызметтерін іске асыру тиімділігі ұлттык. экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды факторлар ретінде әрекет ете отырып, экономикалық бизнестің кеңеюіне, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге ықпал етеді. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық сұраныстарын одан әрі толық, жан-жақты қанағаттандыруда. Сондықтан еліміздің экономикасын дамыту және бәсекеге қабілетгілігін арттыруда инфрақұрылым салаларының қызмет етуінің тиімділігі және оны дамыту экономиканы дамытудың басты негізі.

Монополияға қарсы реттеу - мемлекеттің бәсеке  ережелерін қалыптастырып, оны жүзеге асыратын бірден-бір экономикалық саясат. Осындай кәсіпорыңдар монополист кәсіпорындар деп аталады. Монополист кәсіпорындар табиғи монополия субъектілері және белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілер болып екі түрге бөлінеді. Монополизм үнемі және жалпы нарыққа кері әсерін тигізеді деуге болмайды, сондықтан монополияға қарсы саясат бар-лық монополизмге қарсы емес, ол тек нарық құрылымдарын бұзып, нарық заңдарын өз мүдделері үшін пайдаланғысы келетін монополияға қарсы саясат жүргізеді [22, 2б.].

Қазақстаңда монополиялық қызметті реттеу мен бәсекені ынталандыру саясатының тарихы 1991 жылдың тамызынан, Қазақ ССР-ының Президентінің 31 тамызында шығарған №428 қаулысынан басталды.

Аталған қаулыда Қазақ ССР-ының монополиялық қызметті шектеу мен жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау бойынша Мемлекеттік комитеті құрылып, оның басты міндеттері белгіленді. Экономиканы жаңа нарықгық қатынастарға бұра отырып, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту аса қажет болды, сондықтан жосықсыз бәсеке мен монополиялық қызметтің алдын алу мен шектеу, монополияға қарсы бағытталған заң-дардың орыңдалуын қатаң талап етуді мемлекеттік билік орындары өтпелі кезеңдегі бірден бір жауапты іс деп санады. Біртіндеп экономикадағы болып жатқан өзгерістерге сай монополияға қарсы саясат жүргізуші орган басты бағытымен бірге бірнеше сәйкес қызметтерді атқаруына тура келді. Мемлекеттің монополияны реттеу саясаты сандық және сапалы өзгерістерді басынан кешіре отырып дамыды.

Мемлекет осы саясатты жүзеге асыруда кейбір экономикасы дамыған шетелдердің тәжирибесін, өтпелі кезеңдегі өз еліміздегі экономиканың жағдайын ескеріп отырды. Мемлекеттің осы саясатын жүзеге асыруында монополияға қарсы саясат жүргізуші органның қалыпты жұмыс істеуінің де маңызы зор болды.

Тауар нарығы мен бәсекені дамытуға, монополиялық қызмет пен жосықсыз бәсекенің аддын алу, шектеу мен тыюға бағытталған мемлекегтік саясаттың іс-шараларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жүргізетін органы болып саналады. Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу Агенттігі - Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамына енбейтін орталық атқару органы болып есептелінеді. Монополияға қарсы саясат жүргізу органы басынан бастап оншақгы рет реформаларға шалынды. Соңғы реформа нәтижесінде бұл Агенттік күрделі өзгеріске ұшырады.

Табиғи монополистердің қызметін реттеу мәселесімен табиғи монополияны реттеу Агенттігі шұғылданады да, тауар нарығында үстем жағдайда тұрған монополистер қызметін реттеу мәселесі Индустрия және сауда министрлігіне қарайтын Бәсекелестікті қорғау комитетіне жүктелді. Мемлекет әр нарыққа тиісті экономикалық іс-шаралардың тәртібін жасап, оны жүзеге асырып отырады.

Кейбір жағдайларда, табиғи монополия саласында кәдімгі бәсеке механизмі жұмыс істемеуі мүмкін. Қаланың барлық объектілерін газбен қамтамасыз ететін жалғыз өңдірушінің шығыңдары, дәл осындай қызмет көрсететін бірнеше компаниялар шығынынан аз болуы мүмкін. Ол компания жалғыз өндіруші болғандықтан, үкімет олардың өз қызметіне баға белгілеуін реттеп отырады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу Агенгтігінің негізгі міңдеттері табиғи монополия субъектілерінің ісін реттеу және бақылау, мемлекеттік және табиғи монополия субъектілершің істерінің аясында тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттік мекемелердің ақъшы кызмет көрсету ережелерін бақылау, мемлекеттік монополияға жататын мемлекеттік мекемелердің істерін кадағалау болып табьшады [23, 244б.]. Республикадағы монополияға қарсы саясат жүргізуші органның қызметтеріне табиғи монополияны реттейтін мемлекеттік саясатты, мемлекеттік монополияны реттейтін мемлекеттік саясатын қалыптастыру, нормативтік-қүқықтық актілер мен заңдарды жетілдіру, қосарлас құрылымдарды құру, тауар нарығыңдағы үстем жағдайға ие занды тұлғаларды бөлу жөнінде ұсыныстар жасау сияқты стратегиялық шаралар жатады. Соңдай-ақ монополияға қарсы орган тиісті мемлекеттік органдарға қаралуы міндетті мынандай: 1) жеткілікті бәсеке жоқ, сондай-ақ басым дамытуды талап ететін салаларда баға саясатын жетілдіру туралы, соның ішінде монополиялык қымбат бағаларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының зандарында көзделген тәртіппен тауарларға тіркелген мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгілеу туралы, 2) инвесторлар тарту жене бірлескен кәсіпорындар ашу туралы, міндетті лицензиялауды енгізу, рынок субъектілері монополияға қарсы заңдарды бұзған жағдайда, олардың экспорт - импорт операцияларына тыйым салу не мұндай операцияларды тоқтата түру туралы ұсыныстарды қоса алғанда, экспорт- импорт операцияларын лицензиялау тәртібін өзгерту және кеден баждарын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді [24, 4 б.].

 Мемлекетік монополияға  қарсы саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы территориясында экономикалық кеңістіктің бірыңғайлығын қалыптастыру, коммерциялық ұйымдардың бірігулері, құрылуы және топтасулары, ірі көлемдегі акция пакетін және басқа активтерді иелену процестері ашық түрде жүруін қамтамасыз ету; тауар нарығына жаңа субъектілердің ену кедергілерін азайту; жосықсыз бәсекенінің алдын алу мен тыюға бағытталған жұмыстарды жандандыру негізгі мақсат болып та-былады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мемлекеттік саясат бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыта отырып, бірігу процестерін бақылау, кейбір келеңсіз нарық құбылыстарының алдын алу, монополиялық заңды қолдану парасаттылық, заңды, ашық түрде жүру принициптерге негізделеді. Мемлекет жекеменшікті қалыптастыру және бәсеке мен кәсіпкерлікке қолайлы жағдай тудыруда экономикалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және байланыстырушьшық қызметтерді атқаруға міндетті. Монополияға қарсы саясат жүргізуші саясат субъектілері қатарына орталық атқарушы орган мен оның аумақтық бөлімшелері де кіреді. Олардың қызметін орталық орган анықтап берген қүзырет шегінде жүзеге асырылады және өз істері жөнінде орталық органға бағынышты, есеп беруші заңдық түлға болып саналады. 2005 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан Республикасының №175 қаулысына сәйкес Агенттіктің 16 аумақты белімшелері жұмыс істейді. Агенттік республикалық бюджеттен қаржьшынады. Қазақстан Республикасының "Табиги монополиялар туралы" Заңына сәйкес табиғи монополия субъектілері ұсынатын қызмет түрлерін нақты корсете отырып, Мемлекеттік тіркелімге енгізіледі. Қазақстан Республикасының табиғи монополия аясына технология ерекшеліктеріне байланысты мүнай жөне мүнай онімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистралдық және тарату кұбыр жолдары арқылы тасымалдау, электр, жылу жүйелерін тарату, бөлу, магистралды теміржол желілері, әуе навигациясы, телекоммуникациясы сияқты салалар жатады [25, 6б.]. Осы аталған Заңда табиғи монополия субъектілерінің міндеттерімен қоса құқыктары да белгіленген.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері