Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Тәуелсіздік жылдарында елімізде тауарлар мен қызметтер өндіретін жаңа салалар пайда болды. Олардың кейбірі қалыптасқан салалардан бөлініп шығып, мұның өзі шектеуді талап еткені түсінікті.
Елдің өңдеу өнеркәсібінде болат прокатының, шақпақ мыстың, мырыштың, қорғасынның, бастапқы алюминийдің өндірісі, мұнай өңдеу басым болды. Өнеркәсіп салаларын үш топқа бөлуге болар еді. Біріншісі – әлемдік деңгейге жеткендер, екіншісі – қалыптасқан әрі ішкі және ішінара өңірлік деңгейде жұмыс істейтіндер, үшіншісі – қалыптасқан, перспективасы бар топтар.
Әлемдік рынокта ұлттық брендке айналған мыс, мырыш, темір прокатымен қатар жаңа салалар пайда болды. Бұл – ұн тарту және тері илеу өндірістері. Қазіргі кезде бұл саланың өнімдері әлемдік деңгейге шықты. Ұн экспорты 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 20,4 есе ұлғайды. Егер республикадан экспортқа 2000 жылы 41,6 млн. доллардың ұны шығарылса, бұл көрсеткіш 2007 жылы 867,8 млн. долларға, 2008 жылы 849,2 млн. долларға жетті. Қазақстанның ұн тартушылары бұл көрсеткіш бойынша әлемдік біріншілікті иеленіп, оны үш жыл қатарынан ұстап келеді. 2008 жылы 10,8 млн. тонна әлемдік экспорттан республиканың үлесіне 23,9 пайызы келді. Бұл жағынан Қазақстан Түркияны да, Еуроодақ едерін де, Аргентинаны да артқа тастады. Көршіміз Ресейден осы көрсеткіш бойынша 4 есе алда екенімізді де айтуға болады. 2010 жылы сыртқы рынокқа 2,5 млн. тоннадан астам өнім жөнелту, бірінші орында сақтау үшін ассортиментті жақсартып, жаңа рыноктарға шығу көзделіп отыр. Қазақстанның ұн тарту қуаты жыл сайын 6 млн. тонна ұн шығаруға мүмкіндік беретінін, ұн тарту кәсіпорындарындағы қуаттардың орташа жұмыс жүктемесі 50 пайыздан аспайтынын ескерсек, мұндағы мүмкіндіктердің мол екенін түсінеміз.
Енді әртараптандырудың перспективалық бағыты саналатын металл өңдеу өнеркәсібіне назар аударайық. Табиғи артықшылықтарға ие Қазақстан оларды барынша пайдалана отырып, жоғары бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған сала құруы тиіс. Бұған қазіргі кезде 724 кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейтін металлургиядағы оң үрдістер қолайлы болып табылады. Ал қара металлургияда – бұл металл түйіршіктерін шығару.
Дүние жүзінде қазір мұндай өндірістерді салу қауырт жүріп жатыр. Өйткені, осындай өнім салыстырмалы түрде жоғары қосымша құнға ие. Ал оны өндіруді жолға қою көп қиындықтар туғызбайды. Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде салынған зауыт әлі де аздық етеді. Вольфрам, молибден, хром секілді металдардың бірегей қоры бар республика тот баспайтын және басқа сапалық қасиеттері бар болат шығару жөніндегі өзінің әлеуеттік мүмкіндіктерін жете пайдаланбай отыр.
Металл өңдеу саласында бірқатар бұйымдар шығару жолға қойылған. Жартылай фабрикаттардың, қара металдан жасалған бұйымдардың экспорты өсуде. Бұл өнімнің 12 түрін 27 елге экспорттау 18 есе өсіп, 2000 жылғы 48,8 млн. доллардан 2008 жылғы 899,4 млн. долларға жеткен.
Алайда ішкі және сыртқы рыноктардың әлеуеті саланың кеңейтілуін талап етуде. Қазақстан жыл сайын металды көп қажет ететін өнімдерді – мұнай-газ құбырларын, теміржол вагондарын, металл конструкцияларды, сымдарды, шегелерді көп көлемде әкеледі.
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Екібастұз, Рудный қалаларында салынып жатқан металлургия зауыттары, сымдарды, арматураларды, бұрыштарды, темір шыбықтар мен басқа да сондай өнімдерді шығара бастауымыз республиканың сұранысын қанағаттандырып, оларды сыртқа жөнелтуді кеңейтер едіҚазіргі кезде жедел дамып, айрықша назарды талап ететін құбыр өнеркәсібі туралы баса айтқан жөн. Елімізде бұл саланың өнімдерін шығару жиырмадан астам кәсіпорында ұлғайып келеді. 2008 жылы құбыр шығарудың жалпы көлемі 170 мың тоннаны құраса, соның ішінде болат, шойын құбырлар 104,2 мың, пластмасса құбырлар 58,5 мың, асбест-цемент құбырлар 6,8 мың тонна болған.
Алайда ішкі рыноктың сұранысы толық көлемде қамтамасыз етілмейді. Тіпті жылдық қуаты 270 мың тоннаға жететін, жіксіз мұнай-газ құбырларын шығаратын “KSP Steel” зауытының (Павлодар қ.) іске қосылуы да тапшылықты жаба алмай отыр. Отандық болат құбырлар өндірісі импорт көлемінің 10 пайызын ғана құрайды. Мұнай-газ құбырларының көптеп салынуы, олардың ағымдағы және күрделі жөндеуі бұл өнім өндірісін ұлғайтуды талап ететіні сөзсіз. Отандық құбыр өнеркәсібі жаңа деңгейге көтеріліп, қажет өнімнің шығарылуын қамтамасыз етсе, қаншама қаражат басқа салаларға жұмсалар еді. Сонымен қатар бұл өнім экспортының өсіп отырғанын да ескеру керек. Мәселен, 2000-2008 жылдары құндық тұрғыдан алғанда бұл көрсеткіш 34,7 есе өсіп, 2000 жылғы 5,4 млн. доллардан 2008 жылғы 187,5 млн. долларға жеткен.
Елімізде отандық вагон жасауда бетбұрыс байқалады. Солтүстік Қазақстан облысындағы “ЗИКСТО” мәшине жасаушыларының ҚТЖ-ға өнімдерін бере бастауы көптен күткен жобалардың сапалық ілгерілеуін көрсетеді. Екібастұз (“Таман” ЖШС), Арал (“Аралвагон”) қалаларында, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы Құмсай кентінде (“Мәртөк механика зауыты”) жаңа вагон жасау өндірістерінің пайда болуы елімізде жүк платформаларын, жартылай вагондар мен мұнай цистерналарын шығару жөніндегі толыққанды саланың құрылуын қамтамасыз етеді. Өңірлердің ынтымақтастығы туралы меморандумдарға қол қою Шығыс Қазақстан және Қарағанды мәшине жасаушыларының вагон жасаушылар үшін қажетті бөлшектер беру жөніндегі ресурстарға ие екенін көрсетіп берді. Белгілі ғалым және теміржолшы маман Нығметжан Есенғарин атап өткеніндей, бұл маңызды істе “Вагон жасау” бірыңғай бағдарламасын құруды үйлестіру қажет, сонда мүмкін болатын қайталаулар мен қажетсіз бәсекелестіктің пайда болуына жол бермеу мақсаты орындалады. Ал енді вагон жасаушылардың айрықша қажет астық тасымалдау қондырғыларын құрастырмауы таңданарлық жағдай.
Сол секілді көліктік мәшинелерді жасау да жанданып келеді. Қазір электровоздар мен тепловоздар (Астана, Атбасар, Шу қалалары), автомобиль (“АзияАвто”, Өскемен қ.), КамАЗ жүк мәшинелерін (Көкшетау, Алматы қ.), автобустар (Семей қ.), троллейбустар (Алматы қ.) жинау, кеме жасау (Орал қ.) кәсіпорындары назар аудартады. Фармацевтика өнеркәсібі – жедел дамушы салалардың бірі. Ол қазір медицина және фармацевтика өнімдерін өндіретін 79 кәсіпорынды қамтиды. Ал республикада шығарылатын барлық дәрі-дәрмектің 90 пайыздан астамы “Химфарм” АҚ, “СП Глобал Фарм”, “Ромат” ФК, “Нобел АФФ”, “Нұр-Май Фарм” ЖШС секілді бес кәсіпорынның үлесіне келеді. Қарағанды фармацевтика зауыты өндірістің толық циклын игерген. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, “Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады”. Ал енді дәрі-дәрмек импорты бір жылда 500 млн. доллардан асқанын ескерсек, отандық медициналық және фармацевтикалық кәсіпорындар мен осы сала ғалымдарының алдында үлкен міндеттер тұрғандығы анық.
Ұн тарту өнеркәсібінің дамуына қарай өркендей түскен макарон өнеркәсібі сегіз жылда 3,2 есе өсіп, 122,4 мың тоннаға жетті. Бұл өнімді өндіру бойынша Қазақстан әлемде жиырма тоғызыншы орынға шықты, ал әлеуеті жағынан бестікке кіру мүмкіндігі бар.
Әртараптандыру үдерісінің жүруіне орай жем-шөп және жем өнеркәсібі, әйнек өнеркәсібі, экологиялық өнеркәсіп ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, химия өнеркәсібі өркендеп келеді. Әрине, бұл салаларда ауқымды шаралар атқарылуы керек. Әйтпесе, біздегі құрылыс материалдары өнеркәсібін, “Ақтөбе рентген” зауыты арқылы айшықты көрініп отырған медицина өнеркәсібін, бір кездері өзіміз құлдыратып алып, қазір жаппай қолға алынып жатқан тоқыма өнеркәсібін, кондитер өнеркәсібін балық өнеркәсібін, мұнай өңдеу өнеркәсібін, зергерлік өнеркәсібін, полиграфия өнеркәсібін, парфюмерия-косметика өнеркәсібін дамыту еліміз үшін, халқымыз үшін көп пайда әкелетінін әсте ұмытуға болмайды.
Дағдарыстан кейін экономика біртіндеп қалпына келіп, сұраныс пен ұсыныс таяудағы уақытта бұрынғы деңгейіне оралатыны анық. Алайда өндірістік қызметтің сапасына қатысты мәселе өне бойы алдан шығады. Өйткені мұның өзі адам капиталын дұрыс пайдалануға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, еңбек өнімділігін өсіруге, өнім сапасын жақсартуға әсер ететіні сөзсіз.
Қазақстан ІЖӨ өндіру бойынша әлемде елуінші орыннан сәл төмен тұр. Ал экономиканы әртараптандыру есебінен өркендетер болсақ, таяу болашақта бұл көрсеткіштің өзгеретіні сөзсіз. Әрине, ІЖӨ көрсеткішін өсірудің елдің және халықтың әл-ауқат деңгейін жаңа дәрежеге көтеретінін есте сақтау керек. Сондықтан да экономиканың өскелең әлеуетін әртараптандыру негізінде қазақстандықтардың игілігіне айналдыру – әбден нақты да қолжетімді міндет. [32]
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау
Ұлттық бәсекелік қабілеттілік елдің экономикалық жағдайы мен даму перспективасын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі. Қазіргі 21 ғасырда ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін, артықшылықтарын арттыру мен нығайтудың, оны интенсивті түрде дамытудың негізгі анықтаушы факторы ретінде ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құруға, басқару мен ұйымдастырудың және маркетингтік қызмет көрсетудің жаңа нысандарын, сонымен бірге озық ғылыми-технологиялық әзірлемелердің негізінде жасалған технологияларды енгізуге бағытталған елдің индустриялық-инновациялық саясаты маңызды екендігіне ешкімде күмәндана қоймас.
Дүниежүзілік Экономикалық Форум (ДЭФ) ұйымында перспективалық бәсеке қабілеттілігі индексі қолданылады. ДЭФ әдісіне сәйкес мемлекеттер арасында қайсысының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екеніне талдау жасағанда, назар аудартатын жайт, олардың тек осы индекс бойынша ғана емес, сонымен қоса технологиялық жабдықталу жағынан да лидер болып табылуы. 2000 ж. ДЭФ-ның осы индексті есептеу барысында елдің орта мерзімде тұрақты даму потенциалын сипаттайтын, негізгі үш көрсеткіш есепке алынды:
Инновациялық индекс бойынша, ДЭФ сарапшылары талдау жасаған кезде барлық мемлекеттерді негізгі инновациялық елдер және негізгіге жатпайтын инновациялық елдер деп екі топқа бөлген. Бірінші топқа жататын елдер технологиялық индекс негізінде бәсекеге қабілеттіліктің 50 пайызын, ал қалған екі индекстер арқылы 25 пайызын қамтамасыз етеді. Келесі топ барлық индекс қосылып, осы көрсеткіштің тек 1/3 ғана қамтамасыз етеді.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда жаңалық деген мағынаға ие. Бұл термин ғылыми зерттеулерде XIX ғ. қолдананыла бастады. Ең алғаш рет инновация терминін жаңа экономикалық ұғым ретінде ғылымға енгізген австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер болды. Ол өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1911ж.) атты еңбегінде қалыпты экономиаканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі шындығы ретінде тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-новатордың қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздікті» қарастыра отырып, дәстүрлі экономикадан бас тартады.
Инновация туралы ілімді ғалымдар келесідей бірнеше кезеңдерге бөліп
қарастырады:
1. К.Маркстің, Й. Шумпетердің және Н.Д. Кондратьевтің еңбектерінде инновация теориясының негізі қаланған. Бұл ғалымдар осы терминнің бастапқы анықтамаларын анықтап, инновация проблемасына бастау берген. Олардың еңбектеріне кейінгі инновация теориясын зерттеушілердің көбі иек артты.
2. 20-ғасырдың 40-60 жылдары көптеген
зерттеу еңбектері ҒТП-тің даму заңдылықтарына,
яғни жаңалықты өндіріске енгізу емес,
тек жасау процесіне бағытталған. Бүл
біріншіден, жалпы қоғам үшін инновацияның,
ҒТР-ның маңыздылғының артуымен байланысты
болса, екіншіден, ғылым мен өндіріс арсындағы
тікелей байланыстың болмауы, оған деген
қажеттіліктің
жоқтығымен байланысты.
З.Бұл кезең 20-ғасырдың 70-90 жылдарды қамтиды. Әлемдік экономикада монополизациялану мен жаьандану үрдістерінің күшеюіне байланысты көптеген ірі-ірі компаниялар, фирмалар бәсеке қабілеттілікке қол жеткізудің көзі ғылыми жетістіктерде екеніне көз жеткізе бастады. Сол себепті зерттеу ұйымдары мен өнеркәсіптік компаниялар арасында байланыстар тұрақтана бастап, корпорациялардың ішкі құрылымдарында қолданбалы өңдеулермен айналысатын зерттеу бөлімдері құрылды. Осы мезетте жеке капитал инновация рыногында белсенді субъекті болып, ғылымды қаржыландыру бірте-бірге арта түседі.
Сонымен қатар, инновация негізі болып табылатын, жаңа салалар мен жаңа кәсіпорындар пайда болады. Ол дегеніміз кәсіпорынның қызмет етуі барысында инновация рөлінің сапалы түрде өзгеруі. Инновация теориясында бұл кезең инновациялық менеджменттің қалыптасуымен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың жаьандануы барысында бірнеше түбегейлі мәселелерге тап болып отыр. Төменде олардың негізгілеріне тоқталып өтелік:
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда есебінен негізгі құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртібі моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр.
Дамыған инновациялық сектордың болуы дәстүр бойынша мықты іргелі ғылымның болуымен байланысты. Олай болса, инновациялық процестерді ынталандыру мәселесінің өзі іргелі зерттеулерді басым түрде қаржыландыруға тәуелді.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері