Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 15:39, дипломная работа
Зерттеліп отырған жұмыстың басты мақсаты - Қазақстанның БСҰ – на кіру барысында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін жан – жақты талдау екендігін ескере отырып, мынандай міндеттер қойылып отыр:
- бәсекенің экономикалық категория ретіндегі методологиялық және теориялық негіздерін қарастырып, оның мәнін ашу;
- отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, фирманың бәсекеге қабілеттілігінің критерилері мен факторларын жүйелеу;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекені қалыптастыру мен оны дамыту процесін талдау;
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында монополияға қарсы саясаттың даму жолдарын зерттеу;
- Қазақстанның Респуликасының әлемдік нарық жүйесіне кірудегі отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ………………………………………………………………............ 4
1 БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ….................................................................………………….......
1.1 Нарықтық экономикадағы бәсекенің рөлі мен маңызы .........……........
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
шарттары ………………………………………..............................................
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі критерийлері ……....
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫ ТАЛДАУ ……………………………………...............
2.1 Бәсекеге қабілеттілік факторының макроэкономикалық көрсеткіштері мен даму сатылары..................................................................
2.2 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талдау…..................................................……………………………………..
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық және инфрақұрылымдық факторларын талдау ………………....................................................................................................
2.4 Әлемдік тәжірибедегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру және оны жүзеге асыру механизмдерінің аймақтық саясаты........................................
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ БСҰ – ҒА КІРУ ҚАРСАҢЫНДА ОТАНДЫҚ
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ .......................................................................………...
ҚОРЫТЫНДЫ.....……………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі ..........………………………
82
ҚОСЫМША А - Бәсекеге қабілеттіліктің аймақтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары.........................................................................
ҚОСЫМША Б - Инновациялық фактор негізіндегі аймақтың бәсекеқабілеттілігін арттыру механизмінің құрылымы..............................
Елдің бәсекеге қабілеттілгі немен анықталады? М Портердің пікірінше "Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмір сүру деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты. Адам ресурстарын пайдаланудағы өнімділік олардың жалақысымен анықталады, ал капиталды пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс" [14, 43б.].
Портердің көзқарасынша,
егер ел бәсекеге кабілеттіліктің артықшы-
лықтарына ие болса, онда
фирма бәсеке қабілеттілігінің артықшылықта-
рын барлық түрде алады, яғни экономиканың
бәсекеге қабілеттілігі фир-
малар мен салалардың халықаралық
тұжырымдамасындағы сұрақтың
анықтаушысы болады.
Портердің теориясына сәйкес экономиканың бәсекеге қабілеттілігі алты детерминантпен анықталады: (1 кесте)
d1 - факторлық жағдайлар, яғни, аймақта қажетті (еңбек, интеллектуалды, өндірістік, қаржылық) өндіріс факторларының бар болуы;
d2 - сұраныс жағдайы - бұл аймақтағы бағаланып отырған өнімге белсенді сұраныс, яғни, бәсекеге қабілетті өнім әрқашанда ішкі нарықтағы сұраныстан басталады;
d3 - ұқсас салалардың ықпалы - өндірістің жандауына қажетті бәсекеге қабілетті, қолдаушы салалардың аймақта болуы;
d4-фирмалардың стратегиясы мен бақталасуы: белсенді бәсекелестік күрес өндірісті оптимизациялау стратегиясын дұрыс тандауға көмектеседі;
d5 - үкіметтің ықпалы - өндіріс процесіне көмектесетін немесе кедергі келтіретін институционалды жағдай;
d6 - жағдай әсері - жаңарпаларды
күшейту үшін қолдану аумағын а
Сонымен, бәсекеге қабілетті экономика бірқатар айрықша сипаттамаларды иеленеді (шамамен 100). Оның шамамен 1/3 жалпы, яғни оларсыз бәсекеге қабілетті экономика құрылмас еді, немесе жалпы кестеде көрсетілген сипаттамалардың 29-ы жүйелі-функционалды жүктемелер мен бәсекеге қабілеттіліктің детерминанттары бойьшша топтастырылған.
Жалпы айрықша сипаттамалар АҚШ экономикасыңда - 64, Германияда - 52, Жапонияда - 54.
Кесте 1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің алты детерминанты
Бәсекеге қабілеттілік детерминанттарының атауы |
Бәсекеге қабілеттілік сипаттмасы | |
Жүйелі-функционалды жүктемеі |
Атауы | |
d1 – факторлық жағдайлар |
d1 анықтайтын бастапқы сипаттамалар |
А11- факторлық қызметті жаңалауға көлемді инвестициялар, А12- интенсивті ғылыми зерттеулер, А13 - білімге көлемді инвестициялар, А 14 - білікті жұмысшылар, А15- жұмысшылардың жоғарғы жалақысы |
Жүйеқұраушы қасиеті |
С13 – транспорт инфрақұрылымы- ның дамуы, С14 – коммуникациялар инфрақұрылымының дамуы | |
Интегративті қасиеті |
d1- факторлық жағдайлар жасаудың механизмі | |
Динамикалық бағытталуы |
Е11-өндірісті автоматтандыру құлшынысы | |
d2 - сұраныс жағдайлары |
d2 анықтайтын бастапқы сипаттамалар |
А22- ыңғайлылық пен қанағаттандыруды қамтуға бағытталған үміт тауарлары, А23 – сұраныс басқа кәсіпорындар мен салалардың инвестициясына әсері |
Интегративті қасиеті |
D23 – сұраныстың басқа аймақтарға интеграциялануы | |
Динамикалық бағытталуы |
E21– сұраныстың артуы | |
Шектеуші жағдай |
G21 – ішкі нарықтың үлкен көлемі | |
1- кестенің жалғасы | ||
d3 – ұқсас салалардың ықпалы |
d3 анықтайтын бастапқы сипаттамалар |
А32 – машина жасау |
d3 анықтайтын жүйеқұраушы қасиеті |
С31 – инновацияға қолайлы жағдай, С32 – көшбасшы көптеген басқа салалармен байланысты | |
Интегративті қасиеті |
D31- салаларды кластерлеу бүкіл экономиканы қамтиды | |
d4 – фирмалардың стратегиясы мен ықпалдасуы |
d4 – анықтайтын бастапқы сипаттамалар |
А41 – жалпылама өндірістің өнімін стандарттау, А44- өндіріс жұмысшыларының жоғары уәждемесі,А45- “өндірістік – экономикалық ой туындысын” көпшіліктің мойындағандығы( сол экономикада) |
Интегративті қасиеті |
D41– экономиканың бәсекеге негізделуі | |
d5 – үкіметтің ықпалы |
d5 – анықтайтын бастапқы сипаттама |
А52 – білімге инвестициялар, А53 – ғылымға инвестициялар, А55 – бәсекені қорғау |
Интегративті қасиеті |
d52 – жаңартпаны дамытуды қолдау | |
d6 –жағдай әсері |
d6 шығу мінездемесі |
А61 – жанжалды ахуал(соғыс) |
d6 анықтайтын жүйеқұраушы қасиеті |
С61 – жанжалды(соғыс) уақытының тиімді технологияны іздеуге әсері | |
Интегративті қасиеті |
D61– ғылыми зерттеудің, технологияның деңгейін көтеру | |
*Е с к е р т у: Сәбден О. Бәсекелестік экономика, Оқу құралы, Экономика институты, 2007 |
Елдің бәсекелік артықшылығына арналған ромбылық ереже компанияларға, мемлекеттерге келесі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі:
Жауап жекелей және топтасқан түрде елдің бәсекелік артықшылығының негізін құрайтын және мемлекет өзінің салалары үшін жасайтын және қолдайтын кеңістігі - төрт ажырағысыз қасиетінде (атрибут) жатқандығын аңғару қиын емес. Бұл ажырағысыз қасиеттерді шартты түрде ромб түрінде көрсетуге болады (Сурет 7).
Сурет 7 . Елдердің бәсекелік артықшылықтар детерминанттары
Бұл факторлар компаниялардың пайда болатын және бәсекелесуді үйренетін ұлттық ортаның пайда болуын анықтайды. Ромб суретінде көрсетілген әрбір шың және ол тұтастай - халықаралық масштабтағы бәсекеде жетістікке жетуде маңызды болатындығын көрсетеді: ресурстар мен білікті жұмыс күшіне қол жетімділік саладағы бәсекелік артықшылығын қамтамасьіз етуде қажетті; компанияға сезілетіндей қолайлы мүмкіндіктерді қалыптастыратын ақпараттар және олар өздерінің ресурстары мен қызметкерлерінің біліктілігін қолданатын бағыттар; компания иегерлері, менеджерлер және жекелей қызметкерлердің мақсаттары және өте маңыздысы, компанияны салымдар жасау мен жаңартпаларды енгізуге мәжбүрлейтін қысымның болуы.
Егер елдің ішінде қалыптасқан жағдай жақсы ақпараттар ағымымен және белгілі бір өнім мен өндіріс процесіне қажеттіліктерін түсінуді қамтамасыз етсе, компаниялар бәсеке артықшылығын алады. Соңында, егер елдің ішіндегі қалыптасқан жағдай компанияларды ұдайы жаңартпалар енгізу мен инвестициялауға мәжбүрлесе, онда компаниялар тек бәсеке артықшылығын ғана алып қоймайды, сонымен қатар уақыт ағымымен қолда бар артықшылықтарды жетілдіреді.
Елдегі қалыптасқан жағдайдың негізі фирмалар қалай құрылатындығын, басқарылатынын және жүзеге асырылатындығының қажетті беталысын жасайды, сондай-ақ ішкі бәсекенің мінезін анықтайды.
Салада бәсекеге қабілеттіліктің болуы ол бір елге айтарлықтай артық-шылықтар беретін және белгілі бір салада бәсекелік артықшылығының көзі болып саналатын компанияның сол немесе басқа фирмалардың басқару тәжірибесі мен ұйымдастыру моделі аумағындағы едәуір жетістіктерін біріктірудегі нәтижесі.
Сондай-ақ, жекелеген елдер компаниялар мен жеке тұлғалардың жетуге талпынатын жоспарлы мақсаттарымен өте қатты айрықшаланады. Компанияның мақсаты ұлттық капитал нарығы мен менеджерлердің еңбек төлеміндегі тәжірибенің мінездемесін көрсетеді. Мысалы, банктер ұлттық акциялардың едәуір бөлігінің иеленушілері болып табылатын Германия мен Швейцарияда акциялардың көпшілігі ұзақ мерзімге алынады және қайта сатылуы өте сирек. Компаниялар зерттеу, дамыту және жаңа қуаттарды ағымдық инвестициялауы едәуір, бірақ табысы орташа деңгейде болуы мүмкін, қалыптасқан салаларда жақсы қызмет атқарады.
Бәсеке артықшылығына, сондай-ақ, еңбекке деген жеке уәждеме мен кәсіпқойлық дағдыларды көтерудін әсері айтарлықтай. Берілген дарындылық - ол қандай ұлтқа болсын өте бағалы ресурс. Елдің жеткен жетістігі белгілі бір дәрежеде оның дарынды өкілдері таңдайтын білім түріне байланысты, яғни жұмыс істеу орнын таңдауы, сондай-ақ, олардың өз міндеттерін атқаруы мен күш салуы. Мемлекеттік құрылымның мақсаттары және жекелеген азаматтары компанияларға ұсынатын құндылықтар, сондай-ақ, мемлекеттің белгілі өндірістік салаларды қоршаған беделі өз кезегінде капитал мен адам ресурстарының қозғалысына алып келеді, ол өндірістің бәсеке қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Мемлекет ұлттық кадрлар өсіп шығатын қызмет аясында бәсекеге қабілетті болуға тырысады. Халықаралық деңгейдегі жетістікке жету өндіріс салаларының артықшылықтарын күшейте отырып, оның беделін арттыруы мүмкін.
Жергілікті күшті бәсекелестің болуы бәсеке артықшылығын жасау мен қолдауға соңғы және өте күшті ынтаны тудырады. Қатаң бәсеке күресінің рөлі станок жасау аумағында бәсекелесетін 112, дыбыс жазу құралында - 25, фотоаппаратта - 15 өндірістік компаниясы бар Жапониядағыдай еш жерде айқын қадағаланбайды; Жапонияны халықаралық нарықта жетістікке жеткізген салалардағы жұмыс істейтін компаниялар әлбетте екі таңбалы сандармен айкындалады (кесте 2). Ромбыда көрсетілген бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарының арасында бәсекенің ішкі нарықтағы ұстанымы қалған элементтерге көрсететін күшті ынталандырушы әсерімен байланысты маңыздырақ болып келеді.
Кесте 2.
Жапониядағы кейбір өнеркәсіп салаларындағы бәсекелес компанияларды
бағалау саны
Ауа кондиционерлері |
13 |
Мотоциклдер |
4 |
Дыбыс жазу құралдары |
25 |
Музыкалық инструменттер |
4 |
Автомобильдер |
9 |
Персоналды компютерлер |
16 |
Фотоапараттар |
15 |
Жартылайөткізбелер |
34 |
Автомагнитофондар |
12 |
Тігін машиналары |
20 |
Көміртегі жіптері |
7 |
Кеме құрастыру |
33 |
Құрылыс құралдары |
15 |
Болат |
5 |
Көшірмелер |
14 |
Синтетикалық жіптер |
8 |
Факс - аппараттар |
10 |
Теледидарлар |
15 |
Үлкен компьютерлер |
6 |
Жүк машиналары мен автобустарға резеңке доңғалақтар |
5 |
Автожүктемелер |
8 |
Жүк машиналары |
11 |
Станоктар |
5 |
Жазу машинкалары |
14 |
Микротолқынды құралдар |
5 |
Видео магнитофондар |
10 |
*Е с к е р т у: Сәбден О. Бәсекелестік экономика, Оқу құралы, Экономика институты, 2007 |
Жалпылай танылған көзқарас бойынша ішкі бәсеке - бұл артық болып көрінуі мүмкін: ол көшірмелердің өсуін күшейтеді және компанияларға үлкен көлемді өндіріске жетуге кедергі келтіреді.
Соңғы қорытындыда шығатыны нақты елдер белгілі бір
салалардағы
жетістікке ішкі жағдайларда қолайлырақ,
серпіндірек және келешегі
айқын болуына байланысты жетеді [5].
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетгілігінің даму сатыларын М. Портердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегіндегі қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі [15, 345 б.]
(Сурет 8).
Сурет 8. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары
Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке.
Аталған сатыда іс жүзінде барлық ұлттық салалар әлемдік нарықта ойдағыдай әрекет етуде, бәсеке күресіндегі өзінің артықшылықтарына негізгі өндіріс факторларының арқасында жетуде: табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай, жартылай білікті арзан жұмыс күші.
Осындай экономикада ел ішіндегі фирмалар арасындағы бәсеке қарапайым және қол жетімді технологияны талап ететін салаларда өнімнің бағасын төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс факторына сүйемелденген экономикада ішкі нарыққа бағдарланған салалар ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды кұру аркылы кеңейтіледі.
Алайда, алмастырушы тауарларды өндіретін отандық салалардың бәсеке қабілеттілік деңгейі әлемдік нарыққа шығу үшін жеткілікті дәрежеде емес, ал кейбір импорттық шектеулерде экономиканың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Инвестиция негізінде бәсекенің дамуы.
Аталған сатыда экономиканын бәсекелік артықшылығы ұлттық фирмалардын агрессивті инвестициялауға дайындығы мен қабілетіне негізделеді. Фирмалар қаражаттарын әлемдік нарықтан сатып алуға болатын соңғы, тиімді жабдықтар мен үздік технологияларға салады. Инвестиция көлемінің өсімі алдыңғы қатарлы жаңа факторлардың (ғылым сыйымдылығы жоғары жаңа технологиялар, алдын-ала құрамдық байытылған материалдар және т.б.) құрылуы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Осы сатыға жетудің айтарлықтай жағдайы ұлттық фирмалардың тәуекелге байланысты іс-әрекеттерді жеңіл қабылдауы болып табылады, сондай-ақ, аутсайдерлер санының өсімі көптеген салалардың ішкі бәсекесін күшейтеді.
Инвестиция негізінде бәсеке қабілеттілігін арттыру жоғары капитал сыйымдылық, көлемді өндірістің есебінен едәуір үнемдеу, стандартталған өнім сияқты әлбеттегі мінездемесіне сәйкес белгілі кластардағы салаларда ғана мүмкін.
Информация о работе Отандық экономиканың бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері