Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Наразылық деңгейі. Дамыған елдердің халқы өздерінің жоғары өмір сүру деңгейін жай бір солай болуға тиісті сияқты қарауға үйреніп кеткен. Мұндай позиция қоғамды кез-келген икемділіктен айырады. ақыр соңында экономиканың бәсекеге кабілеттілігін төмендетеді. Бұл мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін, жұмыс күшіне шығындар деңгейін басқаруға келмейтіндей етеді.
Сыртқы дүниеге ашықтық. Шетелдік тауарлардың ішкі нарыққа енуіне, шетел азаматтарының кәсіпорындар акцияларынын бақылау пакетін алу мүмкіндігіне кедергі жасау, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын асыра бағалауға бейімдік, әлемдік тәжірибені үйренуді қаламау және тағы басқалар экономикаға келеңсіз әсер етеді.
Жұмыс күшінің жұмылушылық әзірлігі. Өмір сүрудің жоғары деңгейі, әлеуметтік кепілдіктердің дамыған жүйесі жұмыс күшін оқуға, шетелде жұмыс істеуге, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ықыласын жояды. Елдердің бұл орайдағы артта қалушылығына ішкі жұмыс күші нарықтарының сыртқы әсер мен араласудан жабық болуы септеседі.
Бәсекелестік рухы. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік рух бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцариялықтардың тілі, менталитеті ондай сападан толық айырылған. Олар талас пен қақтығыстарды емес, картельдік келісімдерді артық көреді. Корпоративтілік қоғамдық келісімдер деп аталатынның негізі болды, өткендегі табыстарға едәуір дәрежеде соның арқасында қол жетті. Алайда қәзіргі кезде және алдағы уақытта басқаша жағдай қалыптасып отыр.
Бәсеке - ұсыныс сұраныстан артық болатын жағдайдағы қажетті құбылыс, және де ол әдетте өндірушілер арасында емес, тауарлар арасында туындайды. Бәсекенің мынадай түрлері бар: функционалдық, түр-тұрпаттық, заттық, бағалық, жасырын, заңсыз.
Функционалдық - бірдей қажеттілікті түрліше қанағаттандыруға болатындықтан туындауы мүмкін.
Тұр-тұрпаттық - ұқсас тауарларды түрлі кәсіпорындардың немесе бір кәсіпорынның шығаруы, бірақ әртүрлі безендірумен. Кәсіпорыннын өзіндік бет-бейнесінің болуы маңызды.
Заттық - әдетте түрлі кәсіпорындардың ұқсас тауарлары арасында болады.
Бағалық - неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады.
Бәсекеге қабілеттілік - бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек тауардың қасиетін салғастыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер нарықта тұтынушылар тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен салыстыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға да болмас еді.
Сөйтіп, көсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
Бәсекеге қабілеттілік дегенде:
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері (өлшемдері) мен факторлары
Кәсіпорынның бөсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін оның критерийлері (өлшемдері) мен факторларына баға беру қажет. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нарықтың саралануы ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үдерістен бастау керек.
Нарық сараланымы - бұл нарықтың ерекше бөліп керсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарлардың немесе кәсіпорындардың кейбір ортақ белгілері бар тобы. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай-ақ өндіріс технологаясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнертабыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы заманғы кұралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді [8, 4 б.].
Шикізаттық тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейі көбінесе олардың қандай тауарлар сататынына, тауарлар қайда және қалай тұтынылатындығына байланысты.
Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай-ақ фирма ұлттық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер кепілдігін беру, оларды сақтандыру, салықтар мен алымдардан босату, экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы конъюнктуралар туралы және басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге байланысты болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады.
Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайындаушылар негізінен бәсекелестердің проспектілері мен каталоггарын пайдаланады; тапсырыстарды орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі; тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердін тұтыну шығындары деңгейін обьективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы мүмкін болғанша азайтылуы тиіс.
Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден-бір құралы, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, пайданы барынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өрістеген жердің бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау аса маңызды мәнге ие болады.
Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатқызылады:
Бәсекеге қабілетті тауарлар шығара отырып, өндіруші нарықта өзіне бекем орын алады. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте баға белгілеу әдістерімен қатар бағадан тыс әдістері де пайдаланылады.
Талданатын тауарлар коньюнктурасының нарықтық өзгерістерін айқындау негізінде тұтынушылардың сұранымына неғүрлым сай келетін тауарлар тобы іріктеп алынады.
Одан әрі жаңа бәсекелес тауарлардың пайда болу болжамдары зерттеледі. Бұл ретте сатылу мүмкіндігі айқын және бәсекелестер арасында күшті тайталас туғызатын жаңа тауарлар бөліп көрсетіледі. Одан соң тауарлардың параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар қалыптастырылады. Қорытындысында бірнеше қызығушылық туғызатын жаңа тауар шығару мүмкін болмайтын технологиялардың параметрлерінің сәйкестігін бағалау кестесі жасалады.
Ақырғы нәтижесінде нұсқаны тандау аталған өнеркәсіптік фирмасы үшін технология материалдық қамтамасыз ету саласында бар шектеулерді анықтайды. Тауардың бәсекелестік қабілетін арттырудың дұрыс таңдап алынған нұсқасы мәнсіз шығындардан барынша аулақ болуға және тауарлардың алуан түрін талдау бойынша қорытындылар алуға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік фирманың нарықтағы бәсекелестік күрестегі позицияларын бәсендету үшін оның өндірістік қаржы-экономикалық және өткізу жұмысындағы мақсатты өзгерістер бағдарламасын қалыптастыруға жағдай туғызады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің және ғылыми - техникалық прогрестің ықпалымен бәсекелестіктің кеңінен өрістеуі өндірушілерді бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар шығарудың жолдарын және жаңадан өткізу нарықтарын белсенді іздестіруге итермелейді.
Параметрлік қатарлары мен ассортименті жиынтығы неғұрлым кеңірек болса, тұтынушының өзіне оңтайлы сатып алу нұсқасын табу мүмкіндігі солғұрлым жоғары болады. Мысалы, бірдей тұрпаттағы автотиегіштер шығарылады, бірақ олардың бір-бірінен жүк көтеруі, жылдамдығы, бұрылу радиусы жағынан және басқадай айырмашылықтары бар. Әрбір тұтынушыға оның жұмысының нақты жағдайын ескергенде сатып алынатын автотиегіштердің белгілі бір пайдалану параметрлері қажет. Егер сатушы оларды қамтамасыз ете алса - сауда оңғарылады, ал егер қамтамасыз ете алмаса сатып алушы басқа сатушыны іздейтін болады. Көптеген бәсекелестерге қатысты алғанда нарықтағы позицияларды жеңіп алудағы маңызды сәт шығарылатын тауарларды дер кезінде жаңарту, жаңа өнім түрлерін шығаруды әзірлеу мен ұйымдастыру болып табылады.
Жаңа өнім шығарып және ұсынылатын тауарлардың түрін кеңейте отырып, фирмалар нарықтағы болжап білуге болмайтын өзгерістерді ескергенде кез-келген уақытга банкротқа әкеп соғуы мүмкін бір ғана тауарға тәуелділікті азайтуға ұмтылады. Бүгінде біздің еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен фирмалар өндірісті айтарлықтай қайта құрылымдауға кірісіп отыр және бейіндік өнімдерді жаңалаумен бірге халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюда.
Алайда, жаңа тауар жасап шығару - аса күрделі процесс, өйткені конструкторлық-технологиялық шешімдермен және өндірістік базаны жаңартумен қоса, бұл арада түптеп келгенде соңында нарықтық талаптарына толық жауап беретін тауар массасын жасау турасында болып отыр. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың едәуір бөлігі коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: мысалы, шамамен оннан сегізі дайындаушылардың оларға деген үмітін ақтамайды. Мұның негізгі себептері: нақ осы тауарға сұраныстың қандай екендігін жеткілікті білмеу, тауардың техникалық және пайдаланудағы ақаулары, тиімділігі шамалы жарнама, көтеріңкі баға, бәсекелестердің күтпеген қарсы әрекеттері, нарыққа шығатын уақытты дұрыс тандамау, күтпеген өндірістік проблемалар, жалпы алғанда бәсекелестік саясаты дұрыс болжанбауы болып табылады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын таңдауда жаңа тауар шығару жөніңде емес, тауарды түрлендіру женінде өте дер кезінде шешім қабылданатын сәттер жиі болады.
Кәсіпорынның бәсекелестік күрестегі позицияларын және оның жекелеген өнімдерінің бәсекеге кабілеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргізудегі мақсаты - бәсекелестік стратегиясын тандау үшін қажетті ақпараттар жинау мен талдау болып табылады. Соңғыларды тандау проблемалардың мынадай екі тобын зерттеу нәтижесінде анықталады. Біріншіден, осы саланың ұзақ мерзімді болашақтағы тартымдылығын орнықтыру қажет. Екіншіден, кәсіпорынның және оның өнімдерінің осы саладағы басқа кәсіпорындармен салыстырғандағы бәсекелестік позицияларын анықтау қажет.
4-суретте саланың және нақты фирманың осы саладағы бәсекелестік күрестегі тартымдылығын айқындайтын бес бәсекелестік күш бейнеленген, атап айтқанда:
Сурет 4. Бәсекелестік тұжырымдамасы
Осы бәсекелестік күштерді қысқаша қарастырып көрейік.
Жаңа бәсекелестер пайда болу қаупін бағалаған кезде "салаға кіру кедергісі" ұғымын басшылыққа алу қажет, оның биіктігін саланың ішіндегі ұйымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым биік болса соғұрлым жақсы), сондай-ақ жаңа салаға шығуды жүзеге асыруды көздеп отырған ұйымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы) ескеруі қажет. Кедергінің биіктігі мынадай факторлармен аныкталады [8, 98б.]:
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері