Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отанд басек дипл.doc

— 658.00 Кб (Скачать документ)

 

Сурет 3. Тепе - теңдік баға

3-суретте нарықтық тепе-тендік сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан Г нүктесінде болады.Баға тепе-теңдік бағадан төмен болған кезде тауар жетіспеушілігі (тапшылық), ал баға тұтынушылар үшін қолайлы бағадан жоғары болған кезде нарықта тауар молшылығы пайда болды.

Нарықтағы сату-сатып алу механизмін түсіндірудегі мұндай қарапайым тәсіл нарықтық экономикамен бастапқы таныстыру мақсатына ие. Іс жүзінде белгілі бір тауарға үнемі тауарлық тапшылық болады, сол тауарға кезекке тұрады және нарықтық бағасы жоғарылай бастайды. Егер баға монопольды болса, онда кезек болмайды, бірақ сатып алушылар болады. Соңында жасанды түрде құрылған қорлар мен олардың үздіксіз жинақталуы пайда болады. Кәсіпорын - жеткізуші және делдал-сатушының біреуі үшін болса да экономикалық дағдарыс басталады. Осындай тұйық (локалъдық) дағдарыс тұтынушыларды емес, жеткізушілер мен сатушыны күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Төмендетілген баға бойынша қайта сату жариялануы мүмкін. Егер тауарлар таусылса, онда сатып алушы жаңа тауарларды жаңа бағалар бойынша сатып ала бастайды. Тұйық дағдарыс әсіресе,

шағын және орта кәсіпкерлердің күйреуі (олар АҚШ-та 30-40%-ға дейін), егер бизнесмендерде жаңа іс үшін капитал болмаса, тек жұмыссыздықты көбейтеді. Елде жаппай дағдарыс болса (жұмыс жоқ, қайта өндіріс жүргізу үшін ақша жоқ), онда бұл, бірінші кезекте, тұтынушыларға әсер етеді, мұндай дағдарыстың сыр-сымбатын көптеген батыс жазушылары әсерлі сипаттаған [15, 54 б.].

Бұл тетік жоғарыда көрсетіліп өтті: нарықтық баға нарықтағы тауарлардың сұранысы мен ұсынысына тәуелді болады. Тауардың ұсынысы қаншалықты көп болса, басқа жағдайлар бірдей болғанда, нарықтық баға соншалықты төмен болады.

Нарықтық баға тауардың көлемі бойынша сұраныс ұсыныспен сәйкес келгенде, тауарлық тепе-теңділік кезінде нарықта құрылатын өндіруші мен түтынушы үшін бірдей тиімді тепе-теңділік бағасынан ерекшеленеді. Нарықта сұраныс пен тепе-теңділік бағаның болуы тауар көлемінің артуына, тауар өндірушілер арасында бәсекенің пайда болуына алып келеді. Кімде өндіріс шығындары ең төмен және тауар сапасы өте жоғары болса, сол жеңеді. Бірақ нарықта төмен баға бойынша жоғары сапалы өнім болмайды, егер ол демпингтік болмаса. Сонда нарықта бәсекелік күресте жоғары емес сападағы төмен бағадағы тауарлар және тепе-тең немесе жоғары бағадағы жоғары сапалы тауарлар жеңіске жете алады. Сонымен, тауарлардың басқа тобы өзінің сатып алушысын олардың табысына және белгілі бір тауарды сатып алуға себепші болатын себептерге байланысты табады.

Кез келген тауар топтарыңда сатып алушы үшін бәсекелік күрес туындайды. Бұл, өз кезегінде, тауарлардың өзіне жеткілікті пайдалылығы бар, сапасы да, нарықтық бағасы да сәйкес келген бәсекеге қабілетті өнімдер ықпалымен топтардағы бағаның тепе-теңділігіне алып келеді.

Өндірістің төмен шығындарында монопольдік бағалар пайда болады. Белгілі бір тауар нарығында монополист-фирмалар жоғары монопольдік пайда ала отырып, сонымен қатар нарықта тауарлардың санын шектеу арқылы бағаларды жоғарылатады.

Мұндай жағдайда көптеген елдерде монополияға қарсы бағалар жасалынған және іске асырылуда, бұл нарықта мемлекет тарапынан реттелмейтін нәрсе болмайды дегенді білдіреді. Осыдан жоғары кірістері жоқ тауарларды сатып алушыларға қатысты шектен шығушылықты шектейтін монополияға қарсы заң пайда болады.

Осымен байланысты нарықтағы тауарлардын "сату-сатып алудың" барлық қатысушылары үшін өзара тиімді тепе-теңділік бағаны құрудың негізі бәсеке болып табылады, оның олигаполия сияқты нысаны бар, мұнда нарытқта өздерінің сату үлесі бар бірнеше бәсекелес тауар өндірушілер жұмыс істейді.        Сонымен бірге, нарықтағы жеке қатысушы тауарының бағасындағы және өндіру көлеміндегі өзгеріс оның, бақталасының пайдасына әсер етуі мүмкін. Бұл, егер олигополия қатысушыларының, бірі тауардың сапасын төмендетпей, оның өндіріс шығындарын едәуір төмендетсе, сондай-ақ өзінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтерген жағдайда мүмкін болады. Бұл оған нарықта өзінің тауарларының орның кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олигополияның басқа да қатысушылары нарықта өз орнын жоғалтпас үшін өндірістерін жетілдіруге тырысады.

Мұның барлығы, бәсекелік күрестің өзінің кәсіпорнын табысты дамыту үшін елеулі пайдамен қамтамасыз ете алатын, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін өндіріс саласында басталатынын білдіреді.

 

 

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін  қамтамасыз етудің  шарттары

 

 

Сапа және кәсіпорыннын бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез-келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіптік саясаты, атап айтқанда, талдап жасалынатын бағдарламалар мен заңнамалық актілер, мемлекеттік қолдау шаралары басты және басым мақсаттарға - қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағындырылуы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік - елдің, кез-келген өндірушінің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның дамыған бәсекелік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады. Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзіңде туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта өткізуге жататын өнімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтык механизмдердің дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу нарыққа катысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін белсенді түрде іздес-тіруді талап етті. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын нығайту үшін кез-келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикапық және өндірістік өткізу стратегиясыньщ басты бағытына айналады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін, біздіңше, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік беру қажет.

Бәсекеге қабілеттілік - бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағатандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.

Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтық стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.

Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік кызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды [6].

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:

  • кәсіпорын тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі; 
  • өндірілетін тауарлардың түрі; 
  • нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
  • нарыққа кірудің жеңілдігі;
  • нарықтың біртектілігі;
  • осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позициялары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
  • өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі,

Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді тұжырымдайық:

  1. Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.
  2. Кәсіпорынның клиентке жақындығы.
  3. Кәсіпорыңда дербестік жәңе шығармашылық ахуал қалыптастыру.
  4. Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі.
  5. Кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
  6. Өз позициясында бекем тұра білу.
  7. Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер саны деңгейінің минимумы.
  8. Бір сәтте жұмсақ әрі қатаң бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын беру.

Нарық қатынастарының әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу және аталған принциптерді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.

Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен өнім өндіруші кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өзара бөлік пен бүтін секілді ара қатыста болады. Компанияның белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және кәсіпорын қызметінін бәсекелестік күрес нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінін жиынтығына тікелей байланысты.

Кәсіпорындардың нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінін бәсекелестгіне айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнін бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толығырақ ашып көрсету үшін, біздіңше өнім (тауар) туралы мүмкіндігінше толық түсінік беру қажет.

Тауар - нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және тұтынушылық құны (немесе құндылығы) бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен сенімділігі, тұтынушъшар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие. Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады. Тауар - экономикалық қуат пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтык механизмдер жағдайында тауарлардың бәсекелесуі үдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардың бәсекелес тауардан нақты қоғамдык тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша да айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір бәсеке қабілеттілігіне ие болу керек.

Әдебиетте тауардың бәсекеге кабілеттілігі дегенге былайша анықтама беріледі. Бұл оның нарықтағы басқа ұқсас тауарлармен тайталасқа (бәсекелестікке) төтеп беруіне мүмкіндік беретін экономикалық, техникалық пайдалану параметрлері деңгейі. Бұған қоса бәсекелестік тауардың салыстырмалы сипаты ол нарықтың айқындалған талаптарына немесе басқа тауардың касиеттеріне қатысты бүкіл өндірістік, коммерциялык, ұйымдастырушылық және экономикалық көрсеткіштердің жиынтық бағасын камтиды. Ол осы бәсекелес тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы, жеткізу шарттары мен өндірістік және (немесе) тұтыну процесінде пайдалануға кеткен шығындарды ескергендегі қоғамдық кажетілікке сай келу дәрежесі бойынша анықталады.

Бәсекеге қабілеттіліктің «жұмсақ» кұрамдас бөліктерін қарастырайық. Кәсіпорындардың нарықтық бәсекесі мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі бір-біріне өзара ықпал етеді. Интервенциялық саясаттың өзі-ақ кәсіпорынға үлкен зиян тигізуі мүмкін және сонымен бірге Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана саясаттың ісі бола алмайды, оған кәсіпорындардың өзі де өз үлесін қосуы тиіс. Бәсекеге қабілеттіліктің осынау басты аспектілерінің негізінде бәсекелестік күрестің «жұмсақ» құрамдас бөліктері деп атауға болатындай нәрсе жатыр, олар ақшамен бағаланбайды және жалпы алғанда сандық тұрғыдан да анықтау қиын [7, 34 б.].

 Өнеркәсібі дамыған  елдерде бұл құрамдас бөліктер  дамушы елдерге қарағанда, әділетті, үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге «жұмсақ» құрамдас бөліктер саяси айла-амалдарға көнбейді, ал оларды өзгерту, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру немесе инфрақұрылымды құру сияқты қиын жүзеге асырылатын шараларға қарағанда ұзағырақ уақытты талап етеді. Талдап жасалынған зерттеу әдістерінің жоқтығына қарамастан бәсекелестік күрес факторларының бұл тобын ескермеуге болмайды. Олардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік көп жағдайда ықылас пен еңбек ете білуге байланысты. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзінше құнды нәрсе деген сезім жетіспейді. Егер әңгіме бәсекеге қабілеттілікті салыстыру түрғысында болса, онда бір ғана еңбек өнімділігінің болуы жеткіліксіз.

Өзін-өзі жетілдірудегі икемділік пен әзірлік. Сөз жоқ, дәстүрлерге, шешімдердің тексерілген нұсқаларына бейімділіктің және тағы басқалардың өз артықшылықтары бар. Алайда мүлдем басқаша менталитетке ие, клиенттің кез-келген қалауы мен жаңа тенденцияларға жедел назар аударуға әзір бәсекелестермен күресте бұл басымдықтар ештеңеге жарамай қалады.

Қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге әзірлік. Мұны қаламау, әсіресе егер ол экономиканың маңызды салаларының бірі болған жағдайда, қоғамның дамуы үшін өкінішті болуы мүмкін. Жұртшылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, адамның абырой-беделін пәсейту дегенді білдірмейтіндігін түсіну керек. Бұл клиент басты қалыптасушы тұлға болуды қалайтын және болуға тиісті бәсекеге қабілетті экономика үшін қажет қалыпты жұмыс.

Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері