Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Мемлекет бұл сатыдағы факторларды құру мен көтеруді инвестициялау бағытында басты рөл ойнайды, алайда фирманың осы саладағы белсенділігі де арта түсуі қажет.
Жаңартпа енгізу негізінде бәсекені дамыту.
Аталған сатыда факторлық
шығын есебінен ұлттық экономиканың
бәсеке артықшылығын қамтамасыз
ету сирек жағдай бола түсуде. Енді
факторлардың болуы емес, керісінше, олардың
жетіспеуі жаңа техноло-
гияларды енгізуді ынталандыра отырып,
бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне
алып келеді. Университеттер, ғылыми мекемелер
мен инфрақұрылымдық
ұйымдар санының өсуі мен құрылымдарының
күрделенуі жүруде. Нақты
салалардың қажеттілігіне бағдарлану
дәрежесі өсе түскен өндіріс факторларында
жаңа механизмдердің қалыптасуы мен соңғы
үлгідегі жарақтандырулар пайда болуда.
Аталған сатыда фирмалар ғаламдық стратегиялар жасауда, халықаралық жеткізулер мен қызмет көрсетудің өзіндік жүйесін жасауда. Өндірісті шетелге шығаруға мүмкіндіктер туындайды.
Дамыған елдер арасында Ұлыбритания жаңартпа енгізу сатысына 19 ғасырдың бірінші жартысыңда жетті, АҚШ, Германия және Швеция - 19-20 жүзжылдықтың бірнеше онжылдық аралығында жетті, Италия мен Жапония бұл сатыға тек XX жүзжылдықтың 70-ші жылдары жетті.
Байлық негізіндегі бәсеке.
Байлық негізіндегі бәсекелестік сатысының алғашқы үшеуінен айыр-машылығы соңғы есепте өндірістің құлдырауына алып келеді. Экономиканың күшпен жылжуы ол молшылыққа жеткен болып табылады. Байлықтың арасында жылжып отырған экономиканың басты проблемасы кезінде құрылып, жаулап алынған ұстанымдар мен артықшылықтардың қабілеттіліктерін жоғалта бастауында болып тұр.
Осы сатыда фирмалар халықаралық бәсекеде өздерінің позициясын жоғалта бастайды. Бұл басты бейнеде өздерінің бұрынғы ұстанымын күшейтуге емес, сақтап қалуға көбірек көңіл бөлу нәтижесінде компанияның инвестициялауға деген қызығушылығы төмендеуінен болады.
Экономика аясы бәсеке артықшылықтарын жоғалту есебінен алғашында базисті салалар мен соңғы өнім өндірісінде, сосын буып-түйю бұйымдарын шығару саласында және соңында машина жасауда тарылады.
Сол уақыттағы салалардың үлкен сатысына қатысты жаңартпа енгізу сатысы бәсеке қабілеттілігіне жағдай жасау кезінде, байлық сатысы, керісінше, өзінің бәсеке артықшылықтарын жоғарғы деңгейде ұстап тұра алатын салалар аясы тарыла түседі [15, 3б.].
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдау
Президенттің қаңтардағы Жолдауында қойылған Қазақстанның бәсекеге кабілеттілігін көтеру мен әлем мемлекеттерінің арасында бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру тапсырмасы бірқатар ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік мәселелердің шешілуін талап етеді. Біздің ойымызша, аталған тапсырма қалыптасқан шаруашылық тәжірибеден бастап тұрғындардың менталитетінің ерекшеліктеріне кейінгі отандық әлеуметтік-экономикалық базистің жиынтық ерекшеліктерін ескеретін Қазақстанның ұлттық даму моделінің түпнұсқасын жасап шығаруды талап етеді. Осылайша, Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірудегі бағыты мен жолы ұлттық даму моделінің ерекшеліктерін паралельді құрастыру қажеттілігін ескере отырып, жасалуы керек.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесі бойынша бәсекеге қабілеттіліктегі Қазақстанның алатын орнын талдау мәселетіне келетін болсақ,ол келесі реттегі фундаментальді шаралардан тұрады. Әлемдік аренада Қазақстан лидерлік орынға қолжеткізу үшін Үкімет тарапына және Елбасының халыққа арналған барлық жолдауларында бұл мәселелерге үнемі терең көңіл бөлініп келеді.
Бәсекеқабілеттіліктің жаһандық рейтингінде, мәселен, ТМД елдері келесі орындарға ие (Кесте 3).
Кесте 3
ТМД елдерінің бәсекеқабілеттілігінің жаһандық рейтингісі
2008-2009 |
2009-2010 |
2010-2011 |
2011-2012 | |
Әзірбайжан |
69 |
51 |
57 |
55 |
Ресей |
51 |
63 |
63 |
66 |
Қазақстан |
66 |
67 |
72 |
72 |
Украина |
72 |
85 |
89 |
82 |
Армения |
97 |
97 |
99 |
92 |
Тәжікстан |
116 |
122 |
116 |
105 |
Қырғызстан |
122 |
123 |
121 |
126 |
*Ескерту: О.Сәбден. Инновационное развитие
и конкурентоспособность |
Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағаламасына сәйкес Қазақстан жыл сайын өзінің бәсекелік артықшылықтарын жоғалтуда. Қазір Қазақстан 2010-2011 жыл бойынша бәсекеқабілеттіліктің жаһандық рейтингісінде 72 орын иеленген. БӘФ экономика дамуының үш кезеңін бөліп шығаруы баршаға мәлім. Олар – өндіріс факторларының кезеңі, тиімділік кезеңі, инновациялар кезеңі. Соған қарамастан, назарға көбінесе екі критерий – жан басына шаққандағы ЖІӨ және ел экспортындағы минералды ресурстар үлесі алынуда.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесіндегі аталған кемшіліктерге байланысты бірқатар сұрақтар туындайды - БӨИ есептік әдісіне сүйену қаншалықты қажет? Осы индекс бойынша жоғары көтеру Қазақстанды бәсекеге қабілетті етеді ме? Ұялы телефондар немесе компьютерлер санының өсуі елдегі технологияландырылудың өсуін білдіреді ме? Сірә, бәсекеге қабілетілікті көтеру БЭФ әдістемесіне кіретін бірнеше индикаторлармен "құрастыру" талпынысы шектелмеуі қажет. Керісінше, бәсекеге қабілеттілікті көтеру тапсырмасы тек экономикалық емес, сонымен қатар тұрақты даму концепциясына сәйкес барлық аспектілерді қоса әлеуметтік пен экологияны да ескере отырып кешенді түрде шешілуі керек. Аталған мәселеге кешенді қарайтын болсақ, онда қазіргі кездегі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай артық оптимизмге себеп болмайтындығын мойындауымызға тура келеді.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі немен өлшенеді? Ең басты өлшеуіш жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын ел бай, ондағы адам сапасы жоғары санала береді. Бұл жөнінде біздің көрсеткішіміз жаман емес, 2007 жылдың қорытындысымен шамамен 7900 доллар көлемінде. Бұл көрсеткіш бойынша Чили, Мексика, Малайзия секілді елдермен бір қатардамыз. Бұл Чехия, Венгрия секілді бұрынғы социалистік елдердің көрсеткіштерінен төмен, оларда ішкі жалпы өнім 10 мың доллардан астам. Барлық елдердің ішінде лидерлері Люксембург (63500 доллар), Норвегия (55000 доллар), Швейцария (50000 доллар). Ал енді экономикалық өрлеудің жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнен басқа субиндекстері жайында айтсақ, бізде әлі мақтанарлықтай көрсеткіштер жоқтың қасы. Мәселен, біз бизнесіміздің бәсекеге қабілеттілігі бойынша 72-ші орындамыз, ал сыбайлас жемқорлыққа байланысты көрсеткішіміз 104 елдің ішінде 91-ші орында екен. Бизнес жүргізу еркіндігі бойынша, біздер 155 елдің ішінде 86-шы орындамыз. Жаңа бизнес ашу үшін бізде 24 күн қажет екен, ал Австралияда бұл іске екі-ақ күн жеткілікті. Бізде құжаттардан кемшілік тауып 80 пайыз жаңа өтініштер аяқсыз қалдырылады, Ұлыбритания елінде ол көрсеткіш сегіз-ақ пайыз екен. Бізде сыртқы сауда ісінде де қиыншылықтар мол, бұл көрсеткіш бойынша еліміз 142-ші орында. Біздің елде экспортқа тауар шығару үшін 93 күн керек екен, ал Данияда бұған бір аптаға да жетпейтін уақыт кетеді. Бізде қойма салу үшін лицензия алуға 32 процедура талап етіледі, ал Данияда бір аптаға жетпейтін уақытта жасауға болатын бар болғаны 3 процедура жетерлік екен. State World Liberti деп аталатын халықаралық ұйымның мәліметтеріне қарағанда елдердің еркіндігі деген көрсеткіште біз 132-ші орындамыз. Бұл көрсеткішті есептеуде экономика мен салық жүйесінің еркіндігіне қоса тұрғындардың жеке еркіндігі де есептеледі. Бұл рейтингте Эстония бірінші орында, Литва - 16, Латвия - 21, Украина - 87, Россия - 124, Тәжікстан ? 141-ші орынды иеленіпті. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғары экономикалық өрлеуден басқасын айта бастасақ, алдымен ел тұрғындарының жоғары сапалық деңгейі мен өмір сапасын айтамыз. Біріншіден, ол білім деңгейі. Ұлттар тек тауарлар мен қызметтермен ғана бәсекеге түспейді, олар қоғамдық құндылықтар мен білім жүйелері арқылы да бәсекеге түседі. Екінші - адам капиталының дамуы. Қазіргі заманғы экономикада негізгі назар материалдық құндылықтарға - тауарлар мен қызметке ғана емес, «интеллектуалдық потенциалға» көбірек аударылады. Ұлттың қабілеттілігі қазіргі заманғы білімді өзіне сіңіре білуіне, оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалдық потенциалын көтеруге тәуелді болады, ол бәсекеге қабілеттілік үшін аса маңызды. Үшіншіден, ол - инновациялық даму. «Технологиялар индексі» деп аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі инновациялық даму деңгейінің бағасы, технология трансферті, ақпараттық және коммуникациялық технологияның дамуы, ғылыми ізденістер мен өнертапқыштыққа жұмсалар инвестиция көлемі, осы салалардағы бизнес пен университеттердің ынтымақтастығы арқылы есептеледі. Дамыған елдерде инновациялық технологияның үлесіне ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздайы келетін болса, бізде бұл көрсеткіш әлі 0,8 пайыз ғана. Үкімет сарапшылары бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 1,7 пайызды құрайды деп болжайды. Бұл өте төмен көрсеткіш. Өндіріске жаңа идеяларды енгізетін ғылыми-зерттеу мен конструкторлық істерге бірінші кезекте қолдау жасау керек. Бізде қазір ғылымды дамытуға ішкі жалпы өнімнің 0,23 пайызы жұмсалуда, озық шет елдерде бұл көрсеткіш 4 пайыздан кем емес, демек бізден 17 еседен астам көп.
Төртіншіден, істі орындау сапасы. Идеялар мен технологияларды аса әбжілдікпен нақты өнімдер мен қызмет түрлеріне трансформациялап, сол арқылы ғаламдық экономикада табысқа жетіп жатқан елдер бар, бұған Жапония, Сингапур, Германия, Швейцария мысал. Ең соңғысы, саяси күш-жігер мен ұлттық келісім. Бәсекеге қабілетті ел болып жетілуге ұмтылған қайсыбір елдің болмасын саяси басшылығы үшін саяси күш жігерді декларация ретінде ғана емес, іс жүзінде жүргізілетін өзгерістерді атқаруға адамдар мен институттарды жұмылдыра білу маңызды. Қазір жақсы макроэкономикалық көрсеткіштермен қамтитын мұнай мен металға баға жоғары, бірақта, 90-жылдардың соңында болғанындай олардың бағасы төмеңдеп кетуі ықтимал, сондай жағдайда макроэкономикалық ортадағы индикаторды "кұлдыратуы" қиын емес және де ол рейтингте Қазақстанды төменгі орындарға түсіріп жібереді. Сонымен қатар, мұнай бағасының жоғарылығы экономикаға жағымсыз салдарын тудырады. Мұнайдың қамқорлығы қазақстандық нұсқадағы "голландық аурудың" тұрақты гүлденуін байқатуда, оның әсерінен үкіметтен бастап жекелеген кәсіпкерлерге дейін өз-өзін сабырлылыққа шақыру эффектісі туындауда.
Әлемдегі мұнайға жоғары баға барреліне 30 доллар деңгейінен асқан 2000 жылдан бері бірнеше жыл сақталып келеді, бірақта осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасының құрылымын айтарлықтай модернизациялауға іс жүзінде ештеңе жасалған жоқ. Инвестицияның басым бөлігі бұрынғысынша шикізат саласына бағытталуда (соңғы бір-екі жылда құрылыс пен жылжымайтын мүлік операцияларына да инвестиция көлемінің қомақты өскендігі рас), және де сол уақытта өндеуші салалардың ЖІӨ қалыптастырудағы салымының жаңартусыз қалғандығы көрініп тұр. Егерде 1999 жылы жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінде тау-кен өнеркәсібіндегі 36,1%-ға қарсы өндеу өнеркәсібінің үлесі 50,6% кұраса, ал 2007 жылы бұл көрсеткіштер 35,5 және 58,4% сәйкесінше құрады.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында машина жасаудың үлесі соңғы бірнеше жыл бойы 3 пайыз төңірегінде болып келеді. Яғни, Қазақстан өнеркәсібінің ең технологиялық саласы ЖІӨ-нің небәрі 1 пайызға жуығын береді. Бұл Қазақстан экономикасында нақты құрылымдық ілгерілеу болып отырған жоқ дегенді білдіреді.
Осылай бола тұра, елімізде бірнеше жылдан бері қаржы жүйесінің "артық өтімділігі" деп аталатын орын алып отыр. Бұған қоса, түрлі мемлекеттік активтер - Ұлттық қордың активтері, Ұлттық банктің резевтері, мемлекеттік даму институттарының активтері өсе түсуде. Соңғыларының капиталдандырылуын арттыруға мемлекеттік қаржыландырудың едәуір сомасы тұрақты бөлініп отырады, соның нәтижесінде даму институттары ресурстарының жиынтық көлемі қазірдің өзінде бірнеше миллиардқа жетті. 2006 жылдың басында Ұлттық банктің алтынвалюта активтері -7,1 млрд. долларды, ал Ұлттық қордың активтері 8,1 млрд. долларды құрады. Банк жүйесінің жиынтық активтері — 30 млрд. доллардан, ал зейнетақы қорларының активтері 6 млрд. доллардан асты. Басқаша айтқанда, түрлі қаржы кұрылымдарының - корпоративтік те, мемлекеттік те - қаржы ресурстарын әлден-ақ еліміздің ЖІӨ көлемімен салыстыруға болады. Алайда бүкіл осы қаржы ағыны перспективалы және жоғары технологиялық салалар мен өндірісті сырт айналып, қаржы саласында, жылжымайтын мүлікпен операцияларда, құрылыста (ол тұрғын үй саласындағы серпілік жағдайында жыл ішінде 40 пайызға дерлік өсті), және де, әлбетте, өндіруші өнеркәсіпте шоғырлануын жалғастыруда.
Бұл жағдай қызметінің негізгі мақсаты пайданы барынша көбейту болып табылатын корпоративтік қаржы секторына қатысты алғанда түсінікті. Әрине, банктер барынша көп пайда алуға болатын бағыттарды, мысалы, тұрғын үй құрылысын немесе тұтыну секторын, несиелеуді тәуір көреді. Сондай-ақ әлбетте, зейнетақы қорларының қаржысы да жоғары технологиялық салаларға соқпай өтеді, өйткені бұл салалар қор нарығында ұсынылмаған, ал ЖЗҚ-лар осы нарықта айналыста бар қаржы құралдарының шектеулі түрлеріне ғана каржы сала алады. Қор нарығының дамуы жөнінде айтсақ, ол он бес жыл бойы дерлік бір орнынан жылжымай – ақ қойды.Мұндай жағдайда мемлекеттің міндеті артық өнімділіктің басыңқы салаларға ауысуын ынталандыратын жағдайлар жасау болуы тиіс. Бірақ мемлекеттің мұндай салаларды тікелей қаржыландыратын тұтқалары да бар, олар ең алдымен даму институттары мен Ұлттық қордың қаржысы. Алайда бұл қаржылар да экономиканы жаңғыртуға пайдаланылып отырған жоқ. Аталған институттардың көпшілігінің жұмыс істеу тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, олардың капиталдандырылуын арттыруға бағытталған мемлекет қаржысы жаңғырту басымдықтарын қаржыландыруға пайдаланылмай, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге шөгіп қалады. Мынадай сұрақ туады: мемлекеттік бюджет қаржысы тікелей мақсат бойынша жұмыс істей, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың орнына, іс жүзінде жекеше банктердің қосымша пайдасын қалыптастыруға (даму институттары арқылы) кетіп жатқаны қалай? Тағы бір үлкен сауал Ұлттық қордың қаржысын пайдаланудың тиімділігі жөнінде. Үкіметтің тұжырымдамасы бұл қаржы ешқандай жағдайда Қазақстанның ішінде инвестицияланбай, шетелдік активтерде сақталсын дегенге саяды. Мүмкін, осындай инвестициялық қызмет еліміз үшін аса кірісті және біздің өндіріске салғаннан гөрі жақсырақ шығар? Жауап - керісінше. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің есебіне қарағанда, Ұлттық қордың активтерін басқарудағы табыстылық 2009 жылдың қорытындысы бойынша жылдық 3,29 пайызды құраған, ал қор құрылғаннан бергі орташа жылдық табыстылық 4,75 пайыз деңгейінде қалыптасқан [16, 34 б.].
Онсыз да көңіл көншітпейтін бұл шама, егер әңгіме АҚШ долларымен алғандағы табыстылық туралы болып отырғанын ескерсек, одан сайын таңғалдырады. Ағымдағы жылда теңгенің едәуір нығайғанын, ол 13 пайыздан асты, ескергенде жыл қорытындысы бойынша Ұлтгьгқ қордың табыстылығы теңгемен көрсетілуінде күрт теріс болады деп күтуге болады.
Басқа бір проблема Қазақстан экономикасының осы заманғы бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы - экспортталатын шикізатты тиімді пайдаланбау болып табылады. Әңгіме экспорттаушылар қолданатын экспорттық жеткізілімдерді "оңтайландыру" схемалары туралы болып отыр. Көптеген жылдар бойына оффшорлық аймақтарға экспорт қолданылып келеді, бұл жөнінде экономист-ғалымдар да, түрлі сарапшылар да, тіпті шенеуніктер де айтып жүр, бірақ өзгеріп жатқан ештеңе жоқ. Бұрынғысынша, Виргин аралдары қазақстандық шикізатты негізгі импорттаушылардың бірі болып қалуда, ал мұнайдың қазақстандық экспорттық бағасы мен әлемдік бағасы арасындағы айырмашылық 30 пайыз шамасында, бұл жыл сайын экспорттық бағаны кемітуден миллиардтаған доллармен есептелетін шығынға әкеліп соғады. Өз кезегінде толық алынбаған табыс Қазақстан бюджетіне кем төленген салық дегенді де білдіреді, ол ұлттық экономиканы түбегейлі жаңғыртуға қаржының жетіспеушілігіне алып келеді.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері